IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама


XXXI. 9-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайлары



бет7/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

XXXI. 9-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайлары

Сәйкес вебсайттардың мекенжайларын, бар болған жағдайда көрсетіңіздер:


www.e.gov.kz, www.aarhus.kz, www.supcourt.kz, www.procuror.kz, www.fiec.kz,
www.greensalvation.org, http://www.supcourt.kz/index.php


2007 жылдан бастап Жоғарғы Соттың вебсайтындағы «Халықаралық ынтымақтастық» бөлімде: «Орхус конвенциясының қағидаларын жүзеге асыру» парақшасы ашылған, онда: қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер; ОК тараптарының жұмыс туралы кеңесінің баяндамалары»; соттарда қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талап-арыздарды қарастыру туралы статистикалық мәлліметтер және сот төрағалары мен жұртшылыққа пайдалы материалдар орналастырылған.

XXXII. Конвенция мақсатына қатысты жалпы шолу

Орынды болған жағдайда, Конвенцияны жүзеге асыру әр адамның және келесі ұрпақтың оның денсаулығына қолайлы және ауқатты қоршаған ортада өмір сүру құқығын қорғауға әсер ететіндігін көрсетіңіздер.

Жауап:ОК ҚР –ның қоғамдық ұйымдары мен азаматтарына экологиялық құқықтарын қорғау механизмдерін пайдаланудың қажетті тәжрибесін, ал мемлекеттік органдарға –мүмкін болатын сақтамау фактілерін халықаралық инстанцияларда қарастыру тәжрибесін ұсынады. Сонымен қатар, ОК талаптарын сақтау арқылы Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтары жүзеге асырылады, жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін жақсартуға, қоршаған ортаға әсер ететін шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеруге және әр түрлі кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың табиғат қорғау заңнамалар бұзушылықтарын даулауды жұртшылық үшін жеңілдету үшін мемлекеттік органдардың жүргізетін іс-шаралары мен қимылдары нақтылануда. ҚР заң араңының жетілуі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде жұртшылықтың хабардарлығының жоғарлау фактісі де өте маңызды болып табылады.


XXXIII. Генетикалық өзгертілген организмдерге қатысты 6-бис-бабы мен 1-бис қосымшасының қағидаларын жүзеге асыру бойынша заңды, нормативттік және басқа шаралар


Генетикалық өзгертілген организмдерді қоршаған ортаға әдейі босатуға және нарықта өткізуге қатысты шешімдерге жұртшылықтың қатысуына қатысты, 6-бис-бабының қағидаларын жүзеге асыру бойынша заңды, нормативттік және басқа шаралар 6-бис – бабының қағидаларын сипаттай отырып, мазмұндаңыздар:

а) 6-бис-бабының 1-тармағына және І-бис қосымшасының 1-тармағына қатысты:

і) І-бис қосымшасының 1-тармағы- Тарап өзінің нормативтік-құқықтық базасында 6-бис-бабы ережелерінің қолданысына түсетін шешімдерге қатысты ақпаратты тиімді түрде ұсынуды және оған жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуге арналған шаралар;

іі) І-бис қосымшасының 2- тармағы - Тарап өзінің нормативтік-құқықтық базасында қарастырылған, қажет болған жағдайда І-бис қосымшада қарастырылатын жұртшылықтың рәсіміне қатысты кез-келген ерекшеліктері мен осындай ерекшеліктердің критерийлері толығымен:

ііі) І-бис қосымшасының 3- тармағы - әрбір Тарап жұртшылыққа барабар, уақытылы және тиімді түрде қоршаған ортаға әдейi босатуға рұқсат беру нысанасында нарықта сол немесе өзге де ГӨО-ны немесе оның өткізуге алған хабарламаның түйіндемесін, сондай-ақ егер мұндай бар болса, бағалау туралы баяндаманы ұсынуға қатысты шаралар;

iv) І-бис қосымшасының 4- тармағы - осы тармақта келтірілген ақпарат кез-келеген жағдайда құпия ретінде қарастырмау мақсатында қабылданған іс-шаралар;

v) І-бис қосымшасының 5 - тармағы - шешімдер қабылдау рәсімдерінің ашықтығын және жұртшылықтың рәсімдік сипаттағы тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қолданған шаралар, мысалы мұндай ақпарат аспектілері туралы ақпарат:

а. мүмкін болатын шешімдердің сипатын;

b. шешім қабылдауға жауапты мемлекеттік органды;

с. 1-тармақты орындау үшін құрылған жұртшылықтың қатысу тетіктерін;

d. тиісті ақпаратты алуға болатын мемлекеттік органды көрсетуді;

е. ескертулерді ұсынуға болатын мемлекеттік органды және ескертулерді жіберуге болатын мерзімдердің көрсетілуін қамтуы мүмкін.

vi) І-бис қосымшасының 6 – тармағы – І-бис қосымшасының 1-тармақты орындау үшін құрылған рәсімдер, жұртшылыққа тиісінше кез келген түрде нарықта өткізуді қоса алғанда, ол жоспарланған әдейі босату үшін маңызды деп санайтын кез келген ескертулерді, ақпаратты талдау нәтижелерін немесе пікірлерді ұсынуға мүмкіндік беру үшін қолданған шаралар;

vii) І-бис қосымшасының 7 – тармағы - 1-тармақты орындау үшін ұйымдастырылған жұртшылықтың қатысуы рәсімі қорытындысының тиісті түрде ескерілуін қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар;

viii) І-бис қосымшасының 8 – тармағы - I-бис қосымшасының қағидалардың қолданысына түсетін шешімді қандай да бір мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, Тараптар осы шешімнің мәтіні сондай-ақ, оны қабылдауға негіз болған себептер мен пайымдаулардың жұртшылықтың назарына жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қолданған шаралар;

b) 6-бис- бабының 2 – тармағына қатысты – І-бис қосымшасының қағидаларына сәйкес түзілген талаптар биоқауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы мақсатына сәйкес олардың биоқауіпсіздігінің ұлттық жүйелерін қалай толықтырады және өзара қолдайды.



Ответ: Генетикалық өзгертілген организмдер (ГӨО) Конвенцияның 2-бабы 3 – тармағында экологиялық ақпарат экологиялық ақпарат анықтамасында арнайы аталғандықтан Конвенцияның 4 және 5-баптарының қағидалары қолданыла алады.

ГӨО түсініктемесі ЭК пен «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңында берілген.

ГӨО өндіру және пайдалану кезінде экологиялық талаптар ЭК-тің 195, 248, 281, 282 баптарында бекітілген. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңымен құрамы туралы, соның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің болуы және олардың саны туралы ақпаратты таңбалауға қосу туралы заңды талаптар бекітілген, бұл экологиялық ақпаратқа ұол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетіп, ОК 5-бабының 6-8 тармақтарында қарастырылған қалаптарды жүзеге асырады.

ҚР ЭК 282-бабында гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру тәртібіне негізгі талаптар бекітілген. 1-бап бойынша генетикалық түрлендірілген организмдерден алынатын тағам және жем өнімдеріне қатысты табиғат пайдаланушылар сатып алушыларды өнімнің ГӨО алынғаны туралы хабардар етуге тиіс.

Ауыл шаруашылығының табиғат пайдаланушылары өз өнімін сатып алушыға оның генетикалық түрлендірілген өнім сатып алатынын таңбалау арқылы хабардар етуге және өз өнімін ұсынатын сатып алушылардың тізілімін жүргізуге тиіс (ЭК 282-баптың 2-тармағы).

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңының 17-бабына сәйкес ГӨО мөлшері туралы сатып алушыларды ақпараттандыруды міндеттейді. Осы заңның 34-бабына сәйкес До установления научно обоснованного подтверждения безопасности генетически модифицированных объектов в пищевой продукции принимается уровень их содержания в пищевой продукции не выше установленного в государствах Европейского союза (0,9%). Генетикалық түрлендірілген организмдерді өндіру (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығы) және жеке және заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті экологиялық сақтандыруға жатады («Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» ҚР 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93 Заңы). ГӨО мемлекеттік тіркеу және емлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу «Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Генетикалық түрлендірілген объектілерді әкелуді (импорттауды) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өткізу (сату немесе беру) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы ережелерімен анықталған (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы N 630 Қаулысы). Осы Ережелердің 8-тармағына сәйкес құжаттарда, жадынамаларда (қосымша беттерде), этикеткаларда, контрэтикеткаларда, кольереттерде, құлақша қағаздарда, жапсырмаларда (стикерлерде) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген ақпараттан басқа, мемлекеттік және орыс тілдерінде тамақ өнімдерінде ГТО-ның бар екендігі және саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстар жүргізу ережесіне сәйкес (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 346 Қаулысы) ГТО-дағы қатерді бағалау зертханалық зерттеулер барысында қатерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады (Ережелердің 6-тармағы).

«Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына сәйкес Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне қосылмаған, гендік инженерия (генетикалық жағынан түрлендірілу) негізінде алынса, оларды өткізуге және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады. Сөйтіп нормативтік құқықтық база ТӨО пайдалана отырып алынған өнімдерді таңбалауға кепілдік береді.

2008 жылғы 17 маусымда ҚР Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын ратификациялады.

Еуропа экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі №58 Шешімімен қабылданған «Тағам қоспалары, ароматизаторларды және технологиялық қосалқы құралдарға қауіпсіздік талаптары» Техникалық регламенттің 10-бабының 4-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес тағам қоспаларының, ароматизаторлардың және техникалық қосалқы құралдардың сәйкестігін бағалау (растау) кезінде келесі мәліметтер ұсынылады: 3) тағам қоспаларының, ароматизаторлардың және техникалық қосалқы құралдардың құрамында ГӨО мен ГӨО алынған компоненттерді пайдалану туралы. ГӨО бар өнімдерді тіркеу Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен жүзеге асырылады.




XXXIV. 6-бис –бабы мен 1-қосымшаны жүзеге асыру кезінде кездесетін кедергілер

6-бис –бабы мен 1-қосымшаның кез-келген тармақтарын жүзеге асыру кезінде кездесетін кедергілерді көрсетіңіздер




Жауап: -


XXXV. 6-бис –бабы мен 1-қосымшаны тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат

Генетикалық өзгертілген организмдерді қоршаған ортаға әдейі босатуға және нарықта өткізуге қатысты шешімдерге жұртшылықтың қатысуына қатысты 6-бис –бабы мен 1-қосымшаны тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат беріңіздер, мысалыосындай шешімдер қабылдауда жұртшылықтың қатысуы туралы қандай да бір статистикалық деректер бар ма немесе 1-бис қосымшаның 2-тармағы аясында ерекшеллік ретінде осы қосымшада бекітілген жұртшылықттың қатысу прцедураларына қатысты қарастырылған шешімдер туралы




Жауап: -


XXXVI. 6-бис – бабын жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайлары

Генетикалық өзгертілген организмдерге қатысты шешімдер мен босатулар тізімі орналастырылған вебсайттар бар болған жағдайда сәйкес вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер:




www.aarhus.kz, www.ncbt.nauka.kz, www.biocenter.kz, www.ecokomitet.kz


XXXVII. Орындау мәселелеріне қатысты кейінгі шаралар

Егер Баяндаманы қарастырғаннан кейін және Орындау мәселелері бойынша комитетінің Тараптардың Отырысында өз еліңіздің белгілеген талаптарды сақтауына қатысты шаралар туралы келесі сессиясынада шешімдер қабылдаған боса көрсетіңіздер: а) осы шаралардың мақсаты неде; және b) Конвенция қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету мүддесінде осы шараларды жүзеге асыру мақсатында сіздердің еліңізде нақты қандай қолданылуда.

Мүмкіндігінше сәйкес бөлімдерге айқас сілтемелерді қосуды сұраймыз.




Жауап: Конвенция, азаматтар мен заңды тұлғалар халықаралық инстанция Орхус конвенциясының сақтау мәселелері бойынша оны орындамау фактісі бойынша арыздана алатын, ратификацияланған халықаралық шарттардың бірі болып табылады. Мұндай мүмкіндікті қазақстан азаматтары мен экологиялық ұйымдар белсенді пайдаланады.

сөйтіп, 2005 жылғы 18 ақпанда «Зеленое спасение» ЭБ 2 арызы бойынша Сақтау бойынша комитет Қазақстанның оның қағидаларын орындамады деп таныған.

Үшінші рет Конвенцияны сақтау бойынша комитет ҚР 2006 жылғы 16 маусымда Алматы қаласының тұрғындары Л. Гатина, А. Гатин және Л. Конышкованың арыздары бойынша оның қағидаларын орындамады деп таныған.

Сақтау бойынша комитеттің шешімдері ОК Тараптарының кеңестерінде қарастырылған. ОК Тараптарының Екінші кеңесінде (2005 ж. Алматы қ.) «Зеленое спасение» ҚБ арыздары бойынша екі істі қарастырып, «жұртшылықтың қатысуына қатысты қолданыстағы құқықтарға қысым жасаусыз, Конвенцияның 6-бабында қарастырылған барлық қызмет түрлерінің диапазонына жататын, жұртшылықтың қатысу нақты процедураларын белгілейтін нормативтік-құқықтық ақтілерді қабылдау және жүзеге асыру» ұсынысымен II/5a Шешімін қабылдады. 2006 жылғы ақпанда Қазақстан Конвенция қағидаларын ұлттық заңға енгізу бойынша стратегия жобасын ұсынды. 2006 жылы Экологиялық кодекс қабылданды, бұл Тараптардың Кеңесіндегі ұсыныстарды жүзеге асыру үшін жеткілікті болды.

ОК Үшіншң Кеңесінің 2008 жылғы шілдеде Ригадағы III/6c шешімі Қазақстанның II/5a шешімінің көптеген қағидаларын жүзеге асыру үшін шаралар қолданғанын атап өтті және Қазақстанға жұртшылықтың қатысуымен сәйкес табиғат қорғау және процессуалдық заңнаманы оқып білуді ұсынды.

ОК Тараптарының Төртінші Кеңесінде Қазақстанның Қонвенция бойынша оз міндеттерін сақтауы туралы IV/9с шешімі қабылданды. Тараптардың Үшінші Кеңесінде қабылданған III/6c Шешімін орындау үшін еш шаралар қолданылмағандықтан, жаңа шешімге сәйкес Қазақстанға келесі шарттарды толық көлемде орындауы тиіс болатын: «жұртшылықтың қатысуымен сәйкес табиғат қорғау және процессуалдық заңнаманы және сотта қарастыру барысында адекватты және тиімді құқықтық қорғаныс құралдарын қарастыру бойынша сот және басқа органдардың қамтамасыз етілуін анықтау мақсатында сәйкес құқықтық прецеденттерді тиянақты түрде оқып білу».

Осы шешімді жүзеге асыру үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілді: ОК жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы жаңартылды, Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу бөлігінде ҚР экологиялық және азаматтық процессуалдық заңнамасының ОК талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізілді, 2008-2011 жылдарға ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы даулар бойынша сот шешімдерінің талдау жүргізілді.

Әзірленген Талдаулар 2011 жылға 2 желтоқсанда ОК жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының отырысында, «ҚР ОК міндеттерін орындау мәселелері» дөңгелек үстелінде (Астана қ. 2011 ж. 14 желтоқсан), «Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процессіне қатысу механизмдері мен формалары» аймақтық семинарында (Атырау қ., 2012 ж. 11 сәуір), сондай-ақ ҮЕҰ ЭкоФормумы және Орхус орталықтарымен талқыланды.

Талдау мәтіндері Ұлттық Орхус орталығының www.aarhus.kz сайтында жұртшылықпен талқылану үшін орналастырылды.

2011 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстанның IV/9с шешімін орындауы туралы толық Баяндама және Талдаулардың толық мәтіні Комитетке ұсынылды. Сонымен қатар, сәйкес заңнамаларды және құқықтық прецеденттерді қарастыру процессіне жұртшылық мүшелері қалай тардылғандығы жөнінде қосымша ақпарат ұсынылды.

2012 жылғы 28 қыркүйекте ОК сақтау мәселесі бойынша комитеттің 38-ші отырысында 4-ші Тараптар Кеңесінің Шешімдерін Қазақстанның орындауы туралы мәселе қарастырылды. экологиялық және азаматтық процессуалдық заңнамасының ОК талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізу, ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы даулар бойынша сот шешімдерінің талдау жүргізуге қатысты IV/9с Шешімінің талаптарын Қазақстанның орындағанын мойындады.

Сонымен қатар, Комитет Қазақстанды заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізуді жеделдетуге шақырды. Қазақстанның келесі қадамы жүргізілген талдаулардың негізінде ҚР заңнамаларын ОК сәйкес келтіру үшін қажетті ұсыныстарды әзірлеу болып табылды. Осы жұмыс ҮЕҰ тығыз байланыста жүргізілді. 2013 жылғы мамыр айында ҚР ҚОҚМ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының Концепциясын әзірлеуге бастама болды.

2013 жылы «Ұлттық талдау ақпараттық қоры» (ҰТАҚ) қоғамдық бірлестігінің арызы бойынша Сақтау бойынша комитет ҚР Конвенция қағидаларын орындамауын мойындады.

Комитет төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қажетті заңнамалық, нормативтік, әкімшілік және тәжрибелік шаралар қолдануды ұсынды:

(І) жұртшылықты уақытылы ақпараттандыру және көпшілікті хабардар ету құралдары сияқты көпшілікті хабардар ету заңмен нақтылануға міндетті талап, атап айтқанда шешімдер қабылдау үшін қажетті кез-келген ақпарат шешімдерді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның веб-сайтында қолжетімді болу міндеті;

(ІІ) жұртшылықтың қатысу процессінің кез – келген кезеңінде сәйкес құжаттың жобасы бойынша мүдделі жұртшылықтың өкілі кез-келген ескертулерді талап етпестен берудің нақты мүмкіндігі бар және осы ескертулер негізсіз болмауы тиіс;

(ІІІ) сәйкес мемлекеттік органдардың нақты міндеттемелері бар:


  • Олардың қолданып жатқан шаралары туралы және шешімдер қалай қол жетімді екендігін уақытылы ақпараттандыру;

  • Жалпыға қол жетімді тізімдер және реестрлер арқылы жұртшылық үшін олар қабылдаған шешімдердің көшірмелерін, сондай-ақ шешімдер қабылдауға қатысы бар басқа ақпаратты қолдау және қол жетімді ету, атап айтқанда жұртшылықты ақпараттандырғандығы және өз ескертулерін ұсынғануға мүмкіндік бергендігі жөнінде міндеттерді орындау айғақтарының болуы.

2013 жылғы 28 наурыздағы ACCC/C2011/59 Сақтау бойынша комитетінің хабары бойынша ұсыныстарын орындауға қатысты келесі шаралар қолданылды. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2013 ж. 26. 03 № 50-ө бұйрығымен Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесінің редакциясы жаңартылды.

2014 жылы ОК Тараптарының Бесінші Кеңесінде Қазақстанның Конвенция бойынша өз міндеттерін орындауы жөнінде V/9i Шешімі шығарылды. Мұнда, Қазақстан Конвенцияның шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуына қатысты 6-бабтың 2,6,7 және 9-тармақтарын орындамайтындығы аталып өткен. Жыл сайын Сақтау бойынша комитетке ұсыныстарды жүзеге асырудағы прогрес туралы нақты ақпарат ұсынылып тұрады.



Жоғарыда аталғандай, 2016 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», атап айтқанда Орхус конвенциясының мәселелері бойынша Заңға қол қойды.





Iv. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер
Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет