Қызылорда,2016ж Мұғалімдердің шығармашылық зерттеу жұмыстарын тарату мақсатында «Тәжiрибе. Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында педоқу



Дата23.11.2017
өлшемі72.72 Kb.
http://shablon4ik.ru/engine/inc/dlesed.php?mode=ajaxloading&action=dle-dleimage&id=ahr0cdovl2kwmjkucmfkawthbc5yds8xmda3lzeyl2riowfhzdrkyjdhnnquanbn

«Тәжiрибе. Жаңашылдық. Шығармашылық»

тақырыбында педоқу

Ұйымдастырушы: Әдістемелік кабинет,

«Ұлағат» озат тәжірибе орталығы

261 орта мектеп, 30 караша



Қызылорда,2016ж

Мұғалімдердің шығармашылық зерттеу жұмыстарын тарату мақсатында «Тәжiрибе. Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында педоқу

«Тәжiрибе. Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында мкетепішілік педоқу



Мақсаты: Мұғалімдердің шығармашылық зерттеу жұмыстарын тарату

Педагогикалық оқу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы  ережелер:

1. Педагогикалық оқу мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылады.



2. Педагогикалық оқудың  міндеттері:

-  қазіргі білім беру жағдайында педагогтарға ғылыми-теориялық, әдістемелік көмектер көрсету;

-  білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату;

-   мектептегі педагогика ғылымы зерттеулерінің басым бағыттарын анықтау. 

3. Педагогикалық оқуды өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті және ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалау мақсатында Сараптау комиссиясы құрылады.

 4.Педагогикалық оқудың жұмыс бағыттары:

- білім беруге  заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру;

- білім берудің жаңа форматы;

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспарын жүзеге асыру;

- білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің рөлі; 

- білім берудегі құзырлылық; 

- ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану;

- ғылым мен білімнің кіріктіріле дамуының болашағы;

- білім берудің сапасын көтеру және гуманитарландыру;

- үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

- Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін ендірудің ғылыми-әдістемелік негіздері;

- «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары.

5. Ұсынылған материалдардың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

5.1. Ұсынылған материал мазмұны ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес анықталады. Жалпы білім беру мекемелерінің алдында тұрған маңызды мәселелердіпедагогтың қолданыстағы іс-тәжірибесінің нәтижелерін, сапалы білім беруді арттырудағы мүмкіндігі нақты көрсетіліп,  талдаулары  қамтылуы  қажет.

5.2. Мұғалімдер өз жұмыстарын   түрлі формада бере алады: баяндамалар, рефераттар, ғылыми және инновациялық жобалардың презентациялары,  авторлық бағдарламалар, білім беру ұйымдарын, ұжымды дамыту тұжырымдамаларын, іс-әрекетті ұйымдастыру ережелерін, дамыту бағдарламаларын, өндірілген инновациялық технологияларды ендіру бойынша ашық сабақтардың жоспарлары және т.б.

5.3. Баяндама компьютерде Microsoft Office Word (қарпі- 14 Times New Roman, аралық интервал – 0,5, сол жақтан – 3 см, оң жақтан – 1,5 см, жоғарыдан және төменнен– 2 см, сілтеме мәтін ішінде жасалынады, сыртқы бетінің қарпі– 16)-де теріледі;

- баяндама құрылымы: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды (түйін),қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша;

- көлемі 5-6 бет, сілтеме баяндама ішінде көрсетілуі тиіс;

- баяндамаға қосымша материалдар ұсынуға болады: пікірлер, видео және аудио файлдар, иллюстрациялар; кестелер мен сызбалар зерттеу жұмысының дәйектелген материалдары ретінде ұсынылады.

- сыртқы бетінде педагогикалық оқуды ұйымдастырушы жөніндегі нұсқаулық көрсетілуі керек (жоғарғы екі жол), педагогикалық оқудың толық атауы, тақырыбы, орындаушы (аты-жөні, тегі, әкесінің аты, жұмыс орны, қызметі, құрметті атағы).



6. Баяндаманы бағалау критерийлері:

1. Тақырыптың өзектілігі мен мазмұнының айқындылығы;

2. Жаңашылдығы мен тәжірибелік мәні;

3. Мұғалім шеберлігін арттырудың тиімді жолдары;

4. Автордың педагогикалық теорияларды білуі және оларды тәжірибеде қолдануы;

5. Баяндаманың рәсімделуінің жоғарыдағы талаптарға сай болуы.

3.7. Педагогикалық оқуға ұсынылған жұмыс он баллдық шкаламен бағалау арқылы бағаланады. Сараптау комиссиясы педагогикалық  оқуға қатысушыларды  бағалаудың ең жоғары баллдары бойынша сұрыптайды.

Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру , жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.Біздер, әрбір педагог қоғамның дамуынан, қазіргі заман өзгерістерінен қалмау үшін әр адам жасына, қызметіне қарамай, үнемі білім алу қажеттілігін арттыра түсуіміз қажет.


Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де «өмірлік білімнен- баршаға өмір бойы игерілетін білім ұстанымына» өту болып отыр. Мектепте оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру педагогтардың әзірлік деңгейіне тікелей байланысты. Бұл деңгей және үнемі өсіп отыруы да қажет.Сондықтан, мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру әрекеттерінсіз біліктілікті арттыру бағытындағы әр түрлі курстар, семинарлар мен конференциялар тиімді нәтиже бере қоймайды. Өздігінен білім жетілдіру кез келген мамандықтағы өз ісіне шығармалықпен және жауапкершілікпен қарайтын әрбір маман үшін қажеттілік болып қалыптасып отыр. Бұл әсіресе, моральдық және әлеуметтік тұрғыдан жоғары жауапкершіліктегі ұстаздық, мұғалімдік кәсіпке алдымен тән жағдай.
ҚР-ның «Білім туралы » Заңының 4 бабында «ҚР Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады» деп атап көрсетіледі. Біліктілікті жетілдіру жүйесі мазмұн, әдіс, форма және оны игерудің мерзімі, кез келген білім белсенділігін, тыңдаушылар бастамасын қолдау, барлық мамандарды даярлауды жүзеге асырудың негізі болып табылады
Мұғалімнің біліктілігін жетілдірудің негізгі 3 түрлі жолдары бар:
- Білім жетілдіру курстарынан өту;
- Өздігінен білім жетілдіру;
- Қазіргі ақпараттық технологияларды меңгере отырып, қашықтықтан оқыту арқылы білім жетілдіру.
Педагогтың өздігінен білім жетілдіруі
Мұғалімнің өздігінен білім жетілдіруі- кәсіптік қызметіне тән қажетті шарт. Қоғам мұғалімге қашанда жоғары талаптар қойып келген, әлі де солай, келешекте де солай болады.Өзгені оқытып- үйрету үшін басқалардан көп білуге тура келеді.Мұғалім өз пәнін білумен және оны шәкірттер санасына жеткізудің методикасын игерумен қатар, оған жақын ғылым мен әр түрлі қоғамдық салалардан, қазіргі саясаттан, экономикадан хабары болуы керек. Мұғалім бәрін де тұрақты түрде оқып-біліп отыруы тиіс, өйткені оның алдындағы оқушылармен бірге уақыт кезеңдері де жыл сайын өзгеріп отырады.Әлем туралы түсінік те тереңдеп, өзгеше сипатқа ие болады.Білім жетілдіру қабілеті дипломмен бірге келмейді. Ол әрбір мұғалімнің өзіндік психологиялық және интеллектуальдық ерекшеліктеріне байланысты, ақпарат көздері арқылы жұмыс жүргізу, өз қызметі мен әріптестер қызметіне талдау жасау секілді дербес еңбек үрдісінде қалыптасатын қасиет.Дегенмен, мұғалім өздігінен білім жетілдіруге қаншалықты қабілетті болғанымен, бұл процесс практикада жүзеге аса бермейді. Мұғалімдер мұның негізгі себептері ретінде уақыттың жоқтығын, ақпарат көздерінің жеткіліксіздігін, стимулдың болмауын және басқада жәйттерді алға тартады.Бұл ой енжарлығы мен жалқаулығының көрінісі десе де болады, өйткені өзін-өзі жетілдіру әрбір педагогқа тән ажырамас қажеттілік болуға тиіс.
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін қажеттіліктер құрамы мынадай:
- күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.Мұғалім сабаққа, сөз сөйлеуге, ата-аналар жиналысына, сынып сағатына, жалпы мектептегі шараларға, олимпиадаға дайындау барысында жаңа ақпараттар іздестіру;
- шығармашылықпен жұмыс жүргізу. Шығармашылықты қалайтын адам сарғайып кеткен баяғы сабақ жоспарларын немесе сценарийлерді парақтап отырмайды, заман ағымына сәйкес жұмыс жүргізу;
- қоғам өміріндегі өзгерістер. Бұл өзгерістер бірінші кезекте оқушыларға әсер етеді, олардың дүние танымын қалыптастырады, соған сәйкес мұғалімді көбінесе «заманға лайықсыз адам» образында таниды;
- бәсекелестік. Көптеген ата-аналар балаларын мектепке әкелгенде оларды нақты бір ұстаздың, пән мұғалімінің немесе сынып жетекшісінің қарамағына табыстауды сұрайды.Егер мұғалім әкімшілікте, әдістемелік кеңесте, білім беру бөлімінде жақсы аталып жүрсе, оның сыныптарды, апталық жүктемелерді таңдауда құқығы жоғары болады;
- қоғамдық пікір. «Жаман мұғалім» болу мұғалім үшін өте ауыр.
- материалдық ынталандыру.Мұғалім категориясы, аттестаттау комиссиясының пікірі,марапаттар, үкіметтік наградалар да –бәрі-бәрі ұстаз біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.Жаңа білімдерді тұрақты түрде игеріп отырмайынша, бұларға қол жеткізу екіталай.
- ынта-ықылас. Тұрақты түрде үнемі үздіксіз іздену.
Өздігінен білім жетілдірудің нәтижесі
Қандай қызмет болсын, нәтижесі өнім, табыс не жетістік құрауы тиіс. Әйтпесе ол қызметтің мәні жоқ. Мұғалімнің өздігінен білім жетілдіру жөніндегі жеке жоспарында белгілі бір мерзім ішінде қол жеткізілетін нәтижелер тізімі болу керек.Білім жетілдіру үздіксіз жүргізілетін процесс, бірақ оны кезең-кезеңімен жоспарлау керек. Атап айтқанда:
- пән бойынша білім сапасын арттыру,
- оқытып-үйретудің жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін жасау;
- дидактикалық материалдар, тесттер, көрнекі құралдар әзірлеу;
- мақалалар, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеулер , сценарийлер;
- баяндамалар, белгілі бір тақырыпта сөйлейтін сөздер;
- жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты әдістемелік ұсынымдар жасау;
- жаңашылдық технологиялар әзірлеу және сол бойынша ашық сабақтар өткізу;
- зерттелетін өзекті мәселе бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар, шеберлік сыныптарын өткізу, озат іс-тәжірибені тарату
Каталог: uploads -> doc -> 00a9
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00a9 -> Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы қорқыныш(фобия) Секция
00a9 -> Бекітемін: Мектеп директоры: Г. Бегмуратов алгебра (орта мерзімді жоспар) 9-сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет