Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман қорында «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының жобасына анықтама



Дата06.10.2018
өлшемі16.32 Kb.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман қорында «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының жобасына анықтама

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн 427 мың га, оның орманды жерлері 2 млн 357 мың га.

Мемлекеттік орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын, оның ішінде орманды жерлері – 15,47 алып жатыр. Орманды жерлерінің – 96,2 пайызы облыстың шөлді аймақтарындағы сексеуіл, жыңғыл т.б. бұталар ормандарынан, 3,8 пайызы таулы ормандардан тұрады.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің негізгі міндеттерінің бірі ормандарды өрттен қорғау болып табылады. Орман қорғау шараларын ұйымдастыру жұмыстарымен облыс аумағында 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері айналысады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15 бабының 11 тармағымен облыстық орман қорында «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» қаулысын бекіту тапсырылған.

Облысымыздың мемлекеттік орман қоры жерінде жоғары өрт қаупі кезеңі 2018 жылдың 10 сәуірінен 1 қарашаға дейін белгіленген. Жамбыл гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша облыс аумағында жоғарыда көрсетілген айларда ІV (+30+35 гр.) - V(+35+40 гр.) класты өрт қаупі кезеңі байқалады. Орман қоры жерінде жоғары өрт қаупі кезеңінде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің Қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекеттік орман қоры жерінде жеке тұлғалардың көп болуы салдарынан орман алқабында өрт шығу оқиғалары да көбейеді. Орман өрті салдарынан болған жағдайда сексеуіл, жузген т.б. ағаштар өртеніп, жойылады. Жақын орналасқан елді-мекендерді, жолдарды және егіс алқаптарын құм басып қалу қаупі төнеді. Сондықтан осы жоғарыда көрсетілген фактілерді алдын-алу мақсатында тиым салу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен заңнамасына қайшы келмейді.

Жазылғанның негізінде қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің қарауына енгізуге ұсынылады.




Басқарма басшысы Н.Нұржігітов
Басқарма заңгері Г. Акипбаева

Бөлім басшысы А.Жақыпов


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет