Ж. Досмұхамедов атындағы жббомбк биология пәнінен тест жинақтары 2016 жыл



жүктеу 1.38 Mb.
бет1/5
Дата07.07.2017
өлшемі1.38 Mb.
  1   2   3   4   5
Ж. Досмұхамедов атындағы ЖББОМБК



Биология пәнінен тест жинақтары

2016 жыл

Батыс Қазақстан облысы, Сырым аудандық білім бері бөлімінің шығармашылық тобы кеңесінде қаралып, аудан көлемінде таратылуға мақұлданды.



Құрастырғандар:
Кулмуханова Н.Ж. – ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта

мектеп-балабақша кешенінің жоғары

санатты химия- биология пәнінің

мұғалімі


Наурызбаева Қ.Е. – ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта

мектеп-балабақша кешенінің жоғары

санатты химия- биология пәнінің

мұғалімі




Пікір жазғандар:
Каналиева Г.Ғ- аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
Бисенова М.Х – жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі

Имангалиева Ж.Қ – жоғары санатты биология пәнінің

мұғалімі

Түсінік хат
Жалпы білім беретін мектептің 9 – сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау мақсатында жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай дайындалып құрастырылған.

Кітапшада тірі организмдердің тобы-өсімдіктер мен жануарларды, адам ағзасын оқып үйрену қарастырылады. 6-8 сыныптар бойынша тест тапсырмалары, 7 – сыныптағы «Балықтар», «Құстар», «Сүтқоректілер» тарауларына арналған сұрақ-жауаптар, 8 – сыныптың «Адамның мінез-құлқы және психикасы» тарауына бір немесе бірнеше жауаптарымен тест тапсырмалары жинақталған,сонымен қатар 9 – сынып бойынша деңгейлік сұрақтар берілген. Оқушылар тест тапсырмасына, сұрақтарға жауаптарды өз беттерімен іздеу арқылы білімге деген жауапкершілігін, логикалық ойлауын және шығармашылық ізденісін жетілдіруге негізделген.




Балықтар класы

  1. Акулалардың денесі қандай? созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді

  2. Шеміршектілердің жұтқыншағының екі бүйіріндегі неше жұп желбезек санылаулары бар? 5-7

  3. Тұлға бөлімі мен құйрық бөлімнің арасы немен бөлінген? клоака

  4. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі? желбезектер

  5. Қылтамырды басқаша қалай атайды? капиляр

  6. Скаттардың ең ірі түрі? манта

  7. Балық патшасы? бекіре

  8. Бекіре балықтардың тағы бір тобын қалай атайды? Тасбекірелер

  9. Саусаққанатты балықтар. Қазіргі кезде олардан тек бір ғана түрі бар, ол қандай? латимерия

  10. Қортпа, шоқыр, пілмай, бекіре қандай теңізде кездеседі? Каспий

  11. Албырттектестер деп аталатын, тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып өлетін қандай балықтар? Кета, нерка, құнысбалықтар

  12. Албырт балықтарынан алынады? Қызыл уылдырық

  13. Балықтарды зерттейтін ғылым? ихтиология

  14. Шеміршекті балықтарғы қандай балықтар жатады?

Акулалар, жұпбалықтар, тұтасбастылар

  1. Шеміршекті балықтардың есту мүшесі? Тек ішкі құлақ

  2. Шеміршекті балықтардың денесін қандай қабыршақ қаптайды? плакоидты

  3. Шеміршекті балықтардың желбезек доғаларының саны? 5-7 жұп

  4. Желбезек шашақтарын торлап жатады? Ұсақ қылтамыр

  5. Қанайналым шеңбері? 1

  6. Жүрегі неше қуысты және оларды ата? 2 қуысты: 1 құлақша, 1 қарынша

  7. Сүйекті балықтардың неше түрлері бар? 20мың

  8. Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? Балықтың жасын

  9. Сүйекті балықтардың денесі? Бас, тұлға, құйрық



  1. Акулалардың ішіндегі адамға қауіптісі? Сұр акула

  2. Сүйекті балықтардың алдыңғы миы қандай?

шағын екі ми сыңарына бөлінбеген

  1. Өрістегіш балықтар: қортпа, шоқыр, пілмай,бекіре

  2. Аналық безде жетілетін майда жұмыртқа жасуларды қалай атайды? уылдырық

  3. Саусаққанатты балықтарға қай балық жатады? латимерия

  4. Аталық безден бөлінетін сұйықтық? Шоғал

  5. Балықтардың қандай мүшесі айқын көрінеді? Бүйір сызық

  6. Шеміршекті балықтар неше классқа бөлінеді?

тақтажелбезектілер, тұтасбастылар

  1. Акулалардың нешеге жуық түрі бар? 350

  2. Балықтарың неше түрі бар? 2 (сүйекті,шеміршекті)

  3. Сүйекті балықтарда ерекше мүше қандай? Торсылдақ

  4. Тұқытектестер отряды: аққайран,мөңке,қаракөз,табан,ақмарқа,қаяз

  5. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі? қуық

  6. Қазақстандық су айдындарынды қаншаға жуық балық түрлері кездеседі? 180

  7. Ежелгі балық? Латимерия

  8. Сүйекті балықтардың ми бөлімі нешеу? 5

  9. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген балықтар: Каспий және Арал албырттары

  10. Сетінектің бауырынан алынып, мешел аурына қарсы пайдаланады: балық майы

  11. Балықтардың терісі неше қабаттан тұрады және қандай? 3 қабат: сыртқы, ішкі, эпидермис

  12. «Адамжегіш акула» ақ акула- каркарадон

  13. Шеміршекті балықта тік ішек немен аяқталады? клоака

  14. Сүйекті балықтардың неше класс тармағы бар? 2 класс

  15. Сүйекті балықтардың кейбір отрядның қанқасында сүйектен көрі не көп? шеміршек

  16. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында не болады? Сүйекті желбезек қақпағы

  17. Балықтар бір-бірімен қалай байланыс жасайды? Түрліше дыбыстар шығарып

  18. Сүйекті балықтардың тістері болады: Жақсүйектерінде және түрлі сүйектерінде

  19. Бауырдың қызметі? Улы заттар мен зиянды өнімдерді зарарсыздандыру

  20. Бекіренің кәсіптік мәнінің зор себебі: Дәмді еті, қара уылдырығы

  21. Балықтардың 90%-дан астамы қандай топқа тіркелген? Сәулеқанатты балықтар

  22. Теңіз алабұғасы қандай жынысты? қосжынысты

  23. Шеміршектілердің нағыз тері қабаты неден түзілген? Дәнекер ұлпасынан

  24. Скаттардың ең ірі түрі? манта

  25. Шеміршектілердің жұтқыншағы: Өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады

  26. Акуланың дене қуысында қандай бүйрек орналасқан?

Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрек бар

  1. Кейбір скаттардың денесінде қандай ерекше мүшесі бар?

Электр қуатын шығаратын мүшесі бар

  1. Ақ акуланың дене тұрқы неше метр? 4,3 – 4,6 метр

  2. Сүйекті балықтың тік ішегі аяқталады: Аналь тесігі

  3. Балықтардың ең жүзгіші: тынық мұхит желкенді балығы

  4. Қостынысты балықтар қай өзендерде кездеседі?

Амазонка өзені, Африка өзені, Австралия өзені

  1. Латимерия Африка жағалауынан алғаш рет ауға түскен жыл?

1938 жылы

  1. Латимерияның өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап неге айналған? Майлы мүшеге айналған.

  2. 2010 жылы Қызыл кітапқа енгізілген балық: Балқаш алабұғасы, іле шармайы

  3. Албырттектестерге жататын бахтах балығын кейде қалай атайды? Патша балығы

  4. Сетінектерді неліктен сетінек деп атаған?

Кептірілген еті сыртылдап, ыдырайтын болғандықтан

  1. Жебезегімен әрі өкпемен тыныс алатын балықтар: қос тынысты балықтар

  2. Ең ірі сүйекті балық: кәдімгі майшабақ королі

  3. Майшабақтектестер отряды? Мұхит майшабағы, сардинка, қылқа, түлкібалық, еділ майшабағы

  4. Ең ірі теңіз балығы: кит пошымды акула

  5. Жайық өзенінде кездесетін Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген? Еділ майшабағы

  6. Сүйекті балықтың ең ауыры: айбалық

  7. Қалаққанатты балықтар класс тармағы:

2(қостынысты, саусаққанатты)

  1. Шеміршекті балықтардың көбеюі: көпшілігі іштей ұрықтанады, кейбір түрі тірі шабақтайды


Құстар класы

  1. Қызылшақа балапандар қандай болады? Әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген

  2. Ширақ балапандар қандай болады?

Үлпілдек, қауырсынды әрі ширақ, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетіне көшеді

  1. Етті қарын қандай қызмет атқарады? тістің

  2. Нанду қандай құс және құрылысын атаңдар?

Ол үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді

  1. Алғаш қай құс қолға үйретілді? қаз

  2. Құстардың жүрегі неше қуысты? Төрт қуысты: екі құлақша, екі қарынша

  3. Қызылшақа балапандарды шығаратын құстар? Кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар, қарлығаш, қараторғай

  4. 1980 жылға дейін құстардың арғы тегі болған құс? Археоптерикс

  5. Құстарды зерттейтін ғылым? Орнитология

  6. Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған, салмағы 45-50 кг болатын құс? Эму

  7. Қыран құстардың қоразын қалай атайды? Шәулі

  8. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды не деп атайды? Құс қанатының ызғары

  9. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың қандай қолтұқымы бар? феникс

  10. Жыл құстары: қараторғай, тырна

  11. Ұшатын, жүзетін құстардың төс сүйегінде болады: қыртөс

  12. Қыстап шығатын құстар: шымшық, сауысқан, торғай, қарғалар



  1. Құстардың ауа қапшықтарының көлемі өкпеден неше есе үлкен? 10 есе

  2. Тауық жұмыртқасынан қанша тәуліктен соң балапан шығады? 21 тәуліктен соң

  3. Құстардың арғы тегі не деп аталады және қанша жыл бұрын болған? Протоавис 225 млн жыл бұрын

  4. Дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланыстықұстарды бөледі:

3 бөлік: қыртөсті, қыртөсссіз, жүзетін құстар

  1. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда не болмайды? Қуық

  2. Зоолог ғалымдар пайымдауы бойынша құстар бұдан қанша млн жыл бұрын пайда болды? 225 млн

  3. Жапалақ тектестерден тек қандай құс Қызыл кітапқа тіркелген? Үкі

  4. Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі қандай құс? Күркетауық

  5. Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі? Қоқиқаз

  6. Өңештің кеңейген бөлігі не деп аталады? жемсау

  7. Құстардың жақсүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған,оны не деп атайды? тұмсығы

  8. Жұмыртқаның доғал ұшында бұл екі қабықтың арасы нені құрайды? Ауа қуысын

  9. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? Кезеген альбатрос

  10. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына неше жұмыртқа береді? 220-250

  11. Етті тауықтардың қандай түрлерін білесің?

Виандот, род-ойленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок

  1. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі: банкив тауығы

  2. Дуадақ қандай құс және оның салмағы неше кг-ға дейін жетеді? Ірі құс, 16 кг

  3. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі: қаламша

  4. Әлемде неше түрі кездеседі? 8600

  5. Құстар қандай жынысты?дара жынысты, іштей ұрықтанады

  6. Колибридің салмағы қанша? 1,5 грамм

  7. Кеңірдектің екі ауатамырға тармақталған жері не деп аталады? Төменгі көмекей

  8. Құстардың қанқасы қандай? жеңіл әрі берік

  9. Аналық қаздардың салмағы неше кг салмақ тартады? 4-7 кг

  10. Бөдененің «фараон» қолтұқымының қоразының салмағы неше кг? 200 кг

  11. Жапониядағы қолдан өсіретін үй құсының бірі қандай? бөдене

  12. Бұдан неше мың жыл бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде қандай құс үйретілген?

7 мың жыл бұрын жабайы сұр қаз

  1. 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен археоптерикстердің екінші атауы? Алғашқы қанаттылар

  2. Аяқтарындағы толар сақ, табан сүйектері қандай сүйекке айналған? жіліншек

  3. Құстардың қарны қандай бөлімдерден тұрады? Безді және етті

  4. Аш ішекке бауырдан келетін өт өзек мен ненің безі ашылады? Ұйқы безі

  5. Құстардың қай бұлшық еттері өте жақсы дамыған?

Төссүйектегі кеуде, бұғана асты

  1. Құстардың орын ауыстыруын не арқылы анықтайды? Сақина салу

  2. 1886 жылы Ресей аумағынан ұшып өтетін құстардың толық картасысын жасаған орыс зоологы: М.А.Мензбир

  3. Құстарға тән тыныс алу: Қосарлы тынысалу

  4. Құстардың қанайналым шеңбері: 2

  5. Күркетауықты алғаш қай елде қолға үйретті? Мексика және АҚШ

  6. Кивидің салмағы қанша? 2-3 кг

  7. Құстардың дене температурасы: +41;+43

  8. Бүйректе түзілген зәр қышқылы қалай сыртқа шығарылады?

Екі несепағар түтігінен – клоакаға одан нәжіспен саңғырық түрінде тез шығарылады

  1. Қазіргі кезде бөдененің қандай етті қолтұқымы өсіріледі? Фараон

  2. Шағаланың қорегі: балық

  3. Жапония мен Қытайда әсемдік үшін қай құс өсіріледі? баққунақ

  4. Төбелестіру мақсатында қандай қолтұқымдарды асырайды?

Малай, үнді, ағылшын қол тұқымдары


  1. Құстардың есту мүшесі? Ішкі және ортаңғы құлақ

  2. Бөдененің қоразының салмағы неше? 200гр

  3. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде қандай жабайы құс мекендейді? тауыстар

  4. Тауыстардың құйрық қауырсындары қандай?

Құйрық қауырсындары ұзын,көзге ұқсас, әр түрлі түсті ірі өрнектері болады

  1. Император пингвиннің салмағы мен бойы қандай?

Салмағы – 45 кг, бойы – 110-120 см

  1. Пингвиндердің ең ірісінің салмағы неше? 45 кг

  2. Құстардың жақсүйектері немен қапталған? тұтас мүйізді тақташалармен

  3. Өңештің кеңейген бөлігі: жемсау

  4. Құстардың ірі қауырсындарының мүйізді өзегі: сояу

  5. Құстар жұмыртқасының сырты қапталады: әк қабықпен


Сүтқоректілер классы

  1. Сүтқоректілердің қанқасы неден тұрады? Бассүйек, омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады

  2. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым? маммалогия

  3. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер неше класс тармағына жиіктеледі? 2 класс: ілкіаңдар, қазіргі аңдар

  4. Сүтқоректілердің тістері құрлысына атқаратын қызметіне неше топқа бөлінеді? 2 топқа: күрек,сойдақ, кіші, үлкен азутістілер

  5. Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі жануар? Азиялық піл 690-760 күнге дейін

  6. Қан денеге қандай заттарды тасымалдайды? Газ бен қоректік заттар

  7. Сүткқоректілердің жүрегі неше қуысты? Төрт қуысты

  8. Езуден шақшытқа дейінгі жақ сүйекті иікпен жалғастыратып тұтастыратын бұлшық ет не деп аталады? ұрт

  9. Қазіргі кезде сүтқоректілердің неше түрі бар? 4500

  10. Сүтқоректілердің есту мүшесі: ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақ

  11. Төменгі сатыдағы сүтқоректілер қалай аталады? Қалталы сүтқоректілер

  12. Сүтқоректілердің тыныс мүшелері:

Өкпе, танау тесігі, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауа тамырлары

  1. Көкет: кеуде мен құрсақты бөліп тұрады

  2. Теріде қандай бездер болады?Май,тер,сүт,иіс шығаратын бездер

  3. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше? Ұрық жолдасы

  4. Аңтісті кесірткелер бұдан қанша млн жыл бұрын тіршілік еткен? 250-180 млн

  5. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы? Сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамырда сол жақ қолқа доғасын құрайды





  1. Қалталы сүтқоректілер неше жыл бұрын пайда болған? 140 миллион жыл бұрын

  2. Киттердің иіс сезу мүшесі қалай дамыған? Өте нашар

  3. Ілкіаңдарға жататын сүтқоректілер? Ехидна, үйректұмсық, түрпі

  4. Жабайы аңдардың өнімдері қандай? мүйіздері, бағалы терісі

  5. Ауыз қуысына неше жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады?

3-4 жұп

  1. Сүтқоректілерде қандай қан араласпайды?

Вена қаны мен артерия қаны

  1. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы немен бөлінген?

Дабыл жарғағымен бөлінген

  1. Өкпе көпіршектерінің екінші атауы? альвеолдар

  2. Тыныс шығару қозғалысына не қатысады? Көкет

  3. Қарындағы көптеген ұсақ бездер не бөледі? Қарын сөлін

  4. Ортаңғы құлақ қуысында қандай сүйектер бар? Балға, төс, үзеңгі

  5. Үйректұмық қандай сүтқоректілерге жатады? Алғашқы аңдар

  6. Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің қандай түрін білесің?

Құндыз, кәмшаттар, кит, түленде, т.б.

  1. Ұшатын сүтқоректілерге не жатады? жарқанат

  2. Жабайы қоян неше күнде төлдейді? 45-51күн

  3. Сүтқоректілердің мойын омыртқа саны қанша? 7

  4. Ауыз қуысы немен жалғасады? Жұтқыншақпен өңеш арқылы қарынмен жалғасады

  5. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды не деп атайды? Өкпе көпіршіктері

  6. Ширақ балапанды құстар қалай аталады? Тауық, қаз, жыртқыш құстар

  7. Тауықтектестер: қырғауыл, бөдене, кекілік, ұлар

  8. Көшпелі құстар: поляр үкісі, кейбір жыртқыш құстар

  9. Қыран құстардың балапаны: Ақүрпек


8- сыныпқа арналған сұрақтар

Адамның мінез-құлқы және психикасы

  1. Адамның мінез-құлқы қандай процестердің байланысы болып табылады?

  1. Химиялық поцестердің

  2. Психикалық

  3. Физиологиялық

  4. Жеке процес

  5. Қажетсіну процесі

  6. Биологиялық процестердің

  1. Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы ?

  1. И.П.Павлов

  2. Р.Декарт

  3. И.М.Сеченов

  4. А.А.Ухтомский

  5. И.И.Мечников

  1. Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толықтырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы кім ?

  1. И.П.Павлов

  2. Р.Декарт

  3. И.М.Сеченов

  4. А.А.Ухтомский

  5. И.И.Мечников

  1. Әрбір адамның тіршілігі барысында өзіне тән қандай рефлекстер қалыптасады?

  1. Шартсыз тежелу

  2. Шартты

  3. Физиологиялық

  4. Шартты тежелу

  5. Психологиялық

  1. Бала туылғаннан бастап 2-4 жасқа дейін шамамен тәулігіне неше сағат ұйықтау керек?

  1. 24 сағат

  2. 5 сағат



  1. 16 сағат

  2. 10 сағат

  3. 20 сағат

  1. Ұйқының неше түрі бар және оларды ата?

  1. 5 түрі

  2. 2 түрі

  3. 7 түрі

  4. 8 түрі

  5. тез ұйқы, баяу ұйқы

  1. Түс көру- ........ мидың қалыпты жұмысы

  1. Баяу ұйқы кезіндегі

  2. Тез ұйқы кезіндегі

  3. Терең ұйқы кезіндегі

  1. Емшек ему рефлексі, ол – шартсыз тағамдық рефлекс. Қорғаныш, қорғаныс рефлекстері кезінде қандай құбылыс байқалады?

  1. қарашықтың тарылуы

  2. Организмнің өзгеруі

  3. Бойдың өсуі

  4. Сөйлеу

  5. Жарыққа кірпік қағу

  1. Организмнің тіршілікті қолдау және оны дамыту үшін талабы -ерекше күй,ол қалай аталады?

  1. Психика

  2. Қажетсіну

  3. Адамның мінез-құлқы

  4. Ұйқы

  5. Ұйқы гигиенасы

  1. И.М.Сеченовтің«Адам организмінің саналы және санасыз іс-әрекеттерінің барлық актілері» -деген ұғымы сәйкес келеді

  1. Психика

  2. Рефлекс

  3. Қажетсіну

  4. Түс көру

  5. Ұйқы

  1. Жаңа туған сәбиде ең қарапайым қандай рефлекс байқалады?

  1. Шартты

  2. Шартсыз

  3. Физиологиялық

  4. Туа біткен рефлекс

  5. Жүре пайда болатын рефлекс

  1. Шартсыз рефлекс

  1. Туа пайда болады

  2. Бір түрдің барлық дарақтарына тән

  3. Өмір бойы өзгермейді, тұрақты

  4. Тұқым қуаламайды

  5. Жүре пайда болады

  6. Әрбір дарақтың жеке өзіне тән

  1. Шартты рефлекс

    1. Туа пайда болады

    2. Жүре пайда болады

    3. Бір түрдің барлық дарақтарына тән

    4. Өмір бойы өзгермейді, тұрақты

    5. Тұқым қуаламайды

    6. Әрбір дарақтың жеке өзіне тән

  1. Жаңа туған сәбиде байқалады?

  1. Ему рефлексі

  2. Қажетсіну

  3. Қорғаныштық

  4. Бағдарлаушы шартсыз

  5. Шартсыз рефлекс

  1. Сәбиге таныс емес затты көрсеткенде соған қарай басы мен көзін бұруы

  1. Ему рефлексі

  2. Қажетсіну

  3. Қорғаныштық

  4. Бағдарлаушы шартсыз



  1. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен – бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы?

  1. Инстинкт

  2. Тежелу

  3. Рефлекс

  4. Түйсік

  5. Шартты тежелу

  1. Қажетсіну деп нені атаймыз?

  1. Организмнің тіршілікті қолдау және оны дамыту үшін талабы – ерекше күй

  2. Адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы, жады мен түсінігі, ойлауы мен қиялдауы, сезімі мен еркі.

  3. Ми қыртысында баяу және ірі электр толқындары пайда болатын

  4. Органикалық қосылыстар ыдыраған кезде организмнің тіршілік әрекетіне қажет энергияның көп мөлшері бөлінуі.

  5. Бүйректің жұмысы бұзылған жағдайда

  1. Психика дегеніміз не?

  1. Ер бала мен қыз баланың отбасы мен қоғамда өзін жеткілікті түрде бақылай алатын орнықты мінез-құлқы қалыптасатын даму кезеңі.

  2. Қоғамның әлеуметтік толықанды мүшесінің қалыптасуы.

  3. Адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы, жады мен түйсігі, ойлауы мен қиялдауы, сезімі мен еркі.

  4. Организмнің тіршілікті қолдау және оны дамыту үшін талабы – ерекше күй

  5. Ақыл-ой жұмысына қабілеттілікті қалпына келтіреді, сергектік әрі күш береді

  1. Рефлекс дегеніміз:

  1. Мінез-құлықтың өзгеруі

  2. саналы, санасыз іс-әрекеттердің актілері

  3. оның екі түрі бар

  4. Адамның күйзеліске түсуі

  5. Туа пайда болатын және жүре пайда болатын іс-әрекет актілері

  6. Организмнің қажеттілігіне орай пайда болады

  7. Өсе келе жоғалып кететін әрекет

  8. Жүйке жүйесіне байланысты

  1. Тез ұйқы кезінде:

  1. Өте ұсақ, жиі, жылдам толқындар пайда болуы

  2. Терең ұйқы жағдайына тән

  3. Қан қысымы жоғарлайды

  4. Мидың биоэлектрлік беленділігі артады

  5. Ірі толқындардың пайда болуы

  6. Зат алмасу күшейеді

  7. Қан қысымы төмендейді

  8. Ұзақ уақыт ұйықтау

  1. Шартты тежелу:

  1. Кенет тоқтап қалады

  2. Жіктелген тежелу

  3. Эмоцияға байланысты

  4. Бұрын пайда болған рефлекстер жойылады

  5. Адам тұлғасына байланысты

  6. Ішкі тежелу

  7. Ажыратылған тежелу

  8. Тәрбиелеу кезінде байқалады

  1. Психика дегеніміз:

  1. Адамның ішкі дүниесі

  2. Қажетсіну

  3. Түйсігі мен қабылдауы

  4. Адамның бейімділігі

  5. Ерекше күй

  6. Әрекеттердің күрделі кешені

  7. Жады мен түйсігі

  8. Ойлауы мен қиялдауы



  1. Адамның тіршілігінде едәуір таралған негізгі қажетсінулеріне

жатады?

  1. Өзіндік көзқарас, түсінік, сезім, ой, эмоциялар.

  2. Тамақ және су ішу, белсенді қозғалыс, жылу сақтау

  3. Білім алу, жұмыс істеу, қоғам үшін іс-әрекет ету

  4. Отбасындағы, жұмысындағы іс-әрекет

  1. Шартты рефлекс дегеніміз не?

  1. Бұл кезде ең едәуір маңыздысы –емшек ему рефлексі

  2. Ағзаның көбеюіне тікелей қатысы жоқ

  3. Адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы

  4. Рефлекстер доғасына үлкен ми сыңарлары қыртысында қалыптасады

  5. Тек қана шартсыз рефлекстер негізінде түзіледі

  6. Туа біткеннен пайда болатын рефлекс

  7. Организмнің жыныстық жетілуінің кезеңі

  1. Баяу ұйқы кезінде:

  1. Тамырдың соғуы баяулайды

  2. Қан қысымы төмендейді

  3. Баяу және тез ұйқы бірін-бірі алмастырады

  4. Ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады

  5. Зат алмасулары жоғарылайды

  6. Энергия беріледі

  7. Адамның қуаты жоғарлайды

  8. Бұлшық еттер босаңсиды

  1. Түс көру ол...

  1. Адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы, жады мен түсінігі, ойлауы мен қиялдауы

  2. Ақыл-ой жұмысына қабілеттілікті қалпына келтіреді, сергектік әрі күш береді

  3. Тез ұйқы кезіндегі мидың қалыпты жұмысы

  4. Адам организмінің саналы жіне санасыз іс-әрекеттерінің барлық актілері

  1. Ұйқының көп таралған бұзылуының бірі?

  1. Летаргия

  2. Ұйқысыздық

  3. Терең ұйқы

  4. Баяу ұйқы

  5. Тез ұйқы

  1. Қимылсыз ұйқы ауруы

  1. Тез ұйқы кезеңі

  2. Терең ұйқы кезеңі

  3. Летаргия

  4. Ұйқысыздық

  5. Түс көру

  1. Басым құбылысты зерттеп негізін салған көрнекті орыс ғалымы

  1. И.П.Павлов

  2. Р.Декарт

  3. И.М.Сеченов

  4. А.А.Ухтомский

  5. И.И.Мечников

  1. Индукция құбылысын ашқан

  1. И.П.Павлов

  2. Р.Декарт

  3. И.М.Сеченов

  4. А.А.Ухтомский

  5. И.И.Мечников



Днқ-ның екіеселену ерекшеліктері, оның тұқымқуалаушылықты сақтаудағы рөлі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы

: uploads -> doc -> 088e
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
088e -> Сабақтың тақырыбы: адамның шығу тегі және тарихи даму кезеңдері
088e -> Сабақ: «Үй құстарына қамқорлық»


  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет