ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Анатомия» Пән коды: Ana- 1214 Мамандығы 5В110100 «Мейіргер ісі»



Дата14.07.2017
өлшемі184.33 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044 -42/18-(1)

-беттің -беті



«Анатомия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы





Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Морфологиялық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ОӘ және ТЖ жөніндегі проректор,

м.ғ.д. Анартаева М.Ұ. ___________________ «___»_________2013ж


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Анатомия»

Пән коды: Ana- 1214

Мамандығы – 5В110100 - «Мейіргер ісі»

Оқу сағатының көлемі (кредит) – 90 сағат (2 кредит)

Курс – І, оқу семестрі - І

Жұмыс бағдарламасы «анатомия» және «физиология» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған типтік оқу бағдарламасының негізінде 5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Астана 2012ж

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қаралды.


«____»_________2013ж Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі, профессор Сисабеков Қ.Е. _____________


Қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды.



« » 2013ж Хаттама № _____

ЖӘК төрайымы, доцент Бейсенбаева З.И. ____________

Әдістемелік Кеңесте бекітілді.
«____»_______2013ж Хаттама №____


2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе

Бұл бағдарлама «Мейіргер ісі» мамандығына арналған. Анатомия мен физиология пәнін білу медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер үшін міндетті болып табылады.

Физиология мен анатомия теориялық және практикалық медицинаның негізі, адам денесінің пішіні мен құрылысын нақты білу дені сау адамның организмінде болып жатқан процесстерді түсінуге мүмкіндік береді және науқасқа дұрыс медициналық көмек көрсетуге жетелейді.

Анатомия-адамның пішінін, құрылысын, пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия денедегі ағзалар мен бөліктердің жасқа, жынысқа байланысты және жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың пішіндерін, құрылымын, топографиялық қатынастарын жүйелі түрде қарастырады. Анатомия медициналық білімнің негізін қалайтын пән.


2.2 Пәннің мақсаты: Адам ағзаларының жасқа, жынысқа байланысты және жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылысы мен функциясын, анатомия-топографиялық қатынасын зерттеу, алған білімдерін клиникалық кафедраларда қолдануға үйрету.


    1. Оқытудың міндеттері:

  • клиникалық ойлау қабілетін дамыту үшін ағзалар мен жүйелердің құрылымы туралы негізгі білімін қалыптастыру;

  • жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету және мейіргер ісі машықтарын меңгеру үшін ағзалардың орналасқан жері мен проекциясын анықтай білуге үйрету;

  • адам ағзаларына, мәйітке және биологиялық материалдарға ұқыпты және құрметпен қарауға үйрету;



2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі тиіс:

  • анатомиялық препараттармен және оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізгі әдістерін;

  • қаңқа сүйектерінің айырмашылықтарын;

  • сүйек қосылыстарының түрлерін, жіктелуін, буындардың биомеханикасын;

  • бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, функцияларын;

  • ас қорыту, тыныс алу, жүрек – қантамыр және несеп – жыныс жүйелерінің анатомиясын, олардың құрылымы жағынан ерекшеліктерін;

  • ми мен жұлынның құрылымын;

  • сезім мүшелерінің анатомиясын;

  • жұлын және ми нервтерінің түзілуін және олардың функциясын, иннервация жасайтын аумақтарын;

  • қан және лимфа жүйелерінің анатомиясын;

  • эндокрин бездерінің құрылысын, функцияларын;

  • бас, мойын, дене, қол-аяқ терілерінің құрылысы жағынан ерекшеліктерін.



Көрсете алуға тиіс:

  • бас, дене және қол-аяқ сүйектерінің айырмашылықтарын айыра білуді;

  • анатомиялық препараттарда сүйек қосылыстарына қатысатын элементтерді таба білуді;

  • мәйітте бас, дене, қол-аяқ бұлшықеттерін көрсете білуді;

  • бас, мойын, кеуде және құрсақ қуысы және жамбас астауының ағзаларын көрсете білуді;

  • жұлын мен ми бөлімдерін көрсетуді;

  • жұлын мен бассүйек - ми нервтерін көрсетуді;

  • бас, мойын, кеуде, құрсақ қуысын және жамбас астауы мен қол-аяқтың ірі қан тамырларын мәйітте көрсете білуді;

  • ағзалар, қантамырлар мен нервілердің проекциясын адам денесінде анықтай білуді үйреніп алуы қажет.

2.5 Реквизитке дейінгі мектептегі биология курсы, адам анатомиясы мен физиологиясы.

2.6 Реквизиттен кейінгі – жалпы патология негіздері, микробиология, мейіргер ісі негіздері, денсаулықты бағалау, бағыт бойынша мейіргер ісі.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс)


      1. Дәрістің тақырыптық жоспары






Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

1 кредит

1

Анатомия пәні және міндеттері. Анатомияның басқа биологиялық ғылымдардың арасында алатын орны. Адам денесінің құрылымы туралы жалпы ұғым. Организм тіндерінің жалпы сипаттамасы. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Тірек-қимыл аппаратының биомеханикасы.

Кіріспе дәрісі

1

2

Асқазан-ішек жолдарындағы ағзалардың жалпы сипаттамасы. Тыныс алу жүйесінің ағзаларына жалпы анатомиялық сипаттама. Кеуде, құрсақ қуысы ағзаларының топографиясы.

Жалпы шолу

1

3

Жүрек-қантамыр жүйесінің жалпы анатомиясы. Қан айналымының үлкен және кіші шеңбері. Қан түзуші ағзаларға жалпы анатомиялық сипаттама. Микро-циркуляторлы ағыс туралы түсінік.

Жалпы шолу

1




Жалпы сағаты:




3

2 кредит

1

Зәр түзу және жыныс жүйелері ағзаларының жалпы сипаттамасы.

Жалпы шолу

1

2

Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы. Жіктелуі: ОЖЖ, шеткі нерв жүйесі, вегетативті нерв жүйесі.

Жалпы шолу

1

3

Сезім ағзаларының анатомиясына жалпы сипаттама.

Жалпы шолу

1

4

Эндокриндік жүйенің жалпы сипаттамасы. Адам организмінде эндокринді жүйенің атқаратын рөлі.

Жалпы шолу

1




Жалпы сағаты:




4




1-2 кредит бойынша сағаттар саны




7


2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

1 кредит

1

Қаңқаға жалпы шолу. Сүйектердің жіктелуі. Кеуде торы. Қол-аяқ сүйектері құрылысының ерекшеліктері. Бассүйек құрылысы, оның милық және беттік бөліктеріне бөлінуі.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

2

Сүйек қосылыстарының жіктелуі, буындардың түрлері. Бастың, мойынның, дененің, қол-аяқтың бұлшықеттері.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

3

Асқорыту жүйесіне жалпы шолу. Ауыз қуысы, тіл, тістер. Сілекей бездері. Жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, өңеш: құрылысы, функциясы. Асқазан мен ішек: құрылысы, функциясы.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

4

Бауыр, өт қабы, ұйқы безі: құрылысы, функциясы. Құрсақ қуысы. Ішперде туралы түсінік.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

5

Тыныс алу ағзаларына жалпы сипаттама. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы, мұрын маңындағы қойнаулар. Көмей, кеңірдек, бронхылар: құрылысы, функциясы. Өкпе: құрылысы, функциясы. Плевра, синустары. Көкірекорта туралы түсінік.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

6

Жүрек-қантамыр жүйесінің жалпы анатомиясы. Қан айналымның үлкен және кіші шеңбері. Коллатералдық қан айналымдар. Жүрек. Жүректің анатомиялық сипаттамасы. Жүректің қақпақшалы аппараты. Перикард.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2




Жалпы сағаты:




12

2 кредит

1

Адам денесіндегі артериялық және веналық қан тамырлар. Аорта: өрлемелі аорта, аорта доғасы, төмендемелі аорта. Кеуде және құрсақ аортасының тармақтары. Қол мен аяқтың артериялары.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

2

Жоғарғы және төменгі қуыс вена жүйесі, оның түзілуі. Бастың, мойынның, қол-аяқтың веналық қан ағыстарының ерекшеліктері. Қақпа венасы: оның түбірі. Лимфа жүйесі. Лимфа ағыстары. Лимфа түйіні ағза ретінде.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

3

Бүйректің, несепағардың, қуықтың және зәр шығаратын өзектің құрылысы мен топографиясы. Ер адам мен әйел адамның ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысы мен топографиясы. Жаңа туылған нәресте мен балалардағы ерекшеліктері.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

4

Миға жалпы шолу. Ми бөліктері. Сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы ми: құрылысы, топографиясы, функциясы. Ми қарыншалары. Ми қабықшалары. Жұлын және оның қабықшалары. Шеткі нерв жүйесі.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

5

Сезу ағзалары. Көру мүшесі, көру жолдарының құрылысы мен функциялары. Есту мүшесі. Сыртқы және ортаңғы құлақ. Ішкі құлақ. Есту анализаторының өткізгіш жолдары. Дәм және иіс сезу мүшелері.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

2

6

Эндокрин бездері. Эндокрин аппаратының морфологиялық сипаттамасы. Эндокрин бездерінің жіктелуі, құрылысы жағынан ерекшеліктері.Тимус, қалқанша және қалқаншамаңы безі, гипофиз, түйін тәрізді (эпифиз) бүйрекүсті безі, аортамаңы денешіктер, ұйқы безінің эндокрин бөлігі, жыныс бездерінің эндокрин бөліктері – аналық без, аталық без.

анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

1




Жалпы сағаты:




11




1-2 кредит бойынша сағаттар саны




23



      1. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1 кредит




1

Кеуденің физиологиялық, патологиялық пішіндері.Омыртқа бағанының физиологиялық, патологиялық қисаюы.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

2

Аяқ ұшының күмбезі, майтабан, балалардағы ерекшеліктері. Кеуденің, қол-аяқтың туа біткен ақаулары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

3

Тар жамбастың жіктелуі, босану кезінде жамбас өлшемдерінің маңызы.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

4

Асқорыту ағзаларының жасқа байланысты ерекшеліктері. Аппендэктомия.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

5

Ас қорыту жүйесі ағзаларының туа біткен даму ақаулары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

6

Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра пункциясы.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

7

Тыныс алу ағзалары дамуының туа біткен ақаулары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

8

Жүректің және ірі қан тамырларының туа біткен даму ақаулары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4




Жалпы сағат саны:




32



2 Кредит

1

Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

2

Веналық қан іркілуінде веналық анастомоздардың маңызы. Организмдегі лимфа ағыстары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

3

Бүйректің, несепағардың, қуықтың дамуы және даму ақаулары. Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы және даму ақаулары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

4

Әйел, ер адамдардың және балалардың қуығын катетерлеу ерекшеліктері. Жатырдан тыс жүктіліктің түрлері: түтіктік, құрсақтық, мойнақтық. Жүктіліктің әр түрлі кезеңіндегі жатыр. Әйел және ер адамның шатаралығына жалпы сипаттама.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

5

Шеткі нерв жүйесі. Мойын өрімі және оның тармақтары. Иық өрімі (қысқа және ұзын тармақтары), түзілуі, тармақтары мен иннервациялайтын аумақтары. Бел және сегізкөз-құйымшақ өрімдері, түзілуі, тармақтары мен иннервациялайтын аумақтары.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

4

6

Бассүйек-ми нервтерінің функциясы.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

2

7

Қалқаншабез, қалқанша маңы безі және бүйрекүсті безінің функциясы бұзылған кезде туындайтын аурулар.

Реферат, презентация, тест тапсырмаларды құру, тақырып бойынша глоссарии.

2

8

Аралық бақылау - 7 апта дәріс тақырыбы бойынша, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ.

Тест тапсырмалары.

2

9

Аралық бақылау -15 апта дәріс тақырыбы бойынша, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ.

Тест тапсырмалары.

2




Жалпы сағат саны:




28




1-2 кредиттер бойынша сағаттар саны




60


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

  • Дәрістер: кіріспе, жалпы шолу.

  • Тәжірибелік сабақтар: анатомиялық препараттармен, муляждармен, кестелермен және планшеттермен, ауызша сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс жасау.

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы: туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру, жоспарда бөлініп көрсетілген тақырыптарды өз бетінше игеру, презентация және рефераттарды дайындау, жағдайлық есептерді шешу, кестелермен, оқулықтармен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын орындау, интербелсенді оқу бағдарламалармен жұмыс жасау, шағын топтарда жұмыс, аралық бақылау.

  • Студенттің өзіндік жұмысы: студенттің оқулық және қосымша әдебиеттермен, электронды нұсқадағы әдебиеттермен жұмыс істеу, рефераттарды дайындау және қорғау, презентация, тестілік тапсырмаларды шешу, тақырып бойынша глоссарий.

2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: тестілеу тапсырмаларды шешу, анатомиялық құрылымдарды муляжда, планшеттерде, кестелерде көрсете отырып ауызша сұрау.

  • Аралық бақылау: дәріс тақырыптары, тәжірибелік сабақ және СӨЖ бойынша тестілеу (7-шы, 15-ші аптада) жүргізіледі. (тест тапсырмалары).

  • Қорытынды бақылау: тәжірибелік дағдыларды қабылдау (ОҚТЭ), емтихан тестілеу түрінде.


Қосымша материалмен қамтамасыздандыру. Құралдар мен жабдықтар:

  • Құрал жабдықтар: компьютерлер, мультимедиалық проектор, интерактивті тақта.

  • Қосымша материал: тақырыптық стендтер.



2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3-х томах.- М.: 2008. – Т.1.-680 с.; Т.2.-496 с.; Т.3.-320с.

2. Билич Г.Л. Крыжановский В.А. Атлас анатомии человека: атлас в 3-х томах. – М: 2008. – Т. 1-800с.; Т. 2-800с.; Т.3-800с.

3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1.Әубәкіров Ә.Б. Жаналиева М.К. «Адам анатомиясы» атлас.- Астана: 2012

2.Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

4. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. – Шымкент: 2006.-66с.

5. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. – Алматы: 2007


Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.



2.11 Қосымшалар:
1 үлгі
2013-2018 оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы.





Келісілетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері.




1

2

3

1

Реквизиттен кейінгі:

Жалпы патология негіздері



Ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысы мен функциясын білу аурулардың патологиялық процесстерінің механизмдерін түсіну үшін қажет.

Хаттама № _________
______ ________2013ж
Каф.меңгерушісі, доцент Жолымбекова Л.Д.

2

Микробиология

Ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысын мен функциясын білу микроорганизмдердін бүтін организмге әсерін түсіну үшін қажет.

Хаттама № _________
______ _______2013ж
Каф.меңгерушісі, доцент Есіркепов М.М.

3

Мейіргер ісі негіздері

Адам денесі органдарының және өз ерекшеліктерін ескере отырып жүйелерінің құрылысы туралы білімді науқастарға қарау кезінде пайдалануға болады.

Хаттама № _________
______ _________2013ж
Каф.меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Алдешев А.А.

4

Денсаулықты бағалау

Қалыпты жағдайдағы организмнің органдары мен жүйелерінің құрылысы мен функциясын білу арқылы организмдегі патологиялық өзгерістерді аңғаруға болады.

Хаттама № _________
______ _________2013ж
Каф.меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Алдешев А.А.

№2 үлгі


2014 -2015 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасындағы

өзгертулер мен толықтырулар

Жұмыс бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілмеген.


Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама № _ «___» ________2014ж.


Кафедра меңгерушісі, профессор ___________________ Қ.Е. Сисабеков.




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет