Жоспары: Глюкоза



жүктеу 56.64 Kb.
Дата22.06.2018
өлшемі56.64 Kb.
Глюкоза

Жоспары:


  1. Глюкоза

  2. Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы

  3. Физикалық қасиеттері

  4. Альдегид тобына тән реакциялары

  5. Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері

  6. Глюкозаның маңызы, қолданылуы

  7. Глюкоза өндіру

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bb/beta-d-glucose.svg/220px-beta-d-glucose.svg.png

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануарорганизмдерінде болатын жүзім қанты сахароза, лактоза құрамына кіреді және  крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді.  Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады. Өндірісте глюкоза крахмалды гидролиздеу арқылы алынады. 

Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы

1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.

2. Қантты заттарды, ең алғаш A.M. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:

qwe1.png

3. Өнеркәсіпте глюкозаны, негізінен, полисахаридтерді (крахмалды немесе целлюлозаны) гидролиздеп алады:



qwe2.png

Физикалық қасиеттері

Түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді.

Альдегид тобына тән реакциялары

1. Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады:

qwe3.png

2. Мыс (II) гидроксидімен қыздырғанда, альдегид тобы тотығып, карбоксил тобына айналады және мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі:



qwe4.png

3. Глюкозаның альдегид тобы тотықсыздану реакциясына да түседі. Катализатор қатысында сутекпен тотықсызданғанда, глюкоза алтыатомды спирт — сорбит түзеді:



sobit.png

Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері

4. Бөлме температурасында мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітінді түзеді, бұл глюкозаның көпатомды спирт екенін дәлелдейді. Глюкоза көпатомды спирт болғандықтан, күрделі және жай эфирлер түзеді.

5.Күрделі эфирлер түзілуі. Қанттардың гидроксил топтары этерификация реакциясына оңай түседі. Кең таралған этерификация реакциясы ацилдеу, оны сірке ангидридімен катализатор (ZnCl2, H2SO4 натрий ацетаты) қатысында жүргізеді. Гексозалардың тұйық құрылымы тұйық пентаацетаттар түзеді. Қышқылмен әрекеттесу реакциясы глюкозаның құрамында бес гидроксил тобы бар екенін дәлелдейді. Мысалы, глюкоза сірке ангидридімен мырыш хлориді қатысында әрекеттесіп, α-пентаацетаттар түзеді:



pentaachiglukoz.png

6. Жай эфирлер түзілуі. Глюкозаны метил спиртімен қышқыл ортада алкилдесе, реакцияға гликозид гидроксилі түседі, реакция нәтижесінде жай эфир түзіледі. Бұл реакция глюкозаның циклді түріндегі глюкозид гидроксил тобы басқа гидроксилдермен салыстырғанда реакцияға түскіш екенін көрсетеді:



metilgluokozit.png

Глюкозаның маңызды химиялық қасиеттерінің бірі — әр түрлі микроорганизмдер әсерінен ашуы.

7. Спирттік ашуы. Ашытқы ферменті әсерінен ашып, глюкозадан этанол түзіледі. Бұл процестің химизмі өте күрделі. Жүретін өзгерістерді қысқаша былай жазады:

С6Н12O6 → 2С2Н5ОН + 2СO2

8. Сүт қышқылды ашуы. Глюкоза сүт қышқылды ашығанда, сүт қышқылы түзіледі. Процесс сүт қышқылды бактерия ферменттерінің әсерінен жүреді:

sut kyshkyly.png

Сүт қышқылы екі функционалдық тобы бар болғандықтан (гидроксил және карбоксил топтары), екі түрлі қасиет көрсетеді. Сүт қышқылы сүт іріген кезде пайда болады, оны лакмус қағазы арқылы анықтауға болады.

9. Тотығуы. Органикалық қосылыс болғандықтан, глюкоза толық тотыға алады. Ең соңғы өнім ретінде көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Бұл процесті ықшамдап былай жазуға болады:

С6Н12O6 + 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q

Глюкозаның маңызы, қолданылуы

Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады . Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады. Нәтижесінде, фотосинтез процесінде сіңірілген энергия бөлінеді:

С6Н12O6+ 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q

Глюкоза организмде оңай қорытылып энергия бөлетіндіктен денсаулықты нығайтатын дәрі ретінде медицинада қолданады. Кондитер өнеркәсібінде (мармелад, печенье, карамель, күлше нандар жасағанда), мата өңдегенде пайдаланылады. Тотықсыздандырғыш қасиетіне байланысты айна және шырша ойыншықтарын жасағанда қолданады.


Глюкоза — бағалы қоректік зат. Глюкоза жүзімнің және басқа өсімдіктердің шырынында болады. Оның қалдықтарынан өте маңызды полисахаридтер (целлюлоза мен крахмал) түзіледі. Глюкозаның сүт қышқылдық ашу процесінің ауыл шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, сүт қышқылды ашу арқылы айран, сүзбе, қаймақ, т.б. сүт өнімдерін алады. Капуста тұздағанда немесе шөпті сүрлемге салғанда, реакция нәтижесінде түзілген сүт қышқылы қышқылдык қасиет көрсетіп, өнімді шіруден қорғайды. Глюкозаның спирттік ашуы да практикада, мысалы, сыра жасағанда қолданылады.

Глюкоза өндіру

Глюкоза өндіру - крахмалды өндірісте күкірт қышқылының ерітіндісінде қайнатып алу. Мұндай процесті қышқылды гидролиз дейді. Қайнағаннан соң қышқылды бормен бейтараптандырады, ал глюкоза ерітіндісі ерімейтін кальций сульфатынан сүзіліп, вакуумда шулықтырады. Пайда болған қою шырынды сірне деп атайды. Кристалды глюкоза алу үшін крахмалды толық гидролиздейді, қоюланған қою шырынды формаларға салып қатырады. Сусыз глюкоза 146° С-та балқиды және суда жақсы ериді. Тәттілігісахарозадан екі еседей кем болады. Глюкозада күшті қышқылдандырғыштардың әсерінен (мысалы, Н1Ч03) екі негізді оксиқышқыл (қант қышқылы) пайда болады. Қайта қалыптасқанда қант қышқылы алты атомды спирт-сорбитке айналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Қазақ» энциклопедиясы І том

  2. Химия негіздері А. Балтақұлов





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет