Жоба алматы облыстық МӘслихатының шешімі



Дата14.07.2017
өлшемі96.6 Kb.


ЖОБА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ








Текелі қаласы аумағында

жануарларды

асырау қағидасын

бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 2-2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңынын 10-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Текелі қаласы аумағында жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.

2. «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша С. Махаевқа) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.





Алматы облыстық мәслихат

сессиясының төрайымы

_____________

Алматы облыстық мәслихатының

хатшысы

_______________ С. Мұқанов


ЖОБА

Алматы облыстық мәслихатының

2017 жылғы _____________

№ ____ шешімімен

бекітілген



Текелі қаласы аумағында жануарларды асырау қағидаларының жобасы

1. Жалпы ережелер

1.Текелі қаласының аумағында жануарларды асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, сәйкес адамдар мен жануарлардың ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау сондай ақ өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлары қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:


иесiз жануарлар - тiркеуде жоқ, иелерiн анықтау мүмкiн болмаған, иелерiнен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;

ветеринариялық құжаттар – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы жануарға, жануарлардан алынатын өнімдерге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдердің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;



ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;

жануардың иесi - жануарларды асыраушы, күтушi адам не болмаса иесiнiң келiсiмімен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегi адам;

дегельминтизация – арнайы ветеринариялық препараттардың көмегімен жануарларды гельминттерден тазарту, соңынан бөлінген паразиттерді, жұмыртқаларды және личинкаларын залалсыздандыру;

дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттiк ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндiктердi және

кемiргiштердi өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлiкте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;

жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;

үй жануарлары- адам өсіретін, ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар үй жануарлары мен құстарының барлық түрі (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, шошқалар, тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар, иттер мен үй қояндары), сондай–ақ олардың түр аралық гибридтері;
жануарлар-ауылшаруашылығы, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері;
инсектицидті препараттар - зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;

карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;

қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргiзiлетiн орындар;

жануарларға арналған паналау баспанасы – (ауылшаруашылық құрылымдарының негізінде құрылған) меншік иесін тапқанға дейін қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау үшiн арналған арнайы жабдықталған нысандар;

ауыл шаруашылығы жануарлары – ауыл шаруашылығы өндірiсіне тiкелей қатысы бар адамдар өсiретiн жануарлардың және құстардың барлық түрлерi; (ірі қара малы, қойлар,ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар және бұғылар, тауықтар, үйректер, қазылар, күркетауықтар, бал аралары, мамықты аңдар және қояндар);

жануарларды ұстау - жануар иелерiнiң жануарлардың өмiрiн, оның

жеке саулығын сақтау үшiн, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемiнiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудегi iс әрекеттерi;

жыртқыш жануарлар - басқа жануарлармен қоректенетін жануарлардың жалпы атауы;

ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өз өкілеттігі шегінде сала арасын үйлестіретін, ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және басшылық жүргізетін орталық орындаушы орган.

2. Жануарларды асырау тәртібі


3. Жануарларды асыраған кезде иелеріне:

1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және осы Қағидалардың талаптарын сақтау;

2) жануарларды жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендер шекаралары шегінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес асырауды жүзеге асыру;

3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау;

4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

5)жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

- жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгенін;

- жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;

6) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында өз жануарларына уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету қажет

4. Қараусыз немесе қаңғып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын

асырау тәртібі, орынынан тыс жануарларды қоса алғанда оларды иесіне қайтару.

1) Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына және жергілікті атқарушы органдарына мәлiмдеуге мiндеттi. Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы,олар немесе уақытша ұстау орнынына орналастырылады. 

2) Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы мен пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.

3) Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және жергілікті атқарушы органдарына белгiлейтiн тәртiбі бойынша пайдаланылады.

4) Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

5) Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен осы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыйақы төлеудi талап етуге құқылы.

6) Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

5. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі айқындайды.

6. Жануарларды асыраған кезде:

1) қоршаған ортаны ластауға;

2) жануарларға қатыгездікпен қарауға;

3) сумен қамтудың жер үсті су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында және жер асты суларын алуды қамтамасыз ететін құрылғылардан жиырма метрден жақын радиуста малдарды суаруға;

4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) айқындаған, мал жаю үшін ұйымдастырған жерлерден басқа жерлерде жануарлардың жүруіне жол берілмейді.

3. Қорытынды ережелер

7.Текелі қаласы аумағында жануарларды асырау қағидаларының сақталуына бақылау жасауды осыған уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

8.Кінәлі тұлғалар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.





Каталог: uploads -> files
files -> Реферат на тему: Околоушная железа: повреждения, слюнные свищи, актиномикоз, туберкулез, сифилис и кисты
files -> Методические рекомендации для студентов III курса стоматологического факультета к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов стоматологического факультета
files -> Методические рекомендации для студентов к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов лечебного факультета 4 курса 8 семестр
files -> Законом от 12. 04. 2010 №61-фз «Об обращении лекарственных средств»
files -> Лекарства для жизни
files -> Инструкция по охране труда
files -> Собрать общие сведения о лекарственных препаратах
files -> Методическая разработка самостоятельной работы студентов по дисциплине «стоматология» раздел «геронтостоматология и заболевания сопр»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет