IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама


XXX. 9-баптың қағидаларын тәжрибеде қолдану туралы қосымша ақпарат



бет6/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

XXX. 9-баптың қағидаларын тәжрибеде қолдану туралы қосымша ақпарат

9-бапқа сәйкес сот әділдігіне қол жеткізуге қатысты қағидаларды тәжрибеде қолдану туралы қосымша ақпарат беріңіздер, мысалы қоршаған орта мәселелеріне қатысты сот әділдігіне қол жеткізу туралы қандай да бір статистикалық деректер бар ма, сот әділдігіне қол жеткізуге кедергі келтіретін қаржылай немесе басқа кедергілерді жою немесе төмендету үшін көмек беру механизмдері бар ма.


Жауап: Қазақстанда ОК қолдану бойынша соттар үшін Оқыту-тәжрибелік оқу құралында жеке және қоғамдық бірлестіктердің және басқа заңды тұлғалардың құқықтары бар ҚР кешенді сараптамасы толығымен жүргізілді (ЭК 13-14-баптары, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 12-13 баптары, «Су кодексінің 62-63 баптары, «Орман кодексінің 66-бабы, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңының 19-21-баптары).

Сәйкесінше, қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсердің алдын алу және өз міндеттерін адекватты және нақты орындау үшін, азаматтардың экологиялық бірлестіктерінің сәйкес көлемде құқықтары болуы тиіс, атап айтқанда қоршаған ортаға залал келтірілгенде нақты адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы талаптар бойынша сот әділдігіне қол жеткізу ғана емес (ЭК 14 бабының 1) және 11-тармақшалары және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 16 нормативтік қаулысының 13-тармағы) және «кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiм шығаруды талап етуге» ғана емес, сондай -ақ белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге.

Аталған жағдайларда азаматтар бірлестіктерінің рәсімдік құқықтық мүмкіндігі бірнеше талаптармен ғана шектелген:

-азаматтардың құқықтары мен мүдделері айқын бұзылғандығы;

- адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға залал анықталған болуы;

- «адам денсалығы мен қоршаған ортаға кері әсері» нақты шаруашылық қызметпен тигізу фактісі дәлелденген болуы.

Жоғарғы Соты құқықтық статистика жүргізу бойынша уәкілетті органмен бірлесіп қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық экологиялық ұйымдар мен жеке адамдардың талаптары мен арыздары бойынша сот істерінің статистикалық мәліметтерін жинауды және есепке алуды оңтайландыру бойынша шаралар қолданылады. Бұл қоғамдық бақылау аясында барлық статистикалық дерктерді экологиялық қоғамдық бірлестіктерінің деректерімен салыстыру жүргізіледі, бұл экологиялық даулар бойынша барлық сот актілеріне мониторинг жасауға мүскіндік береді.

Статистикалы деректерге сәйкес республика бойынша бірінші сот инстанцияларында қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талаптардың өндірісі аяқталды:

2013 жылы 934 азаматтық іс қарастырылды, олардың ішінде 702 іс бойынша шешім шығарылды.

2014 жылы 437 азаматтық іс қарастырылды, олардың ішінде 362 іс бойынша шешім шығарылды.

2015 жылы 522 азаматтық іс қарастырылды, олардың ішінде 428 іс бойынша шешім шығарылды.

2016 жылдың 9 айында республика сотында 407 азаматтық іс қарастырылды, олардың ішінде 285 іс бойынша шешім шығарылды.

Даулардың жалпыланған санаттары бойынша істерді қарау сапасы келесі көрсеткіштермен сипатталады. 2013 жылы жоғарғы инстанциялармен барлық шешімдердің 2,56% (немесе 18 шешімдер), 2014 жылы - 3,1% (немесе 10 шешім), 2015 жылы - 2,57% (немесе 11 шешім) күші жойылды.

2016 жылдың 9 айында аппеляциялық/кассациялық тәртіпте 1 шешімнің (немесе 0,35%) күші жойылды.

2013-2015 жылдары 2016 жылмен салыстырғанда көп көлемде сот шешімдерінің жоғары сот инстанцияларында күшін жою моральды тозығы жеткен «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжiрибесi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 16 нормативтік қаулысына байланысты. Осы нормативтік қаулының жекелеген нормалары өзгерген экологиялық заңнамаларға сәйкес келмейді және оларды пайдалану әділ сот шешімін қабылдау кезінде кері әсер тигізді. 2015-2016 жылы ҚР Жоғары Соты қоршаған ортаны қорғаумен байланысты істер бойынша екі сот тәжрибесі жүргізілді, онда соттардың жиі жіберетін қателіктері сарапталды және қолданыстағы экологиялық заңнамаға енгізілген өзгертулер, түзетулер мен толықтыруларды ескере отырып нормалардың қағидалары мен талаптары түсіндірілді және қателіктерді түзету жолдары анықталды. Осы іс шарара арқылы сот әділдігінің шамамен 6 есеге жақсаруы түсіндіріледі.

ОК нормаларын жүзеге асырумен байланысты істер бойынша, сот есеп нысандарында 2010 жылға дейін жеке статистикалық бағанның болуы қарастырылмаған. 2010 жылы статистикалық нысандарға өзгертулер енгізгеннен кейін, ОК жүзеге асыру аясында жеке адамдардың, экологиялық ұйымдардың талаптары мен арыздары бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтық істерді есепке алуға мүмкіндік туды.

Сот статистикалық нысандарында (Нысан №2 «Азаматтық істерді қарастыру бойынша аудандық және оларға теңелтілген соттардың жұмысы туралы») «Қоршаған ортаны қорғау туралы» жеке есепке алу қарастырылғандығын (2014 жылы №72 жол, 2015 жылы № 78 жол) сот есептерінің талдауы көрсетеді, сонымен қарар сұралған санат бойынша азаматтық істер «Мемлекеттік органдардың шешімдерімен келіспеу туралы» № 99 жолда, «Басқа талап істері» №95 жолда көрсетілген.

Апелляциялық және кассациялық инстранцияларда даулардың осы категорялары бойынша жекелеген жолдары қарастырылған – 7-ші нысан бойынша «Апелляциялық сот сатыларының азаматтық істерді қару бойынша апелляциялық арыз, наразылық туралы есеп» - «Б» кестесі, № 7 нысан бойынша «К», «А» кестесі «Кассациялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша».

Сонымен қатар, бірінші инстанция соттарының есептерінде даулардың жалпыланатын санаттары бойынша істер басқа есептерде де көрсетілген.

Істердің осындай әр-түрлі классификациясы және сол санаты сот дауларын сапалы есепке алу және талдауға ықпал келтірмейды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы 2-нысанында «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп» (Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52 бұйрығы, «Казахстанская правда» газетінде 2016 жылдың 4 тамызында жарияланды (2016 жылдың 14 тамызында күшіне енді) «А» бағаны бар. Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талап-арыздар 141 жолда бірнеше бөліктерге бөлінген, соның ішінде: 142-жолда «табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін нұқсанды өтеу туралы», 143-жолда «жеке тұлғалардың талап-арыздар» және 144-жолда «қоғамдық экологиялық ұйымдардың талап-арыздары». 143 және 144 жолдарда табиғат қорғау заңнамасы бұзылғандығы үшін залалды қалпына келтірумен байланысты емес кез-келген талап-арызды көрсету керек деп болжауға болады. Дегенмен, «залал» термині «адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зақым» түсінігін қоса алады ма екендігі түсініксіз.

Әрі қарай, «А» бағанында 118-жол «Зиянды өтеу туралы», соның ішінде 120-жол «денсаулыққа зақым келтіру немесе азаматты өлтіру зиянын өтеу туралы», олардың ішінде 121 –жол «қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты» бар. Дегенмен, еңбек міндеттерін орындаумен байланысты табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуының нәтижесінде адам өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеумен байланысты талап – арыздар қай жолда тұруы керектігі көптеген сұрақтарды туындатады. ЕАИАС электрондық жүйесінің дерктері бойынша 2010-2012 жылдары соттарда бірен саран ғана осы санаттағы істер қарастырылуда болды, дегенмен «Зеленое спасение» ЭҚ мәліметтері бойынша соттарда жұртшылықтың талап-арыздары бойынша 4-тен 12-ге дейін осындай даулар шешіледі.

ЕАИС деректері бойынша ОК жүзеге асыру аясында ешқандай істер қарастырылмаған.

Облыстық және оған теңестірілген соттарда 2014-2015 жылдары, Павлодар облысы мен Алматы қаласын ескермегенде мұндай істер қарастырылмаған. Қарағанды облысының соттары қоғамдық бірлестіктердің пассивтілігін атап отыр, олар қоршаған ортаны қорғау, азаматтарыдың денсаулығы мен өмірін қорғау мәселелрі бойынша бір де бір талап-арыз түспеген.

2014 жылы Павлодар облыстық сотынды осындай 3 іс қаралған, 2015 жылы – 13. Алматы қаласында 2014 жылы жұртшылықтың талаптарының талап-арыздары бойынша істер қарастырылмаған, 2015 жылы тек бір іс қарастырылған.

2014 жылдың 12 желтоқсанында «Мир экологии» ҚБ-нің 2015 -2019 жылдарға табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын жою және қайта өткізу туралы «Павлодар қаласының әкімдігі» ММ –не және «Роса» АҚ –на талап-арызы бойынша МАЭС талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Талап – арызда қоғамдық тыңдаулар қағидаларда қарастырылған тәртіпті «Роса» АҚ бұзды деп көрсетілген.

Тапсырыс беруші «Роса» АҚ 2015 -2019 жылдарға табиғат қорғау іс-шаралары жоспары» жобасына Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 10-тармағында қарастырылған тәртіп бойынша жұртшылық өкілдерінің қатысуын қамтамасыз еткендіктен, талап-арызды қанағаттандыруға негіз болды. Тиісті емес жауапкерге талап қою, талап-арызды қанағаттандырудан бас тартуға тағы бір негіз болды. Жауапқа «Павлодар қаласының әкімдігі» ММ, яғни жоқ мемлекеттік орган тартылған, дегенмен жауапкер «Павлодар қаласы Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ –сі болуы тиіс болатын. Аппеляциялық тәртіпте шешім қайта қаралмаған.

Павлодар облыстық МАЭС 2015 жылдың 20 наурызындағы шешімімен «Мир Экологии» ҚБ Екібастұз қаласының әкімі мен «Екібастұз қаласының әкімдігі» ММ және «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС қарсы 2014 жылдың 24 қарашасындағы қоғамдық тыңдауларды жарамсыз деп тану туралы және қала әкімдігіне қайтадан қоғамдық тыңдаулар өткізуді міндеттеу туралы талап-арызын жартылай қанағаттандырды. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін I және II-санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын талқылау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауларды жарамсыз деп тану бөлігіндегі талап-арызды сот қанағаттандырды. Жауапкер БАҚ хабарландыруды оларды өткізуден 4 күн бұрын бергендігі анықталған. Әкімшіліктің интернет-ресурстында хабарландыру оларды өткізуден 2 күн бұрын орналастырған. Қайтадан қоғамдық тыңдауларды өткізуге әкімшілікті мәжбүрлеу бойынша талап-арызды сот қанағаттандырмады, себебі бұл тапсырыс берушінің, яғни ЖШС-тің міндеті.

Аталған іске ұқсас іс бойынша сол соттың 2015 жылғы 26 наурыздағы шешімі бойынша «Мир» ӨБ Екібастұз қаласының әкіміне, «Екібастұз қаласының әкімдігі» ММ-не және «NFC Каzаkhstаn» ЖШС-не қатысты талап-арызы қанағаттандырылмады. Шешімде жауапкердің қимылында бұзушылықтар жоқ екендігі көрсетілген.

Қоғамдық тыңдауларды, қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын, табиғат қорғау іс-шараларын және қоршаған ортаға эмиссияларды даулау туралы «Мир экологии» ҚБ-нің «АЗА» ЖШС –не қарсы талап-арызы бойынша 2015 жылғы 10 шілдедегі шешімі бойынша жартылай қанағаттандыруға Қағидалардың 8-тармағының бұзылуы себеп болды, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруды орналастыру мерзімдері, сол арқылы арызданушы қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері болуы мүмкін жобаларды талқылау процессіне қатыса алмаған, сонымен қатар Қағидалардың 9-тармағының 3), 4), 5), 6)-тармақшалары бұзылған, Павлодар қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында, материалдардың электрондық нұсқасы орналастырылған интернет ресурстың мекенжайы, немесе электрондық түрдегі материалдарды сұрауға болатын электрондық поштаның мекенжайы, қандай электрондық мекенжайға ұсыныстар мен ескертулер беруге болатындығы, сондай-ақ қағаз түріндегі материалдармен қай жерде танысуға болатын мекенжай көрсетілмеген.

«АЗА» ЖШС-нің 2015-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шараларын заңсыз деп тану туралы талап-арыз бойынша сот қанағаттандырусыз қалдырды, себебі арызданушының бұзылған құқығын қорғау тәсілі АК 9-бабында көрсетілмеген, онда нақты тізім көрсетілген. Сондай-ақ, осы талап артық боып табылады, себебі өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін арызданушы қоғамдық тыңдауларды заңсыз деп тану туралы талап жасауы жеткілікті болатын.

Сонымен қатар, «АЗА» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты заңсыз деп тану бөлігінде талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі 2015-2019 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шаралары негізінде дауланған құжатты берген «Экология департаменті» РММ түріндегі уәкілетті орган жауапкер ретінде жауапқа тартылмаған. Осы себептерден «Мир экологии» ҚБ талап-арызы жартылай қанағаттандырылды.

Қоғамдық тыңдауларды, қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын, табиғат қорғау іс-шараларын және қоршаған ортаға эмиссияларды даулау туралы «Мир экологии» ҚБ-нің «Аль-Мактуб» ЖШС –не қарсы талап-арызы бойынша қоғамдық тыңдаулар мен қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын бойынша дауы қолданып, 2015 жылғы 8 шілдедегі талап-арыз осы бөлікте қанағаттандырылды. Талап-арыздың қалған бөлігі бойынша жоғарыда атаған себептерге байланысты қанағаттандырылмады.

Қоғамдық тыңдауларды, қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын, табиғат қорғау іс-шараларын және қоршаған ортаға эмиссияларды даулау туралы «Мир экологии» ҚБ-нің «ПМХЗ» ЖШС мен Павлодар әкіміне берілген талап-арызы бойынша 2015 жылғы 27 шілдедегі шешімімен жартылай қанағаттандыруына қоғамдық тыңдауларды дөрекі бұзушылықтармен жүргізу себеп болды, атап айтқанда «Звезда Прииртышья» газетінде хабарландыруды орыс тілінде орналастырылған, бірақ Қағидалардың 8-тармағына сәйкес хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы тиіс болатын. Сонымен қатар, осы тыңдауларды жарамсыз деп тануға Қағидалардың 11 және 13-тармақтарының бұзылуы, атап айтқанда тыңдаулар жергілікті атқарушы органдардың қатысуынсыз өтуі, сондай-ақ Қағидалардың 17 және 18 – тармақтарының бұзылуы, атап айтқанда қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы жергілікті атқарушы органдарға жіберілмегендігі және интернет-ресурста жариялау мерзімінің бұзылуы себеп болды.

«ПМХЗ» ЖШС –нің қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты заңсыз деп тану бөлігінде талап-арызды қанағаттандырылмауының себебі, «Экология департаменті» РММ түріндегі уәкілетті орган жауапкер ретінде жауапқа тартылмаған. Арызданушының басқа талаптары артық болғандақтан бағаланбайды.

Сонымен қатар, бірінші инстанция соттарында қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ұқсас дауларды қарастырудың басқа тәжрибесі де бар.

«Мир экологии» ҚБ –нің қоғамдық тыңдауларды, қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын, 2015-2016 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шараларын және қоршаған ортаға эмиссияларды даулау туралы «МТС ЖАЙМА» ЖШС, Баянауыл ауданының әкіміне, «Баянауыл аудандық әкімдігінің аппараты» ММ – не, Қаратомар ауылдық округының акіміне, «Қаратомар ауылдық округының аппараты» ММ –не қатысты талап-арызы Павлодар облысының МАЭС шешімімен қанағаттандырылмады.

Соттың қанағаттандырмауы ЭК 14 –бабында Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерiнің нақты тізімінде табиғат қорғау іс-шаралары мен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты сот тәртібімен даулау Экологиялық кодекспен қарастырылмаған. Мұндай құқық «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» ҚР Заңының 19-бабымен де қарастырылмаған. Қоғамдық тыңдауларға қатысты сот заңға сәйкес Қоғамдық бірлестік осындай тыңдауларды бастамашылық болуға және ұйымдастыруға құқылы деген тұжырымға келді.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 19,20,21-тармақтарына сәйкес қоғамдық тыңдалымға қатысқан жұртшылық Қоғамдық тыңдаулар хаттамасын орналастырғаннан кейінгі жеті күнтізбелік күннің ішінде Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы мазмұны бойынша ескертулер мен ұсыныстарын (бар болған жағдайда) қоғамдық тыңдалымды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы береді. Қоғамның өтініштері Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңына сәйкес қарастырылады. Қоғамның өтініші негізінде, жергілікті атқарушы орган қоғамдық тыңдалым Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына сәйкесінше түзетулер енгізеді немесе қабылдамау себептерін көрсете отырып бас тартады. Қоғамдық тыңдалымның өзгертілген Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы осы Ереженің 18-тармағында қарастырылған тәртіп және мерзімде жарияланады. Қоғам жергілікті атқарушы органның берген жауабына келіспеген жағдайда, жауап алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сотқа шағымдануына құқылы. Сот, ұсыныстары мен ескертулері қабылданбаған жұртшылық (оның ішінде қоғамдық бірлестіктер) «осы тыңдауларға қатысқан» жергілікті атқарушы органның жауабын алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде АК 9-бабының аясында бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануына құқылы, деген ұйғарымға келді. ҚБ өз ұсыныстары мен ескертулерін қоғамдық тыңдаулардың хаттамасының мәтіні бойынша жергілікті атқарушы органға хат түрінде немесе басқаша хабарласпаған, сотқа дәлел ұсынылмаған, дегенмен қағидаларға сәйкес, арызданушы- қоғамдық бірлестік өтініштердің нәтижесі бойынша келіспеген жағдайда ғана соқа арыздануға құқылы. Соттың ойы бойынша, ҚБ тиісті емес жауапкер болып табылады және осы іс бойынша дауды сот түрінде даулауға құқысы жоқ, сөйтіп басқа да құжыттар – хаттама, жоспар, рұқсат арызданушының құқықтары мен мүдделерін бұзбайды, ал сотта бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандық пен заңмен қорғалатын мүдделер бойынша істер қарастырылады (АПК 24-бабының 1-тармағы, АК 9-бабы). Шешім аппеляциялық тәртіпте тараптармен дауланбаған.

Ұқсас жағдай бойынша, МАЭС 2015 жылғы 4-тамыздағы шешімімен «Мир экологии» ҚБ –нің Экология департаменті РММ –не қатысты мемлекеттік экология сараптама қортындысының күшін жою туралы талап-арызы қанағаттандырылмады. Шешім заңды күшіне енген.

Соңғы екі іске қатысты айтып өтетін жағдай, ол осы қабылданған сот шешімдері сол уақыттағы қолданыстағы шешімдер мен Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес келмейді, себебі ЭК –тің 14-бабында көрсетілген қоғамдық бірлестіктердің құқықтарының тізбесі толық емес. Заңның осы нормасына енгізілген толықтырулар тұрғысынан, атап айтқанда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгіну құқығы және ЭК 57-бабына енгізілген толықтырулар негізінде мұндай шешімдер заңсыз және негізсіз деп танылуы керек.

2015 жылы Алматы қаласының МАЭС «Зеленое спасение» Экологиялық қоғамының «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу» Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - КММ), үшінші адамдарға – М.Ю. Новоселовқа, «Іле-Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі» РММ (бұдан әрі – МҰТП), «Кронверк» ЖШС-не қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманы заңсыз деп тану және күшін жою туралы тек бір іс қаралған.

Іс материалдарынан экологиялық реттеу бөлімінің басшысы М.Ю.Новоселов «Көкжайлау» тау шаңғы кешенінде жол салу» жобасына Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама дайындағандығы анықталған.

Дегенмен, арызданушы құрылыс жерінде бар қызыл кітапқа енген өсімдіктердің бар екендігі МЭС қортындысында көрсетілмегендігін көрсеткен. Өсімдіктердің осы түрлерін сақтау ең қатаң түрде жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптама ЭК 46-бабына сәйкес келмейді. Жолды салу кезінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерге мүмкін болатын кері әсерді сарапшылармен анықталмаған және көрсетілмеген. Сондай-ақ арызданушы ҚР Конституциясының 31-бабына, Орхус конвенциясының 9-бабының 2-бөліміне сәйкес МЭС қортындысын заңсыз деп тануды және оның күшін жоюды сұрады.

2015 жылғы 6 қарашадағы Астана қаласының МАЭС шешімімен «Зеленое спасение» ЭБ арызы қанағаттандырылмады. МАЭС ойы бойынша «Зеленое спасение»ЭБ қортындының 16-тармағын даулайды, бірақ бұл қортындыда арызданушы дауламаған мәселелер айқындалған. Сол себепті, осы негізде қортындыны заңсыз деп тану мүмкін емес.

Апелляциялық инстанция МАЭС –ның жою және санитарлық кесу заңмен анықталған тәртіпте, рұқсат бере отырып жүзеге асырылады деген қортындысымен келіскен.

2016 жылғы 8 сәуірдегі ҚР Заңымен толықтырулар енгізілгенге дейін қолданыста болған ЭК 57-бабына сәйкес АПК 153-бабының 1)-тармақшасына сәйкес МЭС қортындысы дауланбайтындықтан, азаматтық сот өндірісі тәртібінде қарастыруға және шешілуге жатпайтындықтан сот ЭБ талап-арызын қабылдаудан бас тартуы тиіс болатын.

Сот істері мен актілерін талдау, жергілікті соттар жалпыланған санаттағы істерді қарастыру кезінде заң нормаларын дұрыс қолданатындығын көрсетті.

Барлық облыстық соттрада істерді қарау кезінде, оның ішінде ОК нормаларын қолдануға қатысты туындайтын қиын мәселелерді қарастыру бойынша соттарға білім беретін оқыту орталықтары жұмыс істейді. Сот әділдігі институтының базастында жұмыс істейтін аудандық және оларға теңелтілген соттардың біліктілігін арттырудың республикалық курстарында жұртшылықтың талап-арыздарын шешу кезінде экологиялық заңнамаларды қолдану ерекшеліктері туралы тематикалық және оқыту дәрістері өтеді. Жоғарғы және облыстық соттарда сот істерінің сапасы бойынша, оның ішінде экологиялық мәселелер бойынша жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Сот әділдігі мен ашықтықты толық қамтамасыз ету және сот қызметі туралы халықты ақпараттындыру үшін облыстық соттарда электрондық ақпараттық киосктер ашылуда.

Белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделері үшін жұртшылық тарапынан арыз соңғы рет Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің мәселелері бойынша 2013 жылдың 22 шілдеде келіп түскен.

Сот әділдігіне қол жеткізу мәселелерін талқылау үшін 2012 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығымен, ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызметі үйлестіру бюросы және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының ұйымдастыруымен, қоғамдық бірлестіктер мен соттардың қатысуымен «Орхус конвенциясының қағидаларын бүгін орындау: қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және ертең басқару жолдары» тақырыбында субрегионалдық кездесу өтті. Кездесуде сот әділдігіне қол жеткізу бөлімінде процедуралар мен механизмдер бойынша сараптама беру мәселелері талқыланды.

2012 жылдың 29 қазанында Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, мұнда сот және мемлекеттік ұйымдарында жемқорлықтың пайда болуын жою мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

2012 жылдың 30 қазанында Астана қаласында «Қазақстанда сот әділдігіне қол жеткізуге құқығын жүзеге асыру келешегімен проблемалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясы өтті, мұнда атап айтқанда «ҚР –сында соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы», «Тегін білікті құқықтық көмек беру туралы», «Әкімшілік юстиция құрц және азаматтық процестік кодексіне өзгертулер енгізу туралы» заңдарын қабылдау жолдары арқылы әділ сот шығару кезінде соттардың жауапкершілігін жоғарлату ұсынылды.

2013 жылдың 26 маусымында Астана қаласында атап айтқанда сот әділдігіне қол жеткізу мәселелерін талқылаумен қатар соттарда табиғат қорғау заңнамаларын қолдану мәселелері бойынша Орхус орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін мамандандырылған тренинг өтті.

2013 жылғы 10 сәуірде сот төрағалары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты дауларды шешу кезінде Орхус конвенциясы мен ұлттық заңнамаларды сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2013 жылғы 29-31 шілдеде «Орхус орталықтарының тұрақты даму негіздері» тақырыбында Ақмола облысының «Қорғалжын» қорықтық аймағында заңды қауымдастық өкілдерінің қатысуымен оқыту курстары өткізілді.

2015 жылғы 30 маусымда Ақмола облысы Щучинс қаласындағы «Ақ-жиек» пансионатында «аймақтық деңгейде экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға жұртшылықты тарту, «жасыл экономикаға» өту аясында оң тәжрибені тарату» тақырыбында Орхус орталықтарының, Энергетика министрлігінің, экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының, сот өкілдерінің қатысуымен семинар – тренинг өткізілді.

2016 жылғы 15 шілдеде Астана қаласында «Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық Орхус орталықтарының, мемлекеттік құрылымдардың, атап айтқанда сот төрағаларының, экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік секторының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.



2016 жылғы 15-24 қыркүйекте Маңғыстау облысында «Экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауда азаматтардың құқы мен жұртшылықтың қатысуын жүзеге асыру – Орхус конвенциясын Маңғыстау облысында тәжрибеде жүзеге асыру» жобасының аясында «Үстірт - әлемдік мұра» тақырыбында білім беру фотокөрмесі өтті.


Iv. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер
Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет