ЖҰмыс бағдарламасы пән Кәсіби аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» Оқу сағатының



бет1/42
Дата03.03.2017
өлшемі9.92 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Терапия бакалавриат кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмыстар жөніндегі проректор

м.ғ.д. Анартаева М.У.

___________________

«____» _____________2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән Кәсіби аурулар

Пән коды КА - 3218

Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»

Оқу сағатының

(кредиттің) көлемі 135 (3 кредит)

Курсы 3

Оқу семестрі 5

Шымкент- 2013ж.

Жұмыс бағдарламасы 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»

мамандығына арналған Кәсіби аурулар типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды, Астана 2011г.

Жұмыс бағдарламасы терапия бакалавриат кафедра мәжілісінде талқыланды

Кафедра меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.

Хаттама № ___

«___» ___________2013ж.

Клиникалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды

Төрағасы, доцент Туртаева А.Е.

Хаттама № ___

«___» ___________2013ж.

Әдістемелік Кеңесте бекітілді

Хаттама № ___

«___» ___________2013ж.



2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Кәсіби аурулар - өндірістік ортадағы қолайсыз факторлардың әсерінен пайда болған аурулар.

Кәсіби аурулардың себептері болып, техникалық жабдықтаудың және өндірістік кәсіп орындармен уыл-шаруашылығындағы санитарлық гигиеналық шараларды сақтамаудан болуы мүмкін.

Медициналық-профилактикалық ісі бакалаврын дайындауда кәсіби ауруларды оқыту маңызды себебі кәсіби патология дамуына өндірістік факторлардың рөлін айқындайды.

Кәсіби аурулар туралы білімді оқытып жетілдіру адам организміне өндірістік процестің және өндірістік ортаның зиянды факторлар әсерін жоюға немесе бәсендетуге бағыт береді.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге өндірістік ортадағы қолайсыз факторлар әсерлерден пайда болған аурулар туралы түсінік беру.

2.3 Міндеттері:


  • кәсіби аурулардың пайда болу себептері мен жағдайлары туралы білім беру;

  • қазіргі таңдағы кәсіби аурулардың клиникалық көріністерімен таныстыру;

  • кәсіби патологияның диагностика әдістермен таныстыру және орындату;

  • кәсіби аурулары бар науқастарды емдеу, алдын алу, медициналық әлеуметтік сараптама принциптерімен таныстыру және жүргізуін үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі қажет:

  • кәсіби аурулардың негізгі түрлерін;

  • адам организміне зиянды өндіріс факторларының жағымсыз әсерінің механизмдерін;

  • адам организміне зиянды өндіріс факторлар әсерінен туындаған аурулардың клиникалық көріністері;

  • диагностика және емдеу тәсілдерін;

  • медициналық әлеуметтік сараптама мәселелерін;

  • кәсіби аурулардың алдын алу шараларын.

Студент игеруі қажет:

• зиянды өндіріс факторларын анықтауды;

• аурудың кәсіби анамнезін жинауды;

• кәсіби ауруы бар науқастың клиникалық жағдайын бағалауды;

• зертханалық және аспапты инструменталды диагностика әдістерін қажеттігін таңдауды;

• кәсіби ауру диагнозын дәлелдеуді;

• кәсіби ауруы бар науқасқа емдеу, алдын алу және еңбекке жарамдылығы туралы нұсқаулар беруді;

кәсіби ауруларды талдауды;

• кәсіпорында алғашқы және кезеңдік медициналық тексерістер жүргізуін жоспарлауды;

•адам организімін зиянды өндіріс факторлары әсерінен қорғайтын заттарды таңдауды;



Студент машықтануы қажет:

• тіркелген зиян өндіріс факторларын талдау негізінде кәсіби ауру дамуын айқындау.



2.5 Реквизитке дейінгі: жалпы гигиена, қоршаған орта және денсаулық, коммуникативті білім

2.6 Реквизиттен кейінгі: еңбек гигиенасы, эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс)

Дәрістердің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)






№ 1 кредит







1

Кәсіби аурулардың клиникасына кіріспе. Қазақстанда кәсіптік-патологиялық қызметті ұйымдастыру.


Шолу

1

2

Шаң әсерінен туындайтын кәсіби аурулар. Пневмокониоздар.

Проблемалық

1

3

Кәсіптік бронх демікпесі.

Проблемалық

1

4

Физикалық факторлар әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар. Вибрациялық ауру.


Проблемалық

1

5

Шу, электрмагнит сәулесі, лазер әсерінен туындайтын кәсіптік патология.


Проблемалық

1




№ 2 кредит







6

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Ароматты көмірсутектермен: бензолдың амино- және нитроқоспаларымен және олардың гомологтарымен уыттану.

Проблемалық

1

7

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Қорғасын және оның қоспаларымен уыттану.

Проблемалық

1

8

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Фосфор және оның қоспаларымен уыттану.

Проблемалық

1

9

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Сынап және марганецпен уыттану.

Проблемалық

1

10

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Пестицидтермен уыттану.

Проблемалық

1




№ 3 кредит







11

Сәулелік ауру.


Проблемалық

1

12

Биіктіктен туындаған ауру.

Проблемалық

1

13

Кессон ауруы.

Проблемалық

1

14

Адам организміне өндіріс ортаның жоғарғы және төменгі температура әсері.


Проблемалық

1

15

Тірек-қимыл аппаратының кәсіби аурулары.


Проблемалық

1




Барлығы:




15

Каталог: kafedra -> terap bak
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Ішкі аурулар Пән коды Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
terap bak -> Рабочая программа дисциплина: Профессиональные болезни Код дисциплины: рв 3218 Специальность: 5В110400 «Медико-профилактическое дело»
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың алдын алуы Пән коды Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы Пән коды
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының
terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Кәсіптік аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Коммуникативті дағдылар Пән коды Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет