Жеке кәсіпкер қызметінің тоқтауы



жүктеу 18.54 Kb.
Дата07.07.2017
өлшемі18.54 Kb.
Жеке кәсіпкер қызметінің тоқтауы
Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті түрде немесе күшпен тоқтатылуы мүмкін. Жеке кәсіпкер қызметі ерікті түрде жеке кәсіпкердің өзі қабылдаған шешімі негізінде, кез келген уақытта жеке кәсіпкердің, барлық қатысушылармен біріге отырып, бірікке кәсіпкерлік алдында тоқтатылады. Егер қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берген болса, егер басқа жағдай өзара келісім барысында қарастырылмаса жеке кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім қабылданған болып есептеледі.

Жеке кәсіпкерліктің күшпен тоқтауы соттың шешімімен төмендегідей жағдайда жүзеге асырылады:



  • банкрот болу;

  • жеке кәсіпкердің тіркелуі кезінде қалпына келтірілмейтін сипаттағы заңнаманың бұзылғанын білдіретін өрескел қателер кеткенде жарамсыз деп табылуы;

  • егер қызмет лицензиялануға тиісті болса, немес заңнамалық актілермен қызметіне тыйым салынса, қызметін лицензиясыз бастаса;

  • қызметін бірнеше рет күнтізбелік жыл ағымында немесе заңнаманы өрескел бұзу арқылы жүзеге асырса;

  • заңнамалық актілермен қаралған басқа да жағдайларда.

Жеке кәсіпкер қызметін тоқтату бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын мемлекеттік органның өтініші бойынша сот арқылы жасалады.

Көрсетілген негіздемелерден басқа жеке кәсіпкердің төмендегі қызметтері:



 

  • жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкер азамат еңбекке жарамсыз деп табылса немесе ол қаза болса;

  • отбасылық кәсіпкерлік және қарапайым серіктестік – егер 1 тармақшада айтылған жағдайлар туындаса, бірікке кәсіпкерлікте бір ғана немесе бір адам да қалмаса, сонымен қатар некенің бұзылуына байланысты мүлікті бөліскен кезде.

Жеке кәсіпкер өз қызметін ерікті түрде тоқтатқан жағдайда жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан бастап үш жұмыс күні ішінде салық органына жазбаша хабарлайды.
Қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде жеке кәсіпкер салық органына кәсіпкерлік қызметінің тоқтаған күніне дейінге салық кезеңінің басынан бастап құрылған есебін және кәсіпкерлік қызметтің тоқтауына байланысты құжаттық тексерулер өткізу туралы өтінішін тапсырады.

 

Құжаттық ликвидациялық тексеру өткізген соң, бюджет алдында салықтық міндеттерін орындап, тіркеу органына (салық органы) жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі туралы Куәлігін өткізген соң, кәсіпкердің қызметі тоқтаған болып есептеледі және Мемлекеттік тіркеуден алынып тасталады.
: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет