Жедел респираторлық вирустық инфекциясының алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама



жүктеу 16.72 Kb.
Дата09.06.2017
өлшемі16.72 Kb.
Жедел респираторлық вирустық инфекциясының алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама

Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ), яғни тұмау, вирустар мен бактериялар тудыратын, тыныс алу жолдарының қабынуы арқылы жүретін адамзат арасында ең көп тараған ауру.

ЖРВИ және тұмау күз айларында суық түскеннен басталады да, көктем айларына дейін созылады. Сондықтан да, ол мерзімдік ауру болып саналады. ЖРВИ және тұмау түшкіргенде, жөтелгенде майда тамшылар арқылы ауамен таралады және жұқтырған сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері өте тез-бірнеше сағатта пайда болады.

Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ), яғни тұмау, вирустар мен бактериялар тудыратын, тыныс алу жолдарының қабынуы арқылы жүретін адамзат арасында ең көп тараған ауру. ЖРВИ және тұмау күз айларында суық түскеннен басталады да, көктем айларына дейін созылады. Сондықтан да, ол мерзімдік ауру болып саналады. ЖРВИ және тұмау түшкіргенде, жөтелгенде майда тамшылар арқылы ауамен таралады және жұқтырған сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері өте тез-бірнеше сағатта пайда болады. Анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты тұмаумен нәрестелер мен жас балалар өте жиі ауырады.Тұмаудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, бас, тамақ ауру, мұрын бітелуі, жөтелу, түшкіру.

Бұл белгілер пайда болса міндетті түрде дәрігерге қаралу керек!

Дер кезінде емделмесе, тұмаудың асқынған түрі: менингит, гайморит, синусит, бронхит, пневмония, отит және т.б. сияқты емделуі ұзақ, айығуы күрделі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Тұмау – вирус арқылы жедел таратылып, індетке айналатын жұқпалы ауру.Тұмауды таратушы тек ауру адам. Тұмаудың таралуы ауа райының өзгеріп, салқын –дауына да байланысты.Тұмау ауа арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде шашыраған түкірік пен сілекей арқылы тез тарайды.

Ауру қол алысып амандасқанда ,сүйіскенде, ауру адам пайдаланған заттар арқылы да жұғады.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың тиімді жолдары: індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егу. Мұрынның шырышты қабаттарын әрбір 2 сағат сайын оксолин мазімен майлаңыз.Бөлмеңізді жиі желдетіп отырыңыз.Тамаққа пияз, сарымсақ, қара қарақат, лимон, малина, шиповник тағамдарын көбірек тұтыныңыз. Дәрумендерге бай тағамдарды қолданып, тиімді тамақтаныңыз.

Бұл кеңестерге құлақ ассаңыз, ЖРВИ-ның алдын алуға болады және деніңіз сау, сымбатты болып өсесіз!




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет