IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама


XX. 7-баптың қағидаларына сәйкес жоспарларға, бағдарламаларға қатысты мәселелерді шешуге және қоршаған ортамен байланысты саясатқа жұртшылықтың қатысу мүмкіндіктері



бет5/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

XX. 7-баптың қағидаларына сәйкес жоспарларға, бағдарламаларға қатысты мәселелерді шешуге және қоршаған ортамен байланысты саясатқа жұртшылықтың қатысу мүмкіндіктері

7-баптың қағидаларына сәйкес жоспарларға, бағдарламаларға қатысты мәселелерді шешуге және қоршаған ортамен байланысты саясатқа жұртшылықтың қатысуна қандай мүмкіндіктер жасалатындығын атаңыздар


Жауап:

Барлық жоспарлар, бағдарламалар және саясат, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес жүзеге асырылатындығы ұлттық заңнамада қарастырылған.

Жарлықтың 61-тармағына сәйкес, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің процестері оның құжаттарын әзірлеу, бекіту, іске асыру, оларды мониторингтеу, бағалау, түзету және іске асырылуын бақылау болып табылады.

Жарлықтың 62-тармағына сәйкес, мемлекеттік жоспарлау жүйесі процестеріне қатысушылар мемлекеттік билік органдары, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, қоғамдық, ғылыми және жекеше ұйымдардың өкілдері, жеке тұлғалар болып табылады.







XXI. 7-бапты жүзеге асыруда кездесетін кедергілер

7-бапты жүзеге асыруда кездесетін кедергілер туралы хабарлаңыздар


Жауап: Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында мемлекеттік, салалық және аймақтық экономиканы дамыту бағдарламаларын, өндірістік күштерді орналастыру схемаларын әзірлеу кезінде жұртшылықтың қатысу көпсалалы нысандар мен тиімділік критерияларын (уақытылы, толықтығы және адекваттылығы) қамтымайды.

Жоспарларды, саясатты, бағдарламаларды стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу тәжрибесі әзірше жоқ.







XXII. 7-баптың қағидаларын тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат

Қызметтің нақты түрлері бойынша шешімдер қабылдауда жұртшылықтың қатысуына қатысты, 7-баптың қағидаларын тәжрибеде қолдану туралы қосымша ақпаратты ұсыныңыздар


Жауап: Жұртшылықтың стратегияларды, саясатты, бағдарламаларды әзірлеуде жұртшылықтың қатысуы көп жағдайда ұсыныс ретінде қаралады. Шешімдер қабылдайтын адамдар мен жұртшылық арасында талқыланатын мәселелер бойынша кері байланыс механизмдері жоқ.





XXIII. 7-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайы


www.aarhus.kz, www.ecoinfo.kz, www.energo.gov.kz





XXIV. 8-баптың қағидаларына сәйкес, Тікелей атқарушылық күші бар нормативтік ережелерді және/немесе көпшілік қабылдаған заңдық міндетті нормативтік актілерді әзірлеуге жұртшылықтың қатысуына ықпал ету үшін қолданылатын шаралар

8-баптың қағидаларына сәйкес, Тікелей атқарушылық күші бар нормативтік ережелерді және/немесе көпшілік қабылдаған заңдық міндетті нормативтік актілерді әзірлеуге жұртшылықтың қатысуына ықпал ету үшін қандай шаралар қолданылатындығы жөнінде хабарлаңыздар. Кемсітушілік жасамау туралы талап бар 2-баптағы және 3-баптың 9-тармағындағы сәйкес анықтамалар ұлттық заңнамаларға қалай тасымалданатындығын көрсетіңіздер.


Жауап:

ҚР заңнамалары заң және нормативтік құжаттардың жобаларын талқылауға және ұсыныстар дайындауға жеке және заңды тұлғалардың қатысуына байланысты кемсіту сипатында қандай да бір шектеулерді қарастырмайды.

Барлық жоспарлар, бағдарламалар және саясат, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес жүзеге асырылатындығы ұлттық заңнамада қарастырылған.

Жарлықтың 61-тармағына сәйкес, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің процестері оның құжаттарын әзірлеу, бекіту, іске асыру, оларды мониторингтеу, бағалау, түзету және іске асырылуын бақылау болып табылады.

Жарлықтың 62-тармағына сәйкес, мемлекеттік жоспарлау жүйесі процестеріне қатысушылар мемлекеттік билік органдары, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, қоғамдық, ғылыми және жекеше ұйымдардың өкілдері, жеке тұлғалар болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық құжаттары (2050 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясынан басқа) нормативтік құқықтық актілер болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуде жұртшылықтың қатысуы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңмен реттеледі (2016 жылдың 6 сәуіріне дейін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы).

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және көпшіліктің талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) анықталған.

Қағидаларға сәйкес нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - НҚА) жобаларының мәтіндерін, түсіндірме жазбаларды, салыстырма кестелерімен қоса«Электрондық үкімет» Порталында орналастырылады.

Порталда НҚА жобаларының көпшілік талқылау мерзімі оларды Порталда орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болуы мүмкін емес. НҚА жобаларына келіп түскен барлық ескертулер мен ұсыныстар ашық түрде жарияланады.

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпарат пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын орналастырылған жобалардың көпшілік талқылауы аяқталған күннен кейін үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде қарастырады және оларды қабылдау немесе бас тарту негіздемесін көрсете отырып, оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Кейін мемлекеттік органдардар жобаларды көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есепті жариялайды.

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен Порталда есепті жариялаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде олар анықтаған уақыт аралығында on-line режимінде жарияланған есепті ескерумен жобаларды қосымша көпшілік талқылау жүргізіледі. Жобаларды қосымша көпшілік талқылау аяқталғаннан соң жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері есептің соңғы нұсқасын қалыптастырады және Порталда жариялайды.

Осы есепте келесі мәліметтер бар:


  • Нормативтік құқықтық актінің түсінік берілген құрылымдық бөлігі;

  • Ақпарат пайдаланушы ұсынысының мәтіні;

  • Мемлекеттік органның жауап мәтіні;

  • Әзірлеуші мемлекеттік органның НҚА жобасына «үшін» және «қарсы» дауыс берушілердің барлық саны:

  • НҚА жобасына жұртшылықтың ескертулері мен толықтыруына «үшін» және «қарсы» дауыс берушілердің саны.

2016 жылғы 8 сәуірде ҚР№ 491 Заңымен ҚР ЭК жаңа 57-1, 57-2, 166-1- баптармен толықтырылды.





XXV. 8-бапты жүзеге асыру кезінде кездескен кедергілер
8-бапты жүзеге асыру кезінде кездескен кез-келген кедергілер туралы хабарлаңыздар


Жауап: Заң жазуда жұртшылықтың қатысу механизмдері заңда бекітілмеген. Жұртшылық өкілдерінің ұсыныстары заң жобасы түзетулеріне салыстырмалы кестесіне қосу міндетті болып есептелмейді. Жұртшылықтың ұсыныстарына кері байланыс механизмдері жоқтың қасы.

НҚА жобаларын қоғамдық экологиялық сараптамаға тіркеу талаптары таратылады және қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеуден бас тарту мүмкіндігі де бар.

Нәтижесінде жұртшылықтың заң шығару прцессіне жеке жағдайларды ескермегенде нақты қатысу мүмкіндігі жоқ







XXVI. 8-баптың қағидаларын тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат

8-баптың қамтылу саласына жататын қызметте жұртшылықтың қатысуына қатысты қағидаларды тәжрибеде қолдану туралы қосымша ақпаратты беріңіздер

Жауап: Осы Ұлттық Баяндаманы дайындау барысында анықталған ҚР заңнамаларындағы кемшіліктер мен қарама-қайшылықтар ОК 8-бабына сәйкес жұртшылықтың заң жазу процессіне қатысуы үшін жақсы негіз болуы мүмкін.





XXVII. 8- бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайылары
8- бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайыларын бар болса қөрсетіңіздер


www.energo.gov.kz, https://legalacts.egov.kz.





XXVIII. Сот әділдігіне қол жеткізуге қатысты 9-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық, нормативтік және басқа да шаралар


Сот әділдігіне қол жеткізуге қатысты 9-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық, нормативтік және басқа да шараларды атаңыздар

9-баптың әр тармағы қалай жүзеге асырылатындығын түсіндіріңіздер. Кемсітушілік жасамау туралы талап бар 2-баптағы және 3-баптың 9-тармағындағы сәйкес анықтамалар ұлттық заңнамаларға қалай тасымалданатындығын көрсетіңіздер. Сонымен қатар, атап айтқанда сипаттаңыздар:

а) 1-тармаққа қатысты-төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қолданатын шаралар:

і) 4-бапқа сәйкес берiлген ақпарат алу туралы өзiнің өтiнiшiне арналған баптың ережелерiне сәйкес келмейтiндей көрiнедi деп есептейтiн кез келген адам сотта немесе заңға сәйкес құрылған басқа да тәуелсiз және әдiл органда қабылданған шешiмнiң қаралу рәсiмiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

іі) мұндай шешiмдi сотта қарау көзделген жағдайларда, Тараптар мемлекеттiк органның қайта қарауы немесе сот болып табылмайтын тәуелсiз және әдiл органның қарауы үшiн барынша аз ақы төлеудi талап ететiн, заңмен белгiленген жылдам рәсiмге мұндай адамның қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;

ііі) осы тармаққа сәйкес қабылданған түпкiлiктi шешiмдер тиiстi ақпаратты иеленген мемлекеттiк орган үшiн мiндеттi сипатта болады. Себептер, тiптi болмағанда, осы тармаққа сәйкес ақпарат беру туралы өтiнiш қабылданбайтын жағдайларда жазбаша түрде көрсетiледi.

b) Ұлттық заңдары шеңберiнде 2-тармақта көрсетілген критерияларға сәйкес келетін жұртшылық өкілдері iс жүргiзу нормаларында көрсетiлген өздерiнiң қандай да бiр құқықтары бұзылды деп есептейтiн жұртшылықтың тиiстi өкiлдерi 6-баптың ережелерiн сақтай отырып, құқықтық және iс жүргiзу тұрғысынан кез келген шешiмнiң заңдылығына дау айту мақсатында қабылданған шешiмдердің сотта және/немесе заңға сәйкес құрылған басқа да тәуелсiз және әдiл органда қаралу рәсiмiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар;

с) 3-тармаққа қатысты - өзiнің заңдарында, егер олар бар болса, көзделген өлшемдерге сай келетiн жұртшылық өкiлдерi жеке адамдар мен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты ұлттық заңдардың ережелерiн бұзатын әрекеттерiне дау айту үшiн әкiмшiлiк немесе сот рәсiмдерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар;

d) 4-тармаққа қатысты – төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қолданған шаралар:

і) 1, 2 және 3-тармақтарда аталғандар құқық қорғаудың барабар және тиiмдi құралдарын қамтамасыз етуге тиiс;

іі) мұндай рәсімдер, басқа да қатынастар бойынша талаптарға сәйкес келеді;

е) 5-тармаққа қатысты - шешiмдердi қараудың әкiмшiлiк және сот рәсiмдерiне қол жеткiзу туралы ақпаратың жұртшылықты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолданған шаралар.






Жауап: 1-тармаққа қатысты

ЭК мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық экологиялық бақылауды қарастырады. Қоғамдық экологиялық бақылау жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес айқындайды (ЭК135-бабы).

Қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жекелеген тексерулер нәтижелерiнiң және жылдық есептiлiктiң жариялануын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi жұмысқа жеке және заңды тұлғаларды ерiктi негiзде тарту құқығы берілген. (ЭК 136-бабы).

Экологиялық дауға байланысты жұртшылықтың сот әділдігіне қол жеткізуіне қатысу рәсімдері келесі ҚР нормативтік құқықтық актілерде бекітілген: Конституция, ОК, Азаматтық процестік кодекс (АПК), Экологиялық, Орман,Су кодекстері, «Ерекше қорғалатын аймақтар тералы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңдары, сондай-ақ «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжiрибесi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулысы

ҚР сотында экологиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдардың талаптары бойынша азаматтық істер өндіріске алынады және қарастырылады, атап айтқанда талап арыздарының саясатына қарамастан басқа адамдардың мүдделерін қорғау талаптары бойынша.

Экологиялық ақпаратты бермеу, ақпаратты толық емес немесе анықталмаған ақпарат беру, немесе бекітілген уақытта бермеу жоғары тұрған мемлекеттік ұйымға (жоғары тұрған лауазымды тұлғамен) немесе сотқа арыздануға болады. Жоғарыда тұрған ұйымға арыздану сотқа арыздануға кедергі бола алмайды. Мемлкеттік органдар мен лауазымдық тұлғалар шағым түсірген тұлғаға зиян келтіретін шағым хатын немесе оның берілу мүддесінде жол бермеуге, сондай-ақ, әрекеттеріне шағымға берілетін лауазымдық тұлғалар шағымын жібермеуге міндетті. Сотта шағымдану тәртібі АПК 27-тарауда бекітілген.

АПК 293-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтуға жататын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) нәтижесінде:

1) азаматтың құқықтары мен бостандықтары және заңды тұлғаның заңды мүдделерi бұзылған;

2) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның заңды мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған;

3) азаматқа немесе заңды тұлғаға қандай да бiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдері мен әрекеттері (әрекетсiздiгі) жатады.

Азамат және заңды тұлға құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы. Сотқа арызбен жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өту себептері сот отырысында қаралады және арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарудың себептерінің бірі болуы мүмкін.

Процестік заңда жұртшылыққа арыздарын апелляциялық, кассациялық тәртіпте қарау қарастырылған. Сот шешімдері жазбаша нысанда шығарылады және жұртшылыққа қол жетімділікті қамтамасыз етіледі. Сот шығындары сот дауынан жеңілген тараппен қайтарылады. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша мемлекеттік талаптар төмен және барлығына қол жетімді. Сот актілерін қайта қарау кезінде мемлекеттік баж салығы қолданыстағы салық заңнамаларынмен қарастырылған.



Сот шешімдерін орындау сатысында орындаушы өндіріс ұйымдары сот анықтамалары бойынша орындау құжатын қамтамаыз ету мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, Конституциямен, ҚР заң актілерімен және халықықаралық актілерімен кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдар мен ұйымдардың әрекеттеріне және шешімдеріне азаматтардың арыздарын табиғат қорғау прокуратурасының қызметімен қарастыратын құқықтық қорғау құралдары, сондай – ақ ҚР Адам құқықтары бойынша уәкілетті орган бар.



2-тармаққа қатысты:

АПК 8-бабының мағынасына сәйкес жұртшылық басқа тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы арыз беріп, сотқа жүгінуге құқылы.

АПК 55-бабына сәйкес заңда көзделген жағдайларда ұйымдар сотқа басқа тұлғалардың өтініші бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып, жүгіне алады.

2016 жылғы 8 сәуірде ҚР ЭК қоршаған ортаны қорғау саласныдағы қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері бөліміне өзгертулер енгізілген. 14-баптың 1-1 – тармағына сәйкес қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге құқылы. Сөйтіп, Қазақстан соттары халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамалардының қағидаларын жүзеге асыра отырып, белгіленбеген тұлғалар тобының құқықтарын қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қорғау туралы экологиялық қоғамдық бірлестіктерінің талаптарын (арыздарын) өз өндірісіне қабылдайды.



3-тармаққа қатысты:

Қазақстанда заң деңгейінде жұртшылық өкілдерінің талаптарын сотта қарау уақытында шағым жасау уақытында шағым жасау уақытына сот арқылы тиым салу мүмкіндігі құрылған. Осы сұрақтар АПК 15-тарауыда реттелген. Атап айтқанда, 155-бапқа сәйкес іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады. Қамтамасыз ету, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса ғана жол беріледі.

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар: 1) мүлікке тыйым салу; 2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу; 3) басқа тұлғалардың орындау мерзімі жеткен міндеттемелер бойынша мүлікті жауапкерге беруіне немесе заңда немесе шартта көзделген өзге де міндеттемелерді жауапкерге қатысты орындауына тыйым салу және т.б.

4-тармаққа қатысты:

Қазақстанда сот алдындағы және сот алдындағы емес құқықтық қорғаныс нысандары бар. Жұртшылықтың сот алдындағы құқықтық қорғаныс құралдарына, талап тәртібінде жұртшылықтың сотқа арыздану мүмкіндігі жатады, мысалы экологиялық құқық бұзу нәтижесіндегі шығындарды қайтару және моральдық залалды қалпына келтіру туралы, сондай-ақ мемлекеттік биліктің, жергілікті атқарушы органның, қоғамдық бірлестіктердің, мекемелердің, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметкерлердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты ерекше талап тәртібі. Талаптарды, арыздарды қарастыру мерзімі бір айдан екі айға дейін бола береді. Заңда талапты қамтамасыз ету сияқты құқықтық қорғаныс нысаны қарастырылған, яғни сотқа талап беру кезінде талапты қамтамасыз ету туралы сотқа өтініш өтініш беру мүмкіндігі бар.

5-тармаққа қатысты:

Сот отырыстарының хаттамаларының сапасын жоғарлату мақсатында 957 залда электронды хаттама жасау мүмкіндігіне ие жаңа технологиялардың негізінде сот процестерін аудио,-видео жазу жүйелері орнатылған (АВЖ), сондай-ақ 79 АВЖ модернизацияланған (бағдарламалық қамтамасыз етуді алмастыра отырып). Республика бойынша залдардың АВЖ жаңа жүйесімен қамтылуы - 73,6% -ды құрайды.

Келесі электрондық сервистер белсенді қолданылуда: «Сотқа шақырту», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот құжаттарын хабарлауға қарау».

Жоғары Соттың Call-орталығы жұмыс істеп тұр.

Сот өндірісі қатысушыларына электронды хабарлау тиімді жұмыс істеуде.

2016 жылғы 8 сәуірде ҚР Салық кодексіне өзгертулер енгізілген, онда меншіктік емес сипаттағы экологиялық даулар бойынша жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж салығынан босатылады.









XXIX. 9-баптың қағидаларын жүзеге асыру кезінде кездескен кедергілер
9-баптың кез-келген тармақтарының қағидаларын жүзеге асыру кезінде кез-келген кедергілерді көрсетіңіздер

Ответ:

ОК 9-бабының кез-келген тармақтарын жүзеге асыру үшін кедергілер жоқ.

ОК 9-бабының 1-тармағына сәйкес қарастыру рәсімі сотта немесе басқа «заңға сәйкес бекітілген тәуелсіз немесе әділ органда» жүзеге асырылуы тиіс. «Тәуелсіз және әділ орган» концепциясы Адам құқықтарын қорғау және негізгі бостандығы туралы конвенция аясында әзірленген. «Тәуелсіз және әділ» органның сот болуы міндетті емес, бірақ олар квазисот функцияларын орындауы қажет, қажетті процесті қамтамасыз ету бойынша кепілге ие болуы керек, биліктің кес-келген тармақтарының ықпалына бағынбайтын және кез-келген жеке қызмет субъектілерімен байланысты болмауы тиіс.

Қазақстанда қаршаған ортаны қорғауға байланысты барлық даулар соттарда қарастырылады. Дегенмен, дауды соттан тыс реттеуге болады, ол ЭК 323-бабында қарастырылған. Мысалы, 126-баптың қағидаларын сәйкес, мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) арыз оларға жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін сотқа беріледі.

2016 жылдың қараша айында ҚР Жоғарғы Сотымен тек 2010 дылдың 25 маусымында бір рет қана толықтырулар мен өзгертулер енгізілген моральды ескірген «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжiрибесi туралы» ҚР Жоғарғы Соты 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 16 нормативтік қаулысының орнына Қазақстан Республикасында экологиялық заңнамаларды соттарда қолданудың кейбір мәселелері туралы нормативтік қаулыны қабылдау жоспарлануда. Себебі, сол уақыттан бері экологиялық заңнамала тез өзгерді, бұрыңғы нормативтік қаулының нормалары одан артта қалды және сәйкес келмейді, сол себепті әділ сот шешімін қабылдауда кедергілер туғызады.

Талқыланып жатқан нормативтік қаулыда соттарда Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық ақпаратты алу және сот әділдігіне қол жетімділігі құқықтарын жүзеге асыру және құқықтарын қорғауға қатысты экологиялық заңнамалардың нормаларын қолдану тәжрибесі түсіндірілуде, атап айтқанда қоршаған ортаға, өмірге және адам денсаулығына залал келтіретін шаруашылық және басқа қызметті уақытша тоқтату және (немесе) тоқтату.





Iv. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер
Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет