Жасыл қалемшелеу арқылы сәндік және цитрусты бөлме өсімдіктерін көбейту



жүктеу 159.49 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі159.49 Kb.
ЖАСЫЛ ҚАЛЕМШЕЛЕУ АРҚЫЛЫ СӘНДІК ЖӘНЕ ЦИТРУСТЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІН КӨБЕЙТУ

Жакупжанова М.Ф., Қамбарова А.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы, k.aiko_94@mail.ru., мadinka.zhf@mail.ru

Ғылыми жетекші: Бахтаулова А.С.


Жасыл қалемшелеу вегетативті көбейе алатын өсімдіктердің қалемше арқылы көбеюінің бір түрі. Қалемше деп аналық өсімдіктерден кесіп алынған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қалемшелері арқылы көбейгенде полярлық заңдылықты естен шығармау керек.

Сабақтан кесілген қалемше қыстық немесе жаздық болуы мүмкін. Қыстық қалемше жапырақсыз (бірақ бүршіктері бар), 1-3 жылда ұзындығы 20-30 см болатын кесінді. Жаздық қалемше жапырағы бар ұзындығы 3-4 см болатын, осы жылғы сабақтан дайындалған кесінді [1].

Жапырақтан дайындалған қалемше жапырақ тақтасынан және сағақтан тұрады. Қосалқы тамырлары көп жағдайда жапырақтың төменгі бетінен, оның үлкен жүйкелерінің тарамдалған жерінен, ал бүршіктері мен сабақтары оның үстіңгі бетінен кетеді. Жапырақтан дайындалған қалемше арқылы өсімдіктердің аздаған түрлерін ғана (лалагүл, бегония, алоэ және т.б.) көбейтуге болады.

Тамырдан дайындалған қалемшелер мен қосалқы бүршіктері оңай пайда болатын өсімдіктерді көбейтуге болады (таңқурай, шие, қараөрік, финик пальмасы, раушангүл, флокс және т.б.).

Жасыл қалемшелеу арқылы көбею әдістемесі сабақ қалемшелерінің пайда болуы мен және жанама тамырлардың пайда болуымен байланысты. Осы құбылыс әрбір өсімдіктерде әртүрлі дәрежеде байқалады. Көбінесе дифференциалды қасиеттерге шөптесін жас өсімдіктер, бұтақты өсімдіктер, көп жылдық өсімдіктер ие, ал аз дәрежелі өсімдіктерге ағашты өсімдіктердің түрлері, қылқан жапырақты өсімдіктер, бірақ олардың да ішінде жасыл қалемшелеу арқылы көбейе алатын өсімдіктер бар [2].

Қалемшелерде жанама тамырлардың пайда болуы каллустың қалыптасуына байланысты. Каллус қалемшелерге қоршаған ортаның қатаң құбылыстарына және инфекциялардың түсуінің алдын алатын тұрақтылық береді.

Бұл технология көбінесе өсімдіктердің регенерацияға қабілеттілігіне байланысты қалыптасады, олар қауіп тиген мүшелерін тез қалпына келтіреді. Жасыл қалемшелеу арқылы көбейту бір жатын қалемшеден 300 дана қалемше алуға болады. Бұл әдіс жаңа түрлер мен жаңа сорттарды кеңейтеді және вегетативті көбеюмен және тез көбею формасына жатады (пайдалы селекциялы формаларды, жоғалып бара жатқан сорттар, өсімдіктердің өз қалпына келуі).

Сәндік өсімдіктердің осы әдіс арқылы өркендерін қолданады, бойларының ұзындығы өсіп болған кезде, ағаштана алмаған және ағаштану бағыты жартылай болған кездерде осы әдісті қолданады. Қалемшелерді дәл осы тәсілмен таңертенгі уақытта жасалады, өркендеріндегі ылғал көп болған кезде. Ауа-райы құбылмалы болған кезде бұл әдісті күні бойы жүргізу мүмкін.

Жасыл қалемшелердің ұзындықтары 5-10 см, олардың ұзындығы олардың қуыстарына байланысты. Оларда екі қуыс және бір ақ ғана қуыс болады. Өсімдіктерді егудің алдында тамырлардың өсуін күшейтетін (корневин, гетероауксин және т.б.) керекті препараттармен өңдейді. Өңделгеннен кейін оларды арнайы ыдыстарға немесе жылыжайларға орналастырады. Жылыжайдың ішінде өсімдіктерге арналған суғару автомат машинасы мен «жасанды тұман» машиналары орналасқан. Жасанды тұман машинасы керекті ылғалдықты 80-90% сақтап тұрады. Осының арқасында өсімдіктердің қалемшелері тамырланады [3].

Жасыл қалемшелерді өсіру технологиясының артықшылықтары бар. Бұл технология өсімдік егетін жерлерді қопсытады және тыңайтады. Жоғарғы мүше тамырларды алады, олардың физиологиялық және генетикалық артықшылықтары басқа өсімдіктерге ұқсамайды, сол себепті олардың көбею коэффициенттері жоғары және олар аз уақыт ішінде өсіп шығады.



Фитогормондар, өсімдіктер гормондары  өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Олар 10−11 М – ге дейін жететін төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер ете алады. Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбір бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндарға сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндермен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні.

Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және т.б. жатады.Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде өндірілетін, және өсімдіктің басқа бөліктеріне тасымалданатын химиялық қосылыстар тек кішкентай концентрацияда ғана әсерлі және ферменттерге қарағанда төмен спецификациямен ерекшеленеді. Бұл гормондарды танитын жасушалардың әртүрлі жұмыс жасау жағдайымен түсіндіріледі. Фитогормондардың әсері басқа сыртқы және ішкі факторлармен де анықталады. Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды [3].



Фитогормондардың мынандай қасиеттері бар: а) гормондар жоғары активті заттар, өте аз концентрацияда қолданылатын; б) гормондар өсімдіктердің бір жағында дамиды да одан кейін оның басқа бөлшектеріне жылжиды және сол жерде өзінің қасиеттерін көрсетеді; в) әрбір фитогормон функционалдық процесстер мен структуралық регуляцияларда белсене қатысады және т.б., фитогормон полуфункционалды қасиеттерге ие бола алады; г) гормоналдық қалыптына келтіру жүйесіндегі өмір сүруі, дамуы мен өсуінде бір ғана гормон қатыспайды, ал бірнеше гормон қатысады; д) фитогормондарды қалпына келтіруде өсімді организмдер трофикалық фактормен (сулы режиммен минералды және көміртекті қоректенумен) тығыз байланысты, фенольдық метоболизмде, фитогормондардың басқа заттарға айналуына қатысады.

Гетероауксин – 50 ден 200 мг/л дейін, тамырлардың пайда болуына, қалемшелердің тез шығуына, көшеттердің тез жеміс беруіне ынталандырушы белсенді зат.

Гетероауксин өсімдік жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы зор, өсу процестеріне демеу болатын өсімдіктер гормоны, индол туындылары. Гетероауксин жасанды және табиғи жолмен түзіледі. Жасанды Гетероауксин – өсімдік өсіру тәжірибесінде қолданылатын кристалды заттардан (мыс., индолил май қышқылы, нафтил-сірке қышқылы, т.б.) алынады. Табиғи гетероауксин өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Олар өсіп келе жатқан өркендердің ұштарында, тұқымда, тұқымжарнақта пайда болып, жасушалардың созылуын, сабақтың, жапырақтардың, тамыр кесінділерінің өсуін, олардың иілгіштік қасиеттерінің пайда болуын тудырады, қалемшелердің тамырлану қарқынын тездетеді. Гетероауксин әсерінен қышқылданған клетка қабығы жұмсарып, оның құрамындағы целлюлоза және пектиндік полимерлері үзіліп, қасиеті өзгереді. Бұл ішкі (тургорлық) қысымның әсерінен өсіп келе жатқан жасушаның созылуын жеңілдетеді. Гетероауксин қоректік ортада өскен өсімдік ұлпасында (каллус) және қалемшелерде қосалқы тамырлардың пайда болуына ықпал ететіндіктен, көбеюі жеделдейді [4]. Гетероауксин мен өсімдік гормондары (цитокининдердің) біріккен үйлесімді әсері жасанды ортада өскен жасуша ұлпаларының жіктелуін және тамыр түзілуін қамтамасыз етеді. Гетероауксин қалемшелерді тамырландыру, түйіндер мен жемістердің ерте үзіліп түспеуі үшін және гербицид ретінде қолданылады. Ағашты өсімдіктердің қалемшелеріндегі гетероауксиннің мөлшері 50-200 мг/л дейін тербеледі.

Циркон (гидроксилді ерітінділер қоспасы) – 1 мл/л суға препаратты қосады, бұл препарат тамырлардың өсуіне, гүлденуіне және жеміс беруіне көмектеседі. Циркон өсімдіктердің табиғаттың химиялық, биологиялық, физикалық әсерлерінен қорғайды. Ең бастысы циркон өсімдіктерді түрлі аурулардан сақтап тұрады.

Цирконмен тыңайту препарат болып есептеледі, өсімдіктердің стресске тойтарыс бергізетін препарат. Өсімдіктерді осы препаратпен өңдеп болған соң, мынандай аурулармен зиянкестерге тойтарыс бере алады. Олар: фузариоздар, бактериоздар, монилиоздардан, перонопроздар. Цирконды пайдаланудың кейбір артықшылықтары:өнім сапасын жақсарту; өнімдерідің аптадан тым ерте қалыптасуы; өнімдердің өнімділі 40-60% -ға өсті; тамырмен жемістің қалыптастыруын ынталандырады; өнімдерінде ауыр металдардың жинақталуы азайтады; тамырлануыдың мерзімі қысқарады; өсімдіктерге құрғақшылық, жарық, артық ылғалдың суық, жоқтығынан аман сақтаудан көмектеседі.



Корневин (индолилді майлы қышқылы) – 1 г/л су, бұл биоынталандыратын препарат өсімдіктерге арналған, құрамына индолил май қышқылы 5 г/кг концентрациясында, өсімдікке жаққанда, өсімдік бетіндегі ұлпалары кішкене тітіркенеді, содан кейін каллюстардың пайда болуына себепші болады. Индолилді майлы қышқыл топыраққа түскеннен кейін, табиғи синтез топыраққа түскеннен кейін фитогормон гетероауксин көрсеткішін көрсетеді. Бұл препарат тамырлардың пайда болуына себепші болады. Сол себепті корневин жай қимылдайды. Қимыл күйі жай болғанымен келешекте оның қасиеттері көмектеседі.

Цитрус (Cіtrus) — рута тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұта; шырынды жемістер беретін мәңгі жасыл өсімдіктердің үлкен тобы [5]. Отаны Онтүстік-батыс Азия. 60-тан астам түрі, түр тармағы бар. Апельсин, грейпфрут, мандарин, лимон көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок және т.б аз тараған. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем, компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабығынан алынатын эфир майы әтірге, иіссулар қосылады. Кейбір цитрусты өсімдіктер үй жағдайында декоративті өсімдік ретінде өсіруге болады. Бірақ кейбір түрлері жеміс бере алады. Қыс айларында үй жағдайындағы терезе алдыда және кішірігім бақтарда өсетін цитрусты өсімдіктердің биіктігі 2 метр болады: каламондин (C.microcarpa, синоним C.mitis), кумкват (Fortunella japonica), лимон (C.limon), гибрид Citrus и Fortunella - цитрофортунелла (Citrofortunella mitis), цитрон (C.medica), грейпфрут (C.paradisi), мандарин (C.reticulata), апельсин қытайлық тәтті немесе цитрус (C.sinensis), т.б.



Лимон (C.limon) - жарыққа қатынасы: жарық сүйгіш; ылғалға қатынасы: бірқалыпты ылғалды қалайды; гүлдену мерзімі: көктем, жаз; мәдениетте құндылығы: әдемі гүлденеді, декоративті өсімдіктер, жеуге жарамды, дәріклік қасиеті бар, хош иісті. Үй лимонын өсіруде оның биологиялық және тұқымдық белгілерін, яғни сортын ажырату керектігін ескерген дұрыс. Сонымен қатар оны көбейту жолдарын, зиянкестер мен аурулардан қорғау жолдарын білген дұрыс. Үйде өсіргенде ең ұзақ жасайтын ағаш 1,5 метрді, ал бөлме кең, әрі үлкен жарық терезелері болса, лимондар   3 метр және одан да биік болып өседі.

Лимон – бұл өте тікенекті сабақты кішігірім ағаш. Жапырақтары жалпақ, ұзынша келген, құрамында темір мен эфир майы бар. Негізінен 2-3 жылда  ескіріп, жаңа жапырақтар салып отырады. Гүлдері  4-5 см дейін үлкен, қосжынысты болады, біреуден, екеуден салады. Қауызы бес аптаның ішінде жетіліп, 7-9 апта гүл ашады. Жемістің өсіп, пісуі гүлінің түсіп, түйнек салып, бөлме температурасында піскеніне қарай 230 күнге дейін созылады. Жазғы уақытта жарық пен жылудың молдығы себебінен бұл 180-200 күнге  дейін азаяды. Егер жақын арада телінген жас ағаш гүл салатын болса, өсімдік өз күшін құртпай, алдағы уақытта  қалыпты өркендеуі үшін оны ашылмай тұрып, түйін кезінде жұлып тастаған дұрыс. Екінші рет гүлдеген кезде түйіндерді жұлмайды. Көп жағдайда жемістерді қаншалықты  «тамақтандыра алатынын», қаншалықты артық гүлдерді тастайтынын ағаш өзі біледі. Егер ағашта ең кемі 20 шақты жапырақ болатын болса, гүл ашып, жеміс салуына болады.



Мандарин (Cіtrus retіculata) — руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жеріҮндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б.

Елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда жеміс бере бастайды. 1 жылда 10 — 12 жылдық ағаштың 1 га-сынан 500 ц-дей өнім алынады. Суыққа төзімді, жапырақтары –6,5°С-қа дейін үсімейді. Әк және қарашірігі мол құнарлы топырақта жақсы өседі. Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған. Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума - шемешкісіз мандарин сорты [5].

Бенджамин фикусы (Ficus benjamina) - тұт тұқымдасына жататын, үй гүлдерінің ішіндегі ең кең таралғаны және танымалы десек те болады. Туысында 1500-2000-ға жуық түрі болғанымен «Каучук фикусы» көп өсірілетін түрі. Сонымен қатар, «Бенджамин фикусы» және «Эластика фикусы» деген түрлерін де өсірушілер қатары көбейіп келеді. Әдемі жапырақтарына бола бұл гүлді нағыз мекеме гүлі деп айтады. Дегенмен де фикус көпшілікке ең алдымен көп күтімді қажет етпейтін «көнбістігімен» танымал болған шығар. Бүгінгі біз айтқалы отырған фикус «каучук фикусы». Каучук фикусының өзі бірнеше топқа бөлінеді. Алғашында, жасыл, жалпақ жапырақты бір түрі болса, қазіргі кезде оның сары ала, ақ ала, қызыл ала және ұсақ жапырақты, бойы аласа секілді бірнеше түрі шығарылды. Барлық түрінің күтімі бірдей. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жапырағының түстерінде ғана.

Өзіне тән жағдайларда, тропиктің елдерде Оңтүстік Азия және Солтүстік Австралияда жыл бойы жылы және кей кездері ылғалды, Бенджамин фикусы 30 метрлі үлкен ағаш болып өседі.Тіке түскен күн сәулесін көтере алмайды. Ала жапырақты түрлері жарықты ұнатады, көлеңкеде ала түсін жоғалтып, жай жасылға айналып кетеді. Жарық жетіспегеннен төменгі жапырақтары түсіп қалады. Жылу сүйгіш өсімдік. Қыста температура 16-18С төмен болмағаны дұрыс. Жылдың барлық мезгілінде бірқалыпты суғару қажет. Ол фикусқа әрі ылғалдылық беріп, әрі жапырақтарын шаңнан тазартады. Ұсақ жапырақты фикустарға су бүркіп тұру қажет. Тамырлары жердің тереңдігіне барады, олардың тамырлары ұзын және қалың болады [5].

Гибискус (Hibiscus) құлқайырлар тұқымдасына жататын бір жылдық бұта. Негізінен тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, Балқаш Алакөл ойысында, Қызылқұмда кездесеті 2 түрі бар: кендір гибискус (cаnnabіnus) және үшқатар Гибискус (trіоnіum). Олардың биікт. 50 – 75 см, кейде 3 – 4 м-ге жетеді. Кіндік тамырлы, сабағы тік, көп қырлы. Жапырақтарының жиектері әр түрлі иректеліп, өркен бойына кезектесіп орналасады. Сары, ақ түсті ірі гүлдері жапырақ қолтығынан дамиды. Жәндіктермен тозаңданады. Маусым – қазанда гүлдеп, тамыз – қарашада жемістенеді. Жемісі 5 ұялы, көп тұқымды қауашақ. Жас жемістерін және бамияны көкөніс ретінде жеуге болады. Гибискустың барлық мүшесінде кілегей зат шығаратын ерекше клеткалары бар. Бұл клеткалар өсімдіктің бойындағы ылғал мөлшерін реттеп отыратындықтан, өсімдік шөлді жерге төзімді келеді. Гибискус – талшықты өсімдік. Одан бағалы кендір, арқан есетін, қап тоқитын жіп, су өтпейтін кенеп, ал тұқымынан май алынады. Кейде гибискусты сәндік үшін де өсіреді.

Жапониялық бересклет (Euonymus japonicus) отаны Жапония, бұталы және кішкентай ағашты болып өседі ( кей кездері бірнеше метрге дейін барады). Бұл мәнгі жасыл, декоративті жапырақты өсімдік, гүлдері ұсақ және кішкентай, оларды жапырақтарының жылтырлығы үшін өсіреді. Жапырақтарының түсі қоңыр – жасыл, тарғыл түсті. Кесілген бұтақтарынан түрлі формалар жасауға болады. Батыс Европада оларды ашық жерлерде кей кездері шамшаттармен өсіреді. Климатты қатаң аудардарда бұл өсімдіктерді үйде өсіреді, ал жазда үйде өсіреді. Бересклет кішгірім үскірікті көтереді.

Бағбандар бұл өсімдіктің көптеген сорттарын шығарған: жапырақтары сарғыщ, ақшыл, күмісті немесе ақ дақтарымен. Осылардың арасындағы бойы кіші сорт 'Ovatus Aureus', Aurcovariegalus атты есіммен әйгілі. Aureus сортының жолақтары сарғыш, ал ұшы жасыл. 'Microphyllus' сорты өзінің ұсақ жапырақтарымен мирт өсімдігіне ұқсас, сондықтан 'Myrtifolius' деп атайды оларды үй бөлме жағдайларында өсіруге болады [5].

Бұдан басқа жапырақты қабыршақтар болады, оларды түрлі өнідірістерде әдемлік үшін қолданады. Сүйелді бересклет - бересклет тұқымдасына жататын ұлы бұта. Биіктігі 1-2 м. Жапырағы қысқа сағақты, жүұыртқа тәріздес немесе сопақша эллипсис, ұзындығы 1,5-9 см. Гүлшоғыры бір немесе екі рет үш бөлікке бөлінген, 3-9 гүлді. Гүлінің диаметрі 6-10 мм, жапырақшаларының дөңгеленген жасыл көк дағы бар. Жайық жайылымы, Амангелді ауылы маңында, еменді орманда тараған.

Өзен аңғарлары мен жыраларда өседі. Мамыр-шілдеде гүлдеп, шілде-қазанда жеміс береді. Кейбір бөлме түрлері 1,5 метрге дейін өседі, орта бойлылары бірнеше дициметрге дейін жетеді. Қабыржық тез өседі, жылына 10-20 см қосады (сорттарына байланысты).

Табиғи ареалы: Жапониялық бересклеттың отаны – Оңтүстік – Батыс Азия, Япония, Қытай мен Кореяның жартысы. Европаға бересклет ХІХ ғасырда алып келінген.

Жұмыс нәтижелері жасыл қалемшелеу технологиясында цитрус дақылдарының қалемшелерінің тамырлануын арттыру, көшеттің шығу өнімі мен сапасын арттыру мақсатында қолдануға болады. Цитрусты аналық ағаштарын өсу реттегіштерімен өңдеу тәсілдерін қолдану олардың қалемшелерінің белсенді регенерациялануына және тамырланған көшеттің түсімі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді (кесте 1).


Кесте 1. Жұмыстың барысы

Өсімдіктің атауы

Отырғызылған қалемшелердің саны

Температура

Ылғалдылығы

Негізгі қалемше

Гетероаукцинмен өңделген

Корневинмен өңделген

Цирконмен өңделген

Мейер лимоны

2

2

2

2

20-24С

80%

Мандарин

3

4

4

4

Дженоа лимоны

4

5

5

5

Кәдімгі лимон

8

6

6

6

Бенджамин фикусы

5

5

5

5

Япониялық бересклет

4

3

3

3

Гибискус

4

3

3

3

Күтілетін нәтиже: алғаш рет өсу реттегішінің әсерімен цитрус дақылдарының аналық өсімдіктерінің қалемшелерінің белсенді регенерациялануы және тамырланған қалемшелердің сапасы мен түсімінің артуының заңдылықтары орнатылды. Цитрусты дақылдарды жасыл қалемшелеу барысында әр түрлі өсу реттегіштерінің бірлескен қолдануының нәтижесінде ерекшеліктері анықталды.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Тарасенко М.Т. Зеленое черенкование садовых и лесных культур. – М.: Изд-во МСХА, 1991. – С. 272

  2. Мерганов А.Т. Влияние возраста маточных растений на укореняемость зеленых черенков // Приемы размножения и усовершенствования технологии возделывания плодовых и овощных культур в Узбекистане. Ташкент, 1981. С. 36-39.

  3. С.А., Ходжаев Ф. и др. Применение стимуляторов роста – один из решающих приемов получения саженцев зеленым черенкованием // Тр. Ташкентского СХИ. 1981 С.50-55.

  4. Агафонов Н.В., Фаустов В.В. Применение регуляторов роста в плодоводстве. М.: Изд-во ТСХА, 1972.

  5. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы.- Алматы: «Санат», 1998.

  6. Қайым Қ., Сәтімбеков Р., Әметов Ә., Қожантаева Ж. Биология.- Алматы: «Атамұра», 2012. - 82-85 б.


К докладу прилагается регистрационная форма:

Ф.И.О. Жакупжанова Мадина Фархатовна, Камбарова Айгерим

Место учебы: Жетысуский государственный университет им. И. Жансугуров

Название доклада:

Секция: Естественные и технические науки

Домашний адрес: Самал мкр., дом 22, кв. 67. Ул. Тельмана 2

Телефон: 25-61-43, 87071496012, 87074923010

E-mail: k.aiko_94@mail.ru., мadinka.zhf@mail.ru
: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет