Жауапкершілік мәселесі және оның қолданбалы этикадағы орны



жүктеу 147.19 Kb.
Дата20.04.2017
өлшемі147.19 Kb.

Жауапкершілік мәселесі және оның қолданбалы этикадағы орны


Техникаға қатысты этикалық дауды қайта қарауда Г.Йонастың концепциясы үлкен бетбұрыс жасады. Сонымен қатар, Г.Йонастың бағдарламасында жауапкершіліктің этикалық дәрежесі өзгеріп, басқа философиялық категориялардан тәуелсіз, жеке, өзіндік мағынаға ие болды. Бұдан былай жауапкершілік «қажеттіліктерді қамтамасыз ету формасы» ретінде емес, «қажеттіліктің» өзі болып шамаланады, адамдық қызметтің сарынын анықтаушы болып бара жатыр. Осының арқасында «жауапкершілік қағидасы» табиғат алдындағы парызды негіздеу амалдары жемісті болған (В.Хесле) көптеген философиялық мәнмәтіндерде рецепция алды. Соның ішінде, Р.Шпеманда жауапкершілік қағидасы христиандық этика мәнмәтінінде интерпретацияланды. Ойшыл табиғатқа қатысты діни қатынасты қарастырды, мүмкін болатын жағымсыз салдарының шекарасын анықтауға, жауапкершілік облыстарының нақты тұжырымдамасына көшуге тырысты. Зерттеушілер болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік императивінің негізделуіне жүгінеді. Мысалы, Д.Бирнбахер болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидасын утилитарлы мәнмәтінінде қарастырады.

Техника философиясындағы ойшылдардың бірқатары (Х.Ленк [1], Г.Рополь, Э.Штрекер, Г.Андерс [4], В.К.Циммерли [5], К.Митчем [6]) қалыпты этиканың аналитикалық ұстанымымен Г.Йонастың идеясын дамытуды жалғастыру жолымен кетті. Сонымен қатар, Х.Ленк техникалық қызметтің шеңберінде жауапкершіліктің түрлеріне кеңейтілген талдау бағдарламасын ұсынды. Ойшыл «осы және басқа әрекет үшін жауапкершілік (оның салдары мен нәтижесі үшін)», «компетентті және рөлдік жауапкершілікті», «әмбебап-моральдық» және «құқықтық жауапкершілікті» бөліп көрсетті [1]. Әрекет пен оның нәтижесі үшін, жауапкершілік, субъект өзінің жеке әрекетінің салдары мен нәтижесі үшін, жеке немесе ұжымдық жауапкершілікті көтереді. Зерттеуші аталмыш жауапкершілік шеңберінде бірнеше тармақшаға ажыратады: казуалды қызмет үшін жағымсыз және жағымды жауапкершілік. Жағымды жауапкершілік өз міндеттерін адал ниетпен атқарғанда көрінеді. Казуалды жауапкершілік, субъект оң нәтиже алғанда емес, жағымсыз жағдайлар орын алғанда (жағымсыз жауапкершілік) көрінеді. Мысалы, дамбының жарылуы – дұрыс емес және немқұрайлы есептеулердің нәтижесі ( 2013 жылы, Қызылағаштағы дамбының жарылуы). Жағымсыз жауапкершілік, Х.Ленк бойынша, бетін қайтару жауапкершілігіне қолданылуы жемісті, кездейсоқ серіктестердің жауапкершілігіне екпін түсірмей, жауапкершілік шарасының бөлінісіне келуге мүмкіндік береді. Жауапкершілік түрлерін атап шығумен қатар философ өзінің қызмет саласы мен институтционалдыда ұзақ мерзімді билеу алдындағы жалпы жауапкершілікті шығарды.

Бұл аспектіде белгілеп өту қажет, Г.Йонастың концепциясынан кейін, жауапкершілікке қатысты зерттеулерде, жауапкершілік қағидасының негізінде жатқан метафизикалық түсініктен бас тарту тенденциясы бақыланады. К.Митчемнің пікірінше, «Г.Йонас, өзінің назарын этикалық сұрақтарға шоғырландырды, қазіргі техникалық әлем картинасына адамгершілікті қосудағы кез-келген амалдар желісінде туатын, метафизикалық мәселелерге коңіл бөлмей қойған жоқ» [6, 156 б.]. Кез-келген жауапкершілік этикасы өзіндік қағидаларын негіздеуде метафизикаға жүгінуге міндетті, көбінесе жалпылама қабылданған және бар этикалық ұстаныммен құрылатын метафизика мен онтологияны жауапкершілік түсінігінің орнына шығарады. Зерттеу әдебиеттерінде жауакершілікті әмбебап этикалық теория ретінде таныстырудан бас тарту, қазіргі қоғамның даму динамикасымен байланысты. Х.Ленк пікірінше, «Біршама тұрақты негізгі жауапкершілік түрлерінің адам үшін, жақының үшін, барлық түрлерін қамтитын ортақ этикалық (рецепт) концецияның болуы екіталай. Сондықтан қазіргі этикалық сұраныстарға қатысты биікте көрінудің бір ғана мүмкіндігі бар – жалпы мүмкін болатын, моральдық сананы мадақтайтын, әсіресе мамандар мен жоба аясында» [8, 391 б.]. Сол себепті зерттеу әдебиеттерінде этикалық ұстанымды нақты нормалар мен жағдайлардан құратын амалдардың әртүрлілігі бар, жинақтамалы түсінік ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жауапкершілікті негіздеу мәселесі этикадағы жауапкершілікті қолданудағы жаһандық мәселеге айналатын, нақты тарихи жағдайлары бар этикалық келісу қағидасы болып бара жатыр. Сондықтан техника философиясында жауапкершілік тақырыбы бірнеше бағытта дамып жатыр. Біріншіден, адамға қатысты жауапкершілік (биомедициналық этика). Екіншіден, техникаға және оның шығарылуына, қолданылуына қатысты (ядролық және компьютерлік этика). Үшіншіден, табиғатқа қатысты жауапкершілік (экологиялық этика), төртіншіден, жауапкершілік субъектінің техникалық қызметінің кәсіби және әлеуметтік саласында қарастырылады.

Зерттеу әдебиеттерінде көптеген этикалар – биоэтиканың, экологиялық және т.б. жинақтамалы жиынтық мәні ретінде түсіндірілетін, жауапкершілік тақырыбының қолданбалы этикадағы кейбір аспкетілерін қарастырайық. Қолданбалы этиканың ғылыми және тәжірибелік дәрежелері туралы сұрақ бүгінгі таңда шешімі бірмәнді емес. Қолданбалы этика – бұл тәжірибелік-моральдық мәселелермен жұмыстас, ашық және шекаралық сипаттағы, өлім мен өмір, өмірдің құндылықтары мен автономды тұлғаның шегі туралы сұрақтарды мазмұнына қосатын, осындай білім мен мінез-құлық облысы. Қолданбалы этикада моральдық таңдау негіздемесі жіңішке түрде адекватты пәнді таңдау білімімен түйіндеседі. Аталмыш этика өзінің ішінде жаңа, басқа этикалар мен басқа нақты ғылыми-парадигмалық қызметтің формасы торабында пайда болатын, әртүрлі облыстағы білім мен қоғамдық практиканы көрсетеді. Ол онымен тығыз түйіседі, және ішінара кәсіби этикамен тұспа-тұс келеді, бірақ оған теңбе-тең емес.

Сол себепті, қолданбалы этикадағы жауапкершілік талдауы анық арнайы білім салаларына сай, оның қатыстылығымен беріледі. Қолданбалы этика жауапкершілікті нақты моральдық жағдайлар шеңберінде қарастырады, сонымен қатар, жалпыға ортақ мәселелерді қамтиды, және көбінесе әртүрлі компентенциядағы адамдар мен өзінің жеке индивидтік болмысына қатысты аса маңызды, оның қызметінің жеке аспектілеріне емес. Этика мен техниканың арасындағы өзара әрекеттегі дамыған саласы биоэтика, бұл сала шеңберінде адам өмірінің әртүрлі сатыларымен байланысты сұрақтар қарастырылады. Биоэтиканың мәнмәтінінде моральдық дилеммалар қарастырылады, адамның өмірінің басына арналады, әсіресе: жасанды түсік жасау, ұрықтармен тәжірибе жүргізу, органдардың трансплантациясы, эвтаназия, «жасанды жүрек» және «жасанды өкпе» аппараттарды қолдану шарттарына сәйкес өлім фактісін орнату мәселесі және т.б. жоғары технологиялық құралдар арқылы өмірді ұзартып немесе қысқартады. Ғылым мен техниканың биологиялық үрдістерге қарқынды араласуынан осындай класстағы адамгершілік мәселелері пайда болды. Қазіргі адамзаттың тіршілік ету салаларының болмысына техниканың араласу кезеңі: өлім мен өмірге, қазірі мен болашаққа. Биотехнологияның, бірінші кезекте гендік инженерияның дамуы, бірқатар ғалымдардың пікірінше, (Г.Йонастың, Ю.Хабермастың, Ф.Фукуяманың), баяғыдағы бірегейлігі дағдарысының қайнар көзі, оның мүмкін болатын биологиялық түр ретіндегі өзгерістері болып табылады.

Сонымен қатар, гендік инженерия саласында адам биотехнологиялық араласудың көмегімен өзінің тұқымқуалаушылықты өзгерту мүмкіндігін алды, мутациялық вариация көмегімен тіршіліктің жаңа түрлерін жасап шығаруда. Сол себепті, этиканың жаңа кеңістіктегі мәселесі осыған сәйкес, жауапкершіліктің жаңа дәрежесі пайда болды. Биотехнологиялық манипуляция, Г.Йонасқа сәйкес, адамның табиғи физикалық түрінің өзгерместігі туралы оның көрінісін жоюға көмектеседі [7]. Егер жауапкершілік этикасы техногенді әлемдегі анонимді шарттарда моральды сақтау мәселесінен туындаса, онда биотехнологияның дамуы адамның кез-келген моральдық қабілетін және жауапкершілік ретіндегі мүмкіндікті күмәнға қояды. Әлеуметтік және индивидуалды иесіздендіру жоспарлы шарттарында қалай моральды адам болып қалуға болады деген сұраққа С.Кьеркегор баяғыда жауап берген, оның этикасындағы «өзімен өзің бол» немесе «өзіңмен өзің болмау» интерпретацияны таңдау мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі әлемде субъективтілік пен субъективтілік арасында, табиғи өсім мен бұрын қолжетімсіз болған, жасанды жолмен жасалған салалар арасындағы категориялық айырмашылықтың өшірілуі, адамды осындай жағдайға қалдырды. Ю.Хабермас бойынша, әсіресе алдын-ала болжанбайтын храмосомалар жиынтығының әртүрлі комбинациясына билік ету мүмкін емес заттарды көрсетті [9]. Бірақ бұл тезисте терістеліп жатыр.

Ю.Хабермас пікірінше, гендік технологияларды коммерциялық мақсатта кең қолдану келешегі шынайы көрінді [9]. Биотехнологиялық манипуляция мәнінің негізі бойынша, табиғатқа әсер ететін инженериядан өзгешеленеді. «Материя тірі болмаған жағдайда,- Г.Йонас белгілейді,- өндіруші пассивті кейіптегі материал алдындағы жалғыз қызметкер болып табылады. Бірақ біз тірі ағзалармен жұмыстас болғанда, бір қызмет келесі қызметтермен кездеседі. Биологиялық техника жеке активті материал қызметімен коллобаритті қызмет етеді, өзін биологиялық жүйе ретінде таныстырады; онда дамудың қандай да бір жаңа детерминант туу керек... Техникалық аспект құрылыс формасына емес, интервенция формасына ие» [9, 60 б.]. Сол себепті биология, медицина және жоғары технологиялар арасындағы тартыстардан туындаған жаңа этикалық қатынастағы мәселелерді шешуге биоэтика шақырылды (сұралды). Моральдық таңдау мен пәнді білудің түйісуінде, жаңа мәселелер адамгершілік батылдықты және пайымдаудың қатаң кәсібилігін талап етті. Биоэтикада субъектінің қызметіне әлеуметтік жауапкершіліктің арнайы формаларынан тіркеу қажеттілігінен туындаған моральдық талаптардын құрылады. Әлеуметтік жауапкершілік адамның басқа адамдарға қатысты салмақты қарым-қатынастың, оның шешіміне деген тәуелділіктің көрінісі, ал оның оларға қатысты, алдын-ала ескерту немесе шектеулі сипатқа ие міндеттілігін моральдық нормаларды бекіту арқылы бақылауға болады.

Гендік инженерияның дамуы, адамның табиғи физикалық сақталу мәселесін өзекті етті, ядролық этиканың пайда болуы мен ядролық қарудың ойлап шығарылуы, қазіргі мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен тәуекелділікті пропроционалды бөлініс туралы сұрақты заңды қойды. Қоғамда әртүрлі әлеуметтік және технологиялық себептер әсерінен пропорционалды өсімнен тыс тәуекел мен қауіп болып жатыр, бұл көбінесе ірі техногенді апаттарда, қоршаған ортадағы зиян концентрациялы заттар және т.б. арқылы көрініс тауып жатқан коғамдық өмір логикасында тәуекел доминантты болып бара жатыр. Тәуекел түсінігі арқылы потенциалды қатер, санаспауға болмайтын, қоршаған ортаға (кең мағынада), адам қызметі мен денсаулығына шынайы қауіп болып түсіндіріледі. Тәуекел түсінігі жағымсыз салдар мүмкіндігімен ғана шектелмей, сонымен қатар, жағымды нәтиже мүмкіндігін қамтиды. Кез-келген жағдайда тәуекелділік болашаққа қатысты белгісіздікті болжайды. Тәуекел концепцияларды зерттеуші ғылым саласы рискология деп аталады. Оның негізін салған батыс ойшылдары У.Бек, Э.Гидденс, Н.Луман.

Ядролық қосылыстарды қолдану деңгейі жоғары мемлекеттер – АҚШ-да, Канадада, Жапонияда енгізіліп жатқан, «тиімді тәуекел» концепциясы жаңа қауіпсіздік мақсаты, әрбір адамының денсаулығын, бүкіл қоғам мен қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталу мүмкіндігін болжайды. «Тиімді тәуекел» категориясы мен ядролық қауіпсіздікте «тиімді тәуекел» категориясының концепциясы, қазіргі кезде әлем өте қауіпті ядролық нұсқамалармен, жоғары технологиялармен қатар өмір сүру сатысына өткенін, «қоғам-табиғат» жүйесіне қашып құтыла алмайтын қауіп төндіретінін ресми мойындайды (ғалымдардың ешқайсысы Чернобыльге ұқсас ядролық апат қайталанбайды немес АЭС террористердің қолына түсіп, басқа мақсаттарда қолданылмайды, саяси қақтығыстар нәтижесінде саяси жоспарға айналмайды деп кепілдік бере алмайды).

Сол себепті, ядролық қаруды сынау мен қолдану ғана емес, бейбіт мақсатта атомдық энергияны оқыс және бақылаусыз қолданылуы, адамзат пен бүкіл планетадағы тіршілікті сақтау туралы сұрақ туғызады. Алайда, Жерде бүкіл тіршілік сақталуы үшін осындай технологиялардан бас тарту, қоғамды үздіксіз «тиімді тәуекел» жағдайында өмір сүруге мәжбүрлейді. Сондықтан, тәуекел ғана емес, оның тиімділік көлемінде заңдастырылады – парадоксальды емес жағдай. «Егер біз бәрін жоғалтқымыз келсек,- Г.Андерстың пікірінше,- ең алдымен біз өзіміз қатысатын оқиғалар мен әрекеттердің адамгершілік мәнін елестетіп үйренуіміз қажет. Біз өзіміздің қиратушы және жасампаз күштеріміздің қарқынды өсіміне сәйкес келу үшін, ақылымыз бен сезімімізді барынша дамытып, нығайтуымыз керек. Адам табиғатының осы екі жақтары – жасампаз және қиратушы – тиісті тепе-теңдікте болса, сонда ғана жауапкершілік сезімі мүмкін» [4, 233 б.]. Г.Андерстың пікірінше, артефактілердің жеке ішкі максималарының барын, соларға сәйкес адамдармен қолданылуы тиіс екенін мойындау қажет. Сол себепті, ядролық қарудың максимасы жаппай қарусыздануға ие. Философ И.Канттың категориялық императивінің қолдану аясын кеңейтеді, ішкі максимаға ие, біздің ішкі максимамыз бола алатын, жалпылай заңнама нормаларына айналатын заттармен ғана қолдану қажеттілігіне сендіреді [4].

Қоғамның ақпараттық технологияларға көшуі, компьютерлік этиканың пайда болуына әкеледі, кейін осы салада ақпараттық техниканың жауапкершілік мәселесі туады. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялардың анықталған типі соншама күрделі, жобалаушылардың өздері оларды тексеріске түсіре алмайды және түсінетін жағдайда емес. Жаңа ақпараттық қоғамда еңбек емес, білім құнды қайнар көзі екенін, Д.Белл ашып көрсетті. «Индустриалды қоғамда еңбек пен капитал орталық айнымалы ретінде болса, постиндустриалды қоғамда ақпарат пен білім шешуші айнымалы болып бара жатыр,- деп Д.Белл жазды» [10, 332 б.]. Сәйкесінше, ақпарат – бұл билік критериіндегі қоғамды компьютер басқару құралы. Қазіргі әлемді компьютерлік бағдарламаның жауапкершілігі қателік жасау мүмкіндігі, ақпараттың ластануы, жеке құпиялылық, жасырын ақпарат пен қауіп төндіретін сұрақтарды қамтитын мәселелер өзекті болып бара жатқан ақпараттық жүйе өспелі көлемде шешім қабылдайды. Адам ақпараттық жүйеге өмірлік маңызды әлеуметтік мәселелер үшін, шешім қабылдау мүмкіндігін бастапқыдан көп беріп отыр. Біз төтенше жағдайларды бағалап, жауапкершілікті шешім қабылдауға әрқашан қабілетті емеспіз, сол мезетте күрделі технологиялық жүйе оны жеңіл жасай алады. Алайда, шешім қабылдау функцияларын компьютерлік жүйелерге табыстағаннан кейін, адам жауапкершілік сезімін өзінен алып тастайды. Х.Сколимовскиге сәйкес, «бұл тарихи кезеңде жауапкершілік мәселесі техника мәселесінің ажарамас бөлігі ретінде бізбен қарастырылуы керек. Техника бізді үнемі жауапкершіліктен босатады, бүкіл сарапшыларға қайта тапсырады, өзінің жауыздық салтанатын жүзеге асырады. Егер барлығы біз үшін жасалып жатса, және біз ештеңе үшін жауапкершілік арқаламасақ, онда бізді адам деп санауға болмайды» [11, 121 б.].

Егер автономды әрекет етуші және өзінің жауапкершілігін ұғынатын адам интеграцияланған күрделі құрылымдағы бірлестіктерде жоғалып кетсе, онда ақпараттық жүйеге этикалық немесе фактілі жауапкершілік артуға бола ма? Шыныда да, келе жатқан «супериндустриалды және жүйелі технологиялық» ғасырда ақпараттық жүйе көптеген, өсіп келе жатқан көлемдегі шешімдер қабылдауда. Адам өз міндеттерінің көп бөлігін техникаға жүктеді. Мысалы, атомдық электростанцияда бақылаушы атомдық реакторлардың физикасын түсініп, бақыламайды, ал кешенді жүйелердің бір-бірімен байланысты үрдісі мен олардың үйлесуіндегі қызметін бақылап тұрады.

Алайда, «осындай типтегі маңызды қауіп адамды өз жауапкершілік сезімінен босату»,- дейді Х.Ленк. «Әсіресе, осының арқасында,- зерттеушінің көзқарасы бойынша,- бір жағынан енді жалпы жүйемен берілетін, өзінің компетециялық мәнін ақырын-ақырын жоғалтады және басқа жағынан жауапкершілік «жүйеге» жүктелендіктен, ол өз құнын жоғалтады» [1, 129 б.]. Х.Ленк, У.Бехтель мен Дж.Снэппердің ақпараттың жүйенің моральдық және құқықтық жауапкершілігін бекітетін ұстанымдарымен үзілді-кесілді келіспейді. У.Бехтель мен Дж.Снэппер атап өтеді, интенционалдық өзінің шығу тегі бойынша биологиялық қабілет емес. Мұндай шешімді компьютердің кейбір түрлеріне тіркеп қоюға рұқсат берді. У.Бехтельдің көзқарасы бойынша, осыған ұқсас жүйелер өзінің мақсаттары мен тілектері бар, жеткілікті саналы және ойланған шешімдерін қабылдайды, оларды шешім қабылдағаны үшін жауапты деп санайды. Дж.Снэппер бойынша, ақпараттық жүйе құқықтық және моральдық жауапкершілік үлесін беру, келтірілген зардап үшін өтемақыға жеңіл қол жеткізуге мүмкіндік береді [12].

Х.Ленк пікірінше, жауапты болу – интеционалдық пен ойлап-пішу қабілетінің өлшемдеріне ғана сәйкес келу емес. Мұндай сәйкестік ойшыл үшін қажетті болып саналады, бірақ жауапкершілікті жүктеу шарты жеткіліксіз. Х.Ленк бойынша, жауапкершілікті анықтаушы өлшемдердің бірі болып сыртқы әрекет мәжбүрінен еркін, әрекет етуші тұлға өзіне және өзінің шешіміне қатысты шешім қабылдайтын, жеке әрекетіне қатысты саналы нұсқама, «Осы мағынада,- Х.Ленк жазады,- басқа әрекет етуші субъектілердің мәнмәтініне қосатын, әрекет етуші субъект және оның субъективтілігін ескеретін компьютер, қандайда бір рефлексифті, әсіресе өз-өзіне бағытталған саналы үрдістерді, және саналы репрезентацияларды жүзеге асырмайды. Осында, компьютерге арнайы ерекше әлеуметтік пен моральдық тән сипатта болуға болмайды, сондықтан оған ешқандай жауапкершілік артуға болмайды» [1, 136 б.]. Сонымен қатар, У.Бехтель мен Дж.Снэппер техникалық құралдардың артында ақырғы есептеуде олардың жұмысы үшін, толық жауапкершілік арқалауға міндетті, үнемі нақты адамдар мен әлеуметтік институттар тұратын фактілі шет жақта қалдырды.

Ақпараттық жүйе жауапкершілік мәселесімен қарастырылып, тағы да маңызды экологиялық мәселеге тоқталуымыз қажет. Бұл жерде табиғатқа, бүкіл биосфераға (органикалық өмірдің құндылықтар қағидасын негізге ала отырып) қатысты жауапкершілік қарастырылады. Егер бұрынғы заманда адамдар оның табиғатқа техникалық араласуы сырттай және қауіпсіз, табиғат бәрібір өзінің іргелі тепе-теңдігін қайта қалпына келтіреді деген берік сенімде болса, онда бүгінгі таңда бұл аксиома күмән туғызады: табиғат осал және шекті болып шықты, ал оның ресурстары тіпті сарқылатын екені белгілі болды. Сол себепті, философтар табиғатты ұқыпты күтімді талап ететін, тең құқықты әріптес ретінде таныстыруға тырысты. Этика экологиялық дағдарыспен негізделген табиғатты өзінің жеке рефлексиясының кеңістігіне қосуға мәжбүр: (климаттың жаппай жылынуы, шикізаттың азаюы, энергетикалық қордың азаюы, Жердегі халық тығыздығының өсуі, экосфераның күйзелуі және т.б.). Йонастық жан толғандыратын «адамзатты сақтау» үндеуі қазіргі болып жатқан жағдайдың өткірлігін көрсекенімен, дағдарысты жоюдың шешімі емес. В.Хесленің пікірінше, этиканың негізгі міндеті табиғат алдындағы адам парызының өтелгендігінде. Г.Йонас жауапкершілік қағидасын құрастыра отырып, бұрынғы этикалардың антропологиялық, субъективті-объективті бағытын еңсеруге тырысты. Табиғат берілген парадигманың шеңберінде құнды мазмұнға ие емес, казуалды түсіндірудің объектісі ретінде қарастырылды. Г.Йонас бойынша, табиғатты этикалық рефлексияның мәнмәтініне қосу үшін, адам болмыстың ең жоғарғы мақсаты ретінде қарастыратын, табиғаттың асыраушысы болып табылатын құндылығын сақтау қажет. Алайда Г.Йонас «экономиканың экологиялық тиімді қайта құрылуына» қатысты амалдарды қозғамайды. Сол мезетте, В.Хеслға сәйкес, қазіргі өмірдің анықтаушы құбылысы экономика болып бара жатыр.

Табиғат философисының шеңберіндегі жауапкершілік, қазіргі адамға жер шарындағы тіршілікті қалдыруды міндеттеу керек, бұл болашақ өркениет үшін табиғатты сақтау деп түсіндіріледі. Сонымен қатар, табиғат философиясын құру «сананың автономиясын табиғаттың өзіндік мәні бар абыройымен үйлестіруге» шақырылған [13]. Сол уақытта табиғатты жыртқыштық қолдану алдындағы жауапкершілік, В.Хеслға сәйкес, қазіргі этикалық құрамдас бөлігі жоқ, рационалистік типке арту қажет. Экологиялық ғасырдағы шынайы экологиялық мәселелер жаңа нормаларды негіздеумен шектелмейтінін авторлар атап өтеді. Шынында да барлығы дерлік болашақ ұрпақ үшін, жер шарындағы тіршілікті сақтау қажет деген пайымдаумен келіседі. Сол себепті, негізгі қиыншылық – адамдарды тиісті амалдар арқылы әрекет етуге мәжбүрлеу. «Әсіресе, осында,- философ жазады,- мотивациялық деңгейде канттық этиканың танымал, таңқаларлық ескірушілік аспектілерінде шынайы себептер жатыр» [13, 85 б.]. Қазіргі адамда мінез-құлқын өзгертуге қабілетті, оның индивид ретінде ештеңкеге қол жеткізе алмаймын деген сенімін жоюға көмектесетін ынталандырмалар жүйесі жоқ. Сондықтан кез-келген этикалық концепциялардың ықпалдылығы төмен. Экологиялық этиканың аясында Жердің сарқылмайтын және сарқылатын ресурстар мәселесі және атмосфера мен әлемдік мұхиттың ластану мәселесі философиялық көзқараспен қарастырылып, бағаланды.

Парыз этикасы аясында жауапкершілік түсінігі аристотелдік «фронезиске» туыстас, өмір, бақыт және т.б. түсініктер моральдық өлшемдер болып бара жатқан кезде, саналы нақты әрекеттерді талдау негізінде салдарына бағытталады. Жауапкершілік үшінші мыңжылдықта саналы мән мен тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар футурологтардың да біліміне жүгінеді.

қорытынды:

1.Техника философиясында жауапкершілік мәселесі бірнеше бағытта дамиды. Біріншіден, адамға қатысты жауапкершілік (биомедициналық этика). Екіншіден, техникаға және оның шығарылуына, қолданылуына қатысты (ядролық және компьютерлік этика). Үшіншіден, табиғатқа қатысты жауапкершілік (экологиялық этика), төртіншіден, жауапкершілік субъектінің техникалық қызметінің кәсіби және әлеуметтік саласында қарастырылады.

2. Қоданбалы этикадағы жауапкершілік талдауында оның арнайы білім салаларына сәйкес, өзіндік тиістілік мәселесі қойылады. Қолданбалы этикада жауапкершілікті нақты моральдық жағдайлар шеңберінде қарасырады, сонымен қатар, әртүрлі компетенциядағы адамдарды және индивид қызметінің бөлек аспектілеріне қатысты емес, оның болмысына қатысты жалпылама маңызды мәселелерді қамтиды.



3. Г.Йонастың коцепцияларынан кейін, жауапкершілікке арналған зерттеулерде, жауапкершілік қағидасының негізінде жатқан метафизикалық түсініктен бас тарту тенденциясы бақыланады. Бірінші орынға нақты нормалар мен жағдайлардан құрылатын этикалық ұстаным тенденциясы шықты. Осылайша, негіздеу мәселесі этиканы жауапты қолдану мәселесіне айналатын жерде, жауапкершілік бар этикалардың нақты тарихи жағдайларымен үйлесу қағидасы болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ленк Х. Размышление о современной технике. – М.: Аспект Пресс,– 1996. – С.183.

  2. Чешев В.В. Взаимосвязь инженерной деятельности и научного знания // Вопросы философии. – 1986. − №3. – С. 53-60.

  3. Ефременко Д.В. Введение в оценку техники. – М.: МНЭПУ, 2002. – 188 с.

  4. Андерс Г. Размышления об атомной бомбе // Иностранная литература. – 1996. ̶ №1. – С.233-234.

  5. Zimmerli W. Wandelt sich die Verantwortung mit dem technischen Wandel? // Technik und Ethik / hrsg. H.Lenk, G.Ropohl. – Stuttgart, 1987. – S. 92-111.

  6. Митчем К. Что такое философия техники? – М.: Аспект Пресс, 1995. – 148 с.

  7. Йонас Г. Принцип ответственности. Опыт этики для технологической цивилизации / Перевод с нем., предсловие, примечания И.И.Маханькова. – М.: Айрис-Пресс, 2004. – 480 с.

  8. Ленк Х. Ответственность в технике, за технику с помощью техники // Философия техники В ФРГ. – М.: Прогресс, 1989. – С. 372-392.

  9. Хабермас Ю. Будущее человеческой природы. – М.: Весь Мир, 2002. – 144 с.

  10. Белл Д. Социальные рамки информационного общество // Новая технократическая волна на Западе. – М.: Прогресс, 1986. – С.330-342.

  11. Сколимовски Х. Философия техники как философия человека // Новая технократическая волна на Западе. – М.: Пргресс, 1986. – С. 240-249.

  12. Аль-Ани Н.М. Философия техники: очерки истории и теории / учебное пособие. – Спб, 2004 – 184 с.

  13. Хесле В. Философия и экология. – М.: Наука, 1993 – 205 с.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет