Жаппай ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру тұсындағЫ Қазақ ауылындағы салық саясаты



Дата22.02.2018
өлшемі69.65 Kb.
ЖАППАЙ ҰЖЫМДАСТЫРУ МЕН КҮШТЕП ОТЫРЫҚШЫЛАНДЫРУ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ
Абылаев Н.

«Тарих» мамандығының студенті

Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., доцент С.Д. Мамраимов
20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістерді шынайы бағалауда Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясат жағдайындағы ауыл шаруашылығын каржыландыру және жеке қожалықтарға салық салу саясатын зерттеу маңызды роль атқарады.

Салық мемлекетінің өмір сүру кепілі. Салықтың экономикалық және әлеуметтік катынастарды реттеушілік рөлін дәлелдеп жатудың кажеті жоқ. Меншік қатынастарында түбегейлі төңкеріс жасауды мақсат тұтқан Кеңес өкіметі бастапқыда салықтан мүлде бас тартып, кейін жаңа экономикалық саясатқа көшуге байланысты оны қайта енгізді.

Алайда Кеңес өкіметінің салық саясаты алдына өзгеше мақсаттар қойды. Салық әлеуметтік реттегіш рөлін жойып, әртүрлі топтардың мүдделерін бір біріне карсы қою құралына айналды. Жұмысшы табын дәріптеу шаруалардың мүддесіне қарама-қарсы қойылып, салықтық қысымдар жеке шаруашылықтарды индустрияландыруды каржыландыру көзіне айналдырды.

Салық ауыл шаруашылығында жеке шаруашылықтарды күйзелту; коллективтік, қоғамдық меншікті қалыптастыру функциясын атқара бастады. 1926-1937 жылдарда қабылданған КОКП мен Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын түбегейлі өзгертуге бағытталған қаулы-қарарларын, салықтық ережелер мен мемлекеттік бюджеттерді талдау 20-30 жылдарда жүргізілген терең әлеуметтік экономикалық өзгерістерді нақты шындық тұрғысынан бағалауға ыкпал етеді.

Социолизмге қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы индустрияландыру және коллективтендіру шараларын дүниеге келтірді.

Утопиялық мақсаттарды басшылыққа алған Кеңес өкіметі жағдайында казақ қоғамының рулық қауымдық құрылыстан социолизмге өтуі қайшылықсыз болуы мүмкін емес еді. Қазақ шаруашылықтарын дамыту жөніндегі сан алуан пікірлер мен көзқарастарды сараптай отырып, оның Кеңес кезінде жүзеге асыру мүмкіндігіне күмән келтіруге болады.

Жаңа экономикалық саясат жеке меншік қатынастарының калыпты дамуына, экономиканы тұрақтандыруға қызмет етті. 1926-1928 жылдардағы салық саясаты 1926 жылы қабылданған "Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы туралы Ереже" негізінде жүзеге асты. Ол товарлы шаруашылық жағдайларына икемделген заң болғандықтан, көшпелі қазақ шаруасының ерекшеліктері есепке алынбады. Салықтың ақшалай алынуы мал сату мүмкіндігі аз, тең емес товар алмасу жағдайын бастан кешірген қазақ шаруашылықтарына тиімді болмады. Салық төлеу үшін сатылған мал өз құнынан 2-3 есе арзан сатылып, салық науқаны қазақ шаруашылықтарына шығындар әкелді [1].

Солай бола тұрса да, рыноктық қатынастарға ерік берілген жаңа экономикалық саясат жылдарында қазақ шаруашылықтары азамат соғысынан кейінгі құлдыраған экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Салық шарттары әділетті, шаруашылық қуатты деңгейге қарай салынды. Кеңес өкіметі қазақ шаруашылықтарын өркендету мақсаттарын қоймады, бірақ шаруашылық жүргізу еркіндігіне қол сұқпады. Мұның өзі жақсы нәтиже берді. Алайда көп укладты рыноктық экономикаға негізделген салық жүйесінен коллективтендіру мақсаттарына байланысты бас тартылды. Жедел индустрияландыру қаржы тапшылығына ұрындырып, мемлекеттік меншіктегі өнеркәсіп пен ұсақ жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы арасындағы қайшылық азық-түлік дағдарысын тудырды. Бұл жаңа экономикалық саясаттан бас тартқызып, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы рыноктық қатынастарды бұзып, әкімшіл-әміршіл әдістерді күшейтті. 1927-1928 жылы астық дағдарысы кезінде бұл әдістер кең көлемде қолданылды.

1928-1929 жылдары Одақта белең алған күштеу әдістері Казақстанда ерте басталды. Оған 1925 жылы республика партия ұйымына басшы боп келтен Ф. Голощокиннің волюнтаристік саясаты ықпал етті. 1926-1927 жылдарда қазақ қоғамының қалыпты дамуы бұзылып, "Кіші Октябрь" ойраны басталды. Голощокиннің киялындағы, қолдан жасалған тап күресі 1926-1928 жылдарда еш нәтиже бермеген өте таяз шаралар: шабындықты, егістікті және жайылымдарды бөлу, ірі бай феодалдарды кәмпескелеу жүргізіліп, бұлар экономиканың қалыпты дамуына кері әсер етті.

Одақта 20-30 жылдары басталған кулактарға қарсы күрес бағыты Қазақстанда Голощокиннің тікелей басшылығымен 1927 жылдан қолға алынды. Одақта салықтық Ережелерге өзгерістер 1928-1929 жылдары енгізілсе, Қазақстанда 1927 жылдан бастап, байларға арнайы салық енгізілді [2].

Маңызы аграрлық реформаға теңелген шабындық, егістік және жайылымдарды бөлу деген шара кұр байбалам болып шықты. Ол қазақтарды жерден айырудың бүркемеленген құралына айналды. Казақ шаруашылықтарына берілетін жер көлемі азайтылып, бұрынғы қауымдық жер бөліске салынып, бай мен кедейді жауластыру үшін жаңа негіз жасалды. Аталмыш реформа өз мақсаттарына жетпеді, шаруашылықты өркендету үшін қосымша жер берілмеді, аз мөлшердегі жер меншігін шаруашылыққа игеруге жағдайлар жасалмады. Оны қаржыландыру деңгейі өте төмен болды. Реформаның басты кемшілігі жер бөлісте орташа шаруалардың мүддесіне нұқсан келтірілді, олардың жер көлемдері азайып, шаруашылық жүргізуге кері әсер етті. Жер тапшылығына байланысты байлар мен ауқаттылар мал басын қысқартуға мәжбүр болып, бұл мал басын күрт азайтуға ықпал етті. Мал алыпсатарға арзан бағаға сатылып, ысырап болды. Ал кедей шаруаның аз малын жетілдіруіне мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеді. Қарыз-несие беру тәртібі көшпелі мал шаруашылықтарының жағдайын ескермеді. Қарыз-несиенің қысқа мерзімге берілуі шаруашылықты игеруге тиімсіз еді.

Коллективтендірудің алғышарты болған әкімшіл-әміршіл, күштеу шаралары Қазақстанда аса қауырт, жедел түрде жүзеге асты. Оған салық саясаты да жұмылдырылды.

Одақ көлемінде 20-30 жылдары кең көлемде жүзеге асқан салықтың үдемелі түрі Қазақстанда алғаш рет жаңа салықтық ережелердің сиясы кеппей жатып, 1928 жылдың басында ақ, енгізілді. Салық ауқатты шаруашылықтарды тежеу мақсатын қойғанымен, Қазақстанда бұл мақсат іс жүзінде оларды күйзеліске ұшыратумен, кәмпескелеумен аяқталды.

Семей губерниясында 1928 жылы қаңтар-сәуір аралығында төтенше шаралар іске асып, жаңа салықтық ережелер енгізілді. Салықтық заңсыздықтар негізінде айып салу, соттау, зорлап тапсырту және тартып алу әдістерімен қатар, одақта тұңғыш рет конфискациялау шаралары жүзеге асты. Ірі бай феодалдарды конфискациялау ресми түрде басталмас бұрын, 1928 жылдың ақпан, наурыз айларында қазақ малшыларын конфискациялау кеңінен жүргізілді. Аталмыш шара тек Семеймен шектелмей, Ақтөбе, Орал губерниялары шаруашылықтарын да қамтыды. Салықтық қысымдар мен заңсыздықтар астық пен ет дайындаудың жоғары жоспарларын орындау мақсатында жүзеге асты.

Семейдегі салықтық заңсыздықтар Қазақстан жағдайында төтенше шараларды кең көлемде және аса қатыгездікпен жүргізуге ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, орталықтан, БОАК комиссиясы шақырылып, заңсыздықтар сыналды. Алайда комиссия қорытындылары Өлкелік партия комитетінің бюросында арнайы қаралғанына қарамастан, кейінгі 1928-1932 жылдары бай кулакқа қарсы шабуыл кезінде зорлық шаралар одан әрі жалғасты [3].

1929-1932 жылдары Қазақстанда бүкіл КСРО-дағы сияқты салық саясаты бай кулактарды жоюға бағытталды. 1929-1933 жылғы салықтық ережелер бойынша жеке шаруашылықтарға салынатын салық таптық принципті басшылыққа алды. Салықтың үдемелі түрі коллективтендіруге ықпал ететін факторға айналды. Салық шарттары бойынша, кедей шаруашылықтар мен коллективті шаруашылықтарға жеңілдік қарастырылып, орташалар мен бай қожалықтар қысымға алынды.

Орташа шаруалар салықтың үдемелі түрімен салық төлесе, бай-кулактарға оның жекелік түрі бойынша салық салынды. Бай-кулактар мен ауқатты шаруашылықтарға салынатын салық түрлері оларды жою құралына айналды.

Салық саясаты қаржы алу, шаруашылық өнімдерін көптеп тапсырту функцияларын орындады. Салықтық заңсыздықтар астық, ет дайындаудың жоғары жоспарларымен ұштасып, тек бай-кулак шаруашылықтарын ғана емес, орташа шаруашылықтарды да қамтыды. 1928-1930 жылдарда Қазақстанда ірі байлар ғана емес, ауқатты орташа шаруашылықтардың біраз бөлігі (100 мың) жойылды.

Сөйтіп,1930-1932 жылдары кең көлемде жүзеге асқан отырықшыландыру және коллективтендіру қарсаңында қазақ шаруашылықтарының дені кедейлер болып, аштық пен босқыншылық алғышарттары осылай жасалды.

Көшпелі қазақты отырықшыландыру өкіметтің стратегиялық бағыты емес, Голощокиннің коллективтендіруді мезгілінен бұрын орнатуға ұмтылған жалаң белсенділігінен туындаған волюнтаристік шара болды. Оны қаржыландыру деңгейі көрсетіп берді. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жылына 35 миллион сомнан аспады.

Сөйтіп, салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазақтарға отырықшыланудың халық қаржысымен жүргізілуі оларды аш-жалаңаш қалдырып, босқыншылыққа ұшыратты [4].

Жедел жаппай отырықшыландыру (1930-1932 ж.) сәтсіздікпен аяқталып, оның барысында 400 мыңнан аса жеке меншік қазақ шаруашылықтары жойылды, бұл жалпы қазақ қожалықтарының 60 пайызға жуығы еді. Бұл шара "қазақ шаруашылығын социалистік негізде қайта құру" деп дәріптелген, шын мәнінде, индустрияландыру үшін ауыл шаруашылығын қаржы көзіне айналдыруға бағытталған әлеуметтік эксперименттің ең сорақы, жабайы түрі болды. Утопиялық мақсаттар жолында қазақтың дәстүрлі шаруашылығы жойылып қана қоймай, өндіргіш күштері халық пен мал қырғынға ұшырады.

Сөйтіп, негізі жоқ социализмнің утопиялық мақсаттары зорлық, қысым арқылы жүзеге асып, адам факторы аяққа басылды. Аса зор материалдық, адамдық шығындармен орнатылған сталиндік социализм индустриялық қоғамға секіріс жасай алмады. Адам факторынан сырт айналу оның түбіне жетіп, әлемдік тарихтан тұрақты орын алуға мүмкіндік бермеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Т. Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.Алматы:Санат, 1997. 320б.

2. О. Мұхатова. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы: докт. дис. авторефераты. Алматы, 1999. 506.



3.Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана:Социально экономические аспекты функционирования и трансформации 1926-1930 гг. Алматы: Ғылым. 1991, 240с.

4. Нәубет. Публистикалық ой толғаулар.Алматы: «Жалын».1990ж. 68б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет