Қызылорда облысы, Арал қаласы №220 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жаймақова Жамила



жүктеу 34.63 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі34.63 Kb.
Қызылорда облысы , Арал қаласы № 220 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жаймақова Жамила

6- сыныптар арасында өткізген сайыс түріндегі сыныптан тыс жұмысымды өзімнің әріптестеріме ұсынып отырмын

Тақырыбы : Техниканың тарландары .

Мақсаты: Информатика пәнінен оқып, білген білімдерін тиянақтау,Paint редакторында жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Компьтерлік сауаттылыққа баулу.

І. Оушыларды топтастыру

Ақпараттық тарарушы құралдарды таңдау арқылы топтастыру. ( Диск, сотка, флэшка )



ІІ. Психологиялық дайындық .

Тренинг өткізу.

«Менің көңіл –күйім қандай ?»

Балалар өз көңіл –күйілерне сейкес келетін суретті тауып атайды. Сол сияқты балалар өз көңіл –күйлерін баяндайды.



ІІІ. Жалындаған жас ұрпақты ,

Ақпараттық технология әлемі

Жарқын жолға бастайды- деп,

Бүгінгі сайысымызды бастаймыз .

Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке басиеді күллі әлем, деп

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Сайыстың бағдарламасы :

І. Таныстыру

Әр топ өз топтарын таныстыру ( 5 ұпай )

Плакатқа өз топ атттарын , эмблемасын салып ортаға шығып қорғайды

ІІ. Зерделеу бөлімі

Компьютер арқылы мынадай сұрақтарға жауар береді. ( әрбір дұрыс жауап 1ұпай )


  1. Информатика ғылымы нені зерттейді?

  2. Кодтау дегеніміз не?

  3. Бағдарламалық жасақтама дегеніміз не ?

  4. Драйверлер дегеніміз не ?

  5. Alt+ F4 пернесінің қызметі қандай?

  6. Алгоритм дегеніміз не ?

  7. Word Pad мәтіндік редактордың қызметі ?

  8. « Трансформациялау » сөзі нені білдіреді ?

  9. Paint графикалық редакторының қызметі қандай ?

  10. Paint графикалық редакторында құрал –саймандар саны нешеу?


ІІІ. Ой ұшқырлығына саяхат
Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса ,сол топтың топ басшысы бастайды. Топтан бір оқушы шығып, логикалық есептердің шешімін табады. Топтың қалған мүшелері осы есептің берілгенін Paint графикалық редакторында бейнелейді.

( Суреттің көркемдігіне , Paint редакторында қалай жұмыс жасйтындығы , уақыты шектеулі 5 мин )

(Салған сурет 5 ұпай )

( бағалануы дұырыс жауап 5 ұпай ) барлығы 10 ұпай.



І топ.


  1. Логикалық есеп

Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және бір қазы бірінші көлге, ал қалған қаздардың жартысы және бір қаз екінші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонған ?

Жауабы: Бірінші көлге 4-еу, екінші көлге 2-еу.



  1. Paint графикалық редакторында топ мүшелері есептің берілгенін суреттйді.



ІІ –ТОП.

  1. Егер бір топ торғай әр бұтаққа бір –бірден қонса ,онда 5 торғайға бұтақ жетпейді, егер әр бұтаққа 2 торғайдан қонса ,онда бір бұтақ артық қалады. Қанша бұтақ ,қанша торғай бар?

Жауабы : 6 бұтақ, 11 торғай.


  1. Paint графикалық редакторында топ мүшелері есептің берілгенін суреттйді.


ІІІ-топ

  1. Екі балада 10 алма бар. Егер екінші бала біріншісіне 3 алма берсе, онда екіншісінде біріншісіне қарағанда 4 есе кем алма қалады. Бастапқыда әр балада неше алма болған ?


Жауабы : Бес-бестен алма болған.

  1. Paint графикалық редакторында топ мүшелері есептің берілгенін суреттйді.


IV. Қызықты ақпараттар

Үй тпасырмасы :

Әр топ алдын –ала интернеттен жаңадан пайда болған ақпараттық технологиялардың таң қаларлық ерекшеліктерімен жетістіктеріне тоқталып, ұтымды ой айтады. (10 ұпай )

1.Қызықты ақпараттар туралы мұғалімде ақпарттар береді.



Мысалы : Құлпынай жинайтын роботты Жапония ойлап тапқан. Өйткені оларда құлпынай көп өседі.

  1. «әлемдегі интернет кондиционері» жасалуда оның артықшылығы интернет арқылы кондиционерді пайдалануға болады.

  2. Біздің отандастарымыз « Шыңғыс ханның компьютерлік вирусын »ойлап шығарған . Оның бір ерекшелігі «Шыңғыс ханның » кім екенін айтып ,насихаттап, болған соң , вирус пайда болады.


V . Қорытындылау бөлімі. Сайысымыз өз мәресіне жетті, олай болса сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазыларға алдын –ала бағалау парағы тартылады.

VI. Марапаттау бөлімі.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет