Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы



Дата03.07.2017
өлшемі21.92 Kb.
Жоба

«Азаматтық қызметшілер

болып табылатын және

ауылдық жерде жұмыс істейтін

ветеринария саласындағы

мамандар лауазымдарының

тізбесін айқындау туралы»

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы 17 маусымдағы

494 қаулысына өзгеріс



енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 34 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №494 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5598 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 9 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы «__»___________ №___

қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және

жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Ветеринария мамандары:

1) бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;

2) екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;

3) санатсыз біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;

4) бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;

5) екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;



6) санатсыз біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник.
: sites -> default -> files -> documents -> kaulylar
kaulylar -> Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
kaulylar -> Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы «Өсімдіктер карантині туралы»
kaulylar -> Жоба «2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы»
kaulylar -> «Мемлекеттік орман қорында орманды пайдалану үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы
kaulylar -> Жоба қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың
kaulylar -> Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын
kaulylar -> Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ
kaulylar -> Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет