Қызметті алушылар Заңды тұлғалар Жеке тұлғалар Қызмет көрсету орны Министрліктің Азаматтық авиация комитеті «Электрондық лицензиялау»



жүктеу 36.89 Kb.
Дата12.04.2018
өлшемі36.89 Kb.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Ұшуды орындау құқығына арналған куәлiк алу (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар)



Мемлекеттік орган

ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi

Қызметті алушылар

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Қызмет көрсету орны

Министрліктің Азаматтық авиация комитеті



«Электрондық лицензиялау» порталы

Қызмет құны

Тегін


Қызмет көрсету мерзімі

Куәлік беру - 7 күнтізбелік күн

Телнұсқасын беру - 2 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы

Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлiк беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар)



Қосымша

Сіз құжатты тексере аласыз 



Оқыту роликтерін қарау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

  2. Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.

  3. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.

  4. Өтінішті толтырыңыз және өз  ЭЦҚ қол қойыңыз.

  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады

Ұшақтарда ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу үшін өтінім, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:



  1. стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

  2. көрсетілетін қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:

    • көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;

    • көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;

    • көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;

    • жоспарланған ұшуларын түрі;

    • әуе кемелері бойынша деректер;

    • әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

    • ұшуды қамтамасыз ету.

  3. ұйымдастыру құрылымы, штаттық кестесі;

  4. ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандар жөніндегі мәліметтер;

  5. командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;

  6. ұшу жүргізу бойынша нұсқау;

  7. пайдаланушының басшысымен бекіткен Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;

  8. азаматтық әуе кемелерін ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелері:

  9. ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;

  10. пайдаланушының басшысымен бекіткен әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;

  11. азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін болдырмау бойынша шаралар туралы құжаттар;

  12. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;

  13. халықаралық ұшуға арналған құжаттар (орындау кезінде);

  14. пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;

  15. әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттың (келісімшарт) көшірмесі (жалға алуы арналған әуе кемесі бар болса).

Куәлік телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі



Куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет