Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға



Дата16.07.2017
өлшемі60.79 Kb.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысымен бекітілген



Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға

қойылатын талаптар



  1. Жалпы ережелер

1. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Талаптар жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдардың техникалық және функционалдық сипаттамаларын белгілейді.

3. Барлық көлік инфрақұрылымы объектілерінде техникалық құралдар Қазақстан Республикасының метрология және техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес орнатылады.

4. Жолаушылардың заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын сапар алданда тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысында белгіленеді.

5. Көлік инфрақұрылымы объектілерінде жолаушыларды және өзге адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде келесі техникалық құралдар:

1) стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлары);

2) ықшам (қол) аспаптар;

3) рентген-телевизиялық қондырғылар;

4) жарылғыш, есірткілік және қауіпті химиялық заттарды анықтауға арналған аппаратура қолданылады.


2. Стационарлық металл тапқыштарға (металл детекторларына) қойылатын талаптар
6. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлары) адамның денесінде және оның киімінде суық және оқатар қаруды, құрамында металы бар жару құрылғыларын (гранаттарды), алып өтуге тыйым салынған, құрамында металы бар өндіріс өнімдерінің әр түрін анықтауға тағайындалған және аркалы немесе тіректі үлгідегі стационарлық құрылғылар түрінде болуы тиіс.

Стационарлық металл тапқыштардың (металл детекторларының):



  1. іздеу объектілерін анықтау ықтималдығы жоғары;

  2. күзетілетін объектіге алып өтуге рұқсат берілген металл заттарға қатысты іріктеу қабілеті;

  3. қоршаған ортаға (соның ішінде металы бар) барынша бейімделу қабілеті;

  4. электр магнитті сәулеленудің сыртқы көздерінен болатын кедергілерден қорғалуы жоғары;

  5. бақыланатын кеңістіктің бүкіл аумағында анықтауға сезгіштігі бірыңғай;

  6. металдың түрлі массаларын анықтауға тез бейімделу қабілеті;

  7. имплантталатын электрокардиостимуляторлар мен магнитті ақпарат тасығыштарға әсер етудің деңгейі жол берілетін болуы;

  8. диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

  9. қажет болған кезде тәулік бойына режиміндегі жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

7. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлары) олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қолдау үшін жеткілікті, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық суреттемесінен тұратын құжаттамамен жинақталады.

3. Ықшам (қол) аспаптарға қойылатын талаптар
8. Ықшам (қол) аспаптар:

1) қара және түсті металдарды және олардың қорытпаларын табуды және, қажет болған жағдайда, тануды қамтамасыз етуі;

2) металдың түрлі массаларын анықтауға тез бейімделуді қамтамасыз етуі;

3) стационарлық металл тапқыштармен жұмыс істеген кезде қолдану мүмкіндігі болуы;

4) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

5) дербес қоректендіру көзінен кем дегенде 10 сағат үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етуі тиіс.

9. Ықшам (қол) аспаптардың имплантталатын электрокардиостимуляторлар мен магнитті ақпарат тасығыштарға әсер етудің деңгейі жол берілетін болуы тиіс.

4. Рентген-телевизиялық қондырғыларға қойылатын талаптар
10. Рентген-телевизиялық қондырғы металл және бейметалл оқатар қаруды, оның бөлшектерін, барлық калибрлі оқ-дәрілерді, гранаттар мен жарықшақтық/жарылыстық әсері бар қарулардың барлық түрлерін, пышақтарды, жуан таяқтарды, семсерлерді, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторлар мен сағатық механизмдерді, электр және электрондық бұйымдарды, электр қуаты көздерін айырып тануға арналған.

11. Рентген-телевизиялық қондырғы конвейерінің орналасуы төмен болуы тиіс (еден деңгейінен биіктігі 300 мм).

12. Рентген-телевизиялық қондырғылардың:

1) келесі базалық мүмкіндіктерінің болуы тиіс: объектілерді атомдық саны мен тығыздығына қарай алты түс бойынша суретте бөлу, суретті 9 учаскесі бойынша ұлғайту, атомдық санын өлшеу, сурет архиві, түрлі-түсті және ақ-қара бейнелеме, үздіксіз қарау, суретті бірізді көп есе ұлғайту, онвейер таспасының қуатты жетегі, сапалы сурет, принтерді қосу мүмкіндігі;

2) рентгендік сәулеленудің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін конструкциясы;

3) рентгендік сәулеленудің кинофотоматериалдарды, электрондық жеткізгіштерді жұмыс аймағы арқылы он рет өткізген кезде олардың бүтіндігін бұзуға мүмкіндік бермейтін деңгейі;

4) рентгендік сәулеленудің қосылуының жарық сигнализациясы, қорғағыш экрандардың бүтіндігі бұзылған кезде рентгендік сәулеленудің ажыратылуын және пайдалану жүктемесі асып кеткен немесе ақаулық болған жағдайда электр тогы берілуінің тоқтатылуын қамтамасыз ететін бұғаттаулары болуы;

5) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс.

13. Рентген-телевизиялық қондырғылардың имплантталатын электрокардиостимуляторлар мен магнитті ақпарат тасығыштарға әсер етудің деңгейі жол берілетін болуы тиіс.

14. Рентген-телевизиялық қондырғылар олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қолдау үшін жеткілікті, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық суреттемесінен тұратын құжаттамамен жинақталады.




5. Жарылғыш, есірткілік және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратураға қойылатын талаптар
15. Жарылғыш, есірткілік және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура күдікті ауа сынамаларының компоненттік және құрылымдық талдауын жүргізу жолымен олардың немесе олардың іздерін болуын айқындау үшін қолданылуы тиіс.

16. Аппаратура:

1) талдаудың қазіргі заманғы физика-химиялық әдістерін қолдануға негізделген заттарды сәйкестендіруді;

2) тротил, гексоген және т.б. үлгідегі штатты жарылғыш заттарды сенімді тіркеуге мүмкіндік беретін сезгіштікті.;

3) заттардың бетіндегі жарылғыш заттардың іздерін экспресс-анықтауды (жарылғыш заттардың іздерін талдағыштар);

4) желілік қоректену блогынан да, дербес көзден де жұмыс істеуді;

5) операторға тәуелсіз жұмыс істейтін дыбыс және жарық сигнализациясы жүйесін;

6) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

17. Жарылғыш, есірткілік және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура имплантталатын электрокардиостимуляторлар мен магнитті ақпарат тасығыштарға әсер етудің деңгейі жол берілетін болуы тиіс.

18. Жарылғыш, есірткілік және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қолдау үшін жеткілікті, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық суреттемесінен тұратын құжаттамамен жинақталады.


______________________________
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
contents -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
contents -> Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы
contents -> Хабарландыру
contents -> Техникалық байқау орталығының аумақтары мен үй-жайларына сәйкестігі туралы ақпарат
contents -> Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет