Жоба қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың



Дата18.12.2017
өлшемі36.86 Kb.


08.10.2013 ЭҚАБЖ МО (7.10.0 версия) Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс.






ЖОБА

Қызылорда облысында

ортақ су пайдаланудың

Қағидасы туралы

«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың Қағидасы белгіленсін.

2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



Қызылорда облыстық

мәслихатының

____ сессиясының төрағасы _______________

Қызылорда облыстық

мәслихатының хатшысы Б. Еламанов

Қызылорда облыстық мәслихаттың 

2013 жылғы «___» ___________ № ________

шешіміне қосымша



Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың

Қағидасы
1. Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1215 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Мынадай:

1) техникалық құралдарды қолданбай жер үстi көздерiнен су алу кезiнде;

2) ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

3) кеме қатынасы және шағын кемелердi пайдалану үшiн;

4) мал суару үшiн су объектiлерiн пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.

Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектiлерiнде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектiлерiнде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейдi.

3. Осы Қағида Қызылорда облыстық мәслихатының өңiрлiк жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгiлеу тәртiбiн анықтайды әрi меншiк нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

4. Қызылорда облыстық мәслихаты экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында өңiрлiк жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиiстi өңiрдiң аумағында орналасқан су объектiлерiнде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттiлiктерге су алу, мал суару, шағын кемелердi пайдалану және олармен жүзу және басқа да жүзетiн құралдармен жүзу тыйым салынған жерлердi айқындайды.

5. Қызылорда облыстық мәслихаты суда жүзетiн жабайы құстар мен жүнi бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтiн жерi болып танылған су объектiлерiнде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қояды.

6. Елдiң қорғанысын және мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында жеке су нысандарын немесе олардың бөлiктерiн пайдалану шектелуi, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкiн.

7. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгiлеу үшiн оқшау немесе бiрлесiп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Қызылорда облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгiлеудiң қажеттiгi негiзделген ұсыныс енгiзедi.

8. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгiлеу негiзсiз болған жағдайда жергiлiктi өкiлдi органдар ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерiн негiздей отырып су пайдаланушыны жазбаша хабардар етедi.

9. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды  басқа шарттары туралы халықты Қызылорда облыстық мәслихаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгiлермен хабардар етедi.

10. Бекiтiлмеген су объектiлерiнде осы Қағиданы бұзғаны үшiн айыппұл мөлшерi туралы ескертулер бар тыйым салатын белгiлер мен плакаттар орнатуды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.

11. Су объектiлерiн мал суару үшiн ортақ су пайдалану тәртiбiмен қолдану ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитариялық қорғау аймақтарынан тыс жерде және су объектiлерiнiң ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылғылар болған жағдайда жол берiледi. Басқа жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдар суат алаңдарын жайластыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзедi.



12. Кеме қатынасы қауiпсiздiгi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жүктердiң сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу Қазақстан Республикасының «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi және «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы заңдарымен регламенттеледi.
Каталог: sites -> default -> files -> documents -> kaulylar -> tabigi
kaulylar -> Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы
kaulylar -> Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы «Өсімдіктер карантині туралы»
kaulylar -> Жоба «2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы»
tabigi -> «Мемлекеттік орман қорында орманды пайдалану үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы
kaulylar -> Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын
kaulylar -> Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ
kaulylar -> Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет