Жоба коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы



жүктеу 45.01 Kb.
Дата23.11.2017
өлшемі45.01 Kb.
ЖОБА

Коммуналдық меншікке келіп

түскен қараусыз қалған

жануарларды пайдалану

Қағидасын бекіту туралы

«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың пайдалану Қағидасы бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.А.Құловқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкімі                 М.Шермағанбет

Қобда ауданы әкімдігінің


2017 жылғы « »________
№ ______ қаулысымен
бекітілді

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы
      Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 246 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы 18 бабының 22 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жануарлар – ауыл шаруашылығы және үй жануарлары;

      2) иесіз жануарлар – иелері бар, бірақ олардың иелігінен (қамқорлығынан) уақытша шыққан, иелері жоқ немесе иелері белгісіз, сонымен қатар иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар;

      3) жануардың иесі – меншігінде немесе өзгеше иелігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;

      4) жергілікті атқарушы орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы функцияларды іске асыруға уәкілетті жергілікті мемлекеттік атқарушы орган;

      5) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, қаланың коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті мемлекеттік атқарушы орган.


2. Иесіз жануарларды пайдалану
      2. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруы тиіс.

      Егер меншік иесі немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстап алған тұлға ұсталған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы меншік иесін іздестіру шараларын қабылдау үшін iшкi iстер органдарына немесе жергілікті атқарушы органдарға жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс.

      3. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаған адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы немесе оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      4. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуға және пайдалануға берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны шегінде жауапты болады.

      5. Егер iрi қара малын ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.

       6. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы шегере отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

      7. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі 245 бабының 6 тармағына сәйкес сыйақы алуға құқылы.
3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы
      8. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.

      9. Жануарлар мемлекет меншiгiне өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.


4. Қорытынды ережелер
      10. Қараусыз жануарларды есепке алу, сақтау, бағалау және сатуды ұйымдастыруға байланысты шығындар Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.

      11. Қараусыз жануарларды сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджетке аударылады.



      12. Қараусыз жануарларды коммуналдық меншікке қабылдау үшін негіз болған актінің сотпен күші жойылған жағдайда, уәкілетті орган қараусыз жануарды бұрынғы иесіне қайтарады.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет