Ұйымдастыру және өткізу бойынша Әдістемелік ұсынымдар астана, 2017жыл Мазмұны



бет1/3
Дата21.11.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3
«Б» корпусының аттестаттауға жататын

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді

ұйымдастыру және өткізу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Астана, 2017жыл


Мазмұны


  1. Жалпы ережелер ………………………………………….………………….3

  2. Аттестаттау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар……….....4

  3. Әңгімелесу өткізілетін орынға қойылатын талаптар ....…….…………....5

  4. Әңгімелесу өткізуге дайындық .......................................……………….….5

  5. Әңгімелесу өткізу тәртібі ..............……………………………………….....6

  6. Әңгімелесу қорытындысын шығару..……………………………………....8

  7. 1-қосымша .….…………………………………………………...……..…...9

  8. 2-қосымша ………………………………………………………………....10

  9. 3-қосымша ………………………………………………………………....12

  10. 4-қосымша …………...………………………………………………….....14

  11. 5-қосымша ……………...……………………………………………….....16

  12. 6-қосымша ………………...…………………………………….………....18

  13. 7-қосымша ………………...……………………………………….……....19

  14. 8-қосымша ………………...……………………………………….……....35



  1. Жалпы ережелер

«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудың мақсаты – «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби даярлық деңгейін және олардың атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау.

Кәсіби мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жаңа әлеуметтік қағидаттарға сәйкес халыққа және мемлекеткеқызмет етуге бағытталғанөзара іс-қимыл тетігі.

Қазақстан Республикасының «А»және «Б» корпустарыныңмемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін құзыреттердің бірыңғай үлгісі қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді.

Құзыреттердің бірыңғай үлгісікәсіби мемлекеттік аппараттың сипаттамасына және қызметшілердің жеке қадір-қасиеттеріне сәйкес келетін 4 блокқа топтастырылған 11 құзыреттен тұрады (1-қосымша):


  1. Тиімділік:

  • Қызметті басқару

  • Ынтымақтастық

  • Шешімдер қабылдау

  • Жеделділік

  • Өз-өзін дамыту

  1. Халыққа қызмет ету:

  • Қызметтерді тұтынушыға бағдарлану

  • Қызметтерді тұтынушыларды ақпараттандыру

  1. Ашықтық және есеп берушілік:

  • Парасаттылық

  1. Қызметшілердің жеке қасиеттері:

  • Жауапкершілік

  • Бастамашылық

  • Стресске төзімділік

Құзыреттер нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті білім, білік-дағдылар жиынтығы.

Әңгімелесу (сұхбаттасу) мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымынасәйкес кәсіби, тұлғалық қасиеттерін айқындау тәсілі және оның одан әрі мансаптық жоспарлауы үшін әлеуетін айқындау.

Әңгімелесу (сұхбаттасу) барысында аттестатталушыға тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды негізінде және аттестатталушының өзінің жеке әлеуетін іс жүзінде қолдануын аса толық айқындауға мүмкіндік беретін қосымша нақтылаушы сұрақтар қойылады.

Әңгімелесу (сұхбаттасу) кезінде аттестаттау комиссиясы мүшелерінің дайындығына, өткізілу орнына, әңгімелесуге бөлінген уақытты тиімді пайдалануға назар аудару қажет.

Әңгімелесуді (сұхбаттасу)аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады, олар өз жұмысында мына қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:



  1. әділдік – әңгімелесу кезінде олардың берген жауаптары негізінде аттестатталушы туралы шынайы, әділ және тәуелсіз бағалау түсінік;

  2. әдептілік – аттесттатталушыға құрметпен, сыпайы және дұрыс қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету;

  3. ашықтық – уәкілетті органның интернет ресурсында орналастыру арқылы әңгімелесу өткізу тәртібі туралы ақпараттардың қажетті көлемімен аттестатталушыны қамтамасыз ету.

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны кемінде5 адамды құрайды.

Аттестаттау комиссиясының негізгі міндеттері әңгімелесу барысында айқындалған мынадай құзыреттер негізінде аттестатталушыға қатысты шешімдердің бірін қабылдау болып табылады:

- аттестатталушының өзінің жеке әлеуетін іс жүзінде қолдануы, оның атқаратын лауазымына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі бойынша;

- өздерінің функционалдық міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік беретін;

- одан әрі жетілдіруді талап ететін.

Әңгімелесу аттестаттау комиссияларында мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар бекіткен, әңгімелесуді өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.




  1. Әңгімелесу кезінде аттестаттау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар:

- әңгімелесу өткізу қағидаттарын (әділдік, әдептілік, ашықтық) сақтау;

- іскерлік киім үлгісі мен әдептілік нормаларын (сыпайылық, салмақтылық, мейірімділік және т.б.) сақтау, аттестатталушымен «Сіз» деп сөйлесу;

- әңгімелесу үшін бөлінген уақытты тиімді пайдалану;

- аттестатталушы туралы ақпаратпен (бағалау парағы, жеке құзыреттерін бағалау жөніндегі қорытынды) алдын ала танысу;

- аттестатталушыға қойылатын бейіндік және ситуациялық сұрақтарды дұрыс қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды (осы Әдістемелік нұсқаулыққа қоса берілетін сұрақтар тізбесін) зерделеу;

- мүдделер шиеленісін болдырмау (әңгімелесуге жақын туыстары, алыс туыстары, бұрынғы әріптестері қатысқан жағдайда аттестаттау комиссиясының мүшесі ол жөнінде айтуы тиіс);

- аттестатталушының сұрақтарға толық жауап беруіне мүмкіндік беру және аттестатталушы нақты емес жауап берген жағдайда нақтылаушы сұрақтар қою;

- аттестатталушыны жеке бағалау және әңгімелесу аяқталған соң алқалық талқылау қорытынды бойынша соңғы шешім қабылдау (7 минутқа дейін).




  1. Әңгімелесу өткізілетін орынға қойылатын талаптар:

Әңгімелесу өткізу үшін тиісті жағдайлар жасау қажет:

- кемінде 30–50 шаршы метр орын-жай (аттестаттау комиссиясы мен аттестатталушыны орналастыру сызбасы толыққанды әңгімелесу өткізу мүмкіндігін барынша қамтамасыз етуі тиіс);

- аудио- және бейнежазба;

- қабырға сағаты;

- ауыз су;

- алғашқы медициналық көмек көрсету орны;

- аттестатталушылардың күтіп отыруы үшін бөлмелер/залдар.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы үшін жадынама
Екінші және үшінші деңгейлердегі аттестаттау комиссияларының хатшысы мемлекеттік органның персоналдық басқару қызметінің (кадр қызметі) өкілі болып табылады.

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі болмаған кезде немесе олардың аттестаттаудан өтуі кезеңінде аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша хатшы ретінде басқа адам анықталады.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның ұйымдастырушылық жұмыстарын жүзеге асырады және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Әңгімелесуге бөлінген уақыттан асып кету қаупі туындаған жағдайда аттестаттау комиссиясының хатшысы қатысушыларға ол жөнінде уақыт аяқталғанға дейін 5 минут бұрын ескертуі тиіс.

Хатшы әңгімелесу өткізгенге дейін аттестатталушыларда ешқандай электрондық қабылдау-беру құрылғылары (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық құрал-жабдықтар) болмауын сыпайы түрде нақтылайды.


  1. Әңгімелесу өткізуге дайындық

Аттестатталушы жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі толтырылған бағалау парағын (2-қосымша) және тестілеу нәтижелері жөніндегі қорытындыны (3-қосымша) тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органына әңгімелесу өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органы әрбір кандидатқа әңгімелесу өткізу туралы оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

Тиісті оқудан өткен аттестаттау комиссиясының төрағасы әңгімелесу басталғанға дейін алдын ала (1–2 күн бұрын) аттестаттау комиссиясының мүшелерімен және хатшысымен ұйымдастыру кеңесін өткізеді. Осы кеңес барысында мынадай мәселелер қарастырылады:

- кешенді аттестаттаудың негізгі ережелері мен әңгімелесу өткізу тәртібі;

- аттестаттау комиссиясы төрағасының, мүшелері мен хатшысының негізгі функциялары.



  1. Әңгімелесу өткізу тәртібі

Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу басталғанға дейін аттестатталушының одан әрі жетілдіруді талап ететін құзыреттері негізінде сұрақтарды айқындау үшін тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды зерделейді.

Аттестаттау комиссиясы аттестатталушымен әңгімелесу, оның ішінде бейнеконференция арқылы өткізеді.

Аттестатталушыны әңгімелесуге шақырған кезде аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестатталушының жеке куәлікті көрсетуі арқылы сәйкестігін анықтайды.

Аттестатталушының әңгімелесуден өтуі кезінде мыналарды алып өтуіне тыйым салынады:



  • электрондық қабылдау-беру құрылғыларын (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық құрал-жабдықтар);

  • оның кәсіби қызметіне қатысы бар құжаттарды.

Әңгімелесу басталғанға дейін аттестатталушыдан әңгімелесуді өткізу тілін (мемлекеттік немесе орыс тілі) нақтылайды және осы әдістемелік нұсқаулықтарға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша әңгімелесуден өту тәртібі туралы жадынама қол қою үшін ұсынылады.

Сонымен бірге әңгімелесу одан әрі аттестатталушы таңдаған тілде жүргізіледі.

Бір аттестталушымен әңгімелесу уақыты жиырма минуттан аспауы тиіс. Бұл ретте әрбір қойылатын сұраққа және оның жауабына 4 минут беріледі. Сұрақтардың жалпы саны – бес, оның ішінде екі бейіндік сұрақтан көп емес (бағалау парағының екінші бөлімінде көрсетілген лауазымдық міндеттер шеңберінде қалыптасады) және құзыреттер бойынша үш сұрақтан көп емес (тестілеу нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген, аттестатталушының дамуына арналған салалардан қалыптасады).

Бейіндік сұрақтарды аттестатталушының функционалдық міндеттеріне, ол жұмыс істейтін мемлекеттік орган мен бөлімшенің ерекшелігіне қатаң сәйкестікте қою қажет.

Мысалы, егер аттестатталушының лауазымдық міндеттері кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болса, онда қойылатын бейіндік сұрақ персоналды басқарудың жекелеген аспектілері жөнінде болуы мүмкін.

Сонымен бірге осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшаға сәйкес бейіндік сұрақтар қойылуы мүмкін. Мысалы. «Сіздің қызметіңіз Сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қаншалықты ықпал етеді?».

Құзыреттер бойынша сұрақтар жеке құзыреттерді бағалауға арналған тестілеу нәтижелерін ескере отырып қойылады. Бұл ретте аттестатталушының берген жауаптарының шынайылығы бойынша көрсеткіштер назарға алынады.

Сонымен, егер жауаптардың шынайылығы 50% және одан көп болса, онда сұрақтар «Дамытуға арналған салаларда» көрсетілген құзыреттер бойынша қалыптасады.

Мысалы, аттестатталушы бойынша қорытындыда «Ынтымақтастық» құзыреті дамытуға арналған салаға қатысты болады. Бұндай жағдайда қойылатын сұрақ аттестатталушының осы құзыретті іс жүзінде қолдануын айқындауға бағытталған. Бұл ретте, аттестатталушының нақты бір жағдайдағы оның іс-әрекетін жалпы ақпаратпен емес, нақтылап сипаттауы маңызды. Аттестатталушының жауаптарын талдау кезінде сол құзыреттерді жұмыс жағдайында қалай және қандай деңгейде көрсететінін анықтау қажет.

Осы ретте, құзыреттерді көрсету деңгейін ескеру маңызды саналады. егер «Дамытуға арналған салаларда» көрсетілген құзыреттер «А» немесе «В» деңгейінде болса, сұрақ қойылмайды.

Егер құзыреттер «С» немесе «D» деңгейінде болса ғана сұрақтар қойылады.

Жауаптардың шынайылығы 50%-дан кем болса, сұрақтардың «Дамытуға арналған салаларға» немесе «Күшті жақтарына» қатыстылығына қарамастан, кез келген құзыреттер бойынша сұрақтар қойылады.

Егер аттестатталушы құзыреттер бойынша сұраққа жалпы жауап берсе және жұмыс тәжірибесінен нақты мысал келтіре мысал келтіре алмаса, сол сұрақты басқаша, өзгертіп қою қажет.

Екінші рет оның жауап қайтара алмауы бағаланатын құзыреттің тиімді көрінісі жеткіліксіз деңгейде екенін растайды.Аттестатталушы сұрақ саласына жатпайтын мысалдар келтірсе, онда қойылатын сұрақты түсіндіру қажет және аттестатталушының оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізу қажет. Бұдан соң аттестатталушы өзінің кәсіби қызметінен қолайлы мысал келтіруі тиіс.

Құзыреттер бойынша ұсынылатын сұрақтар тізбесі осы Әдістемелік ұсынымдарға 6-қосымшада келтірілген.

Сұрақтар жүйелі түрде, орташа екпінмен, түсінікті әрі аттестатталушыға қарата қойылады. Сұрақтардың кезектілігін төраға белгілейді.

Әңгімелесу барысында аттестатталушы құқылы:


  • аттестаттау комиссиясының өзіне қойған сұрақтарын нақтылауға;

  • сұраққа жауап беруге дайындалу үшін 1 минуттан аспайтын уақытты сұрауға;

  • өзін жайсыз сезінген жағдайда, медициналық көмекке жүгінуге;

  • су сұрауға;

  • аттестаттау комиссиясының төрағасы немесе мүшелері Әңгімелесу өткізу жөніндегі нұсқаулықты немесе осы Әдістемелік нұсқаулықты бұзғанын атап көрсетуге;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және әңгімелесу барысына кедергі келтірмейтін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.

Бағалау деректері (осы Әдістемелік ұсынымдарға7-қосымшаға сәйкес)аттестаттау парағына қойылады:

- аттестаттау парағында құзыреттерді көрсету деңгейін көрсете отырып тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды беріледі;

- қойылған сұрақтарға берілген жауаптарды бағалау нәтижелері аттестаттау парағының «Әңгімелесуді бағалау» бөліміне енгізіледі;

- баға аттестаттау парағының ескертпесінде көрсетілгендей, 4 баллдық шәкіл бойынша қойылады, сондай-ақ онда бағалар мен олардың дескрипторлары келтіріледі;

- аттестатталушыға қатысты шешім аттестаттау парағының «Ұсынылатын шешім» бөлімінде көрсетіледі;

- әңгімелесу парағына оларды толтырған тұлғалар қол қояды.


Аттестатталушымен әңгімелесу барысында аттестаттау комиссиясының мүшелеріне мыналарды істеуге болмайды:

  • тұруға;

  • орын-жайдан шығып кетуге;

  • телефонмен сөйлесуге;

  • қойылған сұрақтарға жауап алу кезінде аттестатталушымен пікірталастыруға;

  • әңгімелесу барысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.




  1. Әңгімелесу қорытындысын шығару

Аттестатталушымен әңгімелесу аяқталған соң 5–7 минут ішінде әңгімелесу қорытындысы шығарылады.

Әңгімелесуді бағалау парақтарымен және тестілеу нәтижелері жөніндегі қорытындымен бірге аттестатталушыға қатысты шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Аттестаттау комиссиясы мүшелері әрбір аттестатталушыға толтырған аттестаттау парақтарын аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімінің хаттамасын жасау үшін хатшыға тапсырылады.

Хаттама аттестаттау комиссиясының отырысы күні осы әдістемелік ұсынымдардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді және аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен төраға және хатшы қол қояды.

Әңгімелесу аяқталған соң аттестаттау комиссиясының жұмыс органы әңгімелесу парақтарын және қорытынды шешім хаттамасын әңгімелесудің басқа материалдарына тігеді және қорытынды шешім хаттамасына қол қойылған сәттен бір жұмыс күні ішінде оларды аттестатталушы жұмыс істейтін персоналды басқару қызметіне сақтау үшін береді

Материалдарды сақтау мерзімі аттестаттау аяқталған сәттен бастап алты айды құрайды.





1-қосымша

Құзыреттердің бірыңғай үлгісі

Кәсіби мемлекеттік аппарат сипаттамасы

Мемлекеттік қызметшілер үшін талап етілетін құзыреттер

Құзыреттерді сипаттау

ТИІМДІЛІК

Қызметті басқару

Жұмысты тиімді орындау үшін оны жоспарлай және жүйелей білу қабілеті

Ынтымақтастық

Әріптестермен, басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін өзара қарым-қатынас құра білу

Шешімдер қабылдау

Кейіннен оңтайлы шешімді уақытылы қабылдау арқылы жағдайды (ақпаратты) жан-жақты бағалай білу қабілеті

Жеделділік

Тиімді жұмыс жасау үшін ішкі және сыртқы өзгерістерге ден қоя білу қабілеті

Өз-өзін дамыту

Жұмысты жақсарту үшін жаңа білім, білік-дағдыларды үздіксіз меңгеру және қолдану

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Қызметтерді тұтынушыға бағдарлану

Көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанушылыққа үнемі мониторинг жасау, заңда белгіленген шараларды қабылдай отырып, туындаған мәселелерді жедел түрде шешу

Қызметтерді тұтынушыларды ақпараттандыру

Ақпаратты көрсетілетін қызметтерді алушыларға қолжетімді және түсінікті түрде жеткізе білу

АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУШІЛІК

Парасаттылық

Әдеп нормалары мен стандарттарын сақтау

ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ

Жауапкершілік

Мемлекеттік қызметшілерді өз міндеттерін ашықтық пен есеп берушілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте орындау үшін жеке жауаптылыққа үздіксіз бағдарлау

Бастамашылық

Қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған идеялар әзірлеп, ұсыну және инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізе білу қабілеті, сондай-ақ өзінің негізгі міндеттерінен бөлек қосымша жұмысты орындау.


Стресске төзімділік

Шектелген уақыт және көңіл-күй қысымы жағдайында тиісті жұмыс сапасын қамтамасыз ете отырып, байсалды болу және өз-өзін ұстай білу.


2-қосымша


«Б» корпусының аттестаттауға жататын мемлекеттік

әкімшілік қызметшісін бағалау парағының

НЫСАНЫ



фото
3х4




____________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

__________________________________________________________________

жұмыс орны, лауазымы, санаты


І БӨЛІМ. Жеке деректер

р/с



Мәліметтер


1

Туған күні

Күні/ айы/ жылы

2

Білімі

Маман, бакалавр, магистр/

Оқу орнының атауы (аяқтаған жылы)/

Мамандығы бойынша біліктілігі

3

Ғылыми және/немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы

Дәрежесі, атағы/

Алған күні

4

Шет тілдерін меңгеруі

Тіл/

Меңгеру деңгейі

5

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, өзге де көтермелеулер

Марапаттың, құрметті атақтың, өзге де көтермелеу түрі/

Алған күні

6

Тәртіптік жаза туралы мәліметтер

Жаза түрі /

Жаза қолдану туралы актінің № мен күні

7

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер

Жаза түрі /

Жаза қолдану туралы актінің № мен күні

8

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану туралы мәліметтер

Жаза түрі /

Жаза қолдану туралы актінің № мен күні

9

Қызметшінің 2016 жыл ішіндегі жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

Бағалау түрі (тоқсандық, жылдық)/

Бағалау нәтижелері

Мөр орны

II БӨЛІМ. Негізгі лауазымдық міндеттер шеңбері

«Б» корпусы қызметшісінің жұмыс ауқымын көрсететін 5-тен аспайтын негізгі өкілеттіктері келтіріледі


IIІ БӨЛІМ. Еңбек қызметі

1

Еңбек қызметінің жалпы өтілі

(Жыл/ай)

2

Мемлекеттік қызметтегі өтілі

(Жыл/ай)

3

Мемлекеттік орган жүйесіндегі өтілі

(Жыл/ай)

4

Атқаратын лауазымдағы өтілі

(Жыл/ай)


IV БӨЛІМ. «Б» корпусының қызметшісіне қызметтік мінездеме

(Тікелей басшы толтырады)

«Б» корпусының мемлекеттік қызметшісіне қатысты:

1. Мемлекеттік органның өкілеттігі саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі (білімді әрі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан туындайтын міндеттерге бағдарды сипаттайды).

2. Лауазымдық міндеттерді орындауы (аттестаттауға жататын қызметші шешуге қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі келтіріледі; қызметтік міндеттерді орындаудың тиімділігі мен адалдығы, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде бастама білдіруі, азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағдары бағаланады).

3.Кәсіби білімді қолдануы (кәсіби біліммен ақпараттық технологиялар деңгейі және оларды жұмыста қолдану сипатталады).

4. Этикалық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ еңбек және орындаушылық тәртіп бойынша ақпарат келтіріледі.

Тікелей басшы: ______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

Қолы _______________ Күні __________________


Мінездемемен таныстым: __________________

(аттестатталатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

Қолы _______________ Күні __________________
Мінездемемен келіспеген жағдайда негіздеме:_______________________

____________________________________________________________________

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы:________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

Қолы _______________ Күні __________________
Мөр орны
3-қосымша

Жеке құзыреттерді бағалауға арналған тестілеу нәтижелерібойынша қорытынды

Тестілеуден өтетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):




Фото

Тестілеу күні:





Жеке құзыреттер бейіні






ЖСН:


Лауазымы:


Санаты:


Мемлекеттік орган:


Бағдарлама:


Жалпы нәтиже:


Жауаптардың шынайылығы:


Құзыреттерді көрсету бейіні

Құзыреттерді көрсету деңгейі: «А» –тамаша,


«В» –тиімді, «С» –қанағаттанарлық, «D» –төмен.


Сипаттамасы

Күшті жақтары










Сипаттамасы

Дамытуға арналған салалар






Тестілеу әкімшісінің қолы: ________________________________


Тестілеу операторының қолы: _____________________________________
Мөр орны «____»_______________ 20 __ ж.

4-қосымша
Аттестатталушыға арналған жадынама
Құрметті аттестатталушы!
Кешендік аттестаттаудың соңғы кезеңі – сұхбат түрінде өтетін Әңгімелесуге қош келдіңіз. Әңгімелесу мемлекеттік қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттерін айқындауға бағытталған.

Аттестаттау комиссиясының әділдік, әдептілік және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Әңгімелесу барысында комиссия мүшелеріне мыналарды істеуге болмайды:


  • тұруға;

  • орын-жайдан шығып кетуге;

  • телефонмен сөйлесуге;

  • аттестатталушымен пікір таластыруға;

  • әңгімелесу барысына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.

Әңгімелесу барысында Сіз мыналарды істеуге құқылысыз:

  • әңгімелесу тілін таңдауға;

  • аттестаттау комиссиясының өзіңізге қойған сұрақтарын нақтылауға;

  • сұраққа жауап беруге дайындалу үшін 1 минуттан аспайтын уақытты сұрауға;

  • өзін жайсыз сезінген жағдайда, медициналық көмекке жүгінуге;

  • су сұрауға;

  • аттестаттау комиссиясының Әңгімелесу өткізу жөніндегі нұсқаулықты немесе осы Әдістемелік нұсқаулықты бұзғанын атап көрсетуге;

  • комиссияның іс-әрекетіне қандай да бір арыз-шағым болған жағдайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-ұимыл агенттігінің тиісті мобильдік тобына жүгінуге. Мына телефон бойынша:_______(жазу);

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және әңгімелесу барысына кедергі келтірмейтін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.

Әңгімелесу өткізу уақыты – 20 минут.

Сізге бестен көп емес сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа жауап беру уақыты - 4 минуттан аспайды.

Сұхбат барысында Сізге қосымша нақтылаушы (қосалқы) сұрақтар қойылуы мүмкін.

Әңгімелесу кезінде өзіңізбен бірге электрондық қабылдау-беру құрылғыларын немесе Сіздің кәсіби қызметіңізге қатысы бар құжаттарды алып кіруге тыйым салынатынын ескеруіңізді сұраймыз.

Сонымен бірге Сізге аудио-немесе бейне-жазба жүргізілетінін хабарлаймыз.
Әңгімелесу өткізу тәртібімен таныстым

________________________ аттестатталушының қолы мен аты-жөні

Күні: _______________
Сәттілік тілейміз!

5-қосымша

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
Кандидаттың

тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)_____________________________________


Лауазымы ___________________________________________________________

ТЕСТІЛЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША Құзыреттерді көрсету

ҚОРЫТЫНДЫ деңгейі
I.ӘҢГІМЕЛЕСУДІ БАҒАЛАУ

р/с



Қойылатын сұрақтар

(бейіндік/құзыреттер бойынша)

Балл (1-ден 4-ке дейін)**

1















3








...






Орташа балл




Ескертпе**:

Баға

Сипаттамасы

4

Аттестатталушы сенімді жауап береді, мән-мағынасы бойынша жауап береді, практикадан айқын мысалдар келтіреді, өзін бағалай біледі, қойылған сұрақ тақырыбын толық меңгерген, сұрақты түсінгенін және жоғары зияткерлік әлеуетін көрсете біледі, өзінің функционалдық міндеттерін өте жақсы біледі және мемлекеттік органның қызметінде жұмыс істей алады

3

Аттестатталушы сұрақты біртіндеп ашып көрсетеді, дұрыс мысалдар келтіреді, сауатты ойлайды, өзінің функционалдық міндеттерін жақсы білетінін көрсетеді және мемлекеттік органның қызметінде жаман емес жұмыс істейді

2

Аттестатталушы сенімсіз жауап береді, абстрактілік мысалдар келтіреді, жалпылама сөздермен айтады, өзінің функционалдық міндеттері және мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы түсінігі бар

1

Аттестатталушы жауап беруге қиналады, практикадан нақты мысалдар келтіре алмайды, сұрақты ашып көрсетпейді немесе жауаптан қашады, өзінің міндеттер шеңберін қалыптастыруға қиналады, мемлекеттік органның қызметі туралы жалпылама түсінігі бар


ІІ. ҰСЫНЫЛАТЫН ШЕШІМ




Иә/Жоқ

Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылады




Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді



Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады




Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады



_____________________________________________________



Аттестаттау комиссиясы төрағасының, мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Қолы _______________ Күні __________________



6-қосымша

Бейіндік сұрақтардың үлгілік тізбесі



Сұрақтар

Не бағаланады

1

Сіздің мемлекеттік органның және бөлімшенің стратегиялық міндеттері қандай?

мемлекеттік органның ерекшелігін, негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіну

2

Сіздің мемлекеттік органның және бөлімшенің стратегиялық міндеттерін қалыптастыруда сіздің атқаратын рөліңіз қандай?

мемлекеттік органның ерекшелігін, негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіну

3

Сіздің мемлекеттік органның және бөлімшенің қызметінің ерекшелігі қандай?

мемлекеттік органның стратегиясы мен тактикасын түсіну

4

Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік органның жарты жылға және бір жылға жұмыс нәтижелері қандай болуы тиіс?

мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметшінің жұмысын жоспарлай білу

5

Сіздің жұмысыңыздың нәтижелері халыққа қалай ықпал етеді?

халықтың қажеттілігін айқындай білу дағдысы

6

Сіздің қызмет салаңызды жақсарту үшін не ұсынар едіңіз?

өз қызметінің нәтижелерін көре білу

7

Сіздің қызметіңіз сіздің мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қалай ықпал етеді?

жеке функционалдық міндеттерін және мемлекеттік органның жалпы мақсатына олардың ықпал етуін түсіну

8

Азаматтардың сіздің мемлекеттік органның қызметіне қанағаттанушылығын арттыру үшін не ұсына алар едіңіз?

тиімді қызмет дағдылары

9

Сіздің мемлекеттік орган өз қызметінде қандай бағдарламалық құжаттарды басшылыққа алады?

Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына сәйкес өзінің функционалдық міндеттерін пайдалана білу

10

Сіздің қызметіңізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қандай шаралар қабылдайсыз?

әдеп нормаларын түсіну және өз қызметінде пайдалана білу


7-қосымша
Тұлғалық құзыреттерді бағалау бойынша сұхбатқа арналған сұрақтар тізбесі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет