Жарқырады ерлердің жұлдыздары Қазыналы қарашаңырақ



Pdf көрінісі
Дата22.02.2019
өлшемі29.05 Kb.

Жарқырады ерлердің жұлдыздары 

Қазыналы қарашаңырақ 

 

Күштеп  ұжымдастыру,  ашаршылық,  репрессия,  қанқұйлы  соғыс  сияқты  ауыр  кезеңдерді  бастан 



кешкен  халық.  Ұлы  Отан  соғысынан  кейін  «ух»  деп  бір  дем  алып,  бүлінген  халық  шаруашылығын 

қалпына  келтіру  ісіне  құлшына  кірісіп  кетті.  Сталиндік  тоталитарлык,  режим  де  халыққа  бір  ауық 

тыныштық беріп, бар игіліктің иесі - жұмысшы табының беделін көтеру шараларын ойпастырды. Соған 

орай  моральдық-материалдық,  ынталанадыру  шаралары  қарастырылды.  Тіпті  бір  жолғы  жоғары 

көрсеткіші  үшін  орден,  медальдармен,  аса  үздік  нəтиже  үшін  Социалистік  Еңбек  Ері  сияқты  құрметті 

атақпен наградтау осы жылдары белен алды. 

Республика  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  жəне  дамытудың  төртінші  бес  жылдыққа 

арналған  жоспарында  экономикалық  жəне  мəдени  орталық  ретінде  Қарағандыға  ерекше  орын  берілді. 

1946-1950 жылдары облыстың барлық шаруашылық салаларын, алдымен көмір өнеркəсібін интенсивті 

дамыту  көзделді.  Жалпы  қуаты 6,5 млн.  тонналық 17 шахта  салу,  Саран  жəне  Шерубай-Нұра  көмір 

кеніштерін игеру жоспарлаңцы. 

Өндірістің  барлық  салаларында  социалистік  жарыс  кенінен  өрістеді.  Мұнда  да  алдынғы  қатарда 

шахтерлер  болды.  Мəселен  №33/34  шахтасының  проходкашылар  бригадирі  Петр  Акулов  кен 

қазбаларын дайындауда жоғарғы қарқынға жету жөнінде бастама көтерді. 1945 жылғы 24 қазанда оның 

бригадасы 17 тəуліктік норманы орындап, одақтық рекорд көрсетті. Бұл бастаманы көмір комбайнының 

машинисі Бəшір Нұрмағамбетов, навалоотбойшылар бригадирі Сəкен Шоманов, проходкашы Ғадиолла 

Хайрулин жəне басқалары қолдады. 

Көмір өнеркəсібінде жоғары нəтижеге жетуде Қарағанды конструкторы Семен Макаровтың ойлап 

шығарған  кен  комбайнының  маңызы  зор  болды.  Ол  жасаған  ГМК-1 (Макаров  кен  комбайны) 

шахталарда кеңінен қолданыла бастады. 1947 жылдың өзінде осындай 24 құрылғы жұмыс істеді, соның 

нəтижесінде бассейнде ең жоғары еңбек өнімділігіне қол жетті. Яғни айына 15822 тонна, жылына 417 

мың  тонна  көмір  өндірілді.  Бұдан  кейін  өндіріс  жаңашылы  ГМК-2,  КМ-6М,  КМ-4М  көмір 

комбайндарын,  УДП-2  көмір  қопарып  тиейтін  машина  құрастырды.  Ол  басқарған  шағын  топ 

Қарағандыдағы кен техникасын жасау жəне жетілдіру жөніндегі арнаулы конструкторлық бюро құруға 

ұласты. 1948 жылғы 9 маусымдағы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен «Көмірді бірден шауып 

құлатып, оны ұзын забойлардағы транспортерлерге тиеу үшін Макаров системасындағы жоғары өнімді 

комбайнның  конструкциясын  жасап,  оны  өндірісте  қолданғаны  үшін»  конструкторлар  С.Макаров, 

П.Денисов,  №31  шахтаның  бастығы  Л.Егоров  КСРО  мемлекеттік  сыйлығын  алды.  Сол  қаулымен 

Қарағанды  көмір  бассейнінде  кокстелетін  көмірдің  жаңа  учаскелерін  ашуды  қамтамасыз  еткен 

геологиялык,  зерттеу  жұмыстары  үшін  ғалым-геологтар  А.Гапеев,  Г.Кушев,  Г.Медоев  жəне  «Қазақ 

көмір барлау» тресінің геологы З.Семенова да одақтық. мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 

Шахтерлердің  социалистік  жарысты  өрістетудегі  ролі  ескеріліп 1947 жылдың 10 қыркүйегінде 

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен кəсіби мереке - Шахтер күні тағайындалып, жыл 

сайын тамыздың соңғы жексенбісінде атап өту белгіленді. Мұның өзі 1935 жылы көмір өнеркəсібінде 

басталған  стахановшылар  қозғалысына  көрсетілген  құрмет  еді.  Осыған  орай  Қарағандыда  алғашқы 

Шахтер  күні 1948 жылғы 27 тамызда  кең  көлемде  атап  өтілді.  Бассейн  шахталарында  салтанатты 

жиналыстар  брлып,  онда  соғыстан  кейінгі  бесжылдық  ішінде  атқарылған  істер  қорытындыланды. 

Алғашқы  мерекені  қарағандылықтар  зор  өрлеу  үстінде  қарсы  алды.  Өйткені  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 

Президиумының  Жарлығымен  Одақта 150 шахтерге  Социалистік  Еңбек  Ері  атағы  берілді.  Солардың 

ішінен 10 адам қарағандылық болып шықты. Олар: озат кеншілер, №33/34 шахтасының проходкашылар 

бригадирі  Петр  Акулов,  Костенко  атындағы  шахтаның  кеншісі  Жансейіт  Абдрахманов,  №8/9 

шахтасының навалоотбойшылар бригадирі Мұстафа Айтқұлов №44/45 шахтасының комбайн-машинисі 

Бəшір  Нұрмағамбетов,  №64  шахтаның  проходкашысы  Ғалиолла  Хайруллин,  №18/5  шахтасының 

навалоотбойшылар  бригадирі  Сəкен  Шоманов  жəне  өндіріс  командирлері,  Киров  көмір  тресінің 

басқарушысы А.Воронков, №44/45 шахтасының бастығы Түсіп Күзембаев, №20 шахтасының бастығы 

Д.Обухов, Қарағанды көмір комбинатының бастығы В.Шибаев еді. 

Сол  жылдары  ауыл  шаруашылығы  еңбеккерлері  де  екпінді  еңбектерімен  көріне  білді. «Алтын 

жұлдызға» алдымен облыс диқандарының өкілдері ие болды. Облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің 

1948  жылғы 30 сəуір  күнгі  номерінде  мынадай  хабар  жарияланды: «Кеше  ҚК(б)П  облыстық 

комитетінде  КСР  Одағы  Жоғары  Советі  Президиумының  Жарлығы  бойынша  Социалистік  Еңбек  Ері 

атағы  берілген  облысымыздың  озат  адамдарына  ордендер  мен  медальдар  тапсыруға  арналған 


салтанатты  мəжіліс  болды.  КСР  Одағы  Жоғарғы  Советінің  Президиумы  атынан  ҚК(б)П  облыстық 

комитетінің  секретары  Абабков  жолдас  Социалистік  Еңбек  Ерлеріне - Тельман  ауданына  қарайтын 

Доскей  атындағы  колхоздың  звено  бастығы  Дəкей  Асылбекова,  Нұра  ауданындағы  Киевка  МТС-інің 

трактор  бригадасының  бригадирі  Ибрагим  Смағулов,  Киевка  МТС-інің  директоры  Даниил  Ильич 

Скоромный  жолдастарға  Ленин  орденін  жəне  «Орақ  пен  Балға»  алтын  медалін  тапсырды...  Киевка 

МТС-індегі трактор бригадасының бригадирі Смағұлов жолдас сөйлеп: - Биыл Осакаров ауданындағы 

Ударный  МТС-інің  трактор  бригадасының  бригадирі,  Социалистік  Еңбек  Ері  Герасимов  жолдасты 

жарысқа шақырамын, -деді». 

Енді  газеттің 28 шілде  күнгі  «Социалистік  Еңбек  Ерлерінің  даңқы  арта  берсін»  деген  мақалаға 

назар  аударайық.  Онда  былай  делінген: «КСР  Одагы  Жоғарғы  Советі  Президиумының  осы  жылғы 23 

шілдедегі  жарлығы  бойынша  Социалистік  Еңбек  Ері  атанғандардың  ішінде  Қарағанды  облысының 17 

озат  малшысы  бар.  Олар:  Қарқаралы  ауданындағы  «Жөншілік»  колхозының  сиыршысы  Дүйсен 

Байғулин, «Томар»  колхозының  шопаны  Жақсылық  Басымбеков, «Үштөбе»  колхозының  шопаны 

Жақыпбек  Бейсембаев,  Шет  ауданындағы  «Шет  жарық»  колхозының  шопаны  Əбду  Қайқыбасов, 

Қоңырат  ауданындағы  «Қуаныш»  колхозының  шопаны  Сəтибек  Ыбыраев,  Жезқазған  ауданындағы 

«Бірлестік» колхозының шопаны Абайділда Жұмыртқинов, тағы басқа жолдастар». 

Келесі 1949 жыл да облыс малшылары үшін табысты болды. Тағы да 23 адам Социалистік Еңбек 

Ері  атанып,  омырауларына  «Алтын  жұлдыз»  қадады.  Осы  екі  жыл  облыс  еңбекшілері  үшін  шын 

мəнінде «жұлдыз жауған жыл» болды. 

Облыстың  қоғамдық-саяси  өмірінде  де  үлкен  оқиғалар  болып  жатты. 1946 жылы  КСРО  Жоғары 

Кеңесінің  сəйлауы  болып  өтіп,  облыс  аумағынан  балқаштық  металлург  А.Əлімжанов,  атақты  геолог 

Қ.Сəтбаев жəне конструктор С.Макаров пен А.Миденко депутат болып сайланды. Қаныш Сəтбаев 1950 

жылы үшінші сайланған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болу құрметіне де ие болды. 

Қаныш  Имантайұлы 1926 жылдан  бері  Қарсақбай,  Жезқазған  өңірінің  кен  байлығын  зерттеп, 

Жезқазған  мыс  кенішінің  қоры  орасан  зор  екендігін  дəлелдеді.  Оған  ғылыми  атақ  беріліп,  жаңадан 

ашылған  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясын  басқару  міндеті  тапсырылды.  Қазақстандық  геологтар 

Орталық  Қазақстан  аймағының  кен  қойнауын  барлап,  өлкеде  Менделеев  кестесіндегі  барлық  дерлік 

элементтер  бар  екендігін  анықтады. 1949 жылы  Қарағандыда  Ғылым  академиясының  Орталық 

Қазақстанның  өндіргіш  күштерін  дамыту  мəселелері  жөніндегі  көшпелі  сессиясы  болып  өтті.  Онда 

Қ.Сəтбаев  бастаған  ғұлама  ғалымдар  баяндамалар  жасап,  Орталық  Қазақстанның  байлығын  барша 



əлемге мəлім етті. Сөйтіп, Қарағанды өңірі дамудың даңғыл жолына түсті. 

 

Аман ЖАНҒОЖИН, 

Ермағамбет ЛҰҚПАН. 

Document Outline




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет