ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша



жүктеу 453.03 Kb.
бет1/2
Дата25.06.2017
өлшемі453.03 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
Педиатрия пәндерімен балалар хирургия кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ОӘжТ жұмысы бойынша

проректор, м.ғ.к., доцент
_____________М.У. Анартаева

« ____ » _______2009 г.



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
________________________Балалар хирургиясы_____ пән бойынша

(пәннің аты)


________________________051101- Емдеу ісі ____ мамандығына арналған

(нөмері мен мамандық атауы)


_______7____ курсы
______ХIII-XIV____ семестр
Тәжірибелік сабақ – 108 сағат
Өзіндік жұмысы – 54 сағат
Диф. сынақ- ХIII-XIV
Жалпы сағат 162­

2009 жыл
Жұмыс бағдарламасы «Емдеу ісі» мамандығы дәрігер-интерн хирургтарын дайындау үшін интернатураның Үлгілік бағдарламасы бойынша жасалған, Астана, 2007 ж.


Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ң клиникалық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.

“____”_______2009 ж.
Төрайымы _________м.ғ.д., доцент Саркулова С.М.

ОҚМФА-ң Орталық әдістемелік Кеңесте мақұлданған


“___”_______2009ж. Төрайымы___________м.ғ.к., доцент М.У.Анартаева



III. Жұмыс бағдарламаның мазмұны:

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

1.1. Пән оқытудың мақсаты:

Интернатураның мақсаты – профилактикалық мекемелерінде мамандандырылған дәрігер хирургын дайындау болып табылады. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін оқыту кезінде интерндер балаларда кездесетін хирургиялық аурулардың заманауи зерттеу және емдеу әдістерін меңгеруі тиіс.

1.2. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. Хирургиялық аурулары бар балаларды тексерудің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру;

  2. Балалардағы хирургиялық аурулардың диагностикасы мен заманауи зертханалық және құрал – жабдықты тексеру тәсілдерін талдаудағы интерндердің білімін тереңдету;

  3. Балалар жасындағы хирургиялық ауруларын ажырату диагностикасын меңгеруін жетілдіру;

  4. Балалар жасындағы ауруларды және ақауларды заманауи емдеу әдістерін терең меңгерту

Дәрігер-интерн білуі тиіс:

- Балаларда кездесетін жедел құрсақ қуысы ауруларының, іріңді-қабыну ауруларын және негізгі жарақаттарының клиникалық сипаттамасың

- Бүйрек пен зәр шығару жолдарының даму ақауларында және аталық безі мен ұрық бауының туа пайда болған ауруларының, шап жарығының туа біткен пилоростеноз, бауыр және өт шығару жолдарында, тоқ ішек пен аноректальды аймақта болатын клиникалық көріністің ерекшеліктері.

  • Балалардағы даму ақауларының хирургиялық еміне көрсеткіш.

  • Бүйрек, зәр шығару жолдары, аталық безі мен ұрық бауының ауруларының, бауыр және өт шығару жолдары, тоқ ішек пен аноректалды аймақта болатын операция алдындағы дайындық, хирургиялық ем және операциядан кейінгі шаралар;

- Балаларда кездесетін жедел құрсақ қуысы ауруларының клиникалық сипаттамасын.

- Балаларда кездесетін жарақаттардың механизмін, маңыздылығын, жиілігін, жіктелуін және алдын-алу шараларының сипаттамасын.

- Тірек-қимыл аппаратының даму ақауларының сипаттамасы.

- Нәрестелердегі хирургиялық ақаулар кезіндегі оперативті емдердің мерзімдерін білу.



Дәрігер-интерн істей алуы тиіс:

- Қажетті зерттеу әдістерін жүргізу (зәрді жинау, функционалды сынамалрды жүргізу).

- Урологиялық аурулары бар балаларға рентген зерттеу әдістерін жүргізу (венаішілік урография, цистография).

- Зерттеу нәтжелерін бағалау.

- Науқасты операцияға дайындау.

- Зәр қапшығын жуу және инстиляциялау, катетеризациялау дағдыларын үйрету.

- Негізгі хирургиялық манипуляция мен оперативті емді жүргізудегі дағдыларды білу.

- Жедел құрсақ қуысының аурулары бар балаларды қарау және зерттеу.

- Құрсақ қуысының рентгенограммаларын бағалау.

- Келесі манипуляциялар мен операцияларды өз бетінше орындай алуы тиіс: аппендэктомия, қысылған шап жарығында жарықты кесу, инвагинация кезінде консервативті емдеу, қол-аяқтарға венесекция жүргізу, паранефральды және вагосимпатикалық блокадалар, іріңді-қабыну аурулары кезіңде кесулер



- Құрсақ қуысы мүшелеріне жүргізілетін операцияларға ассистенция жүргізу.


    1. . Дәрігер-интерндерге осы пәнді оқу үшін қажетті бөлімі (тақырыбы) көрсетілген пәндер тізбесі:


Хирургиялық аурулар (тақырыптары «Құрсақ қуысының жіті хирургиялық аурулар», «Зәр шығару жүйесінің ақауларыменен аурулары»).

Травматология (тақырыптары «Жарақаттану, жарақат механизмі» «Тірек-қимыл аппаратынның жарақаттары бар науқастарды жүргізу жолдары»).

Онкология маммология курсымен (тақырыптары «Қатерсіз және қатерлі ісіктер», «Ісіктерді емдеу принциптері»)

Сәулелік диагностика және сәулелік терапия (тақырыптары «Бассүйек және омыртқа даму ақаулары мен ауруларын саулелік диагностикасы», «Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуын, даму ақауларын және ауруларын саулелік диагностикасы», «Құрсақ қуысының аурулары мен ақауларын саулелік диагностикасы», «Зәр шығару жүйесінің ақауларын саулелік диагностикасы»)

Клиникалық фармакология (тақырыптары «Рациональді антибиотикотерапия принциптері», «Клинико-фармакологические подходы к обоснованию назначения и дозирования»)

1.4. Дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мен толық пән бойынша өз бетімен оқитын тақырыптар және олардың сағатпен берілген көлемі (№ 3 үлгі).
Пән сағаттының үлестірілуі.


Жалпы сағат саны

Дәріс

Тәжірибе сабағы

Өз бетімен атқаратын жұмыс

Семестр

Бақылау түрі, семестр

162

-

108

54

XIII-XIV

Дифф.сынақ, XIII-XIV.



  1. Пәннің мазмұны.

2.1. Дәріс тақырыптарының атауы, олардың қысқаша мазмұны және сағаттағы көлемі (дәрістер жоқ)

2.2. Тәжірибелік және семинар сабақтары, оның аттары, мазмұны мен сағатта көрсетілген көлемі




Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Сағат көлемі


1

Балалардағы жедел аппендицит пен оның асқынуларының клиникасы, диагностикасы және еміндегі ерекшеліктері.

Сабақта интерн-хирургтар жас балалардағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен есептесе отырып, жедел аппендициттің этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностика және емін талдайды.

Құрт тәрізді өсіндінің қабынуының дамуында маңызды рольді ішектің немесе өсіндінің өзіндік микрофлорасы атқаратынына назар аудару керек.

Қабынудың деструктивті және деструктивті емес формаларының жіктелуі талқыланады.

Дифференциальды диагностиканы жүргізу талқыланады. Зерттеу әдістерінің балалардағы ерекшеліктері.Интерндер госпитализацияға және оперативті емнің көрсеткіштерін талқылайды. Жас балалардағы жедел аппендициттің тексеру және емдеу жоспарын құрайды. Іш ауруы бар балаларды тексеру әдісін игереді. Жедел аппендициттің асқынуларын талдайды. Жедел аппендициттің асқынуын қарастырған кезде периаппендикулярлы абсцесстің аппендикулярлы инфильтратының клиникасын, диагностикасын және еміне көніл береді. Перитонит түрлері, патогенезі, диагностикасы, емі. Интерн хирургтер перитонит кезіндегі асқынуды талдайды және емдік жолын қарастырад. Перитониттің асқынуы – ішек жыланкөзі, құрсақ қуысындағы абцесстер, ішек өтімсіздігі. Олардын хирургиялық емі.



7,2

2

Балалардағы қысылған шап жарығы, ажыратпалы диагностикасы мен оперативті емі.

Кіндік жарығы, этиопатогенез, клиника, диагностика, емі. Эмбриональды жарық, клиникасы, диагностика, емі. Шап жарығтың, этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникасын, диагностикасын, емін, асқынуларын талдау. Іштің ақ сызығының жарығы, этиопатогенез, клиникасы, диагностика, емі, асқынулары.

Шап жарығы кезінде дәрігерлік тактикасы, консервативті емге көрсеткіш. Қысылған шап жарығы кезіндегіопериялық техникасының ерекшелітері.

7,2

3

Балалардағы туа біткен ішек өткізбеушілігі.

Ішек түтігінің даму ақаулары. Жоғары және төменгі туа біткен ішек өткізбеушілігінің клиникасы, диагноз қою, емі. Туа біткен пилоростеноз клиникасы, диагноз қою, емі, салыстырмалы диагноз жүргізу. Пилороспазм клиникасы, диагноз қою, емі. Псевдопилоростеноз. Асқазан - өңештің рефлюксі. 12-елі ішектің тарылуы, жүре пайда болған ішек өткізбеушілігі, жабысқақ (спайка) әсерінен ішек өткізбеушілігінің клиникасы, диагноз қою, емі. Гиршпрунг ауруы, жіктелуі, клиникасы, диагноз қою. Аноректальды даму ақаулары. Артқы тесік пен тік ішектің атрезиясы, олардың зәр жүйесіне, жыныс жүйесіне, жыныс жүйесіне қарай ашылған жылан көздері (свищи). Артқы тесік пен тік ішектің эктопиясы. Диагноз қою, емі.

Гиршпрунг ауруы. Этиопатогенезі. Клиникасы. Нәрестелердегі және емшек жастағы клиникалық ағымының ерекшеліктері. Диагностикасы Рентгенодиагностикасы. Асқынуы. Колостомаға көрсеткіш Науқасты операцияға дайындау. Радикальды операциялардың әдістері.

7,2

4

Жүре пайда болған ішек өткізбеушілігі. Инвагинация.

Инвагинациясы бар науқастарды талқылаған кезде жасына, локализациясына байланысты жиілігіне көңіл аударады. Инвагинацияның пайда болуына алып келетін факторларға тоқталады. Келесі симптомдар жеке түрде талқыланады: Ауамен ирригографияны жүргізу техникасын талқылайды. Дифференциальды диагностиканы талқылаған кезде дизентерияға және жедел аппендицитке көңіл аударылады. Консервативті және оперативті дезинвагинацияға көрсеткіштерді талқылау.

Жабысқақ (ерте және кеш) және динамикалық (спастикалық және паралитикалық) ішек өткізбеушілігі бар науқастарды талқылаған кезде клиникаға, диагностикаға, диф.диагностикаға және еміне көңіл аударылады. Мағынасын және диагностикалық мүмкіндіктерін анықтай отырып рентгенологиялық әдістерді талдайды. Балалардағы динамикалық ішек өткізбеушілігіне емдеудің консервативтік әдістеріне тоқталу.



7,2

5

Крипторхизм. Жұмыртқа эктопиясы. Гидроцеле. Варикоцеле. Оперативті емге көрсеткіш.

Крипторхизм. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі. Осы ауру кезіндегі зерттеу әдістері, емдеу жолдары. Баланы 2 жасқа дейін емдеудің негізі. Осы аурудың асқынуы туралы.

Гидроцеленің этиопатогенезі, клиникалық көрінісі, зерттеу әдістері, емдеу жолдары.

Кіндік жарығы, этиопатогенез, клиника, диагностика, емі. Эмбриональды жарық, клиникасы, диагностика, емі. Шап жарығы, этиологиясы, патогенез, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынулары. Іштің ақ сызығының жарығы, этиопатогенез, клиникасы, диагностика, емі, асқынулары. Интерн хирургтар крипторхизм кезінд, клиникадағы дәрігерлер өндеген хирургиялық әдісті талдау.


7,2

6

Балалардағы эхинококкоз. ҚР-ғы жиілігі. Емі мен диагностика-сындағы қазіргі заманғы әдістері.

Интерн хирургтар балалардағы эхинококкоз кезіде ерте белгілерін, жас ерекшеліктерін, аурудың басталуын анықтайды, толық физикалдық зерттеу жүргізеді (пальпация, перкуссия бауырдың және көкбауырға жүргізулік, өкпе аускультацияланады) және арнайы зерттеу әдістері жүргізіледі. Бауыр, көкбауы, ұйқыбезінің УЗД, өкпе рентгенографиясы, құрсақ қуысының ауқымды рентгенографиясы танысады. Емдік тактиканы анықтайды. Дәрігерлік және хирургиялық тактиканы анықтайды.

Интерн хирургтар тақырыптық науқастарды курация жасайды. Интерн хирургтар эхинококк кезінде мына аурулармен ажырату диагнозын жүргізеді: туберкулезбен, ісік аурулармен, торсылдақпен. Арнайы зерттеу әдістермен танысады.Дәрігерлік және хирургиялық тактиканы анықтайды.

7,2

7

Балалардағы жұмсақ тіндерінің іріңді-қабыну аурулары кезіндегі емдеудің заманауи әдістері.

Балалардағы іріңді аурулардың диагностика және емдеу принциптеріне көңіл аударылады. Клиникалық талқылау уақытысында интерндер Краснобаев бойынша іріңді хирургиялық инфекцияны емдеу принципін түсіндіруі қажет:

а) макроорганизмге әсері: интоксикациямен күрес – организмнің иммунобиологиялық қасиеттерінің стимуляциясы – посиндромды терапия;

б) микроорганизмге әсері - қоздырғыштың сезімталдығын есепке алу – аралас форма кезінде 2-3 препаратты қолдану-ауыр максимальды дозаларды тағайындау - енгізу интервалдарын қатаң сақтау – препаратты енгізу жолдарын есепке алу – антибиотиктердің бір бөлігі ішектің қалыпты флорасына әсер ететінін ескеру;

в) жергілікті емдеу: - минимальды қан кетуге талпыну – ошақты дренирлеу және өмірге қабілетсіз тіндерді жою.

Ошақта антибактериальды препараттардың концентрациясын ұстану;

Жаңа туылғандардың некротикалық флегмонасын және маститтін, лимфаденитті, фурункулді, карбункулды, талқылау. Иммунотерапия. Специфичесалық және бейспефикалық иммунотерапия.



7,2

8

Бала өкпесінің жедел бактериалды деструкциясы. Асқынуы және емі.

Өкпенің бактериальды деструкциясы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Өкпе абсцессі. Асқынуы. Классификациясы. Пневмоторакс, пневмопиоторакс, өкпе ателектазы. Клиникасы, диагностикасы, емі. Буллалар. Плевраның созылмалы эмпиемасы. Көкірек қуысының пукциясы, техникасы, дренажды қою.

7,2

9

Балалардағы зәр шығару жүйесі органдарының ақаулары мен аурулары.

Несеп жүйесі даму ақауларының жиілігі. Несепағардың және бүйректің аномалиялары. Агенезия, қосымша бүйрек, дистопия, подковотәрізді бүйрек. Галет тәрізді тері, бүйректің аплазиясы, гипоплазиясы. Бүйректің кистозды аномалиялары. Бүйректің поликистозы немесе олардың түрлері, клиникасы, диагностикасы, емі, дифференциальды диагностикасы. Солитарлы киста. Гидронефроз, анықтамасы, себептері, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынуы. Қуықтың гипоспадиясы, эписпадиясы, экстрофиясы, анықтамасы, жіктелуі, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Операциялық емнің мерзімі, асқынуы.

Теоретикалық талқылау кезінде интерн хирургтар берілген ақаудың этиопатогенезіне көңіл аударады. Бүйрек тас ауруы. Этиопатогенез, клиника, жіктелуі, диагностикасы, емі, асқынуы. Қуық-несепағар рефлюксі, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынуы. Пиелонефрит, анықтамасы, клиникасы, диагностикасы, емі. Цистит, анықтамасы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынуы. Интерн хирургтаргидронефроз кезінде мүше сақтау операцияларын талдайды.



7,2

10

Жедел гематогенді остеомиелит

Ерте белгілерін, жас ерекшеліктерін, аурудың басталу уақыттарын анықтайды.

Объективті, арнайы зерттеу әдістерін (остеотометрия, остеомедулография, рентгенодиагностика) жүргізіп емдеу тактикасын және педиатр тактикасын анықтайды. Остеомиелиттің емдеу принциптерін зерттейді (остеоперфорация, ТСОС әдісі бойынша сүйек ішін жуу; жергілікті ем – ерте микроперфорация жасап ол жерден антибиотиктермен антикоагулянттарды енгізу, иммобилизация). Сүйек ішілік қысымды өлшеу әдісіне және Сызғанов-Ткаченко – Ормантаев – Султанбаев әдістері бойынша сүйек ішілік жууға көңіл бөледі. ЖГО асқынуы – патологиялық таюлар, қысқару, аяқ-қолдарының деформациясы. Профилактикасы және емдеу жолдары.



7,2

11

Балалардағы жедел жағдайлар. Гипертермиялық және тырысу синдромы.

Терминальді жағдай.: предагония, агония, клиникалық өлім. Организмнің компенсаторлы реакциясының қоспауы. Клиникалық биологиялы өлім белгілері. Қан айналымның тоқтауы, себебі. Симптомы, диагностика. Жүрек тоқтауының түрлері, асистолия, фибриляция желудочков. Ми ісінуі. Этиопатогенезі, клиникасы. Интенсивті емі. Гипертермиялық синдром. Этиопатогенезі. Клиникасы. Интенсивті емі.

Құрысу синдромы. Этиопатогенезі, клиникасы, интенсивті емі.



Реанимация негізгі принциптері.

7,2

12

Балалардағы инфузионды терапияның ерекшелікте-рі. Парентеральды тамақтандыру.

Анықтама. Инфузионды терапия себебі. Инфузионды затпен енгізу жолдары. Көрсеткіш - қарсы көрсеткіш және вена катетеризациясына орталық венаға катетеризация техникасы. Балаларда су-электролиттік баланс физиологиясы. Организмде су көлемі. Иондарды қалыпты жағдайы. Инфузионды орталар: қарапайым және күрделі кристалоидтар және коллоидттар: тұзды және түзсыз. Этап бойынша инфузионды терапия бағдарламасын құру. Физиологиялық қажеттілік, дефицитті анықтап ағымды патологиялық жоғалтулардың орнын толтыру. Парентеральды тамақтану туралы түсінік. Колориялық энергия жұмсаудағы қажеттілік. Зат алмасу бұзылысының себептері, барлық тканьдердің ыдырау процессі және синтезінің тепе-теңдігі. Парентеральды тамақтандыруды жүргізуге абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер. Толық білікті, қосымша парентеральді тамақтану.

Орталық көк тамырдың қысымын өлшеу.

7,2

13

Туылу кезіндегі жарақаттар. Балалардағы бас-ми жарақаттары.

Бас сүйек және мидың дамуының уақытша диспропорциясы, бас сүйек қуысының резервті аймақтың өзгерістері, сүйектердің және қантамырлардың эластикалығы, бас миының салыстырмасы және функциональды, морфологиялық жетілмеуі, көлемді суборахноидальды аймақтық ерекшеліктеріне көңіл бөледі..

Қатты ми қабығының сүйекпен тығыз байланысуы, қантамырлы анастомоздардың ми тканінің жоғарғы гидрофильділігі. Студенттермен бірге бас-ми жарақатының жіктелуін оқиды. (СГМ, УГМ – жеңіл, орташа және ауыр дәрежелері). Неврологиялық статуспен бірге клиникалық көрінісіне қарай отырып, балалар ауыр жағдайдан тез шыға алады, оның жалпы милық көрінісі неврологиялық симптоматикадан жоғары болады. БМН ауыратын балалардың емдеу принциптерін ауру төсекте болған кезінде талқылаиды. Кефалогематома клиникасы, диагностикасы, емі. Бастың негізі мен күмбезінің сынуы. Бас-ми зақымдануы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емдеуі. Сүйек сынуыларымен және босану кезіндегі зақымданулармен салыстырмалы диагноз жүргізіледі. Арнайы зерттеу әдістерімен танысады.



Люмбальды пункцияның маңызы.

7,2

14

Балалар жасындағы травматологияның ерекшеліктері.

Сүйектің сынуы, этиологиясы, классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емі, асқынулары. Балалар сүйек сынуының ерекшеліктері, баларға тән, «қабық асты сынуң, «көк шыбықң тәрізді сыну, эпифизиолиз, остеофизиолиз. Клиникасы, диагностикасы, асқынулары. Сүйектің сынуының рентген суреттерін талдайды. Емдеу тәсілдеріне көп көңіл беріледі.

Интерн хирургтар әр түрлі сынулардың ажырату диагнозын жүргізіді.

7,2

15

Тірек-қимыл аппаратының даму ақаулары.

Туыла сан сүйегінің шығуы. Ерте диагностикасы мен функциональді емдеу әдістері.



Туа пайда болған сан сүйегінің шығуын талқылағанда тірек - қимыл формасы байқалды. Этиопатогенезінде басты рольде – тұқым - қуалаушылық, меконикалық фактор (жатырдың қысқаруы, ұрықтың орналасуы, су аздық), биологиялық агент (вирустар, қарапайымдылар), моиындаушы сәуле, жүктілік токсикозы, витаминнің жетіспеушілігі. Жіктелуін қарайды (шығу алды, шығу асты, шығу). Клиникада туа пайда болған сан шығуының ерте диагностикасындағы симптомдар: санның тері қабаттарының асимметриясы (нормада 3 қабат), аяқ-қолдың қысқаруы, тыныш жағдайдағы сыртқы ротация. Уақтылы диагностиканы белгілейді (3 айға дейін).

Хильгенрайнер – Эрлахер схемасының өзіндік сынуы және қолдану. Аурулардың курациясы кезінде оларды емдеу кезінде қатысады: 1 айға дейін кең түрде орау (дисплазия кезіңде), сосын Виленский шинасын, Павлик стремянін, Фреика жастығын қою керек (қалпына келу 3-4 аптадан кейін басталады).



Интерн хирургтарт туа сан сүйегінің шыгуы кезінде хирургиялық емдеу тәсілдерін талдайды.

7,2

Барлығы:

108 сағ




    1. 2.3 Дәрігер интерннің өз бетімен оқуға арналған тақырыптар, оның аттары, мазмұны, өткізу және бақылау түрлері мен сағатта көрсетілген көлемі.





Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Өткізу, бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Жоспарлы хирургиядағы операциядан кейінгі емнің ерекшеліктері.

Жоспарлы хирургия бөлімшесінің құрылымы. Қызметткерлерінің міндеттері.

Жасына байланысты операция алдыңғы дайындықтың ерекшеліктері. Пневмонияны және жараны іріңдеуінің алдын-алу, паретеральды қоректендіру және т.б.



Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

2

Балалар хирургиясындағы абдоминалды эндовидеохирургия.

Лапароскопияға көрсеткіш. Тәсілдің диагностикалық және емдік мүмкіндіктер

Арнайы әдебиет оқу

3,6

3

Мегадолихосигма

Тоқ ішектің жасына байланысты анатомиялық ерекшеліктері. Клиникасы. Тік ішекті тексеру. Ирригография. Колоноскопия. Консервативті ем түрі. Операцияға көрсеткіш.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

4

Бүйрек анамалиялары

Этиопатогенез. Клиникалық белгілер. Диагностиканың эндоскопиялық тәсілдер. Ангиография.

Медициналық статистика негіздерін меңгеру

3,6

5

Гиршпрунг ауру кезінде операцияға көрсеткіш

Ажыратпалы диагностикасы. Емінің көлемі

Арнайы әдебиет оқу

3,6

6

Несепағардың нейрогенді дисплазиясы

Патогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Операция түрлері.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

7

Қуықтың жедел және созылмалы қабыну аурулары

Анамнез. Контрастты зертеу әдістері. КТ. Тактикасы. Түріне байланысты емі.

Арнайы әдебиет оқу

3,6

8

Қуық экстрофиясы

Клиникасы, диагностикасы емі. Асқынуларын алдын алу.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

9

Бүйрек жарақаты

Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

Арнайы әдебиет оқу

3,6

10

Кіндіктің тума жыланкөздер

Эмбриогенез. Клиникасы. Ажыратпалы диагностика. Емінің мерзімі. Операцияға қарсы көрсеткіш.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

11

Тератомалар және дермоидты кисталар

Эмбриогенез. Клиникасы. Ажыратпалы диагностика. Емінің мерзімі. Операцияға қарсы көрсеткіш.

Арнайы әдебиет оқу

3,6

12

Аноректальды даму ақаулары

Тіқ ішектің жасына байланысты анатомиялық ерекшеліктері. Клиникасы. Тік ішекті тексеру. Ирригография. Колоноскопия. Консервативті ем түрі. Операцияға көрсеткіш.

Медициналық статистика негіздерін меңгеру

3,6

13

Тік ішек полипі

Эмбриогенез. Жіктелуі. Клиникасы. Консервативті және оперативті ем.

Арнайы әдебиет оқу

3,6

14

Мойының ортаңғы кистасы

Эмбриогенез. Түріне байланысты клиникасы. Ажыратпалы диагностика. Операция тәсілдері.

Кітапхана және интернет залында жумыс жасау

3,6

15

Күйіктен кейін контрактураларды емдеу тәсілдері

Патогенез. Клиникалық көріністер. Операция тәсілдері.

Арнайы әдебиет оқу

3,6




Барлығы

54

3. Пәннің оқу-әдістемелік материалдары.

3.1. Негізгі мен қосымша әдебиеттер.

Негізгі әдебиет:

  1. Ю. Ф. Исаков "Хирургические заболевания детского возраста" . 2004 г.

  2. К.У. Ашкраф, Г.М. Хандрен "Детская хирургия" 1 том 1996 г.

  3. С.Я. Долецкий, Ю.Ф. Исаков. «Руководство по детской хирургииң в 2-х т., М., 1970

  4. Г. А. Баиров." Неотложная хирургия" Л. 1993 г.

  5. С. Н. Ешмухамбетов. " Балалар урологиясы" А 1994 г.

  6. К. С. Ормантаев, Р.Ф. Марков. «Детская травматологияң. А., 1978 г.

  7. В.Ю. Юмашев "Детская ортопедия" М.1991 г.

  8. Основы интенсивной терапии и реанимации в педиатрии В. А. Михельсон, А. З. Маневич, 1979 г

  9. К. С. Ормантаев "Тяжелая черепно-мозговая травма". 1982 г.

  10. М.В. Волков, В.Д. Дедова. «Детская ортопедия». 1972 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Т.С. Попов, Т. Ш. Толозошвили, А. Е. Шестаналов. "Синдром кишечной непроходимости в хирургии". 1991 г.

  2. Попов. "Перитониты". М. 1985 г.

  3. С.Я. Долецкий, В. В. Гаврюшев, В. Г. Акопян. "Острый аппендицит у детей".1976 г

  4. С.Я. Долецкий, В. В. Гаврюшев, А. Г. Акопян. "Хирургия новорожденных". 1976 г.

  5. В.Д. Виленский «Диагностика и функциональное лечение врожденного вывиха бедра». 1970 г.

  6. С.Я. Долецкий, Г.А. Пугачев «Непроходимость пищеварительного тракта у новорожденных и грудных детей».

  7. К.С. Ормантаев, Т.Ж. Султанбаев. «Внутрикостные промывания при остеомиелите у детей». Л. 1978 г.

  8. Ю.Ф. Исаков, В.А. Михельсон. «Инфузионная терапия и парентеральное питание в детской хирургии». // М.: Медицина, 1985 г.

  9. Е.А. Лужников, В.Н. Дагаев, Н.Н. Фирсов. «Основы реаниматологии при острых отравлениях» //М,: Медицина-1977-379 с.

  10. В.Д. Малышев. «Острая дыхательная недостаточность». // М.: Медицина. -1989. -240 с.

  11. В.Д. Малышев. «Интенсивная терапия острых водно-электролитных нарушений». // М.: Медицина. - 1985 г.

  12. Под ред. И.В. Марковой, В.Н. Селяева. «Фармакология: учебное пособие» // М.: Медицина, 1988.- 272 с.

  13. Под ред. Дж.П. Моррея. «Интенсивная терапия в педиатрии». в 2-х томах // пер. с англ. М.: Медицина. - 1995 г.



3.2. Тізбелер:

Оқу әдістемелік құралдар:

  • Кестелер, схемалар - 30

  • рентгенограмм, КТ, УЗИ-сканир жиіынтығы - 50

  • Интерндерге арналған әдістемелік нұсқау – 15 (қазақ және орыс тілінде)

  • Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау – 15 (қазақ және орыс тілінде)

  • Альбомдар - 2

  • Видеофильмдер - 6

  • Слайдтар жиынтығы - 8 бөлімнен

  • Тесттер – 432 (казақ және орыс тілінде)

  • Дидактикалық блок – 15

4. 2009 – 2014 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасын басқа пәндерімен келісім хаттамасы.



Осы пәнге негізделген басқа пәндер

Кафедралар

Материал пропорциясын өзгерту және оны баяндау (жеткізу) туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының номірлері мен күндері

1

2

3

4

5

1.

Хирургиялық аурулар

Хирургиялық пәндер №2

Құрсақ қуысының жабық жарақаты және қурсақ қуысының жіті патологиялар кезіндегі Клиникасы, диагностикасы щұғыл көмек.

“Келісілді” хаттама №___ ______2009 ж.

Хирургиялық пәндер №2

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент _________________Жумагулов К.Н.

Педиатриялық пәндерімен

балалар хирургиясы

кафедрасының меңгерушісі

м.г.д., профессор ______________Қарабеков А.Қ.



4. 2009 – 2014 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасын басқа пәндерімен келісім хаттамасы.



Осы пәнге негізделген басқа пәндер

Кафедралар

Материал пропорциясын өзгерту және оны баяндау (жеткізу) туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының номірлері мен күндері

1

2

3

4

5

1.

Травматология

Хирургиялық пәндер №2

Кеуде, іштің, бас-ми, омыртқаның жарақаттары, түтікті сүектерінің сынуы,жамбас сүйектерінің сынуы кезіндегы щұғыл көмек. Клиникасы, диагностикасы

“Келісілді” хаттама №___ ______2009 ж.

Хирургиялық пәндер №2

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент _________________Жумагулов К.Н.

Педиатриялық пәндерімен

балалар хирургиясы

кафедрасының меңгерушісі

м.г.д., профессор ______________Қарабеков А.Қ.



4. 2009 – 2014 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасын басқа пәндерімен келісім хаттамасы



Осы пәнге негізделген басқа пәндер

Кафедралар

Материал пропорциясын өзгерту және оны баяндау (жеткізу) туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының номірлері мен күндері

1

2

3

4

5

1.

Онкология маммология курсымен

Хирургиялық пәндер №1

Балалардағы қатерлі ісіктерді диагностикасы. Қауіпті топтарынның қалыптасу принциптері

“Келісілді” хаттама №___ ______2009 ж.

Хирургиялық пәндер №1

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.к., доцент _________________Жумабаев Т.

Педиатриялық пәндерімен

балалар хирургиясы

кафедрасының меңгерушісі

м.г.д., профессор ______________Қарабеков А.Қ.



4. 2009 – 2014 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасын басқа пәндерімен келісім хаттамасы.



Осы пәнге негізделген басқа пәндер

Кафедралар

Материал пропорциясын өзгерту және оны баяндау (жеткізу) туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының номірлері мен күндері

1

2

3

4

5

1.

Саулелік диагностика және саулелік терапиясы

Фтизиатрия, пульмонология, саулелік диагностика және саулелік терапия кафедрасы

Бала жасындағы хирургиялық ауруы бар науқастардың рентгенологиялық, контрасттық, компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық сканирлеу әдістерін, рентгенологиялық симтомдарын және синдромдарын зерттеу.

“Келісілді” хаттама №___ ______2009 ж.

Фтизиатрия, пульмонология,

саулелік диагностика және

саулелік терапия кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.д., профессор _________________Бекмуратов Е.Б.

Педиатриялық пәндерімен

балалар хирургиясы

кафедрасының меңгерушісі

м.г.д., профессор ______________Қарабеков А.Қ.

4. 2009 – 2014 оқу жылына арналған жұмыс бағдарламасын басқа пәндерімен келісім хаттамасы.




Осы пәнге негізделген басқа пәндер

Кафедралар

Материал пропорциясын өзгерту және оны баяндау (жеткізу) туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының номірлері мен күндері

1

2

3

4

5

1.

Клиникалық фармакология

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Бағдарламаны өткенде тәжирібелік сабақта интеріндерге туа пайда болған гепатиттер және тыныс алу жүйесінің аурулары тақырыптарын мәселелерін талқылау ұсынылған

“Келісілді” хаттама №___ ______2009 ж.

Фармакология, фармакотерапия

және клиникалық фармакология

кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор ____________Орманов Н.Ж.

Педиатриялық пәндерімен

балалар хирургиясы

кафедрасының меңгерушісі

м.г.д., профессор ______________Қарабеков А.Қ.




  1. Кафедраның оқу бөлмелері Облыстық балалар ауруханасында орналасқан, оның тізбесі






Бөлме

Көлемі

1

Кафедра меңгерушісінің бөлмесі

10 м2

2

Доцент бөлмесі

14 м2

3

Дәріс залы

70 м2

4

№ 1-ші оқу бөлмесі

14 м2

5

№2 оқу бөлмесі

12 м2

6

№3 оқу бөлмесі

12 м2

7

№4 оқу бөлмесі

14 м2

8

Лаборант бөлмесі

6 м2


«Балалар хирургиясы» пәні бойынша дәрігер-интерн хирургтарына 2012-2013 оқу жылына тәжірибелік сабаққа арналған

күнтүзбелік-тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Сағат көлемі

1

Балалардағы жедел аппендицит пен оның асқынуларының клиникасы, диагностикасы және еміндегі ерекшеліктері.

7,2

2

Балалардағы қысылған шап жарығы, ажыратпалы диагностикасы мен оперативті емі.

7,2

3

Балалардағы туа біткен ішек өткізбеушілігі.

7,2

4

Жүре пайда болған ішек өткізбеушілігі. Инвагинация.

7,2

5

Крипторхизм. Жұмыртқа эктопиясы. Гидроцеле. Варикоцеле. Оперативті емге көрсеткіш.

7,2

6

Балалардағы эхинококкоз. ҚР-ғы жиілігі. Емі мен диагностикасындағы қазіргі заманғы әдістері.

7,2

7

Балалардағы жұмсақ тіндерінің іріңді-қабыну аурулары кезіндегі заманауи емдеу әдістері.

7,2

8

Бала өкпесінің жедел бактериалды деструкциясы. Асқынуы және емі.

7,2

9

Балалардағы зәр шығару жүйесі органдарының ақаулары мен аурулары.

7,2

10

Жедел гематогенді остеомиелит

7,2

11

Балалардағы жедел жағдайлар. Гипертермиялық және тырысу синдромы.

7,2

12

Балалардағы инфузионды терапияның ерекшелікте-рі. Парентеральды тамақтандыру.

7,2

13

Туылу кезіндегі жарақаттар. Балалардағы бас-ми жарақаттары.

7,2

14

Балалар жасындағы травматологияның ерекшеліктері.

7,2

15

Тірек-қимыл аппаратының даму ақаулары.

Туыла сан сүйегінің шығуы. Ерте диагностикасы мен функциональді емдеу әдістері.



7,2




Барлығы:

108

«Балалар хирургиясы» пәні бойынша дәрігер-интерн хирургтарына 2012-2013 оқу жылына өзіндік жұмыстарының



күнтүзбелік-тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Сағат көлемі

1

Жоспарлы хирургиядағы операциядан кейінгі емнің ерекшеліктері.

3,6

2

Балалар хирургиясындағы абдоминалды эндовидеохирургия.

3,6

3

Мегадолихосигма

3,6

4

Бүйрек анамалиялары

3,6

5

Гиршпрунг ауру кезінде операцияға көрсеткіш

3,6

6

Несепағардың нейрогенді дисплазиясы

3,6

7

Қуықтың жедел және созылмалы қабыну аурулары

3,6

8

Қуық экстрофиясы

3,6

9

Бүйрек жарақаты

3,6

10

Кіндіктің тума жыланкөздер

3,6

11

Тератомалар және дермоидты кисталар

3,6

12

Аноректальды даму ақаулары

3,6

13

Тік ішек полипі

3,6

14

Мойының ортаңғы кистасы

3,6

15

Күйіктен кейін контрактураларды емдеу тәсілдері

3,6




Барлығы:

54 cағат


«Балалар хирургиясы» пәні бойынша дәрігер-интерн хирургтарына арналған тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы
1. Тақырыбы: Балалардағы жедел аппендицит пен оның

асқынуларының клиникасы. Диагностикасы

және еміндегі ерекшеліктері.

2. Оқу сағатының саңы: 7сағ. 20 мин.

3. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Құрт тәрізді өсіндінің қабынуы – балалар арасында ең жиі таралған хирургиялық ауру. Ересектерге қарағанда балаларда жедел аппендицит клиникалық тұрғыда анағұрлым ауыр өтеді, диагностикасыда ауыр. Бұл заңдылықтар өмірінің алғашқы жылдарындағы балаларда өте айқын білінеді, бұл бала организмнің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Өзінің тәжірибелік қызметінде әрбір дәрігер осы аурумен кездеседі. Осыған байланысты жедел аппендициттің емі және негізгі диагносткасын тек ғана хирургтарға ғана керек емес, сонымен қатар, барлық мамандықтағы дәрігерлерге танысу қажет.

Жедел аппендицитпен барлық жастағы балалар, яғни емшектегі балалар және нәрестелер де ауруы мүмкін. Бірақ алғашқы 2 жылда бұл ауру сирек кездеседі. Ал кейінгі жылдары ауру жиілігі біртіндеп өсіп, 9-12 жаста шыңына жетеді.

Жедел аппендицит ауруының жалпы деңгейі 1000 балаға шаққанда 0,5-0,8 құрайды. 3 жасқа дейінгі балалар арасында өлім көрсеткіші орташа деңгейден 10 есе жоғары. Балалардағы асқынған аппендицитті емдеудің қиыншылығы, балалар организмнің компенсаторлы мүмкіншілігінің шектелуімен және процеске әртүрлі органдар және тез қатысуымен анықталады.

Құрсақ қуысының көп аурулары жедел іш клиникасын береді. Біз оларды бір – бірімен ажырата білуіміз қажет.

Перитонит – асқынған ішек жолдарының түрлі аурулары мен даму ақауларының асқынуы. Перитониттің ең жиі себебі 84 пайыз жағдайында «жаралы некроздық колитң аталған ішек қабырғасының ишемиясы салдарынан дамыған ішек перфорациясы. Балаларда бұл патология ерекше мәнге ие.


4. Сабақтың мақсаты:

Интерн білуге тиіс:

  • балалардағы жедел аппендицитті анықтау тәсілдерін меңгеруді;

  • ерте жастағы балалардағы аппендициттің ажыратпалы диагностика тәсілдерін тексеруді;

  • балалардағы аппендицит, перитонит, ішек өткізбеушілігіндегі клиникалық тексерудің практикалық іс тәжірибелерін меңгеруді;

  • жедел аппендициттің, перитониттің түрлі формасындағы оперативті емнің, операцияға дайындық тәсілдерін меңгеруді.

Интерн істей алуға тиіс:

- хирургиялық анамнезді жинауды (науқастан, ата-анасынан);

- балада жедел аппендицитті, панкреатитті, инвагинацияны анықтау мақсатында тексеру тәсілдерін;

- құрсақ қуысындағы жедел процестерге баланы зерттеуді;

- тексеру нәтижелерін талдау (рентген, лабораториялық тексеру, УЗИ).



5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

А) негізгі білім бойынша:

1. Ректальды тексеруді жүргізуді.

2. Инфузионды терапияға мелдикаментозды препаратты есептеуді.

3. Асқазанды зондтау жуып шаю.

4. Сұйықтықтарды күре тамырға құю.

5. Типті апендэктомия (ассистенция).

6. Жедел аппендицитпен, перитонитпен, инвагинациямен ауыратын науқастардың сырхатнамасын жазу (анамнез, жадпы дергілікті статус, емді тағайындау, тексеру жоспарын құру).

Б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. Құрсақ қусының мүшелерінің қандай анатомо-физиологиялық

ерекшеліктерін.

2. Құрт тәрізді өсіндінің морфологиялық және гистологиялық

құрылысын суреттеу.

3. Қабыну деген не? Қандай фазада тұрады?

4. Аппендицит деген не? Перитонит деген не? Инвагинация деген не?

5. Аппендициттің, перитониттің, инвагинацияның жіктелуін айтып

беріңіз?

6. Аппендициттің, перитониттің, инвагинацияның этиологиясы және

патогенезі.

7. Ерте жастағы балалардағы жедел аппендициттің клиникалық

ерекшеліктері неге байланысты.

8. Жедел аппендициттің патогенетикалық белгілері. Инвагинация?

9. Балалардағы жедел аппендициттің оперативті емдеу тәсілдері?

10. Жедел аппендициттің қандай асқынулары бар?

11. Жедел аппендициті бар науқастарды тексеру тәсілдерін атаңдар.

12.Жедел аппендицит кезінде операцияға көрсеткіш.

13. Өсіндінің орналасуының атипті вариантары.

14. Аппендикулярлы инфильтраттың емі.

15. Перитонит деген не? Перитонит стадиясын атаңдар?

16. Қандай симптом жедел аппендицитпен копростазды ажыратуға

көмек етеді.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негезгі әдебиеттер:

  1. Под ред. Ю. Ф. Исакова «Хирургические болезни детского возрастаң. Геотар-Мед, М в 2-х томах, 2006.

  2. Подкаменев В.В. «Хирургические болезни детского возраста М. Медицина 2005 г.

  3. Под ред Тихомировой В.Д Детская оперативная хирургия.. И. Инф-изд агентство Лик «2001 г.

  4. Донецкий С.Я «Общие проблемы детской хирургииң монография 1984 г.

  5. Баиров Г.ПА. Детская травматология: монография. Питер, 2000 г.

  6. Под ред. М.В. Волкова, Г.М. Тер-Егиазарова «Ортопедия и травматология детского возрастаң для врачей М.: Медицина, 1983 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. 5. О.С.Мишарев, Л.Е.Котович. Справочник по детской хирургии. Минск. 1980г.

  2. В.И.Стручков, В.К. Гостищев, Ю.В. Стручков. Руководство по гнойной хирургии. М., Медицина.1984г.



АҚПАРАТТЫ - ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК


: kafedra -> pediatr dets xir -> internatura
kafedra -> Апендицит Апендицит
kafedra -> Гемангиома. Лимфангиома. Нефробластома (опухоль Вильмса) Гемангиома
kafedra -> Інтракраниальные аневризмы
kafedra -> Інтракраниальные аневризмы
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша
internatura -> Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы реанимация және интенсивті терапиясы пән бойынша
internatura -> ЖҰмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша


  1   2


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет