«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 122.86 Kb.
Дата24.11.2017
өлшемі122.86 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:

1) жануарлар дүниесін (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін жануарлардан басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға:

аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;

жануарларды ғылыми, мәдени–ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;

жануарлардың тіршілік ету әрекеттерінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға;

аңшылық алқаптарының резервтік қорында аңшылық жүргізуге рұқсат беру кезінде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5–кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет);

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделмеген жағдайларда заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтіндерден басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде Комитеттің осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – 1-инспекциялар);

3) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа) бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылық комитетінің осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – 2-инспекциялар) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдегі Заңының 9-бабының 1-тармағы 39) тармақшасының және «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ Комитетің және 1 және 2-инспекциялардың стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

рұқсатты беру үшін – бес жұмыс күні ішінде;

әуесқой (спорттық) балық аулауға рұқсатты беру үшін – өтініш берілген күні;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні


ішінде.

Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде рұқсат берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда рұқсат берілген деп есептеледі және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.

8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушы бюджетке жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемді осы стандартқа 3-қосымшада көзделген мөлшерде қолма қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:

1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінім;

2) тиісті мемлекеттік органдар берген құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру
үшін түпнұсқаларымен не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері (алғаш рет жүгіну кезде);

3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемнің төленгені туралы төлемақы құжаты;

4) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға қатысатын тұлғалар тізімі;

Пайдалану түріне қарай тізімге қосымша мыналар ұсынылады:

аңшылыққа (алғаш рет жүгіну кезде):

1) облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарын бекіту туралы шешімнің көшірмесі;

2) аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі;

3) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою шетел азаматтарының қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектілерінің шетел азаматтарымен аңшылықты ұйымдастыруға шартының және тұрып жатқан елі берген олардың аңшылыққа құқығын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

кәсіпкерлік балық аулауға (алғаш рет жүгіну кезде):

1) облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту туралы шешімінің көшірмесі;

2) балық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі (жағалау маңындағы балық аулауды жүзеге асыру үшін);

3) балық аулау шартының көшірмесі;

ғылыми-зерттеулік аулауға:

1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспарынан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен не салыстырып тексеру үшін осы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері;

2) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;

3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде – уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен шарттың көшірмесі;

4) бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;

бақылау мақсатындағы аулауға:

ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен бекітілген ихтиологиялық жұмыстар жоспарының көшірмесі, бақылау мақсатындағы аулауларды жүргізуге шығу кестесі;

мелиоративтік аулауға:

1) ғылыми ұйымдар ұсынымдарының негізінде ведомствоның
аумақтық бөлімшесінің мелиоративтік аулауды жүргізу туралы шешімінің көшірмесі;

2) бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;

өсімін молайту мақсаттарындағы аулауға:

1) мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, балық ресурстарының өсімін молайтуға биологиялық негіздеме;

2) бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;

эксперименталдық аулауға;

1) ғылыми ұйымдардың биологиялық негіздемелері және ұсынымдары;

жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға (алғаш рет өтінген кезде):

1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспарынан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен не салыстырып тексеру үшін осы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

2) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде – уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен шарттың көшірмесі.

Әуесқой (спорттық) балық аулауға рұқсатты алу үшін мемлекеттік қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемнің төленгені туралы төлем құжатын ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім бланкісін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мекенжайлар бойынша орналасқан
1 және 2-инспекциялардың кеңселерінен, Астана қаласы, Орынбор көшесі,

8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс, 611-кабинет, телефоны: 8 (7172) 74-33-15 мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттің www.fhc.kz интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің www.fisher.minagri.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандарттың
1-тармағында көрсетілген ұйымдардың кеңселеріне осы стандарттың
1-тармағында және осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетік берілген тұлғаға жеке келген кезде рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық емес көлемде ұсынылуы;

2) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы, негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің және 1 және
2-инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Комитеттің және 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің және 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс, 620-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттің немесе 1 және 2-инспекциялардың заң қызметінің мамандары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.

21. Комитет көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

Инспекциялар көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 немесе
13-кіреберіс, 611 немесе 367-кабинет (сәйкесінше) мекенжайлары бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.



22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс, 611-кабинет, телефон: 8 (7172) 74-33-15, электронды пошта: fauna@minagri.kz мекенжайы бойынша немесе тиісті инспекция басшысының атына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.



Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым данған мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің немесе


1 және 2-инспекциялардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

___________________








©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет