Жасушааралық зат алмасу жүретін, көршілес жасуша цитоплазмаларын өзара байланыстыратын саңылаулар орналасады



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/5
Дата25.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5
6-сынып

І бөлім. Ботаника.



  1. Жасушааралық зат алмасу жүретін, көршілес жасуша цитоплазмаларын өзара байланыстыратын саңылаулар орналасады:

А) цитоплазмада В) жасуша қабықшасында С) ядрода Д) вакуольде Е) пластидтерде

  1. Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән денешік:

А) рибосома В) ядрошық С) митохондрия Д) ядро Е) пластид

  1. Өсімдікке жасыл түс беретін және органикалық зат түзуге қатысатын пластидтер:

А) хлоропластар В) хромопластар С) митохондриялар Д) вакуоль Е) лейкопластар

  1. Жасуша шырыны болады:

А) цитоплазма В) ядро С) хлоропласт Д) вакуоль Е) митохондрия

  1. Гүл күлтеріне, піскен жемістерге қызыл, сары түс беретін пластидтер:

А) хлоропластар В) хомопластар С) митохондриялар Д) вакуоль Е) лейкопластар

  1. Жасушаның көбеюіне қатысады:

А) ядро В) вакуоль С) цитоплазма Д) рибосома Е) митохондрия

  1. Өсімдікте қоректік заттар қорын жинауға қатысатын түссіз пластидтер:

А) хлоропластар В) хромопластар С) митохондриялар Д) вакуоль Е) лейкопластар

  1. Цитоплазмадағы іші шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуыс:

А) ядро В) митохондрия С) вакуоль Д) ядрошық Е) пластид

  1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер:

А) рибосомалар В) митохондриялар С) вакуоль Д) ядрошық Е) пластидтер

  1. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

А) жасушалар тобы В) мүше С) жапырақ жұмсағы Д) организм Е) ұлпа

  1. Жасушалары үнемі бөлінуге қабілетті және өсімдіктің өсуін қамтамассыз ететін ұлпа:

А) жабын В) тірек С) түзуші Д) негізгі Е) қор жинаушы

  1. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын ұлпа:

А) жабын В) тірек С) түзуші Д) негізгі Е) қор жинаушы

  1. Өсімдіктерде тірек қызметін атқаратын ұлпа:

А) жабын В) тірек С) түзуші Д) негізгі Е) қор жинаушы

  1. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын организмнің бір бөлігі:

А) жасуша В) ұлпа С) жасушалар жүйесі Д) организм Е) мүше

  1. Өсімдіктің вегетативті мүшесіне жатпайды:

А) тамыр В) жапырақ С) гүл Д) сабақ Е) өркен

  1. Негізгі тамыр жақсы жетілген тамыр жүйесі:

А) негізгі В) жанама С) қосалқы Д) кіндік Е) шашақ

  1. Кіндік тамыр жүйесіне тән өсімдіктер:

А) бидай, үрмебұршақ, асқабақ В) үрмебұршақ, асқабақ, қауын С) пияз, күріш, беде

Д) жүгері, беде, пияз Е) жүгері, пияз, бидай



  1. Негізгі тамыр басқа тамырларға қарағанда нашар дамитын тамыр жүйесі:

А) негізгі В) жанама С) шашақ Д) кіндік Е) қосалқы

  1. Тамыр жүйесінде негізгі тамыры жақсы жетілген өсімдік:

А) пияз В) үрмебұршақ С) күріш Д) тары Е) сұлы

  1. Шашақ тамыр жүйесіне тән өсімдіктер:

А) үрмебұршақ, пияз, бидай В) асқабақ, арпа, қауын С) қарбыз, асқабақ, күріш

Д) күнбағыс, пияз, бидай Е) бидай, пияз, жүгері



  1. Жасушалары бөлінбей, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:

А) бөліну аймағы В) сору аймағы С) тамыр оймақшасы Д) өсу аймағы Е) өткізу аймағы

  1. Егер өсімдікте осы минералды зат жетіспесе, жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді:

А) азот В) фосфор С) кальций Д) калий Е) магний

  1. Егер өсімдікте осы минералды зат жетіспесе, өсімдік өте аласа болып өседі және тірек ұлпасы жетілмейді:

А) азот В) фосфор С) кальций Д) калий Е) магний

  1. Бірнеше жыл тыныштық куйде болатын бүршік:

А) төбе В) бүйір С) бұйыққан Д) қосалқы Е) қойнау

  1. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамитын бүршік:

А) төбе В) бүйір С) бұйыққан Д) қосалқы Е) қойнау

  1. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұратын орталық тірек:

А) сүзгілі түтіктер В) тоз С) буынаралық Д) өткізгіш түтіктер Е) сабақ

  1. Асбұршақ, үрмебұршақ сабағы:

А) тік В) шырмалғыш С) қысқарған Д) жатаған Е) өрмелегіш

  1. Асқабақ, қияр сабағы:

А) тік В) шырмалғыш С) қысқарған Д) жатаған Е) өрмелегіш

  1. Қабық пен сүректің аралығында орналасқан сабақтың нәзік қабаты:

А) өң В) тін С) өзек Д) тоз Е) камбий

  1. Қабықшасы қалың, өлі жасушалардан тұратын қабықтың қабаты:

А) өң В) тін С) өзек Д) тоз Е) камбий

  1. Сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат:

А) қабық В) камбий С) өзек Д) тін Е) сүрек

  1. Інжугүлдің түрі өзгерген өркені:

А) сояу В) түйнек С) тамырсабақ Д) шырынды сабақ Е) пиязшық

  1. Бүлдіргеннің түрі өзгерген жер асты өркені – тамыр сабағы:

А) жатаған В) шырынды С) бұршақ тәріздес Д) қысқарған Е) түйнек тәріздес

  1. Алма мен терек жапырақтарының жүйкеленуі:

А) саусақсалалы В) параллель С) үшқұлақты Д) доғалы Е) қауырсын тәрізді торлы

  1. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайдағы жапырақтың орналасуы:

А) қарама-қарсы В) жеке С) буынды Д) кезектесіп Е) топтанып

  1. Сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір-біріне қарама-қарсы бекініп орналасуы:

А) жұп В) қарама-қарсы С) топтанып Д) буынды Е) кезектесіп

  1. Егер бір буында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, онда мұндай орналасу:

А) қарама-қарсы В) кезектесіп С) үш-үштен Д) буынды Е) топтанып

  1. Өсімдіктердің органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген ғалым:

А) К.Тимирязев В) Ч.Дарвин С) Л.Пастер Д) В.Гельмонт Е) Н.Вавилов

  1. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым:

А) К.Тимирязев В) Ч.Дарвин С) Л.Пастер Д) В.Гельмонт Е) Н.Вавилов

  1. Сарыағаштың түрі өзгерген жапырағы:

А) мұртша В) қылқан С) шырынды жапырақ Д) қабыршақ Е) тікенек

  1. Бунақденелілермен қоректенетін өсімдік:

А) қалақай В) қарлыған С) гүлшетен Д) кактус Е) шықшылдық

  1. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алуда қолданылатын вегетативті көбею тәсілі:

А) өркен арқылы В) телу С) тамырсабақ арқылы Д) сұлатпа өркендеуі арқылы Е) қалемшелеу

  1. Гүлдің тостағаншасы мен күлтесі түзеді:

А) гүлтабанын В) жатынын С) гүлсақты Д) тостағанша жапырақшаларды Е) гүл серігін

  1. Бір гүлде аталық пен аналық болатын гүлдер:

А) бір жынысты В) қос жынысты С) аталық-аналық жынысты Д) бір үйлі Е) қос үйлі

  1. Күрделі гүлшоғыры:

А) шашақ В) шатыр С) сыпыртқы Д) собық Е) себет

  1. Пияздың гүлшоғыры:

А) шашақ В) себет С) қалқанша Д) масақ Е) жай шатыр

  1. Аталық тозаңының аналықтың аузына түзу процесі:

А) көбею В) қосарынан ұрықтану С) тозаңдану Д) пісіп-жетілу Е) ұрықтану

  1. Жатынның тұқым бүршігі ішінде болады:

А) ядро, спермий В) жұмыртқа жасушасы және ең ірі жасуша С) тұқым бастамасы Д) спермий Е) эндосперм

  1. Ішінде тұқымдары көп сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ шырынды жеміс:

А) жидек тәрізді В) дәнек С) жаңғақ Д) сүйекті Е) жидек

  1. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс:

А) бұршаққын В) қауашақ С) жаңғақ Д) бұршаққын Е) тұқымша

  1. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс:

А) бұршаққын В) қанатты жеміс С) бұршаққап Д) қауашық Е) жаңғақ

  1. Ішкі бөлімі сүйектенген, ішіндегі тұқымы біреу немесе бірнешеу, сыртқы қабығы жұмсақ, жұқа шырынды жеміс:

А) жеміс В) сүйекті жеміс С) бұршаққап Д) жидек тәрізді Е) жаңғақ

  1. Теректің тұқымы таралады:

А) су арқылы В) бунақденелілер арқылы С) жануарлар арқылы Д) құстар арқылы Е) жел арқылы

  1. Бөденешөп тұқымы таралады:

А) су арқылы В) бунақденелілер арқылы С) жануарлар арқылы Д) құстар арқылы Е) жел арқылы

  1. Сүйелшөп тұқымы таралады:

А) су арқылы В) бунақденелілер арқылы С) жануарлар арқылы Д) құстар арқылы Е) жел арқылы

  1. Сабақтың жапырақ өсетін жері:

А) буын В) буынаралық С) сағақ Д) жапырақ қойнауы Е) қынап

  1. Қысқарған өркенде қысқа болады:

А) буындары В) қойнауы С) бүршіктері Д) сабағы Е) буынаралықтары

  1. Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік:

А) қойнау В) жанама С) төбе Д) бұйыққан Е) қосалқы

  1. Жапырақ сабаққа бекінеді:

А) бүршік арқылы В) тамыр арқылы С) жанаспалы жасушалар арқылы

  1. Сабақ, жапырақ, бүршік түзеді:

А) тамырды В) гүлді С) өркенді Д) жемісті Е) тұқымды

  1. Кактус тікенектері – түрі өзгерген:

А) жапырақ В) өркен С) жеміс Д) тамыр Е) гүл

  1. Түйнек арқылы көбейеді:

А) бүлдірген В) құлпынай С) картоп Д) қарағай Е) гиацинт (сүмбілшаш)

  1. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ көбейеді:

А) түйнек арқылы В) тамырсабақ арқылы С) мұртшалары арқылы

Д) пиязшықтары арқылы Е) қалемше арқылы



  1. Гүлден дамиды:

А) жеміс пен тұқым В) жапырақ С) өркен Д) тамыр Е) сабақ

  1. Генеративті мүше:

А) сабақ В) гүл С) өркен Д) жапырақ Е) тамыр

  1. Бақбақтың гүлшоғыры:

А) шатыр В) собық С) себет Д) шоқпарбас Е) қалқанша

  1. Томат жемісі:

А) асқабақты В) сүйекті С) жидек Д) тұқымша Е) қауашақ

  1. Фотосинтез процесі жүретін пластидтер:

А) лейкопластар В) хлоропластарда С) хромопластар Д) пропластидтер Е) амилопластар

  1. Тамыр ұшы аймақтарының дұрыс реті:

А) өсу аймағы, бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы.

В) бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы, өсу аймағы.

С) бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы.

Д) өткізу аймағы, бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы,

Е) сору аймағы, өсу аймағы, бөліну аймағы, өткізу аймағы.


  1. Күрделі жапырақ болады:

А) алмада В) асбұршақта С) еменде Д) теректе Е) қайыңда

  1. Капуста жемісі:

А) бұршаққын В) қауашақ С) бұршаққап Д) жаңғақ Е) тұқымша

  1. Өсімдік тыныс алатын газ:

А) сутегі В) азот С) оттегі Д) көмірқышқыл газы Е) хлор

6-сынып



ІІ бөлім. Ботаника.

  1. Жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жататын дүние:

А) бытыранықтар В) саңырауқұлақтар С) жануарлар Д) вирустар Е) өсімдіктер

  1. Басқа тірі ағзаларда ғана көбейе алатын жасушасы жоқ ағзалық зат:

А) бытыранықтар В) саңырауқұлақтар С) жануарлар Д) вирустар Е) өсімдіктер

  1. Өсімдіктерге де, жануарларға да тән қасиеттері бар ағзалар:

А) бытыранықтар В) саңырауқұлақтар С) жануарлар Д) вирустар Е) өсімдіктер

  1. Фотосинтез жолымен ағзалық заттарды жасайтын ағзалар:

А) бытыранықтар В) саңырауқұлақтар С) жануарлар Д) вирустар Е) өсімдіктер

  1. Тірі ағзалардың құрылысы, мекен ету ортасы және басқа белгілеріне байланысты топтпастыру:

А) бриология В) систематика С) биогеография Д) гельминтология Е) палеонтология

  1. Ядросыз тірі ағзалар:

А) өсімдіктер В) эукариоттар С) саңырауқұлақтар Д) жануарлар Е) прокариоттар

  1. Ядролы тірі ағзалар аталады:

А) бактериялар В) эукариоттар С) вирустар Д) коккалар Е) прокариоттар

  1. Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан голландиялық ғалым:

А) Л. Пастер В) Ч. Дарвин С) С. Навашин Д) А. Левенгук Е) Н. Вавилов

  1. Ағзаларда ауру тудыратын ұсақ ағзалар бар екенін дәлелдеген ғалым:

А) Л. Пастер В) Ч. Дарвин С) С. Навашин Д) А. Левенгук Е) Н. Вавилов

  1. Ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым:

А) систематика В) микология С) микробиология Д) гельминтология Е) палеонтология

  1. Пішіні шар тәрізді бактериялар:

А) бактериондар В) таяқша тәрізділер С) оралма тәрізділер Д) коккалар Е) спирилдер

  1. Жасушалары екі-екіден орналасқан бактериялар:

А) коккалар В) диплококкалар С) стафилококкалар Д) спирилдер Е) сарциналар

  1. Жасушалары төрт-төрттен ораласқан бактериялар:

А) коккалар В) диплококкалар С) стафилококкалар Д) спирилдер Е) тетракоккалар

  1. Жасушалары жүзім тәріздес шоқтанып орналасқан бактериялар:

А) коккалар В) диплококкалар С) стафилококкалар Д) спирилдер Е) тетракоккалар

  1. Жануарлардың өлекселері, өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін бактериялар:

А) автотрофтылар В) сапрофиттер С) продуценттер Д) консументтер Е) паразиттер

  1. Тірі ағза жасушаларындағы дайын ағзалық заттармен қоректенетін бактериялар:

А) автотрофтылар В) сапрофиттер С) продуценттер Д) консументтер Е) паразиттер

  1. Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы:

А) ластану В) індет (эпидемия) С) бактериоз Д) дизентерия Е) бөнде заттардың енуі

  1. Бактериялардың өсімдіктерді зақымдап, туғызатын ауруы:

А) ластану В) індет (эпидемия) С) бактериоз Д) дизентерия Е) бөнде заттардың енуі

  1. 1882 жылы адамның өкпесінде туберкулез қоздырғышын ашқан ғалым:

А) Л. Пастер В) Ч. Дарвин С) С. Навашин Д) А. Левенгук Е) Р. Кох

  1. Бактериялар туғызатын мақта ауруы:

А) дизентерия В) тат ауруы С) ақұнтақ Д) гоммоз(шайыр ағу) Е) фитофтороз

  1. Ағзалық заттарды ыдыратып, ғаламшар тазалаушысы (санитары) қызметін атқаратын бактериялар:

А) шіріту В) түйнек С) ашытқы Д) топырақ Е) цианобактериялар

  1. Ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдыратын бактериялар:

А) шіріту В) цианобактериялар С) паразиттер Д) топырақ Е) сапрофиттер

  1. 1892 ж. Темекі теңбілі вирусын алғаш рет ашқан орыс биологы:

А) Л. Пастер В) С. Навашин С) Д. Ивановский Д) А. Левенгук Е) Р. Кох

  1. Бактерия жасушасына енетін вирустар:

А) паразиттер В) микробтар С) темекі теңбілі Д) бактериофактар Е) антибиотиктер

  1. Саңырау құлақтарды зерттейтін ғылым:

А) эмбриология В) гельминтология С) микология Д) ботаника Е) палеонтология

  1. Түссіз әрі тарамдалған жіңішке жіпшелерден түзілген саңырауқұлақтардың өсімді денесі:

А) жіпшелер В) жіпшумақ С) мукор Д) зооспарангий Е) конидий

  1. Арнайы жіпшелердің бөлінуінен пайда болатын шаң түріндегі спора:

А) жіпшелер В) зооспора С) спорангий Д) жіпшумақ Е) конидий

  1. Зең саңырауқұлақтарына жатпайды:

А) пеницилл В) мукор С) ақ зең Д) аспергилл Е) ашытқы

  1. Екі ағзаның пайдалы селбесіп тіршілік етуі:

А) коршілес В) өзара байланыс С) өзара достастық Д) симбиоз Е) өзара әрекеттесу

  1. Сыртқы белгілері бойынша ұқсас және өзара будандасып өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатын ағзалар бірігетін топ:

А) туыс В) түр С) бөлім Д) тұқымдас Е) класс

  1. Денесінде ұлпаларыболмайтын және мүшелерге бөлінбейтін балдырлардың өсімді бөлігі:

А) жіпшумақ В) таллом С) жіптер Д) жіпшелер Е) спорангий

  1. Бір жасушалы жасыл балдыр:

А) спирогира В) ультрикс С) саргассум Д) хлорелла Е) ламинария

  1. Көпжасушалы жіп тәрізді жасыл балдыр:

А) хламидомонада В) улотрикс С) саргассум Д) хлорелла Е) ламинария

  1. Мыналардың қайсысы қыналардың бөліміне жатпайды?

А) бұғы қынасы В) ягель С) плюмария Д) пармелия Е) кладония

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым:

А) гельминтология В) палеонтология С) альгология Д) микология Е) бриология

  1. Мүктердің бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі:

А) жіпшелер В) ризоидтар С) тамырлар Д) жіпшумақ Е) тамырсабақ

  1. Ашық тұқымды өсімдік:

А) емен В) баобаб С) балқарағай Д) шамшат Е) эвкалипт

  1. Гүлді өсімдіктерде қосарынан ұрықтану нәтижесінде тұқым бүршігінен пайда болады:

А) спора В) жеміс серігі С) түйін Д) тұқым Е) жеміс

  1. Өсімдік ұрығына қажетті қор заттары жиналады:

А) эндоспермде В) жеміс серігінде С) түйінде Д) тұқымда Е) жемісте

  1. Жұмыртқа жасушасының бір спермиямен қосылуынан пайда болады:

А) эндосперм В) ұрық С) тұқым Д) жеміс Е) түйін

  1. Қосжарнақтылар класына жатады:

А) алаботалылар тұқымдасы В) інжугүл тұқымдасы С) пияз тұқымдасы

Д) астық тұқымдасы Е) лалагүлдер тұқымдасы



  1. Қосжарнақтылар класына жатады:

А) құртқашаштар тұқымдасы В) лалагүлдер тұқымдасы С) асқабақ тұқымдасы

Д) астық тұқымдасы Е) пияз тұқымдасы



  1. Даражарнақтылар класына жатады:

А) бұршақ тұқымдасы В) раушангүлділер тұқымдасы С) алаботалылар тұқымдасы

Д) алқалылар тұқымдасы Е) құрқашаштар тұқымдасы



  1. Даражарнақтылар класына жатады:

А) бұршақ тұқымдасы В) раушангүлділер тұқымдасы С) алаботалылар тұқымдасы

Д) алқалылар тұқымдасы Е) астық тұқымдасы



  1. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық отаны болып саналады:

А) өріктің В) күріштің С) қарақұмықтың Д) қызылшаның Е) картоптың

  1. Жерортатеңіздік орталық отаны болып саналады:

А) орамжапырақтың В) құмайдың С) томаттың Д) күріштің Е) мақтаның

  1. Орталықамерикалық орталық отаны болып саналады:

А) пияздың В)қарақұмықтың С) арпаның Д) жүгерінің Е) өріктің

  1. Оңтүстікамерикалық орталық отаны болып саналады:

А) томаттың В) күріштің С) бидайдың Д) жүгерінің Е) шәйдің

  1. Күздік бидай сортына (іріктеме) жатады:

А) Харьковская 46 В) Саратовская 29 С) Одесская 31 Д) Московская 21 Е) Новосибирская 67

  1. Жаздық бидай сортына жатады:

А) Одесская 31 В) Полесская 70 С) Новосибирская 67 Д) Безостая 1 Е) Краснодарская 39

  1. Жемісі ұзынша болып келетін, көп тұқымды өсімдік:

А) алма В) шетен С) баклажан Д) айва Е) пияз

  1. Алма жеміс:

А) алма В) бүлдірген С) құрма Д) жүзім Е) мандарин

  1. Жидек жеміс:

А) каштан В) інжір С) долана Д) жүзім Е) шетен

  1. Цитрусты жеміс:

А) алмұрт В) өрік С) мандарин Д) алхоры Е) айва

  1. Субтропикалық өсімдік:

А) құрма В) жүзім С) мандарин Д) өрік Е) апельсин

  1. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығарумен айналысатын ғылым:

А) ботаника В) селекция С) бриология Д) палеонтология Е) микология

  1. Қолдан шығарылған өсімдіктер түрлері:

А) түр В) тұқымдас С) класс Д) туыс Е) іріктеме

  1. Қолдан шығарылған жануарлар түрлері:

А) түр В) тұқымдас С) іріктеме Д) туыс Е) қолтұқым

  1. Мәдени өсімдіктердің саналуандығы және шығу орталығын зерттеген ғалым:

А) Л. Пастер В) Ч. Дарвин С) Р. Кох Д) А. Левенгук Е) Н. Вавилов

  1. Дәнді дақылға жатпайтын астық тұқымдас өсімдігі:

А) бидай В) қара бидай С) қара сұлы Д) тары Е) арпа

  1. Қағаз өндірісінде шикізат ретінде және құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын астық тұқымдас өсімдігі:

А) бамбук В) қонақ С) бидайық Д) бидай Е) арпабас

  1. Астық тұқымдасына жататын арамшөп:

А) бамбук В) тары С) қара сұлы Д) қамыс Е) сұлы

  1. Құрамында фитонцид көп мөлшерде кездесетін өсімдік:

А) інжугүл В) лапыз С) запран Д) сарымсақ Е) тамырдәрі

  1. Інжугүл тұқымдасына жататын улы өсімдік:

А) лалагүл В) інжугүл С) секпілгүл Д) пияз Е) тамырдәрі

  1. Сүйелді кетіруге қолданылатын өсімдік:

А) айдаршөп В) тарғақ С) көкнәр Д) сүйелшөп Е) көкпек

  1. Алабота тұқымдасына жататын өсімдік:

А) көкнәр В) көкпек С) қыша Д) сүйелшөп Е) қияр

  1. Көкнәр тұқымдасына жататын туыс:

А) алабота В) сексеуіл С) шпинат Д) айдаршөп Е) тарғақ

  1. Асқабақтар тұқымдасына жататын туыс:

А) алабота В) тарғақ С) қызылша Д) айдаршөп Е) қияр

  1. Арамшөп:

А) рапс В) қыша С) қанатжеміс Д) арыш Е) мақта

  1. Баобабқа жататын тұқымдас:

А) бомбакс В) алаботалылар С) құртқашаштар Д) алқалылар Е) көкнәрлар

  1. Құлқайырлар тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік:

А) гибискус В) құлқайыр С) шәйқұрай Д) айдаршөп(шток-роза) Е) жалбыз тікен

  1. Раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік:

А) қара сұлы В) қыша С) ақбасқурай Д) шыршай Е) қанатжеміс

  1. Жапырағы үшқұлақты күрделі жапырақ:

А) таңқурай В) қазтабан С) шие Д) итмұрын Е) шетен

  1. Жапырағы жай, раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік:

    : uploads -> doc
    doc -> Олар: аңға байланысты
    doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
    doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
    doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
    doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
    doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
    doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
    doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет