Жылдардағы ірі қазақ байларын тәркілеу мәселесіне жаңа көЗҚарас



жүктеу 125.23 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі125.23 Kb.
ӘОЖ:94(574).084.35 «1928/1929»

Рвайдарова Г.О.

Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистрі

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: rvaydarova 83@mail.ru


1928-1929 ЖЫЛДАРДАҒЫ ІРІ ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫН ТӘРКІЛЕУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Мақала 1928-1929 жылдардағы Қазақстандағы ірі байларды тәркілеу мәселесіне арналған. Автор мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, тәркілеудің себептерімен зардаптарын көрсетеді. Бұл саясаттың нәтижесінде қазақ қоғамындағы ірі байлардың тәркіленуі мен жер аударуы халықтың басына түскен ауыр қасірет болды, сонымен қатар дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырап, бірден-бір тіршілік көзінен айрылған қазаққа біржолата жойылу қауіпі төнді. КСРО-да жүргізілген күштеп ұжымдастыру науқаны Қазақ елін ауыр күйзеліске әкелгендігі қарастырылады. Жаппай тәркілеу құрығына дәулетті байлар мен кезінде билік тізгінін ұстаған хандардың ұрпақтары және шаруаларда ілікті. Нәтижесінде қазақ халқы алапат ашаршылыққа ұшырап, жаппай босқыншылықты бастан өткерді.

Түйін сөздер: тәркілеу, бай, феодал, жер аудару, батырақ, аштық

Қазақтың дәстүрлі әлеуметтік тұрмысын, мал шаруашылығын күшпен күйрету кеңестік жүйенің басты мақсаттарының бірі болды. Осы бағыттағы большевиктік шаралар «Ауылдағы Қазан» деген атпен белгілі. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» деген даурықпа атаумен жүргізген саяси шаруашылықтық науқандары тәуелсіз Қазақстан тарихында мүлде жаңаша сипатпен бағаланды. «Кіші Қазанның» негізгі мақсаты Қазақ ауылын кеңестендіру, 1926-1927 жылдардағы жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу, ірі қазақ байларын кәмпескелеу тәрізді шараларды қамтитыны белгілі болды. Бұлардың арасында, әсіресе, 1926-1927 жылдардағы жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу науқаны тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының өткір сындарына ұшырады.



Қазақстан өлкелік партия комитетінің III Пленумында (қараша, 1926 жылы) сөз алған О.Қ. Жандосов егіндік пен шабындық жерлерді қайтадан бөлу шараларын ірімал иелерін жарым-жартылай тәркілеуге ұсыныстар жасап, «...кедейлерге жерді бөлу берумен мәселе шешіледі деу қате. Бұл жерді кедейлер толығымен шаруашылықтық тұрғыдан игерулері үшін қазақ ауылының ең басты шынжыр балақ, шұбар төс езуші тобының құрал саймандарын, дүние мүліктерін тартып алу, экспрапорприациялау қажет...», - деген еді [1]. Яғни О. Жандосов қазақ ауылында ірі меншік иелерімен күресті негізінен саяси күштеу әдістері арқылы жүзеге асырған жөн деген пікірде болды. Оның түсінігі бойынша тек осылайша ғана қазақ қоғамын байлардың үстемдігінен ғана емес, сондай-ақ феодалдық, рулық қатынастардың қалдығынан да құтқаруға болатын еді. Бірақ аталған пленумда сөз алған С. Сәдуақасов осыған байланысты өз көзқарасын айтып былай білдірді: «...осында қазақ ауылы әлі соққы, Октябрьдің қысымын көрген жоқ, сол бұрынғы күйінде, қазақ ауылы 1917 жылы орыс қаласы көрген тонаушылық пен шапқыншылықты көрген емес, сондықтанда қазақ өлкесі үстінен кішкене Октябрьмен жүріп өту керек, байлар біздің кім екенімізді білсін» деген пікір айтылды. Міне мен осындай пікірге қарсымын! «Меніңше қазақ ауылы үстімен дауылдатып өтпей-ақ алғанша тап ісін жүргізуге болады. Егер коммунистік партия билікті алғанша мемлекетті қиратуға ұмтылса, енді билікті алған соң оны қалпына келтіруге ұмтылмақ. Қазақ шаруашылығы күйретіп біз өз саясатымызды жүргізе алмаймыз», - деп өзіндік көзқарасын білдірді [2].

Бұл науқанның, яғни, 1926-1927 жылдардағы жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу шарасының сәтсіз аяқталғанын тәуелсіздік тұсында жарық көрген тарихи зерттеулер көрсетіп берді. Ф. Голощекиннің өзінің сөздерінде бұл шараны «Кіші Октябрьге» теңеп, қанша көтермелегеніне қарамастан, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы тарихнамалық зерттеушілер мен тарихшылар өздерінің еңбектерінде бұл мәселеге аса мән бере, арнайы тақырып ретінде қарастыра қойған жоқ. Өйткені осынау науқанның нәтижесі шынында да мардымсыз болды. Бұл науқанды өткізу барысындағы шаралар Ф. Голощекиннің саяси және шаруашылықтық тұрғыдан қате көзқарасына қазақтың дәстүрлі шаруашылығын білмейтін түсінігіне бейімделген болатын. Қазақ ауылында жерге ғасырлар бойы рулық, қауымдық меншік орныққанын, Мәскеуден келген Ф. Голощекин бірден түсіне қойған жоқ, ал қазақ қайраткерлері оған бұл мәселені түсіндіруге асықпады. Нәтижесінде шабындық және жайылымдық жерлерде қайта бөлу, қазақ байларына тежеу салады, оларды ауыздықтайды, ауылдағы әлеуметтік теңсіздікті жояды және бұлар ауылда кеңестендіру саясатын берік орнықтырады,- деген қате көзқарас қалыптасты. Алайда республикадан, облыстардан және аудандардан бөлінген уәкілдер жергілікті жерлерде белсенділік танытып, шабындық, жайылымдық жерлерді шаруаларға бөліп бере тұрса да, ешқандай малы жоқ кедейленген жұрт, меншіктен жұрдай қалың қазақ шаруалары шын мәнінде, уәкілдер қайтып кетісімен-ақ өздеріне бөлініп берілген жерлерді қайтадан рулық ауылға және қауымдастыққа яғни, қазақ ауылына қайтарды. Шын мәнінде науқан осылайша сәтсіз аяқталды. Таптық жіктелуге емес, ағайыншылыққа, бауырласуға шақыратын осындай пікір голощекиншілдерге ұнаған жоқ. Көшпелі шаруашылықты шебер жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі жолын меңгерген қазақ қоғамының еті тірі және пысық тобы – байлардың көзін жоймайынша, қазақтарды дамудың басқа жолына түсіру мүмкін еместігін Голощекин жақсы түсінді. Көп кешікпей-ақ 1927 жылы жергілікті кеңестерді сайлау кезінде байлар дауыс беру құқығынан айрылды. Бірақ бұған Голощекин қанағаттана қоймады, оның басты мақсаты – байларды түп-тамырымен жойып жіберу болатын. Мәселенің күрделілігі және оның күн тәртібіне шұғыл қойылуы жағдайды ушықтырды. Бұл мәселеде Қазақ өлкелік партия комитеті басшыларының өзінде ауызбірлік бірден орныққан жоқ. Қазақ халқын әлеуметтік апаттан аман алып қалуды ойлаған Смағұл Сәдуақасов және оған ниеттестер қазақтың ең ірі байларына қарсы қатал шаралар қолдануға қарсы болып, оларды салық саясатымен тежеуді ұсынса, керісінше Ораз Жандосов және басқалары өздері «рушыл, жартылай феодалдар» деп атаған ең ірі байларды ғана емес, күллі қазақ байының көзін жоятын батыл саясат жүргізуге шақырды. Ал Сұлтанбек Қожанов ірі жартылай шонжарларға қарсы шешуші шаралар қолдануды мақұлдап, бай атаулыға қысым жасауды қолдай қоймады [3, 92-б.]. Алайда, республиканың кейбір аудандарында жергілікті советтердің асыра сілтеген шешімдеріне сәйкес ірі байлардың малын халық меншігіне алып, өздерін жер аудару мәселесі іске аса бастады. Байларды жер аудару шаралары 1928 жылға дейінгі кезде де кей жерлерде ішінара жүргізілгенін архив қойнауындағы құжаттар растап отыр. Мысалы, осы мақсатпен 20-шы жылдардың бірінші жартысында Жетісу облысында советтік құрылысқа қатерлі элементтерді анықтау және оларды жер аудару жөнінде арнайы комиссия жұмыс істеді [4]. Қазақ байларын тәркілеу туралы декреттің өзі 1928 жылы тамыздың 27-сінде қабылданды. Онымен бірге БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті «Барлық еңбекшілерге» деген үндеу қабылданды. Декрет те, үндеу де 5-ші қыркүйекте баспасөзде жарияланды. Бұлар қазақ байларын тәркілеудің 20-шы қыркүйекте басталып, 1-ші қарашада аяқталатынын ескертті [5]. Қабылданған декрет бойынша, ірі байларға көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар, жартылай көшпелі аудандарда үш жүз бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды. Ал отырықшы аудандарда мұндай меже жүз елу бастан жоғары қарай болды. Бірақ соңғы аудандарда Қазақ АКСР ХКК жүз тұяғы барларды ірі бай қатарына жатқызып тәркілеуге құқықты болды. Тамыздың 30-ында қабылданған «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы» Қазақ АКСР-і ХКК-нің арнаулы қаулысымен мұндай көшпелі аудандарға Сырдария округіндегі Қызылқұм, Созақ, Сарысу және Шу аудандары, Қызылорда округіндегі Арал, Қазалы, Аламысық, Қарсақбай аудандары, Алматы округіндегі Балқаш ауданы жатқызылды [6]. Қазақ байларын күшпен тәркілеу қарсаңанда ең кедей деген қазақ шаруасы, яғни, небәрі екі тұяғы бар (ірі малға шаққанда) батырақтар қазақ ауылында тек 17 процент еді, ал олардың қолындағы мал барлық малдың 2-ақ процентін құраған. Оның есесіне бес тұяққа дейін малы бар шаруа қоғамда едәуір үлес алды ( 33,1 процент). Дегенменде соңғылар барлық малдың 11,4 процентін ғана иеленді [7]. Осы орайда Ф. Қозыбақованың кедейді байға жақындата түскен тағы бір нәрсе олардың да мал шаруашылығымен айналысуының дәлелі еді. Кедейлер азда болса мал ұстап, күндерін көрді. Әрине оларда материалдық жетіспеушіліктерін бай көршісіне немесе туысына көмектесу оған жалдану есебінен толықтырып отырды. Сондықтанда болар, бай да кедей де көшпелі өмірдің барлық ауыртпалығын жеңуге аса мүдделі болып, осы мақсатқа бірікті [8, 50 - б.]. Сонымен қатар, қазақ байларын жер аудару саясаты халықтың басына түскен ауыр қасірет болды. Жазылған арыздардан, архив мәліметтерінен біз тәркілеу ісінде жаппай заңсыздыққа жол берілгенін көреміз. Мал саны шолақ белсенділер белсене қатысқан кәмпескеге көмектесу комиссиясында белгіленді. Көбінесе тәркілеуден бұрынғы өлген, сойылған, сатылып кеткен мал да есептелді. Мысалы, 1927 жылы жұтта қырылған мал басы да есепке алынып кетті. Осылайша, байлардың ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинаған малдары өздеріне пәле болып жабысты [9, 62 - б.].

Ал ресми мәліметтер бойынша 696 тәркіленгеннің 669-ы өз округтерінен басқа жаққа жер аударылған. Түрмеде өлгендіктен және өлімші ауру болғандықтан аман қалғандар бұл санға енбеген. Тағы бір назар аударатын нәрсе көшпелі аудандарда 61 қожалықтың тәркілнуі. Мұның өзі бұл жылдары қазақта мыңғырған малы бар ірі байлардың шамалы болғанан тағы да дәлелдей түседі [10, 100-б.]. Жалпы, Т. Омарбековтың қазақ байларын тәркілеу көлеміне байланысты өзінің зерттеуінде келтірген мәліметтері жаңаша көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Тарихшы-ғалым өзінің зерттеулерінің негізінде былай деп атап көрсетеді: «Біріншіден, қазақ байларын тәркілеу – Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының беташары, алғашқы баспалдағы іспетті болды. Бұл тәжірибе кейін аталған науқанда кеңінен пайдаланылды. Екіншіден, байларды тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да қазақ кедейлері ештеңе ұтқан жоқ. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің осы мәселелерге байланысты …комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанның 7-де қабылданған қорытындысында атап көрсеткендей байлардың малын тәркілеу, ауылдағы орташаларды топтастыруға және әл-қуаттың артуына емес, қайта керісінше, қайыршыланған ауыл халқының жарлы-жақыбайға айналуының өрши түсуі мен шаруашылықтың күйзелуіне ұшыратты. Үшіншіден, дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі - ірі байлар қожалықтарын күйрету, Қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлығының күрт төмендеуіне негіз жасады.

Төртіншіден, қазақ байларын тәркілеу Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің дөрекі де қате саясаты. Байлар қожалықтарын күшпен тәркілемей-ақ, оларды салықпен, экономикалық әдістермен тежеп, солардың негізінде кооперативтік фермерлік, жеке немесе ұжымдық шаруашылықтар құруға болатын еді. Сонда Қазақстанның аса қуатты тауарлығы жоғары, халықаралық деңгейдегі ірі аграрлы Республикаға айналуына берік негіз қаланатын еді. Өкінішке қарай, сталиндік-тоталитарлық жүйе мұндай бағытты қабылдамады. Ал бұдан Қазақстанның ұтқанынан жоғалтқаны көп» [11, 103-104- бб.].

Бұл көзқарастар кейінгі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде одан әрі дәлелденіп және өрбітіліп, нәтижесінде бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында қазақ байларына мүлде жаңа көзқарас қалыптасты. Бұл әрине, қазақ тарихшыларының жаңа жағдайда тарихи шындыққа жетуге деген талпынысының нақты да айқын көрінісі болып табылады.

Ал енді, қазақ байларын Қазақстандағы кәмпескелеуге байланысты көзқарасқа келетін болсақ, кеңестік дәуірге дейін ірі қазақ байларын кәмпескелеуде С. Жәкішеваның зерттеу жұмысы осы тақырыптағы зерттеулер шоғырында алғашқы орында тұр деп айтуға болады [12]. Сонымен С. Жәкішеваның қазақ байларын кәмпескелеуге байланысты кандидаттық диссертациядан басқа да біраз ғылыми мақалалар жариялағаны тарихшыларға белгілі [13-15]. Мұндағы ерекшелік - зерттеушінің Қазақстан тарихында алғаш рет деректік, базалық мұрағат деректерін математикалық есептеулер жолымен компьютерде ғылыми айналымға қосып, деректануда жаңа бағытқа жол ашуы болды. Осындай математикалық зерттеу әдісі бұрын тарих ғылымында елеусіз болып, назардан тыс қалып келген көптеген сандық мәліметтерді айқындап берді.

Тәуелсіздік тұсында, бұл тақырыпқа арнайы қалам тартқан ірі қазақ байларын тәркілеуге байланысты монографиялық еңбек жазып және кандидаттық диссертация қорғаған Фатима Қозыбақованың еңбегіне назар аударатын болсақ. Ф. Қозыбақова қазақ байларының мұрағат қойнауындағы кезінде тәркілеу комиссиясы дайындаған жеке істерін тарихи-салыстырмалы талдау негізінде мынандай қорытындыларға келді: «Кеңес өкіметі тактикалық жағынан, халықтың байға деген жек көрушілік сезімін күшейтіп және қалың қауымды қазақ байына қарсы арандатып, ал шаруаны шаруашылыққа қожайын болу сезімінен, іскерліктен айырды. Үстем идеологияға тәуелді құлдық психологияны орнықтыра бастады. Бұл айтылғандардан байқайтынымыз, шындығында да, қазақ байларын тәркілеудің көптеген тарихымызда осы кезге дейін айтылмай келген «ақтаңдақ» жақтары бар екенін көреміз» [16, 105-б.]. Ф. Қозыбақованың дәлелдеуі бойынша, Ф. Голощекин бастаған Қазақстанның партиялық басшылығы «тонағанды талау» деген ұранды берік ұстанып алып, бар байлықты шын мәнінде талан-таржыға салды. Шаруашылықтық, рухани тұрғыдан ауылда азғындау басталды. Қазақ байы жасаған дәстүрлі шаруашылық «жоғарыдан» күшпен бүлдіруге емес жетілдіруге, болашақта нарықтық негізде дамытуға әбден лайық еді және осындай бағыт қана көп нәрсе беретін еді. Мұның Қазақстан жағдайындағы өзіндік ерекшелігін ұмытқан және бұл туралы біржақты түсінікті халықтың ойына біржақты саяси үгітпен ұялатқан, яғни қазақ байларының шаруашылығын халықты тонаушылардың және кедейлерді қанаушылардың шаруашылығы ретінде көрсеткен, Кеңес өкіметінің саясаты аса қате саясат болғанын бүгінгі өмір көрсетті. Бұл Ф. Қозыбақованың еңбектерінде жаңа деректермен дәлелденген. Кеңес өкіметі қазақ даласын ежелден дамыған дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырып, дамудың жаңа күштеу және әкімшілік жолмен өркендеу жолын қабылдауға шаруаларды мәжбүр етті. Қазақ ауылы осылайша шын мәнінде тұйыққа тірелді.

Ф. Қозыбақованың зерттеуі бойынша, байларды жою арқылы жаңа үкімет дәстүрлі мал шаруашылығының өзін және мал шаруашылығының тәжірибелі ұйымдастырушыларын күйретіп қана қоймай, сонымен бірге, қазақ аулындағы ағайынды ықпалды бас иесінен айырды. Жақсы болсын, жаман болсын шаруаға қыры бар бай өз ағайындарын қанап қысым көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, өзінің ар-ұятына жүгініп, рулық-ағайынгершілік жақындығына байланысты өзінің мүмкіндігіне қарай кедей туысқа қарайласып та отырды және басқаларға дәстүрлі шаруашылықты жүргізуде айтарлықтай үлгі көрсетті. Мұндай іскер байлар шаруашылығының тиімді жақтарын айтпау, тарихқа жасалған қиянат болып табылар еді. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында бұл мәселеден қашпауымыз керек. Ф. Қозыбақованың дәйектеуі бойынша, байлардың көзін жойғаннан кейін дәстүрлі мал шаруашылығының берекесі кетті [16, 106 б.].

Сонымен қорытып айтқанда, сол кездердегі көшпенді қазақ шаруашылығы, «дамудың ең төменгі сатысында тұр», - деген большевиктік көзқарас, соңғы тәуелсіздік тұсындағы тарихи зерттеулерде нақты деректермен теріске шығарылды. Осы мәселені қазақ тарихшылары соңғы жылдары батыл айта бастады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Нұрпейісов К. Қазақстанның шаруалар советтері. – Алматы. 1972. – 320 б.

2 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: «Ана тілі», 1993. – 208 б.

3 Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті – Алматы: «Санат», 1997. – 320 б.

4 ҚР ОМА. 548 қ., 1 т., 716-іс, 60 п.

5 ҚР ОМА. 5 қ., 21 т., 15-іс, 46 п.

6 Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті – Алматы: «Санат», 1997. – 320 б.

7 Қараңыз «Советская степь», - 1929. -14 қараша.

8 Қозыбақова Ф. Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930 жж.) – Алматы: «NURPRESS», 2011. – 188 б.

9 Қозыбақова Ф. Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930 жж.). – Алматы: «NURPRESS», 2011. – 188 б.

10 Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы: «Санат», 1997. - 320 б.

11 Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. - Алматы: «Санат», 1997. – 320 б.

12 Жакишева С.А. Баи-полуфеодалы в Казахстане на рубеже 20-30 гг. ХХ века: Историко-источниковедческий аспект проблемы: Автореф. дис. канд. ист. наук. - Алматы, 1996. – 29 с.

13 Жакишева С.А. Баи - «полуфеодалы» в Казахстане на рубеже 20-30-х годов. (К вопросу формирования источниковой базы) // Вопросы истории, историографии и источниковедения Казахстана: Сб. статей молодых ученых. - Алматы, 1993. - Вып. ІV. - С. 21–26.

14 Жакишева С.А. Использование методики контент - анализа при формировании 30-х годов // Вопросы истории, историографии и источниковедения и этнологии Казахстана: Сб. статей молодых ученых. – Алматы, 1993. – С. 45 – 48.

15 Жакишева С.А. Создание структурной модели проблемно-оринтированного банка данных «Баи - «полуфеодалы» в Казахстане на рубеже 20-30-х годов ХХ в.» // Информационный бюллетень Ассоциации «История и компьютер». - М., 1994. – № 10. – С. 64 – 67.

16 Қозыбақова Ф. Қазақ байларын тәркілеу тарихынан. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 210 б.



REFERENCES

1 Nurpeisov K . Kazakhstanin charualar sovetteri. – Almaty. 1972. - 320 b.

2 Koygeldiev M. Omarbekov T. Tarih taglimi ne deidi? – Almaty. - «Ana tili», - 1993. - 208 b.

3 Omarbekov T. 20-30 jildardagi Kazakhstan kasirety. – Almaty. - «Sanat», 1997. - 320 b. - 92 b.

4 KR OMA. 548 k, 1t., 716 is, 60 p.

5 KR OMA. 5 k, 21t., 15 is, 46 p.

6 Omarbekov T. 20-30 jyldardagy Kazakhstan kasirety. - Almaty. - «Sanat», 1997. - 320 b. - 95 b.

7 Karaniz: «Sovetskaia step», - 1929. - 14 karacha.

8 Kozybakova F. Kazakhstandagi kenestik akimchil-amirchil juyenin agrarlik sayasaty jane onin saldari - (1920-1930 jj.) – Almaty: «NURPRESS», 2011. - 188 b.

9 Kozybakova F. Kazakhstandagi kenestik akimchil-amirchil juyenin agrarlik sayasaty jane onin saldari - (1920-1930 jj.) – Almaty: «NURPRESS», 2011. - 188 b.

10 Omarbekov T. 20-30 jildardagi Kazakhstan kasirety. – Almaty. - «Sanat», 1997. - 320 b.

11 Omarbekov T. 20-30 jyldardagy Kazakhstan kasirety. – Almaty. - «Sanat», 1997. - 320 b.

12 Jakycheva S.A. Bay – polufeodaly v Kazakhstane na rubeje 20-30 gg. XX veka: Istoriko- istochnikovedcheskii aspect problemy: Avtoref. Diss. Kand. Ist. Nauk. –Almaty, 1996.- 29 s.

13 Jakycheva S.A. Bay – polufeodaly v Kazakhstane na rubeje 20-30-h godov. (K voprosu formyrovanye istochnykovoy bazy) // Voprosy istory, istoryografy I istochnikovedeniy Kazakhstana: Sb. Statey molodyh uchenyh. – Almaty, 1993. Vyp. IV. – S. 21-26.

14 Jakycheva S.A. Ispolzovanye metodiky content - analiza pry formyrovany 30-h godov // Voprosy istory, istoryografy I istochnykovedeniy I etnology Kazakhstana: Sb. Statey molodyh uchenyh. – Almaty, 1993. - S. 45-48.

15 Jakycheva S.A. Sozdanye strukturnoy modely problemnooryentyrovannogo banka dannyh «Bay polufeodaly v Kazakhstane na rubeje 20-30-h godov XX v.» // Informocionny byulleten Associaciy «Istoriy I computer.» - M., 1994. - № 10- S.64-67.

16 Kozybakova F. Kazakh baylarin tarkyleu taryhnan. – Almaty: Kazakh Universitety, 1998. - 210 b.

Рвайдарова Г.О.

магистр 2 курса факультета истории, археологии и этнологии,

Республика Казахстан, г. Алматы

E-mail: rvaydarova 83@mail.ru


СОВРЕМЕННЫЕ ВЗГЛЯДЫ НА ПРОБЛЕМЫ КОНФИСКАЦИИ ИМУЩЕСТВА КРУПНЫХ БАЕВ В 1928-1929 ГОДАХ
Статья посвящена проблеме о конфискации имущества крупных баев и полуфеодалов 1928-1929 годах в Казахстане. Автор используя архивные документы, опираясь на научные исследования и материалы СМИ раскрывает причины и последствия конфискации. В результате этой политики пострадали крупные баи и полуфеодалы были вынужденны переселиться некоторых баев депортировали. В итоге традиционные скотоводческое хозяйство пришло в упадок, и над казахами нависло опасность геноцида. Рассматривается, что силовой коллективизации в СССР подлежали не только крестьяне, но и потомки ханов. В результате, казахский народ пережил страшный голод и подвергся гонением.

Ключевые слова: конфискация, баи, полуфеодал, депортация, батырак, голод

Rvaydarova G.O.

MA student at the Faculty of History, archeology and ethnology

Almaty, Kazakhstan

E-mail: rvaydarova 83@mail.ru



THE NEW VIEW PROBLEMS OF PROPEVTY CONFISCATION OF BAYS IN 1928-1929 YEARS

Summary
The article devoted to the problem of property confiscation of bays and feudal semilords 1928-1929 in Kazakhstan. Using archived documents, scientific researches and materials of Mass Media exposes reasons and consequences of property confiscation. As a result of this politics the large bays were suffered and feudal semilords were forsed to trans migrate. Some of bays were deportated. In the total the cattle breeding fell into decay. The danger of Kazakhs’ genocide appeaved. The khans were examined only peasahts but liable to power collectivization in USSR. As a result, the Kazakh people outlived frightful hunger and exposed to persecutions.

Keywords: confiscation, bays, feudal lord, deportation, batirak, famine
: edu.history -> media -> upload
upload -> Жетісу облысындағы әлеуметтік жағдай, оның тұрғындардың күнделікті өміріне әсері
upload -> Қазақстандағы отбасылық Қатынастар статистикалық деректер негізінде
upload -> Қазақстан баспасөзі және ұлттық тарихтағы ақТАҢДАҚтар
upload -> Алматы қаласы мен оның тарихи мәдени ескерткіштері түйіндеме
upload -> Хикмет, ғұлама, ислам, дін, Құран-кәрім, аят, сүре, сопылық, фәлсапа, өмір мен өлім, шариғи заңдар, ғылым, зиярат
upload -> Сырым Нұғыманов
upload -> 902. 2 Құдық қазу ісінің қалыптасуы және құдық түрлері
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Искакова Ғ. З. (тарих ғылымдарының магистрі)




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет