«Жұлдыз»бөбек жай-балабақшасы «Қарлығаш» іі-кіші тобы



жүктеу 53.33 Kb.
Дата05.06.2018
өлшемі53.33 Kb.
«Жұлдыз»бөбек жай-балабақшасы

«Қарлығаш» ІІ-кіші тобы

Тәрбиеші: Ахметбекова Қадиша Нұрахметқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Қоянға арналған сәбіз

Мақсаты: балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді, әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету, мүсіндей білуді және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру, ойлау қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру, көмек қажет ететін жануарларға көмектесуге әрқашан дайын болу керектігін қорқақ қоянның кеәпіне кіре отырып көрсету, балалардың эмоциялық көңіл-күйін бақылау, балаларды табиғатқа, жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар және құрал-жабдықтар: қызыл, сары түсті және жасыл түсті, ермексаз, тақтайша, үлестірмелі материалдар, ойыншық қоян.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Билингвалды компонент: қоян-заяц, сәбіз-морковь.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сергіту сәті

Әңгімелесу

Жеке жұмыс

Есте сақтау

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау.

Шаттық шеңбері

«Сәлем»-деймін-алтын күн!

«Сәлем»-деймін-Жер ана!

«Сәлем»-деймін-баршаңа.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақ келеді.

Ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Ойлы қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы-сәбіз.

Ол не балалар?

Ал, бәріміз бірге қоянды ортаға шақырайық.

Ғажайып сәт

Топқа қоян секіріп кіреді.

Қоян:


-Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Балалар, оны сипап көріңдерші, оның тоны қандай?

-Ол несімен ерекше?

-Оның құлағы қандай?

-Ал мынау несі?

-Оның құйрығы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар. Қоянның құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян тағы не істей алады ?

-Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасап, бәріміз бірге секіреміз.

Кім бүгінгі қонағымызға арнап тақпақ айтады.

Мұнда қоян не жасырып қойды екен?

Себеттің ішінде не бар екен көрейік?

-Бұл не?


Ал, балалар тұрайық

Мойнымызды бұрайық

Қолымызды сұрайық

Жел сияқты қалықтап

Оңға-солға иіліп

Денемізді бұрайық.

Ол үлкен доп тәрізді көлемде, жасыл,көп қабатты.

-Ал мынау не?

-Ол кішкене көлемді, дөңгелек қоңыр түсті.

-Ал мынау не?

-Бұл үлкен, ұзын, қызыл-сары түсті.

Оны қоян бізге сыйға әкелді.

-Жанель, қоян бізге не әкелді?

-Інкәр, қоян бізге не әкелді?

Ал енді қоян сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Ол өзіне қатты ұнайтын көкөністі жасырады, ал сендер оның қандай көкөністі жасырып тұрғанын табуларың керек.

Қоян:


-Ол үлкен доп тәрізді, жасыл түсті, көп жапырақ оралған. Бұл не?

-Қоян қандай көкөністі ұнатады деп ойлайсыңдар?

Алдарындағы үлестірмелі материалдағы қоянға арнап көкөніс әзірлейік,өйткені қыс мезгілінде жануарлардың тамақ тауып жеуі өте қиын, сол себепті қоянға сәбізді сомдайық.

Балалар мүсін өнерін оған қажетті құралдарды және ермексаздың қасиетін еске түсіремін.

Балалар ермексаздың түстерін өздері таңдайды.


  1. Ермексазды үстелге қоймай, арнаулы тақтайшаларға қою керек.

  2. Жұмыстан кейін қолдарыңды ыстық сумен сабындап жуған дұрыс.

  3. Тақтайша мен таяқшаны жұмыстан кейін міндетті түрде тазалап немесе жуған жөн.

-Ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп есеміз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз.

-Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма?

-Енді сендер алдарыңда тұрған ермексазды алып, өздерің сомдап көріңдер.

Қоянға жақсы көретін көкөнісін сыйлап шығарып салайық.



Билингвалды компонент:

Қоян-заяц, сәбіз-морковь.

Ойын: «Түлкі мен қоян» Мен түлкі боламын сендер қоян боласыңдар, мен сендерді қуамын сендер қашасыңдар.

Сабақтың соңында балалар өздері жасаған жұмыстарын талдау жасап, көрме ұйымдастырады.



Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен сәлемдесті.

Қызығушылығын туғызды.

Ол қоян.

Балалар хормен: «Қоян ортаға кел» деп шақырады.

-Сәлеметсің бе қоян!

-Құлағымен

-Ұзын

-Құйрығы


-Қысқа

-Секіре алады.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Себеттің іші көкөніске толы:

қырыққабат, картоп,сәбіз.

Орнынан тұру, мойындарын бұру, қолды жанға созып, қанаттарын сермеу, қол белде, оңға-солға бұрылу

-Қырыққабат.

-Картоп

-Сәбіз


-Сәбіз әкелді.

-Қырыққабат әкелді.

-Сәбізді.

-Балалар мұқият тыңдайды.Балалар ермексазбен жұмыс жасай бастайды. Балалар өздеріне ұнайтын көкөністерді, сабақта не ұнағанын айтады.

Жасалған сәбізді балалар үлестірмелі материалда бейнеленген қоянның қасына қояды.

-Сау бол қоян!

Балалар өздері жасаған жұмыстарын қызығушылықпен қарады.


Күтілетін нәтиже:

-Бала мүсіндеуде-ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді, әр түрлі пішіндерді жасайды.



-Қоянның дене мүшелерін (көзі, құлақ, құйрығы, аяғы) таниды, қоян сәбіз бен қырыққабатты жақсы көретінін түсінеді.

-Ермексаздан шымшып үзіп алып, алақанмен домалақтап, жоғарғы жағынан-жуан, төменгі жағын жіңішкелеп мүсіндеу амалдарын қолданады.
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет