Жеңіл түсті металдар металлургиясы. Металлургия және қоршаған орта



Дата22.06.2018
өлшемі24.58 Kb.
Жеңіл түсті металдар металлургиясы.

Металлургия және қоршаған орта.



Сабақтың мақсаты: Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компонеттер көп болады. Бұл тасмалдауға қолайлы шикізат екендігін түсіндіру.
Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий мен титан-магний өнеркәсіптері өндіреді.

Алюминий «қанатты» металл деп атайды. Жеңілдігі мен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты ол шаруашылықта кеңінен қолданылады. Магниттік қасиеттерінің болмауы, әсіресе, авиация, электроника және кеме жасауда, ал улы болмауы-тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады.Алюминийдің жемірілугетөзімді болуы-көлік пен құрлыс үшін тамаша сапалы өнім болып табылады.

Оны алатын шикізат құрамында алюминий тотығы (глинозем) бар боксит. Оның қорымен еліміз 50 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілген.

Ұзақ уақыт бойы боксит кені арқалық ауданында өндіріліп келді. Қазір ол жаңа Жоғарғы Тобыл ауданында көбірек орын ауыстырып келеді.

Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең- бокситтен алюминий оксидін алу-материалды көп қажет ететіндіктен (1т дайын өнімге 5т кен), әдетте, шикізат көзіне таяу орналасады. Ол көп мөлшерде су мен жылу энергиясын қажет етеді. Сондықтан, алюминий оксиді зауыты Арқалықта емес, Павлодарда салынған. Павладор алюминий оксиді зауыты (ПАЗ)-әлемдегі ірі зауыттардың бірі. Ол жылына 1,5 млн т алюминий оксидін шығарады. Әзірге барлық өнім экспортқа шығарылады.

Екінші энергияны көп қажет ететін кезең-алюминий оксидінен алюминий алу-Павладорда АҚСУ МАЭС-інің арзан электр энергиясына бағытталып салынуда. Ол елімізді «қанатты» металмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Титан жеңіл, өте берік, жемірілуге төзімді металл. 10жыл бойы теңіз суында жатқан титан табақшасының ешбір өзгеріссіз қалғандығы туралы дерек белгілі. Титаннан реактивті ұшақтардың дивигателдері, кемелер мен сүңгуір қайықтардың қораптары мен химиялық құрал-жабдықтар шығарады.

Металды титан кендерінен алады. Біздің елімізде оның мол қоры бар. Олар Қазақстанның барлық жерлерінде, әсіресе Батыс пен Шығыста көп кездеседі. Осыған қарамастан, көп уақыт бойы титанды тасмалданып әкелінетін шикізаттан алды. Қазір өзіндік шикізат базасы жасалуда. Үш кенорны игеріліп, Сәтбаев байыту фабрикасының концентраты қазіпрдің өзінде өңделуде.

Алюминиий өнеркәсібінің бір айырмашылығы еліміздің титан-магний өнеркәсібінде өндірістің барлық сатылары қалыптасқан. Титанды магниймен тотықсыздандырады. Сондықтан, осы металдар өндірісін бір кәсіпорында-комбинатта біріктіреді. Титан-магний комбинаты Өскемен қаласында жұмыс істейді. Ол-әлемдегі өзі сияқты кәсіпорындардың ішінде қуаты жағынан ең ірісі. Комбинаттың ең негізгісіне-титан өндіру жатады.



2. Бағалы және сирек кездесетін металдар.

Қазақстандағы түсті металлургияның маңызды салалары-бағалы және сирек кездесетін металдар өндірісі.



Алтынды Батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Оны жеке кендер мен ауыр металдармен серіктес ретінде алып, Өскемен мен Балқашта рафиндтайды. Барлық күмісті серіктес күйінде алады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кенорны береді.

3. Қазақстанның металлургия базалары.

Еліміздің аумағында металлургиялық кәсіпорындар топталып орналасқан. Ортақ шикізат немесе отын қорларын пайдалынатын зауыттар тобын металлургиялық база деп атайды.



Қазақстанда үш металлургия базасы бар. Олар пайда болған уақыты, өндіріс қуаты, шикізатпен, отын және электр энергиясымен қамтамасыз етілуі жөнінен ерекшелінеді. Ең «кәрі» қалыптасқан-Шығыс базасы. Ол үшін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп, «өндірістің жоғарғы қабаттарын» «тұрғызып» қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни прокат, қорытпа, түсті металдардан дайын өнімдер шығару. Бұл жерде мырыш өндірісі
Каталог: uploads -> doc -> 03db
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
03db -> Чем мы будем заниматься
03db -> Зерттеу нысаны – ата-аналық қатынас


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет