Жұмыс бағдарламасы Нысан Ұс пму 18. 3/37 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 85.24 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі85.24 Kb.













Оқу жұмыс бағдарламасы





Нысан

ҰС ПМУ 7.18.3/37

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

Психодиагностика негіздері пәні бойынша



ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
050503-психология бакалавр мамандық студенттеріне арналған

Павлодар


Мамандық және пәннің оқу-әдістемелік кешені





Нысан

ҰС ПМУ 7.18.3-10










БЕКІТЕМІН

ФЖ жӨ факультетінің деканы ________________ Сарбалаев Ж.Т.

_______________________20__ж.

Құрастырушы:_______ аға оқытушы Қазанғапова Л.К., ассистент Кодекова Ғ.Б.


Психология және педагогика кафедрасы
Дәріс сабақтарына

Әдістемелік нұсқаулықтар
Психодиагностика негіздері пәні бойынша
050503 Психология бакалавр мамандығының

студенттеріне арналған


«___»_____________20 ___ ж. №_____хаттама

20 _ж. “____ ” ____________ кафедра мәжілісінде ұсынылған № хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Бурдина Е.И.

Филология , журналистика және өнер факультетінің оқу - әдістемелік кеңесімен құпталған

20 _ж. “_____” ________________№ ____хаттама

ОӘК төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н. 20 _ж. “_____” ___________



Теоретикалық курстың мазмұны

1 тақырып. Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде. Пән теориясы және психометрика

Психодиагностиканың дифференциалды психологиямен, психометрикамен, тәжірибелік психологиямен байланысты. Психодиагностиканың қолдану салалары: психологиялық кеңес беру, психотерапия, экспертиза, кәсіби таңдау т.б.

«Психодиагностика» сөзі – «психологиялық диагноз қою» дегенді немесе, адамның нақты психологиялық жағдайы немесе жекеше психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.

Психодиагностика психологиялық диагноз қоюдың әдістері мен амалдарының ғылыми жүйесі ретінде. Психологиялық диагноз туралы түсінік және оның деңгейлері. Ғылыми зерттеудің міндеттері мен жеке дара зерттеудің міндеттерін ажырату. Психодиагностикалық міндеттердің және зерттеу әдістерінің классификациясы. Психодиагностика – кез-келген психологиялық-педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып, тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен, ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда: олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің, біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге, үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

2 тақырып. Кәсіби-этикалық принциптер психодиагностиканың қысқаша тарихы.

Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі оның нәтижелерін психодиагностикадан өткізілген адамның жеке келісімінсіз жария етпеуді білдіреді.

Нұқсан келтірмеу принципі психодиагностиканың нәтижелерін психодиагностикадан өтіп жастқан адамға нұқсан келтірмейтіндей етіп қолдануды қарастырады.

Тестілеу нәтижелерінен алынған қорытындылардың объективтілігі принципі, оның ғылыми тұрғыда дәйектемеленген болуын талап етеді, барлық қорытындылар тестілеуді нәтижелерінің негізінде болуы шарт. Нәтижелерді қорытындылау тестілеуді өткізген немесе оның нәтижелерін пайдаланған. Кісілердің субъективті ұстанымдарына тәуелді болмауы тиіс.

Психодиагностика әрекетінің нәтижелігінің көрсеткіштері.

Психодиагностиканың дамуының тарихы. ХХ ғасырға дейін тест әдістерінің пайда болуы. ХХ ғасырдың басында психологиялық және педагогикалық тесттерді қолдану тәжірибесі. АҚШ-рында тест әдістерінің дамуы. Францияда (А.Бине, Симон) психодиагностикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері.

Ресей және шет елдерінде психодиагностиканың даму тарихы. Әр түрлі ғылыми бағыттарда психодиагностикалық амалдардың шығарылуы. (Контент-анализ, проективті әдістер, патопсихологиялық әдістер т.б.) Интеллект тесттерінің даму тарихы.

3- тақырып. Психодиагностиканың психометриялық әдісі.

Тестік нормалар және оларды тексеру. Диагностикалық нормалардың түрлері: абсолютті, статикалық, критериалық. Әр түрлі диагностикалық нормаларды қодану шегі: арнайы қабілеттер диагностикасы және әмбебап мінездік диагностикасы. Тест нормаларының статистикалық негізделуі, қалыптылықты тексеру және нормалардың тұрақтылығын тексеру.

Шкалалар, түрлері, өлшеу деңгейлері

Психодиагностикалық өлшеулердің статистикалық принциптері. Мәліметтердің негізгі түрлері (Ь, С?, Т-мәліметтері). Өлшеулердің шкалдары және деңгейлері. Айнымалдылардың бір-бірімен байланыс мөлшері. Процент шкаласы және процент елшемдері, тесттік балдардың таралу квантилдері түсінігі.



4-тақырып. Сенімділігі

Сенімділік. Өлшеу қатесі формуласындағы тесттің дәлдігі менсенімділігінің байланысы. Сенімділік түрлері: ретесттік, синхронды сенімділік. Сенімділікті тексеру процедуралары: параллель формаларды салыстыру, тест-ретест. Сенімділік өлшемдері. Сұрақтамалардың сенімділігі. Әлеуметтік жағымды көріну түсінігі және сол сияқты мотивациялық бұрмалаулар. Жалған жауаптарды тексеретін шкалалар. Жауаптарды фальсификациялау. Ішкі келісімдік. Мәліметтердің дұрыстылығын компьютер арқылы бақылау.



5-тақырып. Валидтілік

Валидтілік және оның түрлері (конструкттік, эмпирикалық, критерий бойынша) Критерийлердің түрлері. Болжамдық және сол мезеттік валидтілік. Эмпирикалық валидтіліктің әдістері. Валидттіліктің сенімділікке тәуелділігі. Валидттілік және дұрыстылық.



6-тақырып. Психодиагностикалық технология

Психодиагностикалық әдістерді құрастыру және бейімдеу технологиясы. Психодиагностикалық технологияның негізгі кезеңдері. Типтік диагностикалық процедураларды құрастыру (Тұлғалық сұрақтамалар, репертуарлық, әдістемелер, жетістік тесттері, тұлға тесттері).



7-тақырып. Тұлға психодиагностикасы

Тұлға моделдеріне қатысты теоретикалық құрылымдардың әр түрлілігі. Тұлғалық сұрақтамалардың күшті және әлсіз жақтары.

ММРІ және 16 РҒ (Р. Кэттелл 16 тұлғалық факторлар) сұрақтамаларының теоретикалық негіздері, негізгі шкалалар және оларды пайдалану жалпы ерекшеліктері.

Репертуарлық әдістер және жетістіктер тесттері тұлғаны зерттеуге арналған типтік диагностикалық, процедуралар ретінде.

Проективті әдістер және олардың негізгі белгілері. Розенцвейг, ТАТ, Роршах тесті, Люшердің түстерді таңдау тесттермен жұмыс істе) ерекшеліктері және олардың теоретикалық негіздерін, шкалаларын қысқаша сипаттау.

Мінездің патологиясын анықтауға арналған диагностика. Патопсихологиялық зерттеудің міндеттері мен ерекшеліктері. Эксперименталды психологияның әдістері.



8-тақырып. Интеллект психодиагностикасы

Интеллектті анықтаудағы негізгі амалдар және олардың модельдері. Интеллекттің факторлық модельдері (Спирмен, Кэттелл, Терстоун, Гилфорд) Интеллекттің когнетивті модельдері. (Р.Стернберг)

М.Холоднаяның менталды тәжірибе концепциясы.

Интеллект диагностикасы. Психометриялық негіздері. Дж.Равеннің прогрессивті матрицалары Д.Векслер тестті. Интеллект құрылымы тесттері (Р.Амтхауэра, ШТУР тест)



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:


  1. Алешина Ю.Б. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. М., МГУ, Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.-М., Международная педагогическая академия, 1995.

  2. Абрамова Г.С. Психологическая служба школы. –М.,1994.

  3. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.-Брест,1993.

  4. Качунвс Р. Основы психологического консультирования. М.,1999.

  5. Хрестоматия по психологическому консультированию. Составитель Сапарова И.А. Алматы.2004.

  6. Айви А., Айви М.Б.,Сайсег-Даунинг Л. Консультирование и психотеропия. Сочетание методов, теории и практики. М.,2000.

  7. Романенко-Бавокова Н.А. Основные направления работы практического психолога. Учебное пособие, Алматы,2006.

  8. Малкина-Пых И.Г.Справочник практического психолога. М.,2005.

  9. Колесникова Г.И. Основы психологического консультирования для студентов вузов. Р-на-Д: Феникс,2005.

  10. П.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М.,ВЛАДОС, 1998.в 2-х томах.

  11. Рудестам К. Групповая психотерапия. Спб.,1998.

  12. Справочник практического психолога. Спб., Сова, М., ЭКСМО,2003.

  13. Н.Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. Уч.пособие. М.,Академия,2001.

Қосымша әдібиеттер:

  1. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. М.,ООО «Попури»,2000.

  2. Бурменская Р.В. Возрастно-психологическое консультирование. М.,1993.

  3. Гуткина Н.И. Диагностическая программа по определению психологической готовности к школьному обучению. М.,1993.

  4. Кочюнас Р. Основы психологического консультирования. М., Академический проект,1999.

  5. Кочюнас Р. Психотерапевтические группы: теория и практика. М., Академический проект,2000.

  6. Лидере А.Г. Психологический тренинг с подростками. М., Академия. 2001.

  7. Лошен Ш. Психологический тренинг умений. Школа Вирджинии Сатир.Спб.,Питер,2001.

  8. Лэндрент Г.Л. Игровая терапия:искуство отнашений. М.,1994.

  9. Осипова А.А. Общая психокоррекция. М.,2000.

  10. Психотерапевтическая энциклопедия. Под. Ред. Карвасарского Б.Д. М.,2002.

  11. Консультирование и психотерапия. Сборник научных статей.№1,200, под. ред. А.М. Вяземшева, А.В. Скарева.

  12. Овчарова Р.В. Психотерапевтическая психология в начальной школе. М.,1996.

  13. Вачков И. Основы тенологии группового тренинга. Психотехники. М.,2000.

  14. Гринсон Р.Р. Техника и практика психоанализа. Воронеж,1994.

  15. Годфруа Ж. Что такое психология: В 2-х т. -2-е изд. –М.: Мир,1996. Т.



: arm -> upload -> umk
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> К. Х. Жапаргазинова бейорганиқалық Химия
umk -> Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Зоология” пәні бойынша ОЌу-єдістемелік бағдарлама (sillabus) Алматы 2005
umk -> Рабочая программа по дисциплине Акушерство и искусственное осеменение (полное наименование дисциплины по рабочему учебному плану) для студентов специальности




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет