Жіті ішек жұқпалары



жүктеу 55.38 Kb.
Дата27.12.2016
өлшемі55.38 Kb.
Жіті ішек жұқпалары
Ішек жұқпасы – бұл ауру тобының басты белгісі, дене қызуының көтерілуі, улану мен асқазан-ішек жолдары жағынан бұзылулар болып табылады.
Осы ауруды қоздыратын микроағзалар көбінде қол арқылы жұғады. Ауруды барлығынан бұрын балалар мен қарт адамдар ауыр көтереді, бірақ жастарда да ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Дәрімен емдеу және емдәм осы бір жұқпа түрлерінде міндетті болып саналадын.

Ішек жұқпасының қоздырғыштары көп. Ол кәдімгі бактерия немесе вирус болуы мүмкін, сонда осы екеуінің қайсысы қауіптірек екендігі де беймәлім: айтылған микробтың әр қайсысында өзіндік токсиндері болады, олардың көмегімен олар адамды улайды. Балада да ересек адамда да ішек жұқпасын тудыратын негізгі қоздырғыш болып: холера; дизентерия; галофилез; сальмонеллез; кампилобактериоз, эшерихиоз; патогенді бактериямен тудырылған; ротавирус; аденовирус; энтеровирус саналады. Стафилококкты токсинмен улану, ботулиз ішек жұқпасына жатпайды, ол «ас токсикалық жұқпасы» атауымен белгілі. Зең ауруы және АІЖ кәдімгі зақымдануымен тудырылатын (лямблиями, амебами)олар да біршама жеке тұрады, сол себепті де біз оларды қарастырмаймыз.

Жұғу мерзімі әр жұқпа кезінде әртүрлі, бірақ әр батериялы жұқпа кезінде қалыпты жағдайда алғашқы белгілері пайда болғаннан толық жазылған уазыт аралығында болады. Вирустық ауру кезінде адам жұқтырудың көзі болып аурудың барлық белгілерінің бәсендегеннен кейін 2-3 аптаға дейін болуы мүмкін. Микробтар көбінде нәжіспен бөлінеді, бірақ несепте де, сілекейде де, құсықта да болуы мүмкін.

Аталған осы микроағзаларға иммунитет жоқ, демек егер адам қандай да бір ішек ауруымен ауырып болса, біраз уақыттан соң қайта сол жұқпамен ауырып қалу қауіпі жоғары.

Жұқпа ауыз арқылы жүғып, қоздырғышы іште өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Жұқпа гигиеналық тазалықтың төмен болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамды қолданғаннан, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында жүұпаны шыбындар таратады.

Аурудың негізгі себептері болып мыналара табылады.
- үй жағдайында әзірленген дайын өнімдерді сақтау және дайындау технологияларының бұзылуы;
- дайын және шикі азық-түліктерді жеке сақталмауы;
- жеке бас тазалығының сақталмауы,
- рұқсат етілмеген сауда орындарында сатылып алынған азық-түліктерді, әсіресе денсаулығы жайлы құжаттары жоқ жеке тұлғалар өндірген сүт және сүт өнімдерін, кулинарлық және кондитерлік тағмдарды пайдалану;
Ішек жұқпасының негізгі клиникалық белгілері: іші ауырып, жүрегі айнып, құсады, іші желденіп, жиі өтеді, дене қызуы көтеріледі, сондай-ақ жалпы әлсіздік басып, тәбеті төмендейді. Ішек жұқпаларының қоздырғыштары-әртүрлі микроорганизмдер, олар ішектің қарапайым жұмысының бұзылуы дизентирияны, іш сүзегін, паратифті тудырады, ал олардың бөлетін улы заттары (токсиндер) тағамдық улануға әкеліп соқтырады. Ішек жұқпалары қоздырғыштар қоршаған ортада жақсы сақталады. Сөйтіп, дизентерия қоздырғыштары оздерінің тіршілікке қабілеттілігін апта,тіпті айлап та сақтайды, ластанған ыдыста, ылғалды іш-киімде, топырақта- 3 айға дейін, тамақ өнімдерінде (сүт және ет өнімдерінде, салаттарда, нанда және т.б.) бірнеше тәулік бойы, суда 5-6 күн сақталады.
Ауырған адамдар немесе аурудың жеңіл түрімен ауырған (емделмеген), ағзасынан ауру қоздырғыштары үнемі бөлініп отыратын адамдар – ауру көзі болып табылады. Олар жеке бас тазалығы ережелерін сақтамаған жағдайда, ластанған қолдарымен микробтарды қоршаған ортадағы заттарға, ормалға, ыдысқа тамақ өнімдеріне тасымалдайды.
Жаз уақытында жіті ішек жұқпаларымен ауру жиілей түседі, себебі ауа температурасы көтерілген сайын микробтар сақталып қана қоймай, ет, сүт, балық өнімдерінде, салаттарда, әсіресе кремді, кондитерлік өнімдерде көбейе түседі, сондықтан бұлар «тез бұзылатын» тағамдар қатарына жатады. Ауру көкөністерді жумай жегеннен пайда болады. Ішек жұқпалары балаларда ауыр түрде өтеді, ол негізінен ата-ананың баланы күту кезінде қарапайым тазалық талаптарын сақтамауынан (көкөніс шырындарын және езбесін дайындаған кезде, мұқият жуылмаған жеміс-жидектермен, сондай-ақ, қолды жумай баланы тамақтандырған кезде ауруға шалдығады).
Әсіресе жаздың ыстық күндері, жалпыға мәлім мынандай алдын алу шараларын елеп-ескермеуге болмайды:
- көкөніс, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында ағынды судың астында мұқият жуып, қайнаған сумен шайған жөн;
- қоғамдық орындарда болғаннан соң, дәретханаға барғаннан кейін, баланы тамақтандырар алдында, тамақты дайындар алдында қолды міндетті түрде сабындап жуу керек;
- шикі сүтті міндетті түрде қайнатып ішу керек;
- тез бұзылатын және дайын тамақтарды тоңазытқышта сақтап, егер сақтауға мүмкіндік болмаса сатып алған күні пайдалану керек;
- шикі және дайын өнімдерді бір бірінен бөлек жеке ыдыста сақтану керек;
- егер дайын тамақ келесі күнге қалатын болса, оны пайдаланар алдында қайнатып немесе қуырып жіберген жөн;
- шикі және дайын өнімдерді (ет, сүт, көкөніс және жеміс-жидектерді) дайындаған жөн;
- қала сыртына демалуға шыққан кезде кездейсоқ су көздерінен су ішуге және ыдыс жууға болмайды;
- суға тек арнайы белгіленген орындарда ғана түсуге болады.

Жіті ішек инфекциялары - ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. Қоздырғыштары өте төзімді, олар топырақта, суда, ыдыс-аяқта, есік тұтқаларында, ойыншықтарда және т.б нәрселерде ұзақ уақыт бойы сақталады. Микробтары суда, сүт өнімдерінде, тартылған етте, кондитер өнімдерінде, салаттарда және тағы да басқа тез бұзылатын тағамдарда тез көбейеді.

Қоздырғыш көзі-осы аурумен сырқаттанып қалған адамдар, бактериятасымалдаушылар сонымен қатар қоршаған ортаға ішегінен микроб түсіретін жануарлар.

Инфекция тарауының себептері: жеке бас және қоғамдық гигиена сақтамау, тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтамау.

Барлық ішек аурулары фекальді-оральді түрде беріледі, ас,су арқылы, тұрмыстық жанасу кезінде.

Тамақ жегенімізде оның қалай, қайда сақталғанына мән бермейміз, және де кір қолмен ұстай береміз – осылайша өзімізге қауіп төндіреміз!



Негізгі белгілері:

  • -құсу,

  • -диарея, кейде күніне 10-15 рет іш өтуі мүмкін,

  • -қызу көтерілу,

  • -жүрек айну, әлсіздік,

  • -жауырын асты немесекіндік тұсы, іші бұрап ауыру,

  • -кейде қалтырау, тахикардия болып, қан қысымы түсіп кетуі мүмкін,

  • -сирек жағдайда, есінен тануы және бұлшықеттері тартылып қалуы мүмкін,

  • -ауыр жағдайда – уыттану және сусыздану болады.

Аурудың алғашқы белгілері біліне сала дереу медициналық көмекке жүгініңіз, өздігіңізден емделмеңіз!

Ішек ауруларымен ауырмас үшін келесі қарапайым ережелерді сақтаңыз:

  • -жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз, ас дайындарда, қабылдарда, дәретханадан шыққанда, көшеден келгенде қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз;

  • -кездейсоқ адамдардан, көшеде тамақ сатып алмаңыз;

  • -тез бұзылатын тамақ алсаңыз, маркировкасына, сақтау мерзіміне назар аударыңыз;

  • -шикі және дайын тағамдарды бір сөмкеге салмаңыз;

  • -тоңазытқышқа тез бұзылатын тамақтарды температуралық режимін және жарамдылық мерзімін сақтап, қойыңыз;

  • -тағамдарды термикалық өңдеуден өткізіңіз;

  • -дайын асты бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтауға болмайды;

  • -жеміс-жидек, көкөністерді ағынды сумен жуып, сосын ыстық сумен шайыңыз;

  • -тамаққа жәндік, кеміргіштер жолатпау керек.

Есіңізде болсын! Тамақты өңдеу, сақтау ережелерін және жеке бас тазалығын сақтасаңыз, Өзіңізді және жақындарыңызды жіті ішек инфекциясы ауруларынан қорғай аласыз!

Л. Каримова, врач-эпидемиолог


: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Психолог- ұжымның ұйытқысы
sites -> Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (аитв)
sites -> Аса жұқпалы тері аурулары туралы
sites -> Пищевые отравления и их профилактика
sites -> «местные анестетики»
sites -> Бекітемін шжқ «потвд» кмк бас дәрігері Г. К. Битигова 2016 жылғы 14 шілде
sites -> Конкурсты ұйымдастырушы : «Павлодар қаласының №23 жалпы орта білім беру мектебі» Мемлекеттік мекеме
sites -> Жыныстық жолмен таралатын жұқпалар жөнінде не білу қажет




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет