Іздегенде табылатын қасыңнан…



жүктеу 27.05 Kb.
Дата07.11.2017
өлшемі27.05 Kb.
Іздегенде табылатын қасыңнан….

Мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру, оқушылардың достық ой-пікірін

дамыту,достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге

баулу;оқушылардың арасына жағымды қарым-қатынас орнату, бірін-бірі

сыйлауға, үйрету.

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайд, үлестірме қағаздар

Жүрісі: І. Топқа бөлу. (Смайликтердің артында достық туралы мақалдар жазылған сол бойынша 3 топқа бөлінеді.)

ІІ.Әр топқа тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарды қорғап щығады.

ІІІ.Қосымша сұрақтар беріледі.

ІV. Шығармашылық жұмыс. Достық тақырыбына өлең шығару немесе сүйіікті

ақындарының өлеңдерін оқу.

V.Қортынды. “Жан досым ” әні орындалады.

VІ . Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек.

1.Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

2.Досы жақсының-өзі де жақсы.

3.Достыққа достық-қарыз іс.

1 топ. Адал достық , амал достық.

2 топ.Дос қандай болу керек?

3 топ. Достық парызы. Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?

Жетекші сұрақтар:

1.Ұлы адамдардың достығы жайлы не білеміз?

2.Достықтың өміршеңдігі неде?

3. Бос уақыттарыңды достарыңмен қалай тиімді өткізесіздер?

3. Көбіне сол бала кезден басталған достық өте ыстық һәм өміршең келеді дейді сіздің ойыңыз? (Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы)

4.Менің достарым көп болу үшін мен не істеуім керек немесе мен қандай болуым керек.

1.Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі-достық.

Достық дегеніміз-адамдардың бір-біріне жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Адал дос адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауымызға жәрдемдеседі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адамдық деген-рухани тазалық. Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды, қатесін, кемшілігін кешіре біледі. Ондай адам жан-дүниеңді түсініп, әрдайым қасыңнан табылып, көмектесуге дайын тұрады. Бұл-нағыз достық.

Достық әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі, ықыласы түскен, жанжүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Шын достық ақылдыға ғана тән. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, мау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұқсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет айта біледі.

Амал достық уақытша дос, ол қызғаншақ, өтірікші, тек өзінің ғана басын ойлайды, бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу. “Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық” . Амал достық-біреуді өз пайдасына пайдалану үшін әдейі болатын достық.

2. Дос адал, адамгершілігі мол, мейірімді, саналы, шыншыл, қайырымды, сабырлы, жомарт, қайратты, мәдениетті, сенімді, қарапайым, төзімді. Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

Ата-бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет-достыққа адалдық. Достықтың орны бөлек оған жауапкершілікпен, байсалды қарау керек.

3.Достықтың орны –оның қадіріне жету. “Достыққа достық -қарыз іс”

4.Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі баға жетпес –байлық.

Достықтың негізі-достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.Бірліксіз кездейсоқ достықтың өмірі ұзаққа бармайды. Ал көзқарас, өмір жайындағы түсінік бірлігі болса, ақыл, мінез-құлық, т.б. жақтағы ерекшеліктері бір-бірін толықтырып, достықтың жақсы сипаттарына айналуы мүмкін. “Өзің жақсы болсаң, досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң, бір жақсыға ілесерсің” деген сөз бар.

Шығармашылық жұмыс: Достық туралы өлең шығару немесе өлең оқу.



Қорытынды: Хор “Жандосым” әні.

Кері байланыс. Оқушылар өздерінің бүгінгі сынып сағаты туралы алған әсерлерін немесе тілектерін жазып, тақтаға іледі.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет