Қыз және ер баланың психологиялық ерекшеліктері



жүктеу 62.56 Kb.
Дата24.10.2018
өлшемі62.56 Kb.
ҚЫЗ ЖӘНЕ ЕР БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жастарды халықтық педагогика идеялары негізінде тәрбиелеу мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде олардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты ер балаларында кездесетін психологиялық ерекшеліктерге тоқталғанды жөн көрдік.

Қоғамның даму барысында еркек пен әйел жынысы өкілдері өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттері мен айырмашылықтарын көрсетіп, одан әрі дамытуы үшін мүмкіндіктері арта түседі.

Қыздар мен ұлдардың, бойжеткен мен бозбаланың, әйел мен еркектің психологиялық ерекшеліктері әр түрлі.

Қазіргі балалар туғанда ірі болып, тезірек өсетіні, денсаулығы мен ақыл-ой дамуының деңгейі бұрынғыға қарағанда жоғары екені де кездейсоқ емес. Адам бойындағы жақсы қасиет артқан сайын оның қоғам игілігі үшін істейтін ісі де бұрынғыдан көбірек.

Егер еркек және әйел жынысы арасындығы биологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен айырмашылықтар ғылыми факт ретінде қабылданып, қарсы пікір айтылмаса, психологиялық ерекшеліктер мен өмір құбылыстарына қарым-қатынасы, ұлдар мен қыздардың, бозбалалар мен бойжеткендердің, еркектер мен әйелдердің, мінез-құлық ерекшеліктері дүние танымымен байланыстырылып, белгілі бір сенімсіздікпен бағаланады.

Қоғам дамыған сайын әйелдің теңсіздігі коғамның одан әрі дамуына бөгет жасады. Идеологиялық күрес барысында әйелдің кемістігі туралы, пікірлердің орнына теңдік үшін (ол кезде «эмансипация» үшін дегенбіз) күреске негіз болатын дәлелді пікірлер тарауы керек еді. Әйел мен еркектің арасында іс жүзінде айтарлықтай айырмашылық жоқ деген дәлелдеулер, міне, сол пікірлер еді. Әрине биологиялық және физиологиялық айырмашылықтарды олар айқын көрініп тұрғандықтан және даусыздығынан жоққа шығару мүмкін емес, ал психологиялық айырмашылықтарды жоққа шығару оңай еді. Ал мұндай айырмашылықтарды бар деп көрсеткендер эмансипацияның қарсыласымен бірдей. Күні бүгінге дейін әйел мен еркек психологиясы арасындағы айырмашылыққа көңіл аудармаудың шынайы себебі, олардың арасындағы психологиялық айырмашылықтарды айқындап, зерттеуге, әйелдердің тең праволық принципіне қайшы келтіреді деген сенім болып табылады деген түсінік болды.

Еркек пен әйел жынысы өкілінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы олардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін одан әрі зерттеудің маңызынан бір де бір кем емес. Кезінде жалпы медицинадан маңыздылығы жағынан ешкім күмән келтіре алмайтын — терапия, хирургия, педиатрия, акушер-гинекология, т. б. жеке бағыттар бөлініп шыққандай, психология ғылымының даму барысында ұлдар мен қыздардың, бозбалалар мен бойжеткендердің, еркектер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктері барған сайын айқындала түсті. Яғни, бүгінгі жағдайда жыныс ерекшеліктер ескертілмеген психологияға қарағанда психологияның алға басуына қол жетіп, тәрбие ісінде әркімге әрқалай жол табу принципі адамның жеке басының маңызды факторы — жыныстық ерекшелігін бұрмалай алмайды.

Ер балдарының психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама бермес бұрын, яғни олардың қыз балаларымен салыстырғандағы психологиялық айырмашылығы мынадай принциптерін атауға болады. Біріншіден, бұл айырмашылықтар жыныстық жетілуге дейін байқалып, ол процесс кезінде тек күшейе түседі. Екіншіден, бұл айырмашылықтар тәрбие сипатымен айқындалмайды, оған керісінше бүкіл тарихи кезеңдегі оның жалпы сипатында алсақ өздері айтарлықтай дәрежеде анықтайды, ал әрбір нақты жағдайдағы тәрбие сипаты оның неғұрлым толығырақ айқындалып, дамуына жағдай жасайды. Үшіншіден, бұл ерекшеліктер орта статистикалық сипатта болады және еркек немесе әйел жынысы өкілдерінің белгілі бір қасиеттерінің болу болмауын емес типін ғана білдіреді. Жалпы адам баласының толып жатқан қасиеттері мен ерекшеліктері бар және ол өзіндік жыныс ерекшеліктерін бүркемелейді, сондықтан әйел немесе еркек жынысы өкілдерінің біреуінің басымдылығын ғана айтуға болады. Әрбір жыныстың жетістіктерінің өзгеріп тұратыны сондай, ол өзгерістерді басқа бір жыныстың орташа дамыған жетістіктері толықтырып тұрады. Төртіншіден, барлық психологиялық ерекшеліктерді (ойлауы, эмоционалді деңгейі, әр-түрлі жағдайлар мен құбылыстарға қызығуы мен бейімділігі) әрқайсысын бір-бірінен бөлмей, міндетті түрде тұтас қалпында қарастыру керек. Бұл жалпы алғанда екі жыныстың да психологиялық жағынан бірдей екенін, тек кейбір мәселелер мен белгілі бір жағдайларда ғана бір-бірінен артықшылығы болады деген сөз. Бесіншіден, бұл ерекшеліктерді білудің педагогикада зор маңызы бар, сондықтан да мұндай білімді игеруге ұмтылу тәрбие жұмысымен айналысатын адамдардың мамандығына сай жақсы қасиеті деп бағалануы керек.

Адам және оның өмір сүрген ортасы, олардың өзара қарым-қатынасы, тұтынатын заттары — киімі, дүние-мүлкі, қыздардың сәби шағынан назарын аударып, кызықтырады. Қыздар кеңістікті қабылдауда, сондай-ақ түсін танып, оның реңін ажыратқанда ұлдардан озып, тек уақытты қабылдаудан ғана кейін қалады. Қыздардың бала бағып, қамқорлық жасауға, кішкентай інілеріне ақыл айтып, сынап, жөн көрсетуге бейім (ұлдардың қарындастарына мұндай ықпалы төменірек) болатыны белгілі.

Қыздар сезім әрекетіне тез берілетіндіктен сол кезде болып жатқан оқиғаны өз көңіл күйінен ажырату қабілеті нашар болады, сондықтан болған оқиғаны ұлдармен салыстырғанда, толық жеткізе алмайды және істің куәсі болғанда айғақтық жетіспейді.

Сонымен бірге әйел жынысы өкілі жағдайға тез көндігіп, әртүрлі өзгерістер барысында өз орнын тез тауып, жаңа жағдайға бірден үйреніп кетеді. Әйел өз ісінде және жеке қарым-қатынаста өте сезімтал, өзінің әлеуметтік тобындағы тілек-талаптармен кемшіліктерді тез ұғынып, игере алады.

Ұлдар мен қыздардың мінез-кұлқына талдау жасаған кезде олардың психикасы мен әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру кажет. Ұлдардың жүрген жерінде шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар мен бойжеткеннің бойындағы жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын» ұлдар «қиын» қыздармен салыстырғанда тынышсыз болғанмен, «қиын» қыздар одан да «қиындау» екені белгілі.

Әлдебір келіспеушілік немесе қиыншылық бола қалса, қыздар, ұлдарға қарағанда үлкендерге шағымдануға бейім тұрады. Шамданған адам жәбірленуші болып саналатындықтан, егер қыз ұлдың үстінен шағымданса, онда ұл кінәлі деп саналады. Ал ұлдар мұндай-да аз шағынытыны байқалады, сондықтан да ересектер көбіне ұрыс-керіс пен өзара келіспеушілікке балалар кінәлі деп ойлайды.

Ұлдар мен қыздардың белсенділігі жалпы бірдей. Алайда қыздар біршама тындырымды болады. Сондықтан мектептің қоғам жұмысына араласатын ұлдар мен қыздардың ара қатынасын салыстыра келіп, қыздар қоғамдық жұмыстарға көп араласатындығын атап айтуға болады.

Мектептердегі жыныстық тәрбиенің мақсаты — оқушыларға адамгершілік норма мен жыныс қарым-қатынасы және жыныстық қажеттілік саласындағы нұсқаулардың мәнін дұрыс түсіндіріп, оларды жан-жақты іс-әрекетте басшылыққа ала білуге баулу. Қыз, жасөспірім және бойжеткенді осы мақсатта тәрбиелеу арқылы бүкіл қоғамда маңызды әлеуметтік нәтижеге ие болуға мүмкіндік туады. Басқа жыныс өкіліне тән ерекшеліктерді білуден, соларға ұмтылып, ескере, қадірлей білу нәтижесінде бірлесе атқарған іс-әрекеттен көңілдегідей еңбек етуге мүмкіндік туады. Жеке қарым-қатынастарда адамгершілік нормаларын сақтау жалпы қоғамның жоғары адамгершілік сапасын айқындайды. Ерлі-зайыптылардың отбасында бала санын қоғам мүддесіне сай реттеуі мемлекеттің демократиялық саясатты тиімді түрде жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды. Жыныс қарым-қатынасы мәселелеріндегі адамгершілік норма мен нұсқауларды дұрыс түсініп оларды жыныс өкілдері арасындағы қатыста басшылыққа алу еліміздегі азаматтардың рухани және денсаулық дәрежесінің жоғары екенін көрсетеді. Жыныстық тәрбие процесінде қажетті әлеуметтік нәтижеге жету үшін бірқатар нақты педагогикалық мәселелерді шешіп алу керек. Олардың қатарына мыналар жатады:

-еркек және әйел жынысы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жеке басына тән қай-қайсысын да, тіпті тікелей жеке басына тән мәселе болса да, әлеуметтік жауапкершілікпен сезіне білуге тәрбиелеу, өйткені адам етене қатынаста болған кезде де қоғамнан тыс қалуға тиісті емес, жыныстар арасындағы қарым-қатынасты «жеке» және «қоғамдық» деп бөлуге келмейді;

-қоғамның қазіргі талабына сай келетін: әке-шешенің тең құқылы болып, бірнеше бала өсіруіне, оларды қоғам алдындағы, ата-анасы мен балалары алдындағы парызын өтеу ретінде саналылықпен және жауапкершілікпен тәрбиелей алатын берік, дені сау және тату-тәтті отбасы тәрбиелеу;

-өзге адамдарды түсіну қабілетін және оларды тек адам ретінде ғана емес, сонымен бірге еркек және әйел жыныстылар өкілі ретінде құрметтеу сезімін, бірігіп атқарған қызмет барысында олардың жынысына тән ерекшеліктерін ескеріп, кұрметтеу қабілетін тәрбиелеу;



-жынысын ескере отырып, өзге адамға қатысты өз қылығын бағалай білуге, осы қарым-қатынаста жақсы және нашар қылықты түсіне білуге тәрбиелеу;

-өзінің және басқа адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға; жыныстық жақындасуға ерте араласудың зиянды және қауіпті екеніне иландырып, басқа жынысты адамға жауапсыздық және жеңілтектік жасауға болмайтынына көз жеткізу.
: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы Бөліп шығарудың маңызы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тоғы»
post02 -> Тобы: Еркетай Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Экология Тақырыбы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Жабайы андар
post02 -> Сабақтың тақырыбы : §39. Шөл және шөлейт зонасы Мұғалімнің аты-жөні
post02 -> 2 бөлім Гидросфера
post02 -> Дене тәрбиесі (баяндама)
post02 -> 1-нұсқа Генетикалық психология адамның несін зерттейді?
post02 -> Рухани жаңғырту- ұрпақ санасының дамуы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет