Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім Ішастар,оның туындылары. Ішастардың құрылысы мен қызметтері. Ішастардың функциялары. III.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



Дата30.06.2017
өлшемі118.44 Kb.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Тақырыбы: Ішастар,оның туындылары

Шымкент 2015ж

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1.Ішастар,оның туындылары.

2.2.Ішастардың құрылысы мен қызметтері.

2.2.Ішастардың функциялары.

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе

Ішастар, peritoneum, тұйық сірлі қап болып табылады, ол тек әйелдерде ғана жатыр түтігінің өте кішкентай іштік тесігі арқылы сыртқы ортамен қатынасады.

Ішастар мен іш қабырғалары арасында әдетте азды-көпті май тіні бар дәнекер тінді қабат - сірасты негіз, Іеіа киЬзегоза ішастарастылық шелмайы орналасады. Ол барлық жерде бірдей емес. Мәселен, ол көкет аймағында болмайды, іштің артқы қабрғасында барынша күшті дамып, бүйрек, несепағар, бүйрекүсті безі, іш қолқасы және төменгі қуыс венаны тармақтарымен қоса қамтиды.Ішастар орақтәрізді байламның артында көкеттің томенгі бетінен бауырдың көкеттік бетіне бұрылып, бауырдың тәждік байламын,lig.coronarum hepatis, түзеді, ол жиектері бойынша үшбұрышты табақшалар тәрізді, сондықтан үшбүрышты байламдар,lig.triangulare dextrum et sinistrum, деп аталады. Ішастар бауырдың көкеттік бетінен онын төменгі жиегі арқылы висцералды бетіне иіледі; осы жерден ол оң жақ үлестен оң жақ бүйректің жоғарғы шетіне келіп, lig.hepatorenale-ні түзеді, ол бауыр қақпасынан он екі елі ішектің жоғарғы бөлігіне,lig.hepatuodenale түрінде келеді. Шажырқай қабатында азды-көпті майлы тін бар, олар екі сірлі жапырақша аралығында орналасқан, бұл жерде қантамырлар, нервтер және лимфа түйіндерімен қоса лимфа тамырлары өтеді.

II.Негізгі бөлім

Ішастар,peritoneum, тұйық сірлі қап болып табылады, ол тек әйелдерде ғана жатыр түтігінің өте кішкентай іштік тесігі арқылы сыртқы ортамен қатынасады. Кез келген сірлі қап сияқты ішастар екі: қабырғалық, peritoneum parietale, және висцералды, peritoneum viscerale, жапырақшалардан тұрады. Біріншісі іш қабырғасын астарлайды, ал екінші жапырақша ішкі ағзаларды жауып, біраз жер бойы немесе түгелімен олардың сірлі қабығын түзеді.Екі жапырақша бір-бірімен тығыз жанасып жатады, ашылмаған іш қуысындағы олардың арасында, ішастар қуысы,cavitas peritonei, деп аталатын тар саңылау ғана жатады, ондағы сұйықтық шамалы мөлшерде, сол арқылы олардың бетін ылғалдап, жылжуын жеңілдетеді. Операция кезінде, немесе, мәйітті ашқанда, немесе зиянды (патологиялық) сұйықтық жиналғанда екі жапырақша ажырайды да, ішастар қуысы азды-көпті көлемді қуысқа айналады. Қабырғалық ішастар іш жағынан тұтас қабатпен іштің алдыңғы және бүйір қабырғаларын астарлап, одан әрі көкет пен іштің артқы қабырғасына созылады.Ол бұл жерде ішкі ағзалармен кездесіп, оларға қайырылып, соларды жауып тұратын висцералды ішастарға тікелей ауысады.

Ішастар мен іш қабырғалары арасында әдетте азды-көпті май тіні бар дәнекер тінді қабат - сірасты негіз, Іеіа киЬзегоза ішастарастылық шелмайы орналасады. Ол барлық жерде бірдей емес. Мәселен, ол көкет аймағында болмайды, іштің артқы қабрғасында барынша күшті дамып, бүйрек, несепағар, бүйрекүсті безі, іш қолқасы және төменгі қуыс венаны тармақтарымен қоса қамтиды.

Алдыңғы іш қабырғасының көп жерінде ішастарасты шелмайы нашар білінеді, бірақ төменде, regio pubica-да ондағы май мөлшері көбейеді, бұл жерде ішастар іш қабырғасымен бостау қосылып, соның себебінен несепқуық өзі созылған кезде ішастарды алдыңғы іш қабырғасынан алшақтатып, оның алдыңғы қабырғасы қасаға сүйектен шамамен 5-см-дей биікте ішастардың қатысынсыз іш қабырғасымен тікелей жанасады. Ішастар алдыңғы іш қабырғасының төменгі бөлігінде кіндікке, ишһііісиз, қарай түйісетін бес қатпар түзеді: біреуі тақ орталық кіндік қатпары, рlіса umbilicalis mediana, және екі жұп қатпар - рlісае umbilicales mediales және рlісае umbilicales laterales.Бұл аталған қатпарлар өрбір жағында шап байламы үстінде шап өзегіне қатысы бар екі-екіден, шап шұңқырларын fossae inguinales-терді бөліп шектейді. Шап байламының медиалды бөлігі астында, fossa femorales бар, ол сан өзегінің ішкі сақинасына сәйкес келеді. Кіндіктен жоғары қарай ішастар алдыңғы іш қабырғасы мен көкеттен орақтәрізді байлам,lig.falciforme hepatis, түрінде бауырдың көкеттік бетіне ауысады, оның екі жапырақшасының арасының бос жиегінде бауырдың жұмыр байламы, lig.teres hepatis (бітелген кіндік венасы), орналасады.

Ішастар орақтәрізді байламның артында көкеттің томенгі бетінен бауырдың көкеттік бетіне бұрылып, бауырдың тәждік байламын,lig.coronarum hepatis, түзеді, ол жиектері бойынша үшбұрышты табақшалар тәрізді, сондықтан үшбүрышты байламдар,lig.triangulare dextrum et sinistrum, деп аталады. Ішастар бауырдың көкеттік бетінен онын төменгі жиегі арқылы висцералды бетіне иіледі; осы жерден ол оң жақ үлестен оң жақ бүйректің жоғарғы шетіне келіп, lig.hepatorenale-ні түзеді, ол бауыр қақпасынан он екі елі ішектің жоғарғы бөлігіне,lig.hepatuodenale түрінде келеді. Бұл екі байлам ішастардың дупликатурасы болып табылады, өйткені бауыр қақпасы аймағында ішастардың екі жапырақшасы кездеседі: біреуі-бауырдың висцералды бетінің алдыңғы бөлігінен қақпаға келетін, ал екіншісі - оның артқы бөлігінен келеді. Lig.һераtoduodenale мен lig.hepatogastricum бір-бірінің жалғасы бола отырып, екеуі кіші шарбыны,omentum minus, кұрайды.Асқазанның кіші иінінде кіші шарбының екі жапырақшасы ажырайды: бір жапырақша асқачанның алдыңгы бетін, екіншісі артқы бетін жабады. Асқазанның үлкен иінінде екі жапырақша қайтадан түйісіп, көлденең жиек ішек пен жіңішке ішекгің бөліктері алдында төмен келіп, үлкен шарбының omentum majus, алдыңғы табақшасын түзеді. Үлкен шарбының жапырақшалары томен түсе, біршама биікітікте кері жоғары бұрылып, оның артқы табакшасын түзеді (сөйтіп, үлкен шарбы төрт жапырақшадан түрады). Үлкен шарбының артқы табақшасын кұрайтын екі жапырақша көлденең жиек ішекке,colon transversum, жетіп және оның шажырқайымсн бітісіп, соңғымен бірге артқа қарай ұйқыбезінің margo anterior-ына келеді; осы жерден жапырақшалар ажырайды; біреуі - жоғары, екіншісі - төмен кетеді. Біреуі pancreas-тың алдыңғы бетін жауып, жоғары көкетке қарай шығады, ал екіншісі бездің төменгі бстін жаба, соlоn transversum-нің шажырқайына ауысады.Ересек адамда үлкен шарбының алдыңғы жөне артқы табақшалары соlоn transversum-мен толық тұтасып кеткенде, tenia mesocolica-да ішастардың бес жапырақшасы: шарбының торг жагіырақшасы және ішектің висцералды ішастары бітісіп-өскен болады.

Енді ішастардың жолын, іштің алдыңғы қабырғасынан жоғары көкетке қарай емес, көлденең бағытта көрелік. Алдыңғы іш кабырғасынан ішастар іш қуысының бүйір қабырғаларын астарлап, оң жағынан артқы қабырғаға ауысып, құрттәрізді өсіндімен қоса, саесиm-ды жан-жағынан қоршайды. Құрттәрізді өсінді шажырқай-ды,mesoappendix, алады. Ішастар соlоn ascendens-ті бүйірі мен алдынан, содан кейін оң жақ бүйректің алдыңғы бетінің төменгі бөлігін жауып, m.psoas пен несепағар арқылы медиалды бағытта өтіп, жіңішке ішек шажырқайының түбірінде, rаdіх mesenterii, осы шажырқайдың оң жақ жапырақшасына айналады.Ішастар ішекті толық сірлі кабықпен қамтамасыз етіп, шажыркайдың сол жақ жапыракшасына ауысады; шажырқайдың түбірінде оның сол жақ жапырақшасы артқы іш қабырғасының қабырғалық жапырақшасына ауысады, ішастар одан әрі солға қарай сол жақ бүйректің төменгі бөлігін жауып, ішастармен соlоn ascendens сияқты жабылған соlоn descendens-ке келеді, одан әрі ішастар іштің бүйір қабырғасында қайтадан алдыңғы іш қабырғасына бұрылады. Күрделі қатынастарын оңай меңгеру мақсатында бүкіл ішастар қуысын үш аймаққа немесе қабатқа бөлуге болады: I) жоғарғы қабат үстінен көкетпен, астынан көлденең жиек ішекгің шажыр- қайымен,mesocolon transversum.шектелген; 2) ортанғы қабат, mesocolon transversum-нен төмен қарай кіші жамбас астау кірісіне дейін созылады; 3) төменгі қабат кіші жамбас астауына кіру сызығынан басталып, төмен қарай іш қуысы аяқталатын кіші жамбас астау қуысына сәйкес келеді.


1. Ішастар қуысының жоғарғы қабаты үш қапқа бөлінеді bursa һераtіса, bursa pregastica және bursa omentalis.

Бауыр қабы, burse һераtіса, бауырдың оң жақ үлесін қаусырып, bursa pregastrica-дан lig.falciforme hepatis арқылы бөлінеді, ол арт жағынан 1іg. соrоnаrіum һераtіs арқылы шектелген. Bursa һераtіса қабында, бауыр астында, бүйрекүсті безімен қоса оң жақ бүйректің жоғарғы шеті орналасқан.

Асқазаналды қабы,bursa pregastrica, бауырдың сол жақ үлесін, асқазанның алдыңғы бетін және көкбауырды қамтиды; бауырдың сол жақ үлесінің артқы жиегімен тәждік байламның сол бөлігі өтеді; көкбауыр жан-жағынан ішастармен жабылған, тек қақпа аймағында ғана ішастар асқазанға өтіп, Ііg. Gastrolienale және көкетке lig.phenicolienale-ні түзеді Шарбы қабы,bursa omentalis, асқазан мен кіші шарбының артында жататын ішастардың жалпы қуысының бөлігі болып табылады. Кіші шарбының,omentum minus, құрамына, атап көрсетілгендей, ішастардың екі байламы: бауырдың висцералды беті мен кақпасынан асқазанның кіші иініне келетін 1іg. һераtоgаstricum және бауыр қакпасын раrs superior duodeni-мен қосатын 1іg. һераtоduodenale, енеді. 1іg. һераtоduodenale жапырақшалары арасында жалпы өт түтігі (оң жағынан), жалпы бауыр артериясы (сол жағынан) және қақпа венасы (артында және осы кұрылымдар арасында), сондай-ақ лимфа тамырлары, түйіндері мен нервтер өтеді.ІІІарбы қабының қуысы ішастардың жалпы қуысымен тек біршама тар шарбылық тесік,foramen epiploicum, аркылы катынасады.

Foramen epiploicum үстіңгі жағынан бауырдың кұйрыкты үлесімен, алдынан - 1іg. һераtоduodenale-нің бос жиегімен, астынан - он екі елі ішектің жоғарғы бөлігімен, артынан - осы жерден өтетін төменгі қуыс венаны жабатын ішастар жапырақшасымен, ал сырттау жағынан - бауырдың артқы жиегінен оң жақ бүйрекке ауысатын байламмен, 1іg. һераtоrenale, шектеледі. Шарбы қабының тікелей шарбылық тесікке жанасатын және 1іg. һераtоduodenale артында орналасқан бөлігі кіреберіс – vestibulum bursae omentalis деп аталады; ол жоғарғы жағынан бауырдың кұйрықты үлесімен, ал төменгі жағынан duodenum және pancreas-тың басымен шектелген.Шарбы қабының жоғарғы қабырғасын бауырдың кұйрықты үлесінің төменгі беті кұрайды және processus papillaris қаптың ішінде ілініп түрады. Шарбы кабының артқы қабырғасын түзетін ішастардың париеталды жапырақшасы осы жерде орналасқан қолқаны, төменгі куыс венаны, ұйкыбезін, сол жак бүйрек пен бүйрекүсті безін жауып тұрады. Раnсrеаs-тың алдыңғы жиегінен ішастардың париеталды жапырақшасы Раnсrеаs-тан шығып, mesocolon transversum-ның алдыңғы жапырақшасы немесе дәлірек айтқанда, алдыға және төмен созылып, шарбы қабының төменгі кабырғасын түзе, mesocolon transversum-мен тұтасып кеткен үлкен шарбының артқы табақшасы ретінде төмен қарай созылады.Шарбы қабының сол жақ кабырғасын көкбауыр байламдары: асқазан-көкбауыр, lig.gastrolienale және көкет-көкбауыр, Ііg. Phrenicosplenicum түзеді.

Үлкен шарбы,omentum majus,алжапқыш сияқты соlоn transversum- нен төмен қарай салбырап, біраз жерінде жіңішке ішектің бөліктерін жауып тұрады.

Ол табақшалар түрінде түтасып кеткен төрт ішастар жапырак- шаларынан түрады. Үлкен шарбының алдыңғы табақшасын ішастардың екі жапырақшасы түзеді, олар асқазанның үлкен иінінен төмен қарай шығып, соlоn transversum -ның алдынан өтіп, олармен бітісіп-тұтасады және ішастардың асқазаннан соlоn transversum-ге ауысатын бөлігі, асқазан-жиек байламы, Іig. gastrocolicum, деп аталады.Шарбының аталған екі жапырақшасы жіңішке ішек бөліктерінің алдында қасаға сүйектері деңгейіне дейін дерлік түсіп, содан соң олар шарбының артқы табақшасына қайырылады, сондықтан үлкен шарбының бүкіл қабаты төрт жапырақшадан тұрады; жіңішке ішек бөліктері мен үлкен шарбы жапырақшалары қалыпты жағдайда бітісіп кетпейді. Шарбының алдыңғы табақшасы мен артқысы арасында жоғарыда шарбы қабы қуысымен жалғасатын саңылау тәрізді қуыс болады, алайда ересек адамда жапырақшалар әдетте бір-бірімен бітісіп кетеді де, сол себепті үлкен шарбының қуысы көп жерінде бітеліп қалады. Қуыс кейде ересек адамда да асқазанның үлкен иінінен үлкен шарбының жапырақшалары арасында біраз жерге созылады.Үлкен шарбы қабатында лимфаны үлкен шарбы мен көлденең жиек ішектен әкететін лимфа түйіндері, посіі Іутрһаіісі отепіаіех, орналасады.


2. Егер үлкен шарбы мен көлденең жиек ішекті жоғары қарай көтерсек, ішастар қуысының ортаңғы қабатын көруге болады. Шекара ретінде бүйір жақтарынан жоғарылаған және төмендеген жиек ішектерді және ортасында жіңішке ішектер шажырқайын пайдаланып, оны төрт бөлімге бөлуге болады: іштің бүйір қабырғалары мен соlоn asendensжәне descendens арасында оң жақ және сол жақтағы бүйір өзектер,canales laterales dexter et sinister, орналасады; жиек ішек қаусырған кеңістік жіңішке ішектің жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай қиғаш өтетін шажырқайы арқылы екі шажырқай қойнауына, sinus mesentericus dexter және sinus mesentericus sinister бөлінеді.

Шажырқай, mesentericum, ішастардың екі жапырақшасынан тұратын қатпар болып табылады, ол арқылы жіңішке ішек іштің артқы қабырғасына бекиді. Іш қабырғасына бекитін шажырқайдың артқы жиегі шажырқай түбірін, rаdіх mesenterіі, құрайды. Ол біршама қысқа (15 - 17 см), ал оның жіңішке ішектің мезентериалды бөлігін (jejunum және ileum ) қамтитын қарама-қарсы бос жиегі осы екі бөлімнің ұзындығына тең келеді. Шажырқай түбірінің беку сызығы қиғаш жүреді: II бел омыртқаның сол жағынан басталып, өз жолында биобепит-ның соңғы бөлігін, қолқаны, төменгі қуыс венаны, оң жақ несепағарды және m.psoas major-ды кесіп өтіп, оң жақ мықын шұңқырында аяқталады. Шажырқай түбірі айнала қоршаған ағзалардың өсуіне байланысты өз бағытын ұрықтық кезеңдегі вертикалды қалыптан туу қарсаңында қиғаш қалыпқа өзгертеді.Шажырқай қабатында азды-көпті майлы тін бар, олар екі сірлі жапырақша аралығында орналасқан, бұл жерде қантамырлар, нервтер және лимфа түйіндерімен қоса лимфа тамырлары өтеді.

Ішастардың артқы қабырғалық жапырақшасында практикалық маңызы бар бірқатар ішастар шұңқырлары байқалады, өйткені олар ретроперитонеалды жарықтардың түзілетін жері болуы мүмкін. Он екі елі ішектің аш ішекке ауысатын жерінде кішкене шұңқырлар-ұңғылдар,recessus duodenalis suporior et inferior, түзіледі. Бұл шұңқырлар оң жағынан он екі елі - аш ішек иілімімен,flexura duodenojejunalis, сол жағынан - ішастар қатпарымен, рlіса duodenojejunalis тектелген, бұл қатпар иілімнің шекесінен іштің артқы қабырғасына, ұйқыбезі денесі астынан өтеді және онда V. mesenterica inferior орналасады.Жіңішке ішектің тоқ ішекке ауысатын аймағында екі шұңқыр бар: recessus ileocaecalis inforior et superior олар ileum-нен caecum-нің медиалды бетіне өтетін рlісае ileocaecalis-тің жоғарғы және төменгі жағында орналасады.

Ішастардың қабырғалық жапырақшасында саесиm жататын ойыс соқыр ішек шұңқыры деп аталады да, соқыр ішек пен іlеum-нің таяу жатқан бөліктерін жоғары тартқанда байқалады. Бұл кезде түзілетін ішастардың m iliacum пен caecum-ның латералды беті арасындағы қатпары рlіса caecalis деп аталады. Кейде, саесum-нің артындағы соқыр ішек шұңқырында, іштің артқы қабырғасы мен соlоn ascendens арасында жоғары қарай созылған recessus retrocaecalis-ке апаратын кішкене тесік жатады.Сол жағында recessus intersigmoideus бар; бұл шұңқыр, сигматәрізді ішектің шажырқайын жоғары қарай тартсақ оның төменгі (сол жақ) бетінде байқалады. Кейде төмендеген жиек ішектен латералды, ішастар қалталары жиек ішек жанындағы жүлгелер,sulci paracolici, кездеседі. Жоғарылау, көкет пен flexura соlі sinistra арасында ішастар қатпары көкет-жиек байламы, 1іg.phrenicocolicum, созылып жатады; ол көкбауырдың төменгі шетінің астында жатады және көкбауыр қабы деп те аталады.


3. Төменгі қабат. Кіші жамбас астауы қуысына түсіп, ішастар оның қабырғалары мен онда жатқан ағзаларды, соның ішінде несеп-жыныс ағзаларын де жауып жатады, сондықтан бұл жердегі ішастардың ағзаларға қатынастары жынысқа байланысты.Сигматәрізді ішектің жамбастық бөлігі мен тік ішектің жоғарғы бөлігі барлық жағынан ішастармен жабылған және шажыркайы бар (интраперитонеалды орналасқан).

Тік ішектің ортаңғы бөлігі тек алдыңғы және бүйір беттерінен ғана ішастармен жабылған (мезоперитонеалды), ал төменгі бөлігі ішастармен жабылмаған (экстраперитонеалды). Ішастар еркектерде тік ішектің алдыңғы бетінен несепқуықтың артқы бетіне ауысып, несепқуықтың артында орналасқан тік ішек-қуық ұңғылын, ехсаvatio rectovesicalis-те түзеді. Несепқуық толмаған кезде оның жоғарғы-артқы бетінде несепкуық толғанда жазылып кететін көлденең қатпар, рlіса vesicalis transversa түзіледі. Әйелдерде несепқуық пен rectum арасында орналасқан және ішастармен жабылған жатыр жататындықтан жамбас астауындағы ішастардың жолы басқаша болады.Осы себепті әйелдердін жамбас астауқуысында екі ішастар қалтасы: тік ішек-жатыр ұңғылы, excavatio rectouterina- rectum мен жатыр арасында және қуық-жатыр ұңғылы, ехсаvаtіо vesicouterina жатыр мен қуық арасында орналасады.

Екі жыныста да қуықалды кеңістігі,spatium prevesicale, байқалады, оны алдыңғы жағынан іштің көлденең бұлшықеттерін артынан жабатын fascia transversalis ал артқы жағынан несепқуық пен ішастар түзеді. Несепқуық толған кезде ішастар жоғары көтеріліп, несепқуық алдыңғы іш қабырғасына жанасады, бұл операция кезінде ішастарды зақымдап алмай, алдыңғы қабырғасы арқылы несепқуыққа енуге мүмкіндік береді. Париеталды ішастарға париеталды тамырлар мен нервтер, ал висцералды ішастарға өзі жабатын ағзаларда тармақталған тамырлар мен нервтер келеді.

III.Қорытынды

Ішастар орақтәрізді байламның артында көкеттің томенгі бетінен бауырдың көкеттік бетіне бұрылып, бауырдың тәждік байламын,lig.coronarum hepatis, түзеді, ол жиектері бойынша үшбұрышты табақшалар тәрізді, сондықтан үшбүрышты байламдар,lig.triangulare dextrum et sinistrum, деп аталады. Ішастар бауырдың көкеттік бетінен онын төменгі жиегі арқылы висцералды бетіне иіледі; осы жерден ол оң жақ үлестен оң жақ бүйректің жоғарғы шетіне келіп, lig.hepatorenale-ні түзеді, ол бауыр қақпасынан он екі елі ішектің жоғарғы бөлігіне,lig.hepatuodenale түрінде келеді. Шажырқай қабатында азды-көпті майлы тін бар, олар екі сірлі жапырақша аралығында орналасқан, бұл жерде қантамырлар, нервтер және лимфа түйіндерімен қоса лимфа тамырлары өтеді.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. А. Рақышев Адам анатомиясы 1том Алматы 2004ж.

  2. Ә.Б. Әубәкіров, Ү.Ж. Жұмабаев, Т.М. Досаев.

  3. Ф.М.Сүлейменова, Қ.Е.Сисабеков, М.З.Шайдаров Адам анатомиясы Астана “Фолиант” баспасы 2006

  4. Жандар Керімбектің Ермаханы Алматы “Ана тілі” 1996 .

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет