Іздену жұмысы «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» Бастауыш сынып мұғалім



жүктеу 71.55 Kb.
Дата26.11.2017
өлшемі71.55 Kb.
Іздену жұмысы «Әр құсқа өз тұмсығы қажет»

Бастауыш сынып мұғалім:Бержанова Ж. Г

Дүниетану 2 «а» сыныбы

Тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет
Мақсаты:а) Бейімділік - құстардың тұмсығы қорғануы мен қоректенуі, және тіршілігін сақтау үшін көмектесу қажеттілігі туралы оқушы түсінігін тереңдету.
ә) Оқушының өзінде бар білімді құстарды сипаттау арқылы жаңа білімді алуға қолдана білу дағдыларын жетілдіріп дамыту.
б) Табиғатты, сүюге, қорғауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: топпен жұмыс:сұрақ - жауап, түсіндіру, ойындар, ән айту,жағдайлық ситуация.
Пәнаралық байланыс:Музыка және әдебиеттік оқу,бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Құстар әлемі» слайд.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»
- біз бақытты баламыз!
- Қуаныштымыз! (қолдарын шапалақтайды)
- Біз ідепті баламыз!
- Ризамыз! (оң қолдарын көтереді)
- Аспанымыз,ашық,күніміз нұрлы босын!

- Әрқашан! (екі қолдарын көтереді)


- Сабақты беске оқиық!
- Дұрыс! (Бас бармақтарын көрсетеді)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Сақтандырғыш рең» мәтінінде сөз болған жануарлар тіршілігі жайлы пысқтау.
Өткен сабағымызда жануарлардың жасайтын ортаға бейімділігі жайлы білдік. Суреттерге қарап , осы жануарлар туралы әңгімелеңдерші.(Слайдта суреттері шығып тұрады скунс, жолбарыс, ұшар,кірпі, шегірткеші)
ІІІ. Өткенді пысықтау «Табиғат» жайлы бейне ролик көрсету
- Көріністен нелерді көрдіңдер? (Құс, қоян, гүл, бүркіт, аю, тау, су, орман)
- Бұлардың барлығын бір сөзбен атаңдаршы? (Табиғат)
- Ендеше табиғаттың бір бөлігі болып саналатын жануарлар жайлы оқып білгендерімізді еске түсіріп көрейік.
Табиғатта жануарлардың көптігі соншалық, олар туралы көбірек оқып білгеніміз жөн.

Суреттерге қарасақ оларсан алуан түрлі!


- Жануарлар топтары кім атайды? (Құстар, жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, жәндіктер, аңдар)
- Олар қайда тіршілік етеді? (Суда, ауада, жер бетінде, топырақ арасында)
- Немен қоректенеді? (Бунақденелермен, өсімдікпен, өз әлдері келетін жануарлармен)
- Бүркеніш рең, қорғаныш рең, сақтандырғыш рең не үшін қажет?
- Бүркеніш рең - көбелек, көк шегіртке өсімдік гүлінің, бұтағының түрін бүркеніп қорғанады.

Ұжыммен пікірсқхбат.


- Қорғаныш рең - дене пішіні қаңқыздан аумайтын тарақан бар ол өзінің түрін қаңқызға ұқсатып қорғанады.
- Сақтандырғыш рең - денесіндегі улы немесе күйдіргіш заты бар бунақденелерді басқа жануарлар жемейді. Сондықтан олар түстері ашық, ашық көзге көріне береді. Оларды алыстан байқаса да шоқып жемейді.
- Бунақденелермен қоректенетін жануарлар өте көп.(Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер)
- Сондықтан бунақденелілер жауынан алуан түрлі бейімділікпен қорғануға әрекет жасайды.
- Аңдар неге жуынады?
Аңдар жуыну арқылы үстінің кірін, үстіне жұғып қалған тамақтың қалдығын тазалап қана қоймай денесінен шығып тұрған иісті де жояды. Мұның маңызы өте зор. Себебі мысық, жолбарыс сияқты аңдар жемін аңдып отырып жейтіндіктен, олардың иісін жемі сезіп қойса, қашып ұстатпай кетеді.
- Жануарлардың бейімділігі дегеніміз не?
- Жануарларға бейімділік тіршілігін сақтауға, жыртқыштан құтылуға, көмектесетін қасиет болып, олар сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысындада көрінеді.
Табиғат жағдайы жер бетінің барлығында бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет.
ІV.Жаңа сабақ 1) Ойын «Бұл қандай құс?» 2) Құс денесінің бөлімдері

(Сурет бойынша тамақ үсті, ауыз бұрышы, тамақ асты, қауырсын, құйрық)


- Балалар, бүгінгі сабағымызда құстарға бейімділіктің не үшін қажеттілігі бар екеніне тоқталамыз. (Құстар өмірі жайлы бейне ролик көрсету)
Аспандағы ұшып жүрген құстар жер бетіндегі ғажайып жаратылыстардың бірі. Олардың әр - түрлі түске боялғаны, түрлі пішінді болып аспанда еркін қалықтағанына неге таң қаламыз?(?). Оқушы ойы тыңдалады, әрі қарай жетектей түсу.

Орман, дала, тау. көл, өзен және шалғында мекендейтін жабайы жануарлардың бәрінен де құстар ең қызықтысы, тартымды және сүйкімді.Неге? (?).Оқушы ойы тыңдалады, әрі қарай жетектей түсу.Толықтыру-....Олардың жеңіл де шебер ұшуы, әдемі түсі және сазды әуені табиғат сүйетін әркімді – ақ өзіне тәнті етеді ,Сондықтан оларды ғажап тіршілік иелері дей аламыз.


3) Суретпен жұмыс
Құстарнеге шайнай алмайды? (?). Себебі олардың тістері жоқ. Сондай - ақ бұлардың тұмсықтары да бұл үшін бейімделмеген. Тамақтары қорытылу үшін олар майда тастарды және ірі қиыршықтарды жұтады. Тастар ірі азықтарды майдалап, тістің рөлін атқарады.
Бәбісек - (сасық көкек). Қазақстанның барлық жерінде дерлік кең таралған шөлді, далалы өңірде өзен - көлге, т. б. су маңына жақын жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 25 – 28 см, салм. 70 г - дай. Тұмсығы жіңішке, ұзын, желпуіш тәрізді жазылатын айдары бар. Түсі алабажақ .Ол жыл құсы, ақпанның аяғы, наурыздың басында ұшып келіп, тас арасына, үй шатырына ұялайды. Етінде жағымсыз иісі бар. «Сасық көкек» деп аталуы осыған байланысты .Ол шыбын - шіркей және құрт - құмырсқалармен қоректеніп,сүйір тұмсығымен топырақты қопарып шығарған құрттарын ауаға лақтырып, тұмсығын ашып, ауада қағып алып жегенді жақсы көреді екен.

Демек ол қандай құс? (?). пайдалы құс. Адамдарға оңай үйреніседі. Ашық жерлерде , қала ішіндегі саябақтарда да кездеседі.


Тоқылдақ — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құс. Тоқылдақ жайлы және не дей аламыз? (?). Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, оның, арасындағы насекомдардыы және олардың личинкаларды жейді.Оның тілі ұзын , ұшында түктері болады. Тоқылдақ насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді, ұяларын ағаш қуыстарына салады. Ұясына 3 -5 жұмыртқа болады.Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады, әсіресе жаз айларында өте пайдалы . Сондықтан да халық “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.
Қыста тоқылдақтар көпшілігінде қылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді

Сары ала қаз – Қазақстанның барлық жерінде кездеседі және ұялайды. Таулы су қоймаларын мекендейді. Өсімдік (дән дақылдармен, тары, бидаймен) жануар (шаян, бунақденелермен) қоректенеді.
Сыбырлақ аққу – Солтүстік Каспийде, Түркістан мен Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды. Негізінен су астындағы өсімдіктердің бөлігімен, ұсақ - түйек жануар тектес азықтармен де қоректене алады.
Жалпақ тұмсықты үйрек – Сулы - батпақ алқаптардың бәрінде ұялайды. Жануар тектес азықтармен (шаян, қоңыз, өрмекші, шабақ, биттермен) қоректенеді.
Бүркіт - қомақты биік тұмсығы және ұзын жалпақ қанаты бар ірі жыртқыш құс. Негізінен балықтармен және су құстарымен қоректенеді. Қоян, құмтышқан және ондатрларды аулайды.
Дала қыраны – Мықты тұмсығы және күшті аяғы бар, тілерсегі саусағына дейін барлық жағынан қауырсынданған, ірі және орташа құстар. Қуаң далалы, шөлді және шөлейтті жерлерде мекендейді. Негізінен кеміргіштермен қоректенеді. Басқа сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды аулайды. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Тудағы бейнесін байланыстыру ( Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. )
Ақ сұңқар - шіл, кептер, ұзақ, қарға, құрларды қоректенеді; қояндарға да шабуыл жасайды. Өте жақсы саятшы құс. Қазақстанның қызыл кітабына енгізген.
(Құстардың тамақтанып жатқан суреттері)
Сонда құстарға тұмсық не үшін қажет екен? (?).
Тоқылдатады, қоректенеді, ұшып жүріп қағып түседі, құрт - құмырсқаны жеп пайда келтіреді, жауынан қорғанады.
Оқулықпен жұмыс (Мәтінмен танысу) оқу түрлері,талдау,топпен жұмыс түрлері
Сөздік жұмыс. Қашау - темір кесуге арналған жүзі бар құрал.

ІV.Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,
Қолды алға созамыз,

Дайындалып ұшуға.


Қане қанат жаямыз,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Қанаттарым қалықта,

Қанатты кең жазамыз.


Әуеде біз самғаймыз,
Жылы жаққа барамыз,

Ұямызға қонамыз.


Дәптермен шығармашылық жұмыс.
Жаңа сөздер тұмсық, қорек, қорғану сөздерін жазу. Сөйлемдер құрау, ерікті түрде суретін салу.
VІ.Бекіту. (?). Семантикалық картамен жұмыс.Оқушылар 2 топқа бөлінеді де 3 ұғым бойынша пайдасын, зиянын, тұмсығы жайлы түйінді сөздерді жазып, картамен жұмыс жүргізеді


  Құстар

  Нені түсінесің? (?).

  Не үшін олай ойлайсың? (?).

  Неге? (?).

  Және не деуге болады? (?).

Пайдасы




 

 

 

Зияны

 



 

 

Тұмсығы

 

 




 




  Сөздер

  Нені түсінесің? (?).

  Не үшін олай ойлайсың? (?).

  Неге? (?).

  Және не деуге болады? (?).

Тоқылдақ




 

 

 

Аққу

 



 

 

Жыл құсы

 

 




 

Мұғалім:Құстар таңғаларлық бай табиғатымыздың бір бөлігі ретінде бізге қымбат. Оларды тыңдау, оларға қайран қалу әр адамға үлкен ләззат береді. Бар әдемілік пен бақытты құсқа байланыстырады. Сондықтан біз құстарды қорғаймыз, сондықтанда заң оны мақсатсыз жоюға және ұяларын қиратуға тиым салады. Сонымен қорғану үшін, қауіп қатерден сақтану үшін, қоректену үшін, табиғатта тіршілік етуде бейімделу үшін әр құсқа өз тұмсығы қажет екенін түсіндік және білдік.
VІІ.Үйге тапсырма: Эссе «Құстар» , бағалау.
: uploads -> doc -> 1261
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1261 -> ІІ. Негізгі бөлім Сарымсаққа сипаттама және оның адам ағзасына пайдасы емдік қасиеттері
1261 -> Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктің экологиялық топтары
1261 -> Өмір қауіпсіздік негіздері Қала(поселке) қауіп көзі
1261 -> Урок 16. Биогеоценоз как биосистема и экосистема Цель: сформировать понятие о биогеоценозе как надорганизменной биосистеме. Задачи




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет