Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



бет1/3
Дата27.03.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3

«МЕЙІРБИКЕ» КОЛЛЕДЖІ»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



http://i.meirbike.com/u/pic/51/1f0e644c8a11e5994cd7f090639f51/-/%d0%9c%d0%b5%d0%b4%d0%ba%d0%be%d0%bb%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d0%b6.jpg


«КОЛЛЕДЖ

«МЕИРБИКЕ»

Товарищество с ограниченной ответственностью


«Хирургия-ішкі аурулар және стоматология» кафедрасы

Силлабус




СИЛЛАБУС

Мейірбике ісінің негіздері пәні
Мамандық - 0302000- « Мейіргер ісі»

Курс – 3


Семестр – 5,6

Теориялық сабақ саны –

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар - 244 сағат

Пән оқытушысы: Мергенбаева Ж.З

Бақылау формасы: (диф.сынақ, мемлекеттік емтихан)

Ақтау, 2016 ж

Силлабус жұмыс бағдарламасының негізіне сәйкес құрылды, «Мейіргер ісі» 0302000 мамандығы бойынша әзірленіп, кафедра меңгерушісі Бегимова А.Н. мен қарастырылып, 08 қазан 2016 жыл. талқыланып № 1 хаттамамен бекітілді.


Кафедра меңгерушісі: Бегимова А.Н.

1.Жалпы ақпараттар


    1. Оқу орны атауы: ТОО Колледж «Мейірбике»




    1. Пән: «Мейірбике ісінің негіздері»




    1. Мамандық: Мейіргер ісі




    1. Оқу сағаттарының көлемі: 244 сағат




    1. Оқу курсы мен семестрі: 3 курс. 5, 6, семестр




    1. Кафедрамен байланыс ақпараты:

Кафедра оқытушылары:






Оқытушының аты , жөні

пән

Байланыс ақпараты

1

Бегимова А.Н.

Акушерия және гинекология

doctor_25@mail.ru

2

Смаилова Ж.Д.

Ішкі аурулар




3

Калиев Р.Б.

Ішкі аурулар




4

Кыякбаева К.И.

Ішкі аурулар




5

Аяпова И.Н.

Балалар аурулары




6

Ахтанова Н.Х.

Балалар аурулары




7

Мергенбаева Дж.З.

Мейірбике ісі негіздері

Zhumagul.Mergenbaeva. 58@mail.ru

8

Шакканова М.

Мейірбике ісі негіздері




9

Жиентаева М.С.

Мейірбике ісі негіздері




10

Нургазиева М.С.

Хирургия




11

Серик К.Т.

Хирургия

Serik.kassim@yandex.kz

12

Еспагамбетова К.Б.

Физиотерапия және массаж




13

Байзулина Г.А.

Клиника-бх зерттеу




14

Серикова К.А.

Мед.паразитология




15

Конарбаева Л.

Хирургия




16

Азаматкызы С.

Жұқпалы аурулар




17

Кулышева Г.

Әлеуметтік мед.және денсаулықты сақтау басқармасы




18

Тұңғышбеккызы А.

Әлеуметтік мед.және денсаулықты сақтау басқармасы





2.1. Кіріспе
«Мейірбике ісі» қоршаған ортаның өзгеру салдарынан болып отыратын жағдайдағы жеке тұлғаның және халықтың денсаулығына байланысты, проблемаларды шешуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір саласы болып саналады. Ғылым ретінде медбикелік іс практикада тексерілген білімдерге сүйенеді. Алғашқыда медбикелік іс медицина, психология, социология, мәдениеттану ғылымдарынан бастау алған. Қазіргі заманда медбике ісіне жаңаша салалар қосылып жатыр(медбике ісінің философиясы, мененджменті, маркенинг, медбикелік педагогика, медбикелік ісіндегі қарым- қатынас, медбикелік үрдіс).

Медбикелердің негізгі мақсаты - сырқаттаған адамдардың, жанұяның, халықтың ден саулығын сақтап, жан- жақты ем көрсету болып табылады.

«Мейірбике ісінің негіздері» пәні медицина, биология, гигиеналық, клиникалық және қоғамдық пәндермен тығыз байланыста. Пәннің негізгі міндеті: медбикелік кәсіптік бағытта, жан- жақты білім алуға көмектесіп, мүмкіндік туғызу.

Ғылым және өнер болып саналатын медбикелік іс қазіргі уақытта өз алдына келесі мақсаттарды қояды:



- халықта медбике ісінің маңыздылығы, ерекшелігі жөнінде түсінік қалыптастыру;

- мамандық мінетті кеңейту және халықтың медбикелік қызметке қажеттілігін қалыптастыру үшін медбике қабілетіне көңіл аударып, нәтижені қолдана отырып дамыту;

- адамға, денсаулыққа, қоршаған ортаға деген медбикенің белгілі бір ойлау стилін қалыптастыру;

- этикалық, эстетикалық және деонтологиялық аспектілерді ескере отырып медбикелерді пациенттермен, жанұя мүшелерімен, өз әріптестерімен мәдениетті қарым- қатынас жасауға үйрету;

- медбикелік көмектердің жаңа технологияларын енгізу және өңдеу;

- медициналық ақпараттармен жоғары деңгейде қамтамасыз ету;

- медбикелік көмектің сапалы түрде нәтижелі стандарттармен құрастыру;

- медбикелік іс аймағында ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру;

Жоғарыда қойылған мақсаттарға жетуде және медбикелік ісі мамандық ретінде бекітілуі үшін, медбикелердің мамандық тілін стандарттауға жалпылай терминологияны қажет етеді. «Әрбір әйелдің өзін мейірімді әпке ретінде көрсете алатындығы туралы көп жазылып, айтылған. Менің болжауымша бұл күтімдердің негізі белгісіз болған» Флоренс Найтингейл, 1859 ж. 1920 ж. Флоренция қаласында мәдениетті бай жанұяда тұрған, балалық шағы Лондон қаласында өткен, Флоренс өте жақсы білім алды. Балалық шағынан бастапол өзін адамдарға қызмет етуге, әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған. Ағышын әскерінің Қырым соғысында қиын жағдайда екенін естіп, Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды медбикелер тобын құрастырып, 1854 жылы қазан айында жаралыларға және сырқаттанғандарға көмек көрсетуге аттанады. 1869 жылы Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші қайырымды медбикелердің мектебін ашады. Мектеп бітірген медбикелер Флоренс Найтингейлдің антын беретін. Найтингейлдің пікірі бойынша пациенттің жазылуы тек қана дәрігердің күтіміне байланысты емес, сонымен қатар ең бастысы пациент өз табиғатына басты көңіл аударып есептесіп отыруы керек деген. Ф. Найтингейл медбикелік ісін екі негізгі бөлікке бөледі:



  • дендері сау адамдарға күтім көрсету (адам ауруға душар болмау үшін алдын ала шараларын жасап отыру);

  • пациенттерді күту (ұзақ ғұмыр кешуіне жақсы жағдайлар туғызу).

Ф. Найтингейл бақылаулар мен ақпараттар негізінде пациенттің денінің саулығы қоршаған ортаман байланысты екенін анықтады. Ол медбикелік ісінің пролемаларының тарихтағы ғылыми әдістер бойынша шешімін тапқан. «Адамның жаны ауырғанда ғана танып білуге болмайды».

Тазалыққа, ауаға, тыныштыққа, дұрыс тамақтануына ерекше назар аударып, Флоренс Найтингейл медбике ісін «денсаулықты сауықтыру үшін, айналадағы ортаны қолдану керек» деп сипаттама берді. Медбикенің ең маңызды мақсаты: табиғат пациентке өзінің сауықтыру әсерін тигізу. Флоренс Найтингейл медбикелік ісін өнер деп атап, оның ғылыми, практикалық дайындығын ұйымдастыруын талап етіп, медбикелік ісінің мәселелерін шешу үшін ғылыми әдістерді қолданады. Ең алғашқы оның үлгісі бойынша Европада, содан кейін Америкада мектептер ашылды. Медбикелер өздерінің өнерін көрсетіп, арнайы медбикелік білімдерін құруына ерекше назар аударды. Пациенттің жеке тұлғасын сыйлау, сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету медбикенің кәсіби бағасына жатады.

Халықаралық медбикелік қоғамның алғашқы ұраны кездейсоқ емес, ол сүйіспеншілік, батылдық, абырой. Бірақ Флоренс Найтингейл өлімінен кейін, біраз қарама- қарсы өзгерістер болды. Ғылыми – ұйымдастырулық, саясаттық жоспарда денсаулық сақтау жүйесінің құрылу қағидасында әкімшілікпен, дәрігерлер медбикелерді арзан жұмыс күші ретінде экономикалық мақсаттарға мүмкіндік туғызды. АҚШ және Европада кейбір медбикелік мектептер аурухананың қарамағына кіріп, теориялық машықтану сабақтарын дәрігерлер жүргізеді. Медбикелер тек қана дәрігерлердің нұсқауын орындаушы ретінде болады. Бірақ осы әлеуметтік жағдайға қарамастан Флоренс Найтингейлдің бітіруші түлектері өзінің тәлімгерінің мұратына ілесіп, мамандық медбикелік практиканың дамуына тәуелсіз ынталарын көрсетті. Флоренс Найтингейлдің оқушылары мен ізбасарлары колледждермен университеттерде лайықты орын алуға ұсыныс жасады. Алғашқы медициналық университеттер АҚШ –та өткен ғасырдың аяғында ашылды, бірақ екінші отан соғысының аяғында олардың саны көбейді. Бүгінгі күні медбике ісі мамандық ретінде үнемі өзгеріп отырады. Бұл мамандық қоғамға қызмет ету үшін пайда болған және қазіргі заманда өз келбетін жоймаған. Әлеуметтік жағдайларға және денсаулық сақтаудың жаңа талаптарына сәйкес мейірбике қызметкерлерінің де рөлі өзгеріп отырады.

«Қазіргі заманда медбикелер дәрігерлердің нұсқауларын орындаушы болып қана қоймай, сонымен қатар өз бетімен шешім қабылдай алатындай жағдайда болуы тиіс»- деген өсиетті Вирджиния Хендерсон өзінің ізбасарларына өсиет еткен. В. Хендерсон зерттеуші ретінде медбикелердің пациенттерді күтудегі ең негізгі ережелерін өңдеп берген. Вирджиния Хендерсонның пациенттің ең негізгі деген 14 қажеттілігін ашатын теориясы медбике арасында кеңінен тарап әлемге әйгілі болды. В. Хендерсон медбике мамандығының мәніне мынадай түсінік берген: «медбикенің пациенттерді күтудегі қызметі»- сол пациенттің өз денсаулығына деген көз қарасын бағалау, пациенттің өз денсаулығын және өмірін сақтап қалудағы іс- әректтерді орындауына көмек көрсету.

Кәсіби медбикелік қарым - қатынаста «медбикелік үрдіс», «медбикелік диагноз» т.б. терминдер пайда болды. Мысалы: 1980 жылы Американдық медбике ассоциясында «медбикелік диагноз қойып және пациенттің ауруына деген реакциясын қорректендіру» туралы анықтама берген. Үнемі дамыған медбикелік ілімдерді талқылауды, тексеруді, қолдану және таратуды талап етті. 1952 жылы алғашқы «Несинг Рисерч» деген медбике ісінің халықаралық ғылыми журналы жарыққа шықты. Қазіргі уақытта Америкада екі мыңдық әртүрлі кәсіби медбикелік журналдар шығарылады. 1960 жылдары медбике ісінің аймағында докторантура бағдарламалары пайда бола бастады. 70- жылдардың аяғында АҚШ- та ғылыми доктор деңгейін алған медбикелердің саны 2000- ға дейін болды. 1973 жылы Америкада медбике ісінің Ұлттық институтының қарамағында медбикелік зерттеу Ұлттық орталығы ашылды. Ресейде ең бірінші мейірімділік қоғамдары 1884 ж Санкт- Петербургте ашылды. 1867 ж жарақаттар мен ауруларды емдеу және көмек көрсету ұйымы құрылды, кейін Ресейлік Қызыл Крест қоғамы деп атын өзгертті. Медбике ісі ежелден келе жатқан мамандық. I Петр заманында Ресейде бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. I Петр қайтыс болғаннан кейін Екатерина I кезінде госпитальдерде, лазареттерде әйелдердің жұмыс істеуі тоқтатылған. Тек қана жүз жылдан кейін Ресейде «Қайырымды медбикелер қасиетті қоғамын» құрып, қайырымды медбикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылған. Н.И. Пирагов 1954 ж бір топ қайырымды медбикелермен соғыс жүріп жатқан Севастополь қаласына келіп медицина тарихында бірінші рет, әрекетті Армияның емханаларында әйелдер жұмыс істеген. Сол кезде Н.И. Пирагов әйелдердің еңбекқорлығына таңданып былай деп жазған: «Соншама нәзік әйелдер жаралыларды күні- түні бағып қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөзбен көңілдерін жұбатып, тіпті бастионда зеңбіректің оғының астындағы жаралыларға да көмек көрсетуде». «Екатерина Хитрова, Екатерина Бакунина бастаған қайырымды медбикелер, өздерінің ерлік еңбектерімен Ресейде, тіпті шет елдерге де танымалы болды», деп атаған Н.И. Пирагов. Елімізде Қазан революциясынан кейін, медбикелік мамандықтың дамуының жаңа кезеңі басталды. Азамат соғысы кезінде медбикелік мектептерге бастауыш білімі бар адамдарды, ал медициналық техникумдарға жеті жылдық білімнен кейін қабылданған. Денсаулық сақтау жүйесінде оқулық мамандығының тізімдемесінде Ресейде «Медбике ісі» ресми түрде 1988 жылдан бастап енгізілген.

Денсаулық сақтау медбике ісінің негізгі бөлігі, оның қызметінде - денсаулық сақтау, аурудың

алдын алуы, психоэмоциональдық көмек көрсету және т.б. болып саналады. Ең маңыздысы, ол пациентке күтім жасау.

2.2. Дисциплина мақсаты: мейірімділікке, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, бір бірімен қарым – қатынасын орната білуге, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, науқас адамдарға, пациенттерге мейірімділікпен қарауға үйрету, тәрбиелеу және дағдыландыру.

2.3. Оқыту тапсырмалары:

Білімді форматтау:

- Мейірбике ісінің даму тарихы,

- Физикалық біліктілік, әлеуметтік денсаулықты толықтыру үшін адамға көмек көрсету;

- Халықтың денсаулығын күшейту және сақтау;

- Адамға өзінің денсаулығын сақтау үшін белсенді түрде қамқорлық көрсету;

- Денсаулыққа зиян келтіретін жағдайлардың алдын алу;

- Адамдардағы аурудың әсерін азайту;

- Өлім аузындағы жағдайда адамдарды барынша көрсетілетін күтіммен қамтамасыз ету.

Медбикенің жұмысы Бүкіл одақтық Денсаулық Сақтау ұйымы және медбикелік іс «Лемон» бойынша төрт әрекетті;

I- әрекет:

- алдын ала қолданылатын шаралар;

- медбикелік кірісулер(пациенттің және оның жанұя мүшелерін медбикелік үрдісті үйрету, психологиялық қолдауын көрсету).

- адам және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру;

- қажеттілігін анықтау және оған медбикелік іспен кірісу және жүргізу;

- денсаулығына байланысты алғашқы проблемасын анықтау;

- медбикелік күтімді жоспарлау және орындау;

- мамандық стандарттарын қолдану.

II- әрекет:

- пациенттерді және медбикелерді үйрету;

- адамның денсаулығын сақтауына, қалпына келтіруді қатынасты дағдысына, біліміне баға беру;

- сәйкестік деңгейде керекті хабарлауды дайындау және беріп отыру;

- жаңа білімді дағдылау үшін медбикелерге, пациенттерге, медицина қызметкерлеріне көмек көрсету;

- алынған мамандық бойынша стандарттарды қодану;

III- әрекет:

-медбике тәуелсіз, тәуелді рөлдерді орындау, медицина қызметкерлерінің құрамында пациенттерге қызмет көрсету; Бұл әрекеттәң кейбір компоненттері пациентпен оның жанұясына және басқа денсаулық саласындағы қызметкерлерінің жоспарын ұйымдастыруға қатысу және пациенттің жоспарын, күту нәтижесін талқылау.

IV- әрекет:

-медбикелік практиканың дамуы, зерттеулердің негізінде жүзеге асырылуы.


Студент келесі дағдыларды білуі керек:

- Мейіргер еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау;

- Ағзаға дәрілік заттарды енгізу әдістерін;

- Инвазивті манипуляцияларды орындауды;

- Жасанды тамақтандырудың түрлерін;

- Мейіргерлік диагноз қоюды;

-Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындауды;

- Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру;

-Паллиативті пациенттерге көмек көрсетуді;

- Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыруды;

- Шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

- Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді;

- Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыруды;

- Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді;

- Ас қорыту жұйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді;

- Асқазанды шаю. Стомаларды күту.

- Тазарту, сифонды, майлы, гипертониялық, дәрілік клизмаларды өткізуді.

- Постық, емшаралық мейіргердің жұмыс процессін ұйымдастыру, кезекшілікті тапсыру және қабылдау, пациент демалыстарын ұйымдастыру, медициналық құжаттармен жұмысын және санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу;

-Дәрілік заттарды қолдану туралы пациенттерді ақпараттандыру;

-Тері ішіне егу алгоритмы,

-Тері астына егу алгоритмы;

-Бұлшық ет ішіне егу алгоритмы;

-Көк тамырға егу алгоритмы;

-Көк тамырдан зерттеулерге қан алу(биохимиялық, серологиялық, глюкозаға төзімділік сынағына,);

-Көк тамырдан вакутайнер арқылы қан алу алгоритмі;

-Инфузия мен қан алуы, иньекция, венепункцияны дәрілік затты енгізу мақсатында қолдану;

-венозды катетерлермен жұмыс жасау;

-иньекциядан кейінгі асқынуларда пациенттерге көмек көрсету;

-тыныс алу, жүрек қан-тамыр, асқорыту, эндокриндік, зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі.

-пациент мәселесін анықтау және мейіргерлік картаны жүргізу;

-асқазанды шаю, клизмаларды қою, стомалар күтімі, уретральді катетерлерді қою;

-аспаптық зерттеу әдістеріне пациенттерді дайындау;

-гериатриялық пациенттер күтімі;

-паллиативті көмек көрсету;

-шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

-қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу .



-пациенттерді бақылауды жүргізу;

-пациенттермен әңгімелесу жүргізуді жаттығу

-пациент мәселелерін анықтап жаттығу;

-пациентпен, туыстарымен және отбасымен, айналасындағылармен эффективті қарым- қатынас принциптерін қолдану;

-медициналық сұхбаттасудың конфиденциалдылық принциптердің сақталуын іске асырады;

-пациенттермен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде уайым, қайғысымен бөлісу;



-конфликті жағдайлардың жойылуына және өндірістік конфликтердің шешілуіне әсер етеді.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент міндетті:

Когнитивтіные компетенция. Студент білімі бойынша мыналар форматталу керек:

  • - Мейіргер еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау;

  • - Ағзаға дәрілік заттарды енгізу әдістерін;

  • - Инвазивті манипуляцияларды орындауды;

  • - Жасанды тамақтандырудың түрлерін;

  • - Мейіргерлік диагноз қоюды;

  • -Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындауды;

  • - Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру;

  • -Паллиативті пациенттерге көмек көрсетуді;

  • - Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыруды;

  • - Шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

  • - Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді;

  • - Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыруды;

  • - Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді;

  • - Ас қорыту жұйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді;

  • - Асқазанды шаю. Стомаларды күту.

  • - Тазарту, сифонды, майлы, гипертониялық, дәрілік клизмаларды өткізуді.

  • - Постық, емшаралық мейіргердің жұмыс процессін ұйымдастыру, кезекшілікті тапсыру және қабылдау, пациент демалыстарын ұйымдастыру, медициналық құжаттармен жұмысын және санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу;

  • -Дәрілік заттарды қолдану туралы пациенттерді ақпараттандыру;

  • -Тері ішіне егу алгоритмы,

  • -Тері астына егу алгоритмы;

  • -Бұлшық ет ішіне егу алгоритмы;

  • -Көк тамырға егу алгоритмы;

  • -Көк тамырдан зерттеулерге қан алу(биохимиялық, серологиялық, глюкозаға төзімділік сынағына,);

  • -Көк тамырдан вакутайнер арқылы қан алу алгоритмі;

  • -Инфузия мен қан алуы, иньекция, венепункцияны дәрілік затты енгізу мақсатында қолдану;

  • -венозды катетерлермен жұмыс жасау;

  • -иньекциядан кейінгі асқынуларда пациенттерге көмек көрсету;

  • -тыныс алу, жүрек қан-тамыр, асқорыту, эндокриндік, зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі.

  • -пациент мәселесін анықтау және мейіргерлік картаны жүргізу;

  • -асқазанды шаю, клизмаларды қою, стомалар күтімі, уретральді катетерлерді қою;

  • -аспаптық зерттеу әдістеріне пациенттерді дайындау;

  • -гериатриялық пациенттер күтімі;

  • -паллиативті көмек көрсету;

  • -шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

  • -қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу .

  • -пациенттерді бақылауды жүргізу;

  • -пациенттермен әңгімелесу жүргізуді жаттығу

  • -пациент мәселелерін анықтап жаттығу;

  • -пациентпен, туыстарымен және отбасымен, айналасындағылармен эффективті қарым- қатынас принциптерін қолдану;

  • -медициналық сұхбаттасудың конфиденциалдылық принциптердің сақталуын іске асырады;

  • -пациенттермен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде уайым, қайғысымен бөлісу;

  • -конфликті жағдайлардың жойылуына және өндірістік конфликтердің шешілуіне әсер етеді.

Операциональды компетенция. Студент дағды бойынша мыналар форматталу керек:

1. Ағзаға дәрілік заттарды енгізу әдістері;

2. Инвазивті манипуляцияларды орындау;

3. Жасанды тамақтандыру;

4. Мейіргерлік диагноз қою;

5. Пациенттерді лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау;

6. Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру;

7. Паллиативті пациенттерге көмек көрсету;

8. Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру;

9. Шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

10. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу;

11. Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру;

12. Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтім;

13. Ас қорыту жұйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік күтім;

14. Асқазанды шаю. Стомаларды күту;

15. Тазарту, сифонды, майлы, гипертониялық, дәрілік клизмаларды өткізу;

16. Постық, емшаралық мейіргердің жұмыс процессін ұйымдастыру;

17. Кезекшілікті тапсыру және қабылдау, пациент демалыстарын ұйымдастыру;

18. Медициналық құжаттар мен жұмысын және санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу;

19. Дәрілік заттарды қолдану туралы пациенттерді ақпараттандыру;

20. Инфузия мен қан алуы, иньекция, венепункцияны дәрілік затты енгізу мақсатында қолдану;

21. Венозды катетерлермен жұмыс жасау;

22. Иньекциядан кейінгі асқынулардың алдын алу, емдеу, пациенттерге көмек көрсету;

23. Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі;

24. Жүрек қан-тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі;

25. Ас қорыту жүйесі ағзаларының қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі;

26. Эндокриндік, зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі.

27. Уретральді катетерлерді қою, күтім жасау;

28. Пациент мәселесін анықтау және мейіргерлік картаны жүргізу;

29. Асқазанды шаю, клизмаларды қою, стомалар күтімі;

30. Аспаптық зерттеу әдістеріне пациенттерді дайындау;

31. Гериатриялық пациенттер күтімі;

32. Паллиативті көмек көрсету;

33. Шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

34. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу;

35. Мәйітпен жұмыс істеу ережесі.

36. Пациенттерді бақылауды жүргізу, пациенттермен әңгімелесу жүргізу;

37. Пациент мәселелерін анықтап жаттығу;

38. Пациентпен, туыстарымен және отбасымен, айналасындағылармен эффективті қарым- қатынас принциптерін қолдану;

39. Медициналық сұхбаттасудың конфиденциалдылық принциптердің сақталуын іске асыру;

40.Пациенттермен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде уайым, қайғысымен бөлісу;

Аксиологиялық компетенциялар. Студентте келесі коммуникативті дағдылар болуы керек:


  • Клиникалық ойлаулар;

  • Дәлелді зерттеулер мен ғылыми ақпараттардың анализі;

  • Пациенттен сұрақ алу кезінде науқаспен дұрыс қарым қатынас жасау;

  • Науқастың өзімен, отбасы мүшелерімен, медициналық және басқа да әріптестермен сенімді қарым қатынасты орнату;

  • Топпен жұмыс.


Студентте құқықтық компетенциялар қалыптасуы керек (денсаулық адвокаты):

  • ҚР денсаулық кодексін үйрену;

  • ҚР ДСМ мен ҚР ББҒМ негізгі заңдарын үйрену;


Студентте өзін өзі жетілдіруі, дамуы керек: портфолио (студенттің жеке білімінің жетістіктері) әрбір сабақта жұмыстың келесі түрлері бойынша бағаланады: функциональды диагностика кабинетінде науқастарды қабылдау, презентация.
2.5. Пререквизиттер және постреквизиттер (студенттер осы пәнді үйрену үшін қажетті пәндер тізімі) қалыпты физиология, анатомия, микробиология, коммуникативті машықтар, мейірбике ісі негіздері, фармакология, жалпы гигиена, латын тілі,

Пререквизиттер: анатомия, физиология, латын тілі, фармакология негіздері,

психология және коммуникативті дағдылар негіздері.



Постреквизиттер: клиникалық пәндерге кіріспе.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны

Студенттерді мейірбике ісінің негіздері пәнінен тәжірибелік дағдыларды үйренуге, пациенттер мен және медициналық қызметкерлерімен өзара тығыз байланыста болып, маңызды мейіргерлік манипуляция техникасын үйрене отырып, науқасқа күтім көрсету және емдеу ісін жүзеге асыру.

Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары орта оқу орнының талаптарына сәйкес міндеттеріне негізделген. Сабаққа 15 минутқа кешігіп келген студент сабаққа жіберілмейді. Жіберілген сабақтың көлеміне сәйкес сабақты қайтадан ақылы өтейді. Жіберілген сабақтың көлемі 2 сағат болса студент толық 2 сағат қайта ақылы өтеу керек.

Жіберген сабақтардың қайтадан өтеу түрлері:

- практикалық сабақтын 2/3 көлемін бөлімшеде жұмыс істеу керек;

- кезекші жауапты оқытушыға өткізген сабақтын тақырыбына жауап беруі қажет.



Студенттердің практикалық сабақтарды, СӨЖ, жіберіп тапсырылмаған тақырыптары болса, сол студенттер емтиханға жіберілмейді. Жіберген сабақтарды студенттер семестрдің аяғына дейін қайта өтеуі керек.

Пән сағатгарының үлестірілуі:

Жалпы

Аудиторлық сағаттар

СӨЖ

сағаттар саны

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

Зертханалық сабақтар

Сөж




244

-

244

-

30

30

V-семестр

-

136

-

14

14

VI- семестр

-

108

-

16

16

2.7. Пән бойынша тақырыптық жоспар



Курс бөлімінің атауы


Бар-лығы

Сағат саны

тәжірибе




V-семестр







І

Мейіргердің кәсіптік дайындығы мен жұмысының ұйымдастырылуы

6

6

1

Мейіргердің кәсіптік дайындығы мен жұмысының ұйымдастырылуы

6

6

ІІ

Дәрілік терапияның тәсілдері және әдістері

66

66

1

Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері

6

6

2

Дәрілік заттардың энтеральды және сырттай қолдану әдістері

6

6

3

Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары.

6

6

4

Аспаптармен жұмыс және өңдеу этаптары кезінде мейіргердің қауіпсіздігі. Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды сорып алу

6

6

5

Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы

6

6

6

Бұлшық ет ішіне егу жасау техникасы

6

6

7

Көк тамырға егу жасау техникасы

6

6

8

Көк тамырдан қан алу техникасы

6

6

9

Көк тамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы.Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы

6

6

10

Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері

6

6

11

Кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері

6

6

ІІI

Жасанды тамақтандыру

6

6

1

Жасанды тамақтандырудың әдістері

6

6

IV

Ағзаның түрлі қызметтерінің бұзылыстары кезіндегі мейіргерлік үрдіс

58

58

1

Мейіргерлік үрдіс. Мейіргерлік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі

6

6

2

Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Оксигенотерапия.

6

6

3

Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс

6

6

4

Ас қорыту жұйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік процесс. Асқазанды шаю

6

6

5

Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Стомаларды күту

6

6

6

Клизмалар:тазарту және сифонды

4

4

7

Клизмалар: майлы, гипертониялық, дәрілік

6

6

8

Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс

6

6

9

Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы

6

6

10

Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс

6

6




Барлығы:

136

136






Курс бөлімініңатауы

Барлы

ғы

Сағат саны

тәжірибе




VI-семестр







V

Оңалту негіздері

18

18

1

Тірек – қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитация

6

6

2

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары кезіндегі реабилитация

6

6

3

Неврологиядағы реабилитация

6

6

VI

Пациенттерді зертханалық тексеру әдістеріне дайындау

12

12

1

Зертханалық зерттеу әдістері(глюкозаға төзімділік, глюкозотолеранттық сынақ, қанды биохимиялық зерттеуге алу, қанды ваккумді жүйемен алу).

6

6

2

Пациентті зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау (жасырын ағымды қант диабетінің диагностикасына, қақырықты жалпы клиникаға сараптама жинауға дайындау, атипиялық жасушаларға, туберкулез микобактериясына жинауға).

6

6

VII

Пациенттерді құралдармен тексеру әдістеріне дайындау

18

18

1

Рентгенологиялық зерттеу әдістері

6

6

2

Эндоскопиялық зерттеу әдістері

6

6

3

Ультрадыбысты, радиоизотопты ЯМРТ, КТ зерттеу әдістері

6

6

VIII

Гериатриялық пациенттерді бақылау және күту

18

18

1

Гериатриялық пациенттердің өзін- өзі сезіну динамикасын бақылау

6

6

2

Гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүргізу

6

6

3

Психикасында бұзылыстары бар егде және қарт адамдардың күтімі

6

6

IX

Паллиативті көмек

18

18

1

Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Паллиативті көмектің басты мақсаты

6

6

2

Стационар жағдайында паллиативті пациенттерді күту және бақылау

6

6

3

Үй жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері

6

6

X

Шұғыл жағдайлар

24

24

1

Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек

6

6

2

Қан ағу кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек

6

6

3

Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация

6

6

4

Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация. Мәйітпен жұмыс істеу ережесі

6

6




Барлығы:

108

108


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет