Жас ұрпақТЫҢ рухани-эстетикалық ЖӘне өнертану өрісінің дамуы г. А. Калдыбаева



Дата02.11.2017
өлшемі69.59 Kb.
ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ ӨРІСІНІҢ ДАМУЫ

Г.А. Калдыбаева

ҚРСО мүшесі, аға оқытушы

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті

Қазақстан, Алматы қаласы, cool.gulmariya@mail.ru
Кілт сөздер: Өнер, рухани-эстетика, шығармашылық, бейнелеу өнері, көркем білім.

Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бейнелеу өнерінің болашақ мұғалімдерін дайындау, кәсіби көркемдік білім жүйесін құрайтын - білімгерлерді, бейнелеу өнерінің қыры мен сырын, өзіне тән жасалу заңдылықтарын, көркем-мәнерлілік тілін, жасау құралдарын бірізділікпен игеруге баулитын, сол арқылы көркем бейнелеу дағдыны, біліктілікті, қабілеттілікті, шығармашылық шеберлікті шыңдау құралдары: бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихы, академиялық сурет, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін пәндері негізінде жүзеге асырылады. Бірақта, бейнелеу өнерінің болашақ мұғалімдерін даярлаудағы оқыту жүйесі, тек практикалық көркем бейнелеу іс-әрекеттерімен, көркемдік біліктілікті, дағдыны, машықты қалыптастыруымен ғана шектелмейді. Бүгінгі білімгер – болашақ бейнелеу өнері пәні мұғалімінің көркемдік білімі мен практикалық кәсіби даярлығымен бірге, педагогика, психология ғылымы саласынан білімдар болуы шартты мәселе. Өткен ғасырдағы атақты орыстың педагог-суретшісі П.П.Чистяковтың «Шығармалары көрмелер мен мұражайлардан орын алатын атақты кәсіби суретші мұғалім бола алмауы, ал бейнелеу өнерінен шәкірт дайындаудың әдіс-тәсілін терең меңгерген кәсіби педагог атақты суретші болмауы мүмкін» деген тұжырымды пікірі осыған орай айтылса керек [3]. Білімгерлер оқу-тәрбие үрдісінде педагогика пәнінен – тәрбие мен оқыту (дидактика) теориясы, жалпы оқыту әдістерімен, білім беруді жоспарлау, ұйымдастыру, басқару (педагогикалық менеджмент) проблемаларымен танысады; психологиядан – жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты қалыптасуына, саналы дамуына ықпал ететін психикалық үрдіспен (қабылдау, сезіну, әсерлену, ойлау, қиялдау, таным т.б.) танысады. Жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының, көркемдік сезімталдығы мен талғам өрісінің дамуына ықпал ететін рухани-эстетикалық тәрбие құралы - өнер.



Түрлі өнер саласындағы суреткерлердің шығармалары, әсіресе бейнелеу өнеріне тән көркемдік құндылықтар, жеке тұлғаның эстетикалық қалыптасуына зор ықпал жасап келді. Өнер - қоршаған әлем болмысына, қоғамның рухани өміріне деген адамзаттың эстетикалық қатынасын, дүниетанымын қалыптастырып келе жатқан қоғамдық сананың және өмір шындығын көркем бейне арқылы қайта жаңғыртатын адам іс-әрекеттерінің ерекше формасы. Адамзат жасаған материалдық дүниенің эстетикалық сипатын, адамдардың дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы туралы философиялық, эстетикалық, этнографиялық, әлеуметтану саласындағы еңбектерге сүйенсек, адамзат әсемдікті танып білуде өнердің эстетикалық заңдылықтарын пайдалана отырып қол жеткізгенін, сөйтіп өнердің адам жанына әсемдік талғамын қондырған ең алғашқы құралы болғанын пайымдаймыз. Өнер түрлері сан-алуан. Олар, өзіне тән мәнерлілік құралдарымен, көркем-бейнелі образдарымен қоршаған өмір шындығын, сұлулықты, табиғат болмысын, оның құбылыстарын суреттей отырып, адамдардың, әсемдікті, тарихи-әлеуметтік құбылыстарды, халықтың өткені мен бүгінгі өмір-тіршілігін, дүниетанымдық белгілерін танып білуіне, өзі өмір сүріп отырған қоғам өміріне деген эстетикалық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге зор мүмкіндік жасап келеді. Өнер арқылы жеке тұлғаның көркем-эстетикалық даму табиғаты – философия, эстетика, өнертану, өнер тарихы, мәдениеттану, психология, педагогика сияқты түрлі ғылымдардың зерттеу нысанасынан түскен емес. Өнер табиғатын, оның ішінде: кескіндеме, графика, сәндік қолөнер, мүсін, дизайн, сәулет өнерлерін өз жүйесінде қамтитын – бейнелеу өнерінің қоғамдық мәнін эстетикалық, өнертанымдық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда зерттеу, өнердің көркемдік әрі ғылыми дүниетаным құралы ретіндегі арақатынасын тануға, көркемдік білім мен тәрбие мәселелеріне аса қажетті мағлұматтарды игеруге зор мүмкіндік туғызады. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде, әр кезеңдегі адамзат қоғамының даму ерекшелеігіне байланысты, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға, көркемдік мәдени құндылықтар негізінде рухани дамытуға бағытталған педагогикалық ой-пікірлер, теориялық тұжырымдар, тәжірибелер мен әдістер, ұлттық дәстүрлер мен тәрбие түрлерінің мәні мен мазмұны арнайы әдебиеттерде мол жинақталған. Өнер табиғатын ғылыми тұрғыда терең зерттеу, философиялық ілімнің ерекше саласы – эстетика ғылымының үлесіне тиді. Философия, эстетика – өнерді, қоғамдылық сананың категориялары және «сұлулық заңдылығына» сәйкес өнердің шығуы, дамуы, қоғам өміріндегі орны, жеке тұлғаның қоршаған шындықты игерудегі шығармашылық іс-әрекетінің жемісі тұрғысында зерттесе, өнерді, соның ішінде бейнелеу өнерінің табиғаты мен заңдылықтарын және көркем шығармашылықтың барлық түрлерінің ерекшеліктері мен адамзат мәдениеті жүйесіндегі алатын орнын, мәнін, маңызын зерттейтін кешенді ғылым - өнертанудың нысанасы саналады. Өнертану ғылымының зерттеу нысанасының бір саласы - пластикалық өнер. Өнертану ғылымы - өнер тарихы, теориясы және өнер сыны салалары бойынша, сонымен бірге, өнер психологиясы, өнер социологиясы, мұражайтану, өнер ескерткіштерін қорғау сияқты жеке бөлімдері арқылы зерттеулер жүргізеді [1].

Өнер теориясы – ғылыми-теориялық, әдіснамалық критерийлерін анықтаса, өнер тарихы - өнердің шығу, қалыптасу, даму жолдарының хронологиялық сатысын ашып көрсетеді, ал өнер сыны - әр дәуір өнеріндегі түрлі ағымдар, бағыттар мен стильдердің қоғамдық қатынастар мен қажеттілікке тәуелділігін, үйлесімділігін, немесе, уақыт талабын сезіне, қазіргі кезеңнің көркемдік үрдісімен байланыста танып білуді қамтамасыз етеді. Жеке тұлғаның психикалық қалыптасуы мен дамуына өнер түрлерінің, соның ішінде, бейнелеу өнерінің әсерін, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік білім беру теориясын, оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістемелік мазмұнын зерттеу – психология мен педагогика ғылымдарының үлесіне тиеді. Көркем-шығармашылық ой-өрісі, қоршаған өмір шындығының болмысына деген адамгершілік, гуманистік, эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан тұлға, алдыңғы ұрпақ жасап қалдырған көркем-материалдық, рухани-эстетикалық құндылықтарды танып білуге, сақтауға, құрметтеуге және сол құндылықтарды өзінің күнделікті өмірінде қолдануға, халыққа таратуға, насихаттауға ұмтылады. Бұл үрдіс – эстетикалық тәрбиенің басты принциптері. Бүгінге дейін, эстетикалық тәрбие теориясында қалыптасқан тұжырымдар мен педагогикалық көзқарастар, қазіргі эстетикалық категориялар жүйесінің, ғылымның, өнердің, сол сияқты адамдардың өнерге деген қатынасы мен шығармашылық іс-әрекеттері түрлерінің жаңа бағыттарға ауыса дамуына байланысты, өнер арқылы, соның ішінде бейнелеу өнері арқылы, көркемдік білім беру мазмұнын қайта құрудың өзекті мәселелерін зерттеуге жетелейді. Ең алдымен, эстетикалық тәрбиенің басты құралы саналатын бейнелеу өнер табиғатын, оның түрлі жанрларындағы шындық болмысының сұлулық заңдылықтарына сәйкес бейнелену мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Жас ұрпаққа түрлі көркемөнердің қыры мен сырын, өнердің адам, қоғам өміріндегі ролін, өнердің көркем бейнелілік құралдары мен өзіне тән тілін меңгерте отырып, оларға, өнер саласындағы шығармашылық іс-әрекеттері арқылы халқымыздың рухани мәдениетінің бай мұраларын игерту, туған халқының өміріндегі парасатты эстетикалық дәстүрлеріне деген дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, имандылық-эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан, жеке тұлғаның рухани дамуына өнердің әсерлі ықпалын, оның танымдық компоненттерін дұрыс бағдарлау, эстетикалық тәрбие жүйесін сындарлы мазмұнда жасау, эстетикалық білім негіздерін игертудің маңызды педагогикалық, психологиялық принциптарін анықтаумен тікелей байланысты мәселе [2].

Жас ұрпақты түрлі өнермен қауыштыру, білім беру мен шығармашылық ой-өрісін дамыту, қоршаған өмірге деген эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру – отбасы, балабақшадан бастап, білім беру жүйесінің барлық саласындағы көркемдік білім мен тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі. Мектепте, жас ұрпаққа рухани-эстетикалық тәрбие беруді қамтамасыз ету негізінен: әдебиет, музыка, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер пәндері арқылы жүзеге асырылады. Қандай өнер түрі болмасын, қоршаған шындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы, баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін, қоршаған өмір шындығына деген эмоциялық қатынасының қалыптасуын сапалы дәрежеге жеткізетін сезімдік, танымдық, талғамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ол міндеттерді жүзеге асыратын оқу пәні – мектептегі „Бейнелеу өнері“. Мектептегі бейнелеу өнері – басқа оқу пәндерінен ерекше, өзіндік тәлім-тәрбиелік атқаратын қызметі, ықпалды әдіс-тәсілдері мол пән. Бейнелеу өнері, басқа пәндер сияқты, тәлім-тәрбиенің сан-алуан түрлерін (имандылық, эстетикалық, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, экологиялық т.б.) толық қамтиды. Бейнелеу өнері, сан-алуан түрлері мен жанрларының жан-жақтылығымен, айшықты туындыларымен, қоршаған өмір шындығын танып білуге, табиғат сұлулығын, құбылыстарын, адам өміріндегі еңбек жемісінің мәнін, рухани, мәдени дүниенің маңызын, туған халқының өнерін, салт-дәстүрін, эстетикалық құндылықтарын т.б. оқушының мектептегі көркемдік білім үрдісі арқылы игеруін қамтамасыз етеді. Мектептегі бейнелеу өнері пәні, балалардың көркем шығармашылық ізденісі мен іскерлігін, психологиялық қасиеттерін (болмыстағы қуанышты сүйіспеншілік сезімімен қабылдау, байыптау, елестету, есте сақтау, ойлау т.б.); эмоциялы сезімін, талғампаздық таным өрісін (өнердегі, табиғаттағы әсемдікті, сұлулықты қабылдау, ләззат алу, әсерлену, эстетикалық тұрғыда баға беру т.б.) дамыту арқылы, өнерге деген ықыластығын, өз ортасына әсемдік енгізуге деген құштарлыққа баулиды, рухани-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырады.



  1. Қамақ Ә.О. Мектепте бейнелеу өнеріне оқыту жүйесі. Оқулық. – Тараз, 2012

  2. Аманжолов С.А. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы. Бейнелеу өнерінің оқу құралы. – Астана:ЕҰУ, 2006

  3. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. – М., 1980

Резюме

Освоение юным поколением тайн и секретов художественного творчества в области искусства, формирование здавого смысла, эстетического мировоззрения, через богатое наследие национальной духовной культуры родного народа.



Summary
Development by young generation of mysteries and secrets of art creativity in the field arts, formation of sense, esthetic outlook, through the rich heritage of national spiritual culture of the native people.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет