Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Тәрбиеші



Дата22.01.2018
өлшемі56.48 Kb.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тәрбиеші: Максим Катя.

Білім беру саласы: Әлеумет.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»

Мақсаты: Жанды және жансыз табиғат,олардың белгілері туралы түсінік беру, жансыз және жанды нысандарын ажырата білу.Балаларды дәрілік өсімдіктермен таныстыру.Емдік шөптердің шипалы қасиеттері жайлы түсініктерін кеңейтіп оны пайдалану жолдарын үйрету.Балаларды қоршаған ортаны,өсімдіктерді қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Емдік шөптердің жиынтығы,өсімдіктердің суреттері, шөптердің тұнбасы, бөлме гүлдері. Кактус, алое, алтынмұрт.Сахналауға арналған бас киімдер.

Әдіс тәсілдері: Сұрау, түсіндіру,әңгімелеу,сахналау,слайд.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Мынау сұлу әлемде адам өмір сүреді,

Үлкен менен кішіге күн сәулесін төгеді.

Күнге қарап қол бұлғайық,

Күн күлімдеп, нұр шашады, бізге жолдап сәлем- сәлем !

Кел,қосылып айтайық бір -бірімізге сәлем!

Сәлем ! сәлем!



Шаттық шеңберін құрып тұрады балалар, өлеңді қимыл қозғалыспен орындайды.


Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде ауа райы қандай?
-Ал, көктем туралы кім тақпақ айтады.?


-Балалар, табиғат дегеніміз не?

-Қандай түрлері бар?


-Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?

Жұмбақ:

Бар ма, жоқ па оны анық білмейміз. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
-Табиғаттың бір бөлігі ол –өсімдіктер. Өсімдіктер бізге жақсы көңіл- күй , таза ауа береді, азық ретінде қолданамыз және емдік қасиеті бар.
(Кенетен музыка ойнап Флора келеді.)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен өсімдіктер әлемінің ханшайымымын.

-Сұрақтарыма жауап беріп көріңдер.
1.Сендер өсімдіктердің нешеге бөлінетінін білесіңдер?
2. Жапсырағы күзде сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштарды ше?
3. Мәңгі жасыл болып тұратын жапырағы ине тәрізді ағаштар ше?
4. Өсімдіктердің екінші тобына жататын қандай бұталарды білесіңдер?
5. Өсімдіктердің үшінші тобына жататын шөптерді атаңдаршы?
Сергіту сәті:

Күркірейді кун-күн

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек шелек көп

Жон арқаңды тос-тос

Күнбағыс тез өс-өс.
6.Дәрілік емдік қасиеті бар өсімдіктерді ата?
7. Кактус бойында қандай емдік қасиеті мол?
8. Жүзжылдық жапырағының қандай емдік қасиеті бар?
9. Алтынмұрт гүлінің қандай пайдасы бар?

Көрініс: «Орман дәрігері»

Дәрігер тоқылдақ:

-Жолжелкен жапырағы ауырғанды басады, көгергенін жояды.
Дәрігер тоқылдақ:

-Бақбақ гүлдің қайнатпасымен тісіңізді шайыңыз, сонда қояды.
Дәрігер тоқылдақ:

- Түймедақ тұнбасымен тамақты шаю керек сонда жазылады.


Дәрігер тоқылдақ:

-Жалбық шайын берейін жүйкеңді тыныштандырсын.

Дәрігер тоқылдақ:

-Қой жылама қасқыр, берем саған тасшөптің тұнбасын.
Дәрігер тоқылдақ:

-Алоэ жапырағынан тамшы алып мұрныңа тамызамыз.


-Қазір көктем мезгілі.

-Көктемде үш ай бар.Наурыз,сәуір, мамыр.

-Қар еріп, су көбейеді,жаңбыр жиі жауады, шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршік атады,құстар жылы жақтан ұшып келеді. Аюлар ұйқыларынан ояанады.

-Отырғыз ағаш көктемде,

Жөн болмақ еңбек еткенің.

Келмесе шамаң екенге,

Сындырма жұрттың еккенін.

-Ауламызда бау бүркеп, Шешек атып жайнайды.

Ақ тамағы бүлкілдеп,

Қарлығаштар сайрайды.

-Қары еріп даламның,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Көктем келді шуақты.

-Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.

-Табиғат екіге бөлінеді. Өлі

және тірі табиғат.

-Табиғат таңғажайып танығанға.

Көре біл, ұғына біл жырын тыңда.

Табиғат тұнған асыл қазына байлық,

Игере біл,қорға оны тағы да.

-Жер , су, ауа, орман , бақ,

Байлығымыз, көркіміз.

Мәпелеп, баптап қорған болып,

Өсіреміз деген серттеміз.

-Ауа.

-Сәлеметсіз бе!

-Ағаштар, бұлталар, шөптер болып үш топқа бөлінеді.

-Үйеңкі, терек, қайың, емен.

-Арша, шырша, қарағай.

-Лимон, итмұрын, таңқурай, қарақат.

-Бақбақ, түймедақ, жолжелкен, тасшөп, жалбыз, алдыраспан.

Балалар қимыл қозғалыспен қайталайды.

-Бөлме және дала өсімдіктері .

-Ол адамның көз жанарын сақтауға көмектеседі.

-Түрлі жарақаттарға ем ретінде қолдануға болады.

-Бөлмедегі шаң тозаңмен газдарды жапырақтары өзіне сіңіріп алады.

(Түлкі келеді)

- Иттерден қашамын деп аяғымды ұрып алдым.

Түлкі Рахмет!

Тиын:

-Қатты жаңғақ шағамын деп тісімді ауыртып алдым.

Тауық:

-Күндіз де түнде де тыным жоқ жөтелемін көмектесіңізші. Рахмет!

Қоян:

-Артымнан қасқыр қуып келеді. Ой, жүрегім қатты соғып тұр.

Қасқыр: Ойбай, ішім, ішім аурып жатыр тынбастан.

Тышқан:

-Тұмаудан мұрным бітіп, демаламай жатырмын.

Рефлексикалық түзетушілік

-Жарайсыңдар балалар. Сендер бүгін көп дәрілік өсімдіктермен таныстыңдар.Олар жақсы өсіп, құлпырып, біздерге өздерінің алуан түрлі әсемдігін сыйлау үшін қандай жағдай керек?



-Күннің жылуы, құнарлы торпырақ, су.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Жеріміздің байлығына сүйіспеншілікпен қарауды;

Түсінеді: Өсімдіктер мен гүлдердің пайдасын;

Қолданады: Дәрілік өсімдіктермен, олардың атауын, оларды қандай ауруларға қолдануға болатыны туралы білімді;
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет