Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



жүктеу 150.41 Kb.
Дата07.07.2017
өлшемі150.41 Kb.

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы «__» ______

№ ____

және Қазақстан Республикасы



Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы «___» ________

№ ___

бірлескен бұйрығымен бекітілді



Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органымен жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу үшін «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.



  1. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексерілетін субъектілер – (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) пайдалы қазбаларды, оның ішінде жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіру бойынша, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен (жер қойнауын пайдаланушылар) байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

  2. жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел – жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде, олардың салдарларының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жағдайына, минералдық - шикізат қорына зиян келтіруінің ықтималдығы;

  3. тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

  4. тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері.

  1. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу объективті критерийлер және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.


2. Объективті критерийлер
4. Объективті критерийлер бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және олардың жоғары тәуекел тобына жатқызу немесе жоғары тәуекел тобына жатқызылмауы, оның салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің ең көп ықтималдық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Бақылау субъектілері объективті критерийлер бойынша мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:

1) жоғары тәуекел дәрежесіне:

көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;

облыстық маңызы бар, Астана, Алматы қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;

2) жоғары тәуекел дәрежелеріне жатқызылмағанға:

көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды, барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын;

облыстық маңызы бар, Астана, Алматы қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, жерасты суларын барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын;

аудандық маңызы бар қалаларды және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барлау және өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;

барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.

Субъективті критерийлер
6. Субъективті критерийлерді айқындау:

1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

Ақпаратты талдау және субъективті критерийлерді бағалау ең көп әлеуетті тәуекелді бақылау субъектісіне қатысты тексерулерді шоғырландырады. Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.

Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:

1) тексерілетін субъект ұсынатын, мемлекеттік органдар жүргізетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

2) бақылау субъектілерінің тексерулер нәтижелері. Бұл ретте тексеру парақшасында көрсетілген бұзушылық ауырлығының (өрескел, елеулі,елеусіз) дәрежесі заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

3) мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

8. Осы Критерийлердің 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында тәуекел дәрежесінің субъективті критерийлері.

9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы айқындалады.

Өрескел дәреженің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.

Егер өрескел дәреженің (индикаторлардың) талаптары анықталмаған болса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәреже талаптарының (индикаторларының) жиынтық көрсеткіші есептеледі.

Елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7

мұндағы:


ΣРз – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;

ΣР1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынған елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны;

ΣР2 – елеулі дәреже бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.

Елеусіз дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3

мұндағы:


ΣРн – елеусіз дәреженің бұзушылық көрсеткіші;

ΣР1 – тексеруге (талдау) ұсынған тексерілетін субъектіге (объектіге) елеусіз дәреже индикаторларының жалпы саны;

ΣР2 – елеусіз дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.

Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша жиынтықтау жолымен анықталады:

ΣР = ΣРз + ΣРн

мұндағы:

ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

ΣРз – елеулі дәреженің бұзушылық көрсеткіші;

ΣРн - елеусіз дәреженің бұзу көрсеткіші;

10. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъекті (объекті):

1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру, жоспардан тыс тексеру және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілетін кезде;

2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейтін кезде жатады.

11. Ішінара тексерулердің еселік жүргізілуі жылына бір рет.

12. Жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын ішінара тексеру ішінара тексеру тізімдері негізінде жүргізіледі, олар тиісті есептік кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

13. Ішінара тексерулердің тізімі мыналарды:

1) субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі ең көп көрсеткішімен тексеру субъектілерінің (объектілерінің) басымдылығын;

2) мемлекеттік органда тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың жүктемесін есепке ала отырып, жасалады.

Жер қойнауын зерттеу

және пайдалану саласындағы

тәуекел дәрежесін бағалау



критерийлеріне қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік критерийлері



р/с

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

  1. Мемлекеттік органдар жүргізетін, тексерілетін субъетілеріне ұсынатын мәліметтер және есептіліктің мониторинг нәтижелері

1

Алғашқы материалдарды өткізу және жергілікті қорға геологиялық барлау жұмыстардың аяқталу нәтижесі бойынша есептерді ұсынбаған немесе (жер қойнауын сараптаудан кейін 1 ай өткеннен соң) уақтылы ұсынылмауы

Елеулі

2

Лицензиялық/келісімшарт талаптарының орындалуы туралы есепті уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

Өрескел

3

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу туралы есептің уақтылы ұсынылмауы немесе ұсынылмауы

Елеулі

4

Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жер қойнауы жағдайы туралы геологиялық есептіліктің арнайы нысанын уақтылы ұсынылуы немесе ұсынылмауы

Өрескел

5

Жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген нысанға сәйкес емес есептіліктің ұсынылуы

Елеулі

6

Есептілік бойынша толық емес деректердің ұсынылуы

Елеулі

  1. Өткен тексерулердің нәтижелері (төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде ауырлық дәрежесі белгіленеді)

Көмірсутегі шикізатын өндіру

7

Тау-кендік жер бөлігі шегінде өндіру жүргізу

Өрескел

8

Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарының орындалуы

Өрескел

9

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті беру талаптарын сақтау

Елеулі

10

Ұңғыма жұмысының жобалық режимдерін сақтау және әзірлеуге арналған жобалық құжаттарда көзделген пайдалану объектісін орындау шартында нақты жылдық өндірудің жобадағыдан кем дегенде он пайызға асуы

Өрескел

11

Кен орындары бойынша жұмыс агентін, суды, көмірсутекті шикізатты айдауды есепке алудың болуы

Өрескел

12

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау

Елеулі

13

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында сөндірілген негізгі және онымен бірге шөккен пайдалы қазбалар қорларын және ілеспе компоненттерді дұрыс есепке алуды жүргізу

Өрескел

14

Қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап өндіруді болғызбайтын бөлігінде жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалық шешімдерді орындау

Өрескел

Астана, Алматы, облыстық маңызы бар қалаларды сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын өндіру

15

Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын өндіруге рұқсаттың, кен орнын өндірістік игеру жобасының болуы.

Өрескел

16

Жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау

Өрескел

17

Су реттегіш қондырғыларымен, су есептегіш аспаптарымен жабдықталмаған, сондай-ақ жерасты сулары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін бақылау пунктері құрылмаған жерасты суларының су жинау құрылыстарын пайдалануға беруге жол берілмеуі жөніндегі талаптарды сақтау

Өрескел

18

Кен орнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізілуі

Өрескел

19

Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау талаптарын сақтау

Өрескел


Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру

20

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға рұқсаттың, кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы

Өрескел

21

Тау-кендік жер бөлігі шегінде өндіруді жүргізу

Өрескел

22

Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жер қойнауын зерттеу және пайдалану бөлігіндегі ұсыныстарын орындау

Өрескел

23

Кен орнын игерудің мына жобалық шешімдерін сақтау:

келісімшарттық аумақ шегіндегі келісімшарттың қолданылу мезімінің шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемі мен оның сапасының көрсеткіштерімен қоса тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;

қорларды өтеу кезектілігінің тәртібі;

пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;

Мына жобалық көрсеткіштерді сақтау:

аршу көлемдері;

өндіру көлемдері;

күрделі тау-кендік, тау-кен- даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;

аршылған, дайындалған және шығаруға даяр пайдалы қазбалар қорларының нормативтері;

шығындар мен құнарсыздану нормативтері;

өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, өтеу кезінде)


Өрескел

24

Кен орнын ұтымды және кешенді игеруді қамтамасыз етудің болуы

Елеулі

25

Олардың өнеркәсіптік маңызының жойылуына немесе толық жоғалуына әкелетін кен орындарының, кенді денелердің және кен шоғырларының ең мол жерлерін және жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге әкелетін аршу және игеру жүйелері нұсқаларына жол берілмеу талаптарын сақтау

Өрескел

26

Пайдалы қазбалардың уақытша белсенді емес қорларының түзілуіне, бекітілген жобалау құжаттарында көзделгендерді қоспағанда, қосылатын тау жыныстарымен байланыс негізінде және әлісз дене учаскелерінде (кен шоғырларында, қабаттарда) шығындарға жол берілмеу талаптарын сақтау

Өрескел

27

Жер қойнауында сақтауды немесе кейіннен оларды өнеркәсіптік игеру үшін теңгерімнен тыс қорларды қаттап тастау талалаптарын сақтау

Өрескел

28

Пайдалы қазбалар қорларының құрылымын және шамасын дұрыс бағалау үшін жер қойнауын алдын ала зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету

Өрескел

29

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етудің болуы:

Пайдалы қазбалардың қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алудың негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімін жасау талаптарын сақтау;

шығындар пен құнарсызданудың нақты көрсеткіштерін есепке алу;

белгіленген геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманы толық көлемде және сапалы деңгейде жүргізу талаптарын сақтау;

аршылған, дайындалған және алуға дайын қорларды есепке алу;

уақытша-белсенді емес қорларды есепке алу;

пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысының есепке алынуы, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуы және тау-кендік жұмыстардың жағдайы көрініс табатын паспортты жүргізу талаптарын сақтау;

барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймаларын, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділерін және тағы басқаларын) есепке алу және паспорттау



Өрескел

30

Ойып алу бірліктерін өңдеудің толықсыздығы және оларды жою

Өрескел

31

Кен орнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылау жүргізілуі

Өрескел

32

Қалдықтарды және алғашқы қайта өңделген өнімдер бойынша барлық компоненттерді орналастыру және жоғалтуларды бақылаудың болуы

Өрескел

33

Қазба бірлігін игеруге жергілікті келісілген жобаның болуы

Өрескел

34

Алғашкы игеру мәліметтері бойынша мемлекеттік теңгерімге тіркелетін пайдалы қазбалар қорының түзету фактісінің болуы

Өрескел

  1. Мемлекеттік органдардан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған арыздар мен өтінімдердің болуы және саны

35

Белгіленген талаптардың бұзылуымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу бойынша бақылау субъектілеріне 1 расталған шағымның болуы.

Өрескел

: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет