Жануарлар физиологиясы”



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/5
Дата07.11.2017
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4   5
“БЕКІТЕМІН”
Кафедра меңгерушісі,
Г.Х. Нұржанова
“......” ..............................2016 ж.
2016-2017 оқу жылының бірінші семестрінде өтетін 5В120100 – “Ветеринариялық медицина”, 5В120200 – “Ветеринариялық санитария” мамандықтарының 2 курс студенттеріне арналған “Жануарлар физиологиясы” пәні дәрістерінің күнтізбе – тақырыптық жоспары.


ре№

Дәрістер тақырыптары мен жоспарының аттары

Сағат саны

Өткізілетін мерзімі

1

Кіріспе.

Жануарлар физиологиясы туралы түсінік. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Физиология пәні, мазмұны, мақсаты, міндеті, салалары. Организм туралы түсінік, оның сыртқы ортамен байланысы, қызметтерінің реттелуі. Гомеостаз, оның маңызы. Қысқаша даму тарихы және ғылым ретінде қалыптасуы. Қазақстанда физиологияның дамуы. Физиологияның объектілері мен әдістері.



1




2

Бұлшық ет пен жүйке физиологиясы.

Қозғыш ұлпалар физиологиясы, жалпы сипатта масы. Қозғыштық, қозу. Қозғыштық табалдыры ғы, тиімді мерзім, хронаксия, құбылмалық-лабильдік. Парабиоз ілімі. Қозу, тежелу үдерістер інің байланысы. Оптимум, пессимум. Тітіркендір гіштер жіктелуі. Ұлпалардағы биоэлектрлік құбы лыс. Ет физиологиясы, талшықтарының құрылым ерекшеліктері, еттің физиологиялық қасиеттері. Ет жиырылуының түрлері, оның жүк салмағы, жиырылу ырғағына тәуелділігі, жұмысы,тонусы, қуаттануы, қажуы. Еттің қызметтік ерекшелікте рі. Жүйке физиологиясы, талшықтары, оның маңызы. Қозуды өткізу заңдары. Қозудың жүйке-ет синапсы арқылы өтуі. Медиаторлар рөлі.



1




3

Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы.

Оның құрылымдық, қызметінің рефлекстік сипаты, қызметі. Нейрон. Қозудың рецепторларда туындауы, олардан таралуы. Жүйке құрылысы, жіктелуі, талшықтарының физиологиялық қасиеттері. Орталық жалғама (синапс), қозу толқынының ол арқылы берілуі. Рефлекстің жіктелуі. Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері мен қызметінің үйлесімдігі. Тежелу үдерісі, оның маңызы.



1




4

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиясы.

Симпатикалық, парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылымдық, қызмет ерекшеліктері. Вегетативтік рефлекстің рефлекторлық доғасы, түйіндері, олардың қызметтері. Пре-, постганглийлік талшықтар, олардың қызмет ерекшеліктері. Үлкен ми жарты шарларының қыртысы, кейінгі сыңарларының құрылысы, әр түрлі жануарлар организміндегі рөлі. ҮМЖШ қыртысы қызметін зерттеу әдістері. Мидың лимбикалық жүйесі, оның құрылысы, қызметі, гомеостазды реттеуге, ішкі ағзалар қызметін реттеуге, организм реакцияларының тұтастығын қалыптастыруға қатысуы.









5

Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет.

Орталық жүйке жүйесі қызметін зерттеу әдістері. Жұлын, ми, сопақша, артқы, ортаңғы, аралық, соңғы (алдыңғы) мидың құрылысы мен қызметтері. Торлы құрылым, оның маңызы. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің негізгі түсініктері мен қағидалары, зерттеу әдістері. Ми қыртысы жеке бөлімдерінің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметі. Шартты рефлекстер, түрлері, шартсыздан айырмалары. Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі, оны қалыптастыру және зерттеу әдістері. Ми қыртысындағы тежелу үдерісі, түрлері. Ұйқы, оның табиғаты. Гипноз. Ес, оның түрлері.



1




6

Талдағыштар (анализатор) физиологиясы.

Олардың құрылым қағидасы (принципі), жіктелуі, жалпы қасиеттері, зерттеу әдістері, қызметтеріндегі өзара әрекеттестік. Жануарлар бейімделуінің негізгі түсініктері. Жануарлардың қоршаған орта темпертурасына, биік тау және түрлі жасанды жағдайларға бейімделуі.



1




7

Қан жүйесі.

Оның маңызы, құрамы, мөлшері, физикалық қасиеттері. Плазманың құрамы. Қан сарысуы. Қан жасушалары, ұюы, топтары, түзілуі және қан жүйесі қызметінің реттелуі. Осмостық, онкостық қысым. Лейкоциттік формула, оны кликадағы маңызы. Т, В лейкоциттер қызметі. Иммунитеттің жасушалық, ұлпалық механизмдері. Қанның түзілуі, таралуының реттелуі, түлікке, жасқа тән ерекшеліктері.



1




8

Жүрек пен қан тамырлары физиологиясы.

Қан айналымының жалпы желісі. Жүрек, оның етінің құрылымдық ерекшеліктері, физиология лық қасиеттері. Жүрек қызметі, реттелуі, жұмысы ның сырт белгілері, оның систолалық, минуттық сыйымдылығы. Қан қозғалым (гемодинамика) заңдылықтары. Қан тамырларының қызметтік топтары. Қан қысымы, оған әсер ететін фактор лар. Қанның тамырлармен ағу ерекшеліктері, жылжу жылдамдықтары. Тамырдың соғуы (пул ьс). Тамырлар арнасының, қан айналымының реттелуі. Әртүрлі жағдайларда жалпы қан айналымында, жеке ағзалар, іштөлдегі байқала тын ерекшеліктер. Ұлпа сұйықтығы, оның маңызы. Лимфаның (сөл) құрылым қағидалары, түзілуі, құрамы мен қасиеттері, айналымы.



1




9

Ішкі секреция.

Жалпы түсінік. Гормондар, олардың қасиеттері мен ұлпаларға әсерінің механизмі. Оның қызметі, жүйке жүйесі әрекеттерінің байланысы. Гипота ламус-гипофиздік жүйе. Ішкі секреция (эндокрин ді) бездері жүйесінің физиологиясы. Ұлпалық гормондар. Мал шаруашылығында гормондарды қолданудың физиологиялық негіздері.



1




10

Тыныс алу.

Тыныстың физиологиялық мәні. Тыныс ағзалары. Сыртқы тыныс. Тыныс механизмі, химизмі, рет телуі. Газдардың қанмен тасымалдануы. Әртүрлі жағдайлардағы тыныс ерекшеліктері. Тыныс ағзаларының организмнің басқа жүйелерімен байланысы. Жануарлар дыбысы. Іштөлдің тыныстануы.



1




11

Азық қорыту.

Азық қорытудың мәні, маңызы, ағзаларының қызметі, оны зерттеу әдістері. Ауыз қуысындағы, қарындағы, ащы, тоқ ішектегі азық қорыту. Қорек тік заттарды сіңіру. Ішек қимылдары, реттелуі. Азық қабылдаудың физиологиялық негізі. Аштық, тоқтық, сусау, сусындау механизмі.



1




12

Зат пен қуат алмасуы.

Заттек алмасуының биологиялық мәні, үдерістері, кезеңдері, оны зерттеу әдістері. Оған әсер ететін факторлар. Ағуыз, көмірсулар мен липидтердің алмасуы, олардың реттелуі. Алмасудағы ара байланыс. Су, минералды заттардың алмасуы. Дәрмендәрілер-витаминдер маңызы. Организмде қуаттың (энергия) түрленуі. Дене температурасы, оның реттелуі.



1




13

Бөлу үдерістері.

Бөлу (экскреция) үдерісінің маңызы. Бүйректің құрылысы, қанмен жабдықталу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу механизмі, үдерісінің реттелуі, құрамы мен қасиеті. Зәр шығару, оның реттелуі. Терінің экскрециялау қызметі.



1




14

Көбею (ұрпақтану) физиологиясы.

Малдың жыныстық жетілуі. Аталық және аналық жыныс ағзалары, олардың қызметтері және реттелуі. Шәуеттің құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Жыныстық айналым, оның әр түліктегі ерекшеліктері, реттелуі. Аналық жыныс ағзаларында спермийлердің сақталу жағдайы. Ұрықтану үдерісі. Буаздық, әр түлік малдағы оның ұзақтығы. Мал организміне буаздықтың әсері. Төлдеу, оның реттелуі. Мал өнімталдығын реттеудің жаңа биотехнологиялық тәсілдері.



1




15

Сүттену (лактация) физиологиясы.

Сүттену организм біртұтастық қызметімен байланысы. Сүт түзу физиологиясы, ондағы жол дары, реттелу механизмі. Желіннің сыйымдылық жүйесі, онда сүттің жиналуындағы малды сауу, емізген кезде сүт бөлудегі рөлі. Ию-сүт беру рефлексі. Сүт бөлінуі, нейрогуморальды реттелуі.



1




Зертханалық сабақтар

ре№

Зертханалық сабақтар тақырыптарының аттары

Сағат саны

Өткізілетін мерзімі

1

Физиологиялық зертеулер мен зертханалық жабдықтар қолдануының әдістемелік тәсілдері. Ерітінділер дайындау, олардың эритроциттерге тигізетін әсері. Плазманы, қан сарысуын алу.







2

Жүйке-ет препаратын дайындау. Электрлік қуаттандырғышпен жұмыс істеуді меңгеру. Жүйке мен еттің қозу табалдырығын анықтау. Еттің дара, құрысу-тетаникалық жиырылуы, оның тітіркендіргіш күші мен ырғағына тәуелділігін зерттеу. Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстары және жүйке арқылы оқшауланған қозуды өткізуін зерттеу.







3

Жұлын рефлекстері, рецептивтік алаңы, рефлекс уақытын анықтау, рефлекстің сегменттік сипаты, оның рефлекторлық доғасын талдау.







4

Бақа миының әр бөлімін алып тастау. Жұлын рефлекстерінің тежелуі. Сеченов тежелуі.







5

Тері талдағышы, жылылық, суықтық сезімтал дығын анықтау, терідегі жанасу, қысым рецеп торларын зерттеу; иіс сезу талдағышы – ольфак тометрия, иіске бейімделу, оның табалдырығын анықтау; дәм сезу талдағышы – әртүрлі заттарға дәм сезу сезімталдығы, оның дәм сезімталдығы табалдырығын анықтау; көру талдағышы – қос көзбен көру, көз қарашығының сәулеге реакциясы, көз қарашығына атропиннің әсерін зерттеу; есту талдағышы –жаңғырығу-резонанс құбылысы, дыбысқа бейімделуді зерттеу.







6

Қан, лимфаның физика-химиялық қасиеттері. Қан жасушаларын санау: эритро-, лейкоциттер.







7

Осмостық төзімділікті, эритроциттердің тұну жылдамдылығын, гемоглобин мөлшерін, қан топтарын, резус факторды анықтау; гемоглобин кристалдарын алу, гемолиз.







8

Жүректің құрылысы, қызметі (кардиография). Жүрек етінің қасарысы-рефрактерлігі, экстрасис тола. Бақа жүрегін бөлектеу, оның қызметіне кейбір гормондар, электролиттер әсерін зерттеу.

Жүректің өткізгіш жүйесі (Станниус тәжірибесі), биотогы (Келликер тәжірибесі).









9

Бақа табанындағы жүзу жарғағы, шажырқай, тіл капиллярында қан айналымын микроскоппен бақылау. Коротков әдісімен адам, ЭИД-1 аппаратымен малда қан қысымын анықтау.







10

Адреналиннің оқшауланған ағзаларға деген әсері: питуитрин мен адреналиннің бақа терісі пигменттеріне; инсулиннің қандағы глюкоза қоюлығына тигізер әсері.







11

Адам мен малдың тыныс қимылдарын тіркеу, өкпені перкуссиялау, тыңдау. Өкпенің тіршіліктік сиымдылығын анықтау.







12

Малдың сілекейін алу, ферменттік қасиеттерін зерттеу. Қарын сөлінің құрамын, қасиеттерін анықтау. Мес қарын жынын алу, ондағы қарапайымдарды микроскоппен бақылау.







13

Өттің эмульсияланған майға, ішек жиырылуына әсері. Мембраналық азық қорыту. Әртүрлі заттардың сіңірілу жылдамдығын зерттеу.







14

Әр түлік мал зәрінің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтау. Кейбір заттарды (гиппур қышқылы, несепнәр) анықтау.







15

Шәуеттердің құрылысын, қимылын зерттеп, санау. Жаңа алынған, сақталған шәуеттің рН анықтау. Цистерналық, альвеолалық сүт алу, сүт майын микроскоппен зерттеп, оның ұюын (ірігіштігін) анықтау.







тәжірибелік-практикалық сабақтар

ре№

Тәжірибелік сабақтар тақырыптарының аттары

Сағат саны

Өткізілетін мерзімі

1

Ет пен жүйке физиологиясы. Гальвани тәжірибесі. Биотоктарды тіркеу. Хронаксиметрия. Парабиоз құбылысы.

1




2

Жүйкенің айтарлықтай қажымауын дәлелдеу. Қозуды жүйкеден етке беру.

1




3

ОЖЖ физиологиясы. Жұлын-ми рефлексінің сегменттігін көрсету. Дорсальды, вентральды жұлын түбірі қиылған бақаларды көрсету. Жұлынды сыңаржақты тілу әсерін көрсету (Белла-Мажанди тәжірибесі).

1




4

Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет. ҮМЖШ тітіркендіру. ҮМЖШ жартылай сылынған хай уанды көрсету. Шартты рефлексті зерттейтін камерамен таныстыру. Шартты рефлекстері (ас қорыту, қорғаныс) қалыптасқан ауыл шаруа шылық, зертханалық жануарларды көрсету.

1




5

Талдағыштар. Малдың көру, есту, тері талдағыштарын зерттеу.

1




6

Гематокрит көрсеткіштерін көрсету. Қан ұйуы ның ретракциясы (қою бөлігінен өз-өзінің бөлі нуі). Физиологиялық лейкоцитоз (көбеюі).

1




7

Рефлекторлық факторлардың, адреналин мен ацетилхолиннің қан қысымына әсерін көрсету.

1




8

Ацетилхолиннің оқшауланған жүрек жұмысы на әсері. Жүрек қақпашалары рөлін көрсету. Тамырлармен қан ағуын бейнелейтін үлгілер-модельдер.

1




9

Ішкі секреция. Қалқанша безі алынған жануарды көрсету. Қалқанша без препараты нан бақашабақтың секрет түзілуін көру.

1




10

Дондерс аппаратында не өкпе үлгісінде оқшау ланған өкпенің жұмысын зерттеу. Әр түлік малдың тынысын жазу (пневмография).

1




11

Асқорыту. Жыланкөзді-фистулалы малдардың (ит, қой, бұзау) сілекей бөлінуін бақылау. Атропин, пилокарпин сілекей бөлінуіне әсері.







12

Итті үнсіз тамақтандыру. И.П.Павлов бойынша оқшауланған қарыннан сөл түзілуін бақылау. Басов тәсілімен көбек қою. Ит қарыны қимыл ын тіркеу. Күйістілер ас қорыту ерекшеліктері.

1




13

Зат алмасу. Қапқыр әдісімен малдарда газ алмасуын анықтау. Эксперимент түрінде А (егеуқұйрық, тышқан), В1 (тауық, көгершін), С (теңіз шошқасы), Д (жас егеуқұйрық) авитаминозды жануарларды көрсету.

1




14

Бөлу. Көбек қойылған қуық пен несепағардан зәр бөлінуін бақылау. Зәрмен бояғыш заттардың шығарылуы. Малдардың терлеуі.

1




15

Көбею, сүттену. Окситоциннің мал жатыры жиырылуына әсері. Желіннен сүттің жеке фрак цияларын алу. Питуитрин не окситоцин егіп, қалдық сүт шығару. Бөлу рефлексін бақылау.

1




2016-2017 оқу жылының бірінші семестрінде өтетін 5В120100 – “Ветеринариялық медицина”, 5В120200 – “Ветеринариялық санитария” мамандықтарының 2 курс студенттеріне арналған “Жануарлар физиологиясы” пәні дәрістері, зертханалық және тәжірибелік-практикалық сабақтарының күнтізбе – тақырыптық жоспарын әзірлеген ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академигі
З.Қ. Тоқаев

“......” ..............................2016 жыл



№1 дәріс. Тақырыбы: Кіріспе.

Жоспары: Жануарлар физиологиясы туралы түсінік. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Физиология пәні, мазмұны, мақсаты, міндеті, салалары. Организм туралы түсінік, оның сыртқы ортамен байланысы, қызметтерінің реттелуі. Гомеостаз, оның маңызы. Қысқаша даму тарихы және ғылым ретінде қалыптасуы. Қазақстанда физиологияның дамуы. Физиологияның объектілері мен әдістері.

Дәріс конспектісі. Физиология (грек: физис - табиғат, логос-ілім) организмнің қызметтері (функциялары) туралы ғылым немесе тіршілік тану. Қызмет дегеніміз жүйе немесе ағзаның арнайы атқаратын қызметі. Мысалы, ас қорыту жолы моторлы, секрет түзу, сіңіру қызметтерін атқарады. Қалай? Тіршілік дегеніміз не? Ол ірі органикалық молекулалардан құралып, өздігінен ұдайы өсе алатын, зат пен қуат (энергия) алмасуы нәтижесінде қоршаған ортада өз әрекетін сақтап қалуға бейім күрделі жүйенің өмір сүру үдерісі (процестері). Оның негізгі ерекшелігі – зат алмасу, көбею, өсу, өзінің құрамын, қызметтерін өзгерту, тітіркеніске жауап беру, қоршаған ортаға бейімделу. Физиология қалыпты организмнің тіршілік әрекетін зерделейді. Қалыпты деп, тірі жүйенің ұтымды қызметінің шегі бола тұра, былай түсіндіріледі: қандайда бір оқиға, құбылыс, үдеріс жиынтығын сипаттайтын орташа өлшем; орташа санақ өлшемі; жалпы мойындалған ереже, үлгі. Үдеріс (процесс) деп, қандайда бір қимылдың, олардың белгілі нәтиже алуға бағытталған жиынтығы. Дамудағы құбылыс, күйдің біртіндеп ауысуы. Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін тірі материяның біртұтас бөлшегі. Оның зерделетін заты немесе зерзаты (объект) тірі организмнің қызметі, оны құратын бірліктегі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатнастағы бөліктері (жасушалар, ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйесінің субжасушалық құрылымы), әрі жеке молекулалар қызметтері, жасушаның құрамбөліктері–ақуыздар, нуклеин қышқылы, гормондар, нейропептидтер, медиаторлар және басқалар. Олардың өзара байланысы, келісілген реттеу сыртқы ортаға, жануардың жеке дамуына бейімделуін қамтамасыз етеді. Физиологияның негізгі мақсаты әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үдерістерінің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену, т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері, организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әртүрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер қызметтерінің сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы барысында түрлі қызметтердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу Бұл ветеринария мен зоотехнияның ілімдік негізі, оны білу әсіресе мал дәрігеріне нәтижелі алдын алу жұмысына, диагностика қоюда, емдеуде, оң сақтауды ұйымдастыруды, жануарларды нәтижелі пайдалану, олардың өнімділігін арттыруда өте қажет. Шектес мамандықтарға да қажет, жануар шикізатының сапасын бағалап, оларды өңдеуде, ол үшін технологияны жақсарту жолдары мен тәсілдерін меңгеруде ерекше орын алады. Оның міндеттері жан-жақты, мақсаттарды анықтағаннан кейін байқалады. Ол жасушалар, ұлпалар, ағзалар, бүкіл организмнің жеке және жалпы механизмдері мен заңдылықтарын, сүтқоректілер мен құстардың физиологиялық үдерістері мен қызметтерін реттеудің нейрогуморальді механизмін, өнімділікті жануарлар физиологиялық үдерістерінің сапалы ерекшеліктерін, оларда мінез-құлық реакциялары мен механизмдерінің қалыптасуын, организмнің, оның ағзалары құрылым-қызметін қамтамасыз ететін жеке факторлар рөлін, әрі өнімдер мен шикізат сапасын анықтауды білу; қызметтерді зерттеу дағдысы мен шеберлігін, физиология білімін практикада кең қолдануды меңгеру; мысалы, бұзаулардың ему рефлекс мәнін білу суару және сауу аппараттарын жасауда қолданылды. Өндіру физиологиясын зерттеу тәсілі жануарларды қолдан ұрықтандыру, зиготаны ауыстырып салу, клондау әдісін әзірлеуге жеткізді. Айта берсе, көп. Бүкіл организмнің қызметтері (жануар мінезі), жеке жүйелер қызметі (ас қорыту, бөлу), ағзалар (бауыр, бүйрек), ұлпалар (дәнекер, бұлшық ет), жасушалар (лейкоциттер, макрофагтар), әрі физиологиялық механизмдердің ионды, молекулалы негізде қызмет етуі зерделуде. Физиология әр бағытта дамып, өзіндік атқаратын рөлін тапты, бірақ дара дамитын бірнеше салаларға бөлінеді. Жалпы физиология жеке жасушалардың, әсіресе цитоплазмасының қызметін, жасуша аралық байланыстарын, басқаша айтқанда организмнің тіршілік негізін зерттейді. Онда жасушалық және ұлпалардың қозу физиологиясын бөледі. Бірте-бірте даму (эволюция) физиологиясы әлемдегі жануарлар организмі қызметтерінің онто- және филогенездік даму барысында пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Экологиялық – мекендеу ортасы мен табиғи географиялық жағдайларына байланысты организмнің тіршілік әрекеттерінде туындаған ерекшеліктерін анықтап, бейімделуін зерделейді. Салыстырмалы – немесе жеке физиология жануарлардың әр түрін: шошқа, жылқы, ірі қара мал, қой, ешкі, қоян, су күзені және басқаның физиологиялық үдерістері мен қызметтері ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғыдан зерттейді. Организм жүйесінің жеке физиологиясы организмнің жеке: жүйке, сезім, эндокринді, қан, қан айналымы, тыныс алу, басқа да жүйелердегі физиологиялық процесстері мен қызметтерінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерделейді. Жас – организм тіршілік әрекеттерінің жеке дамудың (онтогенез) әр кезеңіндегі ерекшеліктерін тексеріп, қалыптасуын зерттейді. Ол жануарлар төлінің физиологиясын қосады. Сала – қандай да жануарлар өнімділігімен байланысты: сүттену, семірту және басқа физиологиялық үдерістері мен қызметтерінің ерекшеліктерін зерттейді. Жануарлар физиологиясы XVII ғасырда пайда болды. Бастамасы 1628 жылы жарияланған «Жануарлар жүрегі мен қан қозғалысының анатомиялық зерттеуі» атты ағылшын дәрігері, анатом, әрі физиолог Вильям Гарвей еңбегі. Ол «жүрек – тіршілік көзі, барлығының бастауы - күн, оған барлық тіршілік, барлық жаңалық және организм қуаты тәуелді» деді. В.Гарвей (1578-1657) тұңғыш рет тәжірибе жолымен қан айналымының үлкен, кіші шеңбері барын, әрі жүрек қан айналымын қамтамасыз ететінін дәлелдеді. Ғалымның жұмысы болашақта организмнің процесстері мен қызметтерін зерделеуде мықты түрткі болды. Физиология дамуын 3 кезеңге бөледі: организмнің, оның ұлпалары, ағзалары, жүйесінің тіршілігіндегі кейбір ұдерістерінің мәні, әрі заңдылықтары туралы нақты деректер жинау; тіршілік үдерістері туралы жеке мәліметтерді жинақтап қорыту, олардың организм қызметін түсінуге қажеттігі; қазіргі кезде қажеттікке және организмде ресімделген ілім қағидалары негізінде үдерістер мен қызметтерді мақсатты зерделеу. Бірінші кезең XVII-XVIII ғасырларды қамтиды. В.Гарвейден кейін А.Левенгук, М.Мальпиги қылтамырлар байқап, олардың барын дәлелдеді. Француз ғалым - философы Рене Декарт рефлексті (терминді XVIII ғасырда чех Г.Прохаска енгізген) байқағанын атады. Итальяндық ғалым Л.Гальвани (1737-1788) жануар электр қуатын ашты. М.В.Ломоносов ашқан заттардың сақталу заңы айтарлықтай рөл атқарды. Оны ол 1748 жылы «заттардың сақталу және қимыл заңы» деп қисынға келтірді. Тұңғыш рет тірі жасушаны көрген ағылшын Роберт Гук (1635-1703) болды. Осы 2 ғасырда алғаш рет организмнің тыныс алуы, ас қорыту химизмы, қуаттың жұмсалуы, биоэлектрикалық құбылыс туралы түсініктер пайда болды. Екінші кезең жеке деректерді, жалпы құбылыстарды, қағидаларды жинақтау мен организм ағзалары, жүйелерінің әрекеті ілімін құрастыруға байланысты. XIX ғасыр организм қызметі мәнін дерексіз (абстракт) ілімін тану болды. Онда жетістіктерде аталды: органикалық химияда Ф.Веллер несепнәрдің түзілуін, биохимияда Майер, Джоуль және Г.Гельмгольц қуатты сақтау заңдылығын белгілеп, М.В.Ломоносовтың заттардың сақталу заңын дамытты, гистологияда Теодор Шванн (1810-1882) өсімдік пен жануарлар жасушалық ілімін (клеткалық теорияны) ашты, физиологияда Иван Михайлович Сеченов (1829-1905) жүйке қызметінің рефлекторлық ілімін, Ж.-Б.Ламарк және Ч.Дарвин органикалық әлемнің даму ілімін құрды. Үшінші - белсенді іздеу кезеңі, ол XX ғасыр мен қазіргі кезге келеді. Жануарлар физиологиясының дамуына айтарлықтай үлес қосқандар: А.В.Леонтович, құстардың ас қорыту ерекшеліктерін, ішкі ағзалар мен эндокринді бездердің жүйкеленуін, желіннің секрет бөлу, моторлық қызметін анықтады. Ол үй жануарлары физиологиясы бірінші оқулығының (3 рет баспадан өткен) авторы (1916); К.Р.Викторов, құстардың жүйке жүйесі, ас қорыту қызметтерінің қазіргі іліміне, тыныс алу, организмдегі гуморальды байланыс туралы және алғаш тиянақты физиология оқулығын жазып шығарды, ол 5 рет қайтадан басылды; Г.И.Азимов сүт түзілуі мен физиология оқулығын; Д.Я.Криницин күйіс қайыратындар ас қорытуы физиологиясын, әрі оқулық жазды; Н.Ф.Попов әр түрлі жануарлар ас қорытуы мен оқулығын; Г.В.Паршутин жануарлардың жоғарғы жүйке қызметі физиологиясын, әрі оқулығының авторы; А.Н.Голиков жүйке жүйесі физиологиясы мен жануарлар бейімделуін, оқулығының авторы; В.И.Георгиевский минералдар мен дәрумендер алмасуының және ас қорыту физиологиясын, оның оқулығын жазды. Организмді қоршап, тіршілік әрекетіне қажет ортаны сыртқы орта деп, ал организмнің тұрақты жағдайында қан, ұлпа сұйықтығы, сөл арқылы қызмет атқаратын жасушалар, ұлпалар, ағзалардан тұратын ортаны ішкі деп атайды. Организмнің ішкі ортасы тұрақтылығын не оны қалпына келтіруді қамтамасыз ететін барлық ағзалар мен жүйелер үйлестіретін реакцияны гомеостаз деп атайды. Организмнің тіршілік әрекеті процестерінің өзгерістегі орта жағдайына бейімделуі физиологиялық процестер реттелуі деп аталады. Реттелу ұлпа, ағза және орталық механизмдерімен іске асады. Жергілікті реттелу ұлпалық, ағзалық механизмдермен іске асса, орталық жүйке жүйесі шеткі (қиян) нервтер арқылы жүйкелік реттеуді іске асырады, онда рефлекс – рецепторлар тітіркендіруіне қайтаратын жауабы жүреді. Рефлекторлық реттелуге ішкі секреция бездерінің гормондары қатысса, оны жүйке-гуморальді реттеу деп атайды. Организм қызметтік жүйе бірлестігі. Зерттеудің негізгі әдістері: табиғи және үй жайдайларында жануарлар мінез-құлқын бақылау. Ол шартсыз (туа пайда болған) рефлексті танытады, шартты (жүре пайда болған) рефлексті, жануарлардың сыртқы орта жағдайы, азықтандыру, күту реакциясын өндіреді; жедел тәжірибеде (тірідей тілу - вивисекция) ішкі ағзаларға жетіп, қызметін зерделеу үшін жануарды жансыздандырып (наркоз беріп), операция жасайды; созылмалы тәжірибе әдісі операция жасалып, одан оңалған жануарларға жасайды. Оған қарынға, ішекке көбек (фистула) қойып, сілекей, ас қорыту бездері, зәрағар өзектерін сыртқа шығарады. Ағзаларды тітіркендіру үшін электродтар қолданылады; ағзалар қызметтерін модельдеу организмнің өсу қарқынын, малдың сүттілігін, өнімталдығын тексереді. Бұл әдіс организмді биокибер нетикалық жүйе ретінде қараудың негізінде қалыптасқан. Физиология көптеген биологиялық пәндермен тығыз байланыста. Ол анатомия, гистология, цитология, биохимия деректеріне сүйенеді, әрі барлық арнайы дәрігерлік пәндердің негізі болып келеді де, болашақ маманның ой-өрісін қалыптастырады.


Негізгілері:

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет