Житс-ке қарсы күрес шаралары



Дата24.02.2017
өлшемі45.49 Kb.
ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары
Алдын алу – бұл біз кең ауқымда пайдалануға және халыққа осы ауруға қарсы тұру ісіне көмек бере алатын бірден-бір қолжетімді және мейлінше тиімді құрал.

АИТВ-инфекциясы демографиялық көрсеткіштерге (тууды төмендетеді, өлім-жітімді көбейтеді) кері әсерін тигізетін,халықтың ең еңбекке қабілетті бөлігін зақымдайды.

Маңғыстау облысында АИТВ-инфекциясының бірінші жағдайы 1994 жылы тіркелген және 01.12.2016 ж. жағдай бойынша Кумулятивті тіркелгені – 221 АИТВ-жұқтырылғандар, оның ішінде– 14 жасқа дейінгі 3 бала. АИТВ-жұқтырылғандар арасында 20-29 жастағы адамдар көбірек.

АИТВ-инфекциясының алдын алудың (екпесінің) және емдеудің ерекшелік құралдарының болмауына байланысты, ҚР аумағында АИТВ таралуының алдын алудың аса маңызды шаралары халықты ағарту болып табылады.

Алдын алу іс-шараларының негізі – АИТВ/ЖИТС проблемаларының әр түрлі аспектілері бойынша халықты кеңінен, уақытылы және қолжетімді түрде хабардар ету және оқытып -үйрету.

Алдын алу жұмысын жүргізу үшін ең басымды бағыты 10 жастан 25 жас аралығындағы халық тобы болып табылады.

АИТВ-инфекциясының таралуы мінез-құлыққа байланысты болғандықтан, алдын алу ісінде тәрбие мен оқытып-үйретуге маңызды орын беріледі.

ЖИТС МОО мамандары осы бағытта біршама жұмыстарды атқаруда: - халықтың осал топтары арасында (ХОТ) -«Зиянын азайту» бағдарламасын іске асыру,бұл – шприцтерді ауыстыруды, ХОТ қорғанышпен (мүшеқаптарман), АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттық-білім беру материалдарымен қамтамасыз етуді және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу жөнінде әңгімелесуларді;

- жалпы халық арасында – әр түрлі объектілерде, әсіресе жастар арасында – мектептегі төменгі және жоғары сынып оқушылары арасында, АООО мен ЖОО студенттері арасында лекция түрінде БАҚ арқылы хабардар етуді қамтиды. Күн сайын семинар сабақтары, лекциялар,тренингтер, дөңгелек үстелдер, әңгімелеу, әңгімелесулер, әр түрлі ойындарды, бейнероликтер көрсету, ақпараттық-білім беру материалдарын (плакаттарды, буклеттерді, парақшаларды, күнтізбелерді) және с.с. үлестіру өткізіледі.

Осының көмегімен, АИТВ-инфекциясынан қорғануына көмектесетін, аурулар, жеке басы гигиенасының қағидалары, өнегелік мінез-құлық нормалары туралы шынайы ақпарат хабарланады.

АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі лекция барысында індеттің таралу тарихы, аурудың пайда болуының болжамдары, вирустың берілу жоолдары, АИТВ-ның ЖИТС-тен айырмашылығы, алдын алу шаралары, саламатты өмір салты туралы білімін қалыптастыру және т.б. секілді мәселелер көрініс табуы мүмкін.

Хабардар ету мен оқытып-үйрету бағдарламалары кезінде АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының барлық аспектілері қаралады:



Алдын алудың жеке басының шаралары:

- бей-берекет жыныстық қатынасты, есірткі тұтынуды және енгізуді болдырмау;

- жеке басының гигиенасында татуировка салуды, ортақ ұстараны, маникюрлік және басқа да заттарды пайдалануды болдырмау;

-жеке дара қорғаныш құралдарын пайдалану.



Берілу жолдары бойынша алдын алу шаралары

Берілуінің 3 жолы болады: жыныстық; парентералды (вирустың қанға түсуі); тікелей (анадан балаға).



Жұқтырудың жыныстық жолы. Жыныстық қатынас жасамайтын және есірткіні көктамырға енгізуді жасамайтын адамның бойында АИТВ-ны жұқтыру тәуекелдігі болмайды. Ерте бастан және бей-берекет жыныстық қатынас жасау венериялық ауруларды, АИТВ-инфекциясын жұқтыруға, қаламайтын жүктілікке, отбасын құруға байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін. Некеге ортырғанға дейін жыныстық қатынас жасамау, жыныс жолымен берілетін ауру алдындағы үрейден және ауру салдарынан арылтады. Жыныстық қатынас жасау кезінде мүшеқапты пайдалану, венериялық ауруларды, АИТВ-инфекциясын жұқтыру тәуекелдігін және қаламайтын жүктілік ықтималдығын азайтады. Бұл ретте осыны пайдалану қағидасын сақтау маңызды.

Парентералды жолы (вирустың қанға түсуі). ЖИТС пен АИТВ тасымалдаушы науқастар арасында үлкен тобын шприцті нашақорлар құрайды. Осындай топтарда көпшілік жағдайда есірткі бір шприцпен ішіне енгізіледі, оны кейіннен бір нашақор екіншісіне береді. АИТВ-ны жұқтыру, оны дайындау кезінде жұқтырылған есірткіні немесе ортақ заттарды (тығындар, сүзгілер, ыдыстар) пайдалануы да ықпал етеді. Нашақорлар арасында АИТВ жұқтырған тек біреуінің өзі пайда болса, уақыт өте келе осы топтың мүшелері (2-3 жыл ішінде шамамен 70%) АИТВ-жұқтырылғанға айналмақ. Нашақорлық – азғантай мөлшерінің өзінде еліктеуді (қозуды), үлкен мөлшерінде – есенгіреуді, нашақорлық ұйқыны туғызатын, еңсерілмейтін есірткіге әуестігімен сипатталатын ауру. Осының салдары бақылауға келмейтін (бұл – бей-берекет жыныстық қатынас жасауға әкелуі мүмкін) мінез-құлық, АИТВ-инфекциясын жұқтыру ықтималдығы, және соның салдарынан өлімге ұшырауы болып табылады. Сондықтан құрдастарының тарапынан жасалған қысымға берілмеген, дәмін татуға, тіпті есірткіні тұтынуға ұмтылмаған абзал. Есірткіні бір мәрте қабылдаудың өзі АИТВ-ны жұқтыруға әкелмек. Есірткі тұтынатын адамдар, мүмкіндігінше наркологиялық қызметке жүгінуге, шприцті, инені жеке дара пайдалануға,оны өзара пайдалануға бермеуге, оны сатып алғаннан кейін есірткіні залалсыздандыруға тиіс.

Құлақты косметологиялық кабинеттерде ғана тесу, татуировканы арнайы кабинеттерде салғызу керек, сондай-ақ жеке басы гигиенасында: ұстаралық және маникюрлік құралдарының өзіндік заттары міндетті түрде болуға тиіс.



Жұқтырудың тікелей жолы. АИТВ-жұқтырылған анадан туған балаға жұқтырылуы, вирустың ананың жүктілігі, босануы және баласын емшектен емізуі кезінде ұрыққа енуі кезінде өтеді. АИТВ-ның тікелей берілуінің алдын алу мақсатында республикада тексеріліп қаралғанға дейін және одан кейін кеңес беру арқылы, жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына ерікті түрде тексеріп-қарауды өткізу ұйымдастырылған. АИТВ-ның тікелей берілуі кезінде нәрестенің жұқтыру тәуекелдігін азайту үшін республиканың акушерлік-гинекологиялық қызметінің практикасына кесарлы тілік (айқандамасы болған кезде), нәрестені жасанды қоректендіру жолымен АИТВ-жұқтырылған әйелді босандыруға, анаға да, сонымен бірге балаға да антиретровирусты препаратпен медикаментозды алдын алу енгізілді. Саламатты өмір смалты – ЖИТС-тың алдын алудың негізі ретінде өзінде, жеке басы гигиенасының қағидаларын сақтауды, дене шынықтырумен және шыңдаумен айналысуды,дұрыс тамақтануды, алкоголді ішімдіктен, темекі шегуден, есірткіден бас тартуды, әр түрлі уайымдарды жеңе білуді қамтиды. Пайдалы әдеттер, денсаулығын сақтауға және нығайтуға әсер ететін болса, ал зиянды әдеттер сондай дәрежеде өзіне қарсы бағатталуы мүмкін. Ойланбай жасалынған мінез-құлық күтілмеген салдарға әкелмек.

Өз өмірің мен денсаулығың Өз қолыңда. Әрбір адам дұрыс таңдау жасай алады. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу – саламатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты осы.


Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Д. Шаданова


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет