IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама



бет4/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

XV. Қызметтің нақты түрлері бойынша шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуына қатысты, 6-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша заңнамалық, нормативтік және басқа да шаралар


Қызметтің нақты түрлері бойынша шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуына қатысты, 6-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша заңнамалық, нормативтік және басқа да шараларды атаңыздар

6-баптың әр тармағының қағидалары қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріңіздер. 2-бапта бар сәйкес анықтамалар және 3-баптың 9-тармағындағы кемсітпеу туралы талап ұлттық заңнамаларға қалай тасымалданатындығын көрсетіңіздер. Оның ішінде сипаттаңыздар:

а) 1-тармаққа қатысты –төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар:

і) І Қосымшада аталған қызметтiң жоспарланған түрлерiн шешудiң орындылығы туралы мәселе бойынша шешiмдерге қатысты 6-баптың баптың ережелерiн қолдану;

іі) өзiнің ұлттық заңдарына сәйкес, сондай-ақ І қосымшада аталмаған, қоршаған ортаға едәуiр ықпал жасай алатын қызметтің ұсынылған түрлерi бойынша шешiмдерге 6- баптың ережелерiн қолдану.

b) жұртшылықтың қатысу рәсiмдерi түрлi кезеңдердi жүзеге асырудың ақылға сыйымды мерзiмiн қамтиды, олар жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын әзiрлеу мен оның тиiмдi қатысуы үшiн жеткiлiктi уақытты қамтамасыз ету үшін қолданған шаралар;



с) жұртшылықтың қатысу рәсімдерінің мерзімдері 3-тармақтағы талаптарға сай болуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралар;

d) 4-тармаққа қатысты – ең бастапқы кезеңде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар;

е) 5-тармаққа қатысты - жұртшылықтың мүдделi топтарын анықтауға рұқсат алу нысанына өтiнiм берер алдында әлеуеттi өтiнiш берушiлердi көтермелеп отырғаны, талқылау өткiзгенi және өздерiнiң өтiнiмдерiнің мақсаттарына қатысты ақпарат беру бойынша қолданылған шаралар;

f) 6-тармаққа қатысты – төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар:

і) уәкілетті мемлекеттік органдар 6-бапта аталған шешімдер қабылдау рәсімдеріне қатысты және жұртшылықтың қатысу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қарамағындағы барлық ақпаратты мүдделі жұртшылыққа ұсынады;

іі) атап айтқанда осы тармақта көрсетілген ақпаратты мүдделі жұртшылыққа уәкілетті органның ұсынады;

g) 7- тармаққа қатысты - жұртшылықтың қатысу рәсiмдерi жазбаша түрде немесе, қажеттi жағдайларда, мәселенi көпшiлiк алдында тыңдау немесе қарау барысында өтiнiм берушiнің қатысуымен кез келген ескертпелердi, ақпаратты, талдауды немесе өзi жоспарланған қызметке қатысы бар деп есептейтiн пiкiрлердi беруге мүмкiндiк беруге қатысты қолданылған шаралар:

h) 8-тармаққа қатысты - қабылданған шешiмде жұртшылықтың қатысу нәтижелерi тиiстi дәрежеде көрсетiлуiн қамтамасыз ету бойынша қолданылған шаралар;

i) 9-тармаққа қатысты - шешiм қабылдағаннан кейiн жұртшылық тиiстi рәсiмдерге сәйкес бұл шешiм туралы дереу хабардар етiлуiн қамтамасыз ету бойынша қолданылған шаралар;

j) 10-тармаққа қатысты –мемлекеттік орган 1-тармақта аталған қызметті жүзеге асыру жағдайларын қайтта қарау немесе өзгерту кезінде, осы баптың 2-9-тармақтарының ережелерi қажетті өзгертулермен, егер ойға қонымды болған жағдайда қолданылуын қамтамасыз ету үшін қолданылған шаралар;

k) 11-тармаққа қатысты - қоршаған ортаға генетикалық өзгерген организмдердi әдейi босатуға шешiмдер беруге қатысты шешiмдерге 6-баптың ережелерiн мүмкiн болған дәрежеде және тиiсiнше қолдану үшін қолданылған шаралар.


Жауап: ЭК 13-бабының 1-тармағы 4)-тармақшасына және 14-бабының 1-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес Жұртшылық ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға құқылы.

Қазіргі уақытта ОК 6-бабын жүзеге асыру үшін келесі заңнамалық және нормативтік актілер қабылданған:



  • ҚР ЭК (17, 45, 46, 49, 57, 135-баптар);

  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізу жөніндегі нұсқаулық (ҚР ҚОҚМ 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-п бұйрығы) 2016 жылдың 17 маусымындағы № 253 өзгертулермен;

  • Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары (ҚРЭМ2015 жылдың 16 ақпандағы № 100 бұйрығы);

  • Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары (ҚРҚОҚМ 2007 жылдың 7 мамырдағы № 135 бұйрығы 2013 жылдың 26 наурыздағы №50-ө және 2016 жылдың 21 маусымдағы №260 бұйрықтармен енгізілген өзгертулермен);

  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары (ҚР ҚОҚМ 2007 жылғы 25 шілдедегі № 238-п бұйрығы) 2016 жылдың 21 маусымындағы № 258 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;

  • Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі (ҚР Энергетика министрінің 2016 жылдың 10 маусымындағы № 240 бұйрығы).

1-тармаққа қатысты:

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 491-V ҚР Заңымен ҚР ЭК өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Сол себепті, ЭК 57-2 бабында Қоғамдық тыңдауларды өткізуге міндетті жобалар анықталды. ҚР Энергетика министрінің 2016 жылдың 10 маусымындағы № 240 бұйрығымен жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі анықталды.



2-тармаққа қатысты:

Мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС) жүргізудің тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды, оның жанынан консультациялық-кеңесшi органдар болып табылатын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерi құрылады. Жұртшылық өкiлдерi мұндай сарапшылық кеңестердің мүшесі бола алады (ЭК 56-бабы). ЭК 57- бабына сәйкес:

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы табиғат пайдаланушы оны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыруы үшін табиғат пайдаланушыға жіберіледі.

4. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен даулауға құқылы.

5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi.

МЭС жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларды өткізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады (ЭК 20-бабы) және Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. ЭК 57-2-бабына сәйкес Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын межеленіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсіміне және интернет-ресурс арқылы, сондай-ақ хабардар етудің өзге де тәсілдерін пайдалана отырып осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

ҚР 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 491 Заңымен ҚР ЭК 57-2- Қоғамдық тыңдаулар өткізу бабы қосылды.

1. Қоғамдық тыңдаулардың мынадай:

1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы көзделетін;

3) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастырылуы көзделетін;

4) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;

5) табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы қызметі көзделетін;

6) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1), 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті.

3-тармаққа қатысты:

ҚР заңнамаларында жұртшылықтың шешімдер қабылдауына қатысты қисынды мерзімдер анықталған.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей мүдделі жұртшылықты хабарландыруды жүзеге асырады. Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдауларды өткізуге дейінгі жиырма күнге дейін белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі рәсіміне және осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар құлақтандырудың өзге де әдістерін қолдана отыра қамтамасыз етеді. Қағидалардың 13-тармағына сәйкес мүдделі жұртшылық тапсырыс берушіге жоба құжаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өтетін күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. 19-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаулар нәтижелері осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттама қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін жеті күннен кешіктірілмей, қоғамдық тыңдауларға қатысқан адамдардың пікірлері ескеріле отырып жасалады. Хаттамада мүдделі жұртшылықтың негізделген ескертулері мен ұсыныстары және Тапсырыс берушінің әрбір ескерту мен ұсыныстың есебі бойынша ұстанымы көрініс табады. Хаттамаға қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қол қойылады және қоғамдық тыңдауды өткізгеннен кейінгі жеті күннен кейін жеті жұмыс күн ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында сауал нысанындағы қоғамдық тыңдауларды өткізу қарастырылған. Осы Қағидалардың 27-тармағында тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасымен бірлесіп, қоғамдық тыңдау өткеннен кейін жеті күннен кешіктірмей, сауал нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хаттама жасайды.

ЭК 57-2-бабына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың мынадай:

1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы көзделетін;

3) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастырылуы көзделетін;

4) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;

5) табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы қызметі көзделетін;

6) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1), 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті. ҚР Энергетика министрінің 2016 жылдың 10 маусымындағы № 240 бұйрығымен жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі анықталды.

5-тармаққа қатысты:

Қазіргі уақытта рұқсат алуға өтінімдер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге табиғат пайдаланушыларды ынталандыру шаралары заңнамаларда қарастырылмаған.



6-тармаққа қатысты:

Шешімдер қабылдау рәсімдерінде ақпаратқа қол жетімділікке төлемақы қарастырылмаған. ЭК 57-2 – бабына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың мынадай:

1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы көзделетін;

3) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастырылуы көзделетін;

4) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;

5) табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы қызметі көзделетін;

6) мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдауларды өткізуге дейінгі жиырма күнге дейін белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі рәсіміне және осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар құлақтандырудың өзге де әдістерін қолдана отыра қамтамасыз етеді.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 13-тармағына сәйкес мүдделі жұртшылық тапсырыс берушіге жоба құжаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өтетін күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

16-тармаққа сәйкес тапсырыс берушінің жоба туралы баяндамалары тыңдалады.

ЭК қоғамдық бiрлестiктер құратын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi ретінде қоғамдық экологиялық сараптама қарастырылған. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметтi азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан қарайды. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкiн (ЭК 60-бабы). Қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы қоғамдық экологиялық сараптама нысанының тапсырыс берушісінен осы сараптаманы жүргізуге қажетті материалдарды сұрауға құқылы. Нысанның тапсырыс берушісі осындай сараптамаға қажетті құжаттар мен материалдарды беруге міндетті (ЭК 63-бабы).



7-тармаққа қатысты:

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында келесі тәртіптер қарастырылған:

Тапсырыс беруші алдын ала жергілікті атқарушы органмен қоғамдық тыңдауды өткізудің уақыты мен орнын, мүдделі жұртшылықтың тізімін алдын ала келіседі және оны құлақтандырудың едәуір тиімді тәсілдерін (БАҚ-та хабарландырулар, ақпараттық парақтар, стендтер, жеке хабарламалар, жазбаша мәлімдемелер) негіздейді (Қағидалардың 8-тармағы).

Жергілікті атқарушы орган мүдделі жұртшылықтың тізімін, оны құлақтандыру тәсілін, қоғамдық тыңдауларды өткізудің уақыты мен орнын, қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлғаны анықтайды (Қағидалардың 9-тармағы).

Тапсырыс беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей мүдделі жұртшылықты хабарландыруды жүзеге асырады (Қағидалардың 10-тармағы).

Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды, жоба бойынша құжаттаманы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялау үшін жолдайды (Қағидалардың 11-тармағы).

Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдауларды өткізуге дейінгі жиырма күнге дейін белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі рәсіміне және осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті интернет-ресурсы арқылы, сонымен қатар құлақтандырудың өзге де әдістерін қолдана отыра қамтамасыз етеді (Қағидалардың 12-тармағы).

Мүдделі жұртшылық тапсырыс берушіге жоба құжаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын (болған жағдайда) қоғамдық тыңдаулар өтетін күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады (Қағидалардың 13-тармағы).


8-тармаққа қатысты:

МЭС жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес МЭС ұсынылатын материалдардың құрамына қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері болуы тиіс. Тапсырыс беруші МЭС қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы мен нормативтік құқықтық актілермен негізделген білікті негізделген жұртшылық пікірі ескерілген қайта өңделген ҚОӘБ жобасын, сонымен қатар жобаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді Тапсырыс беруші негізсіз деп есептейтін жұртшылықтың ұсыныстары бойынша түсініктемені ұсынады.



9-тармаққа қатысты:

МЭС нәтижесі сараптамалық қортынды болып табылады, шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi (ЭК 57-бабы). Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiндегi келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен не сот тәртiбiмен қаралады (ЭК 58-бабы).

Заңнамаларды толықтыру қажет, себебі қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы ұсыныс болып табылады және уәкілетті органның шешімі бола алмайды.

10-тармаққа қатысты:

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларының 17-тармағына сәйкес «Келісілмейді» тұжырымы бар қорытынды болған жағдайда, сараптамаға тапсырыс беруші, мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша материалдарды жетілдіреді және оларды қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырады немесе көзделген қызметтен бас тартады.



11-тармаққа қатысты:

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының (2007 жылғы 21 шілдедегі N 301) 12-бабының 5-тармағына сәйкес ГТО және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана жол беріледі, 34-бапқа сәйкес Тамақ өнімдеріндегі генетикалық түрлендірілген объектілер қауіпсіздігінің ғылыми негізделген расталуы белгіленгенге дейін олардың Еуропалық Одақ мемлекеттерінде белгіленгеннен аспайтын тамақ өнімдері құрамындағы деңгейі қабылданады.




XVI. 6-бапты жүзеге асыру кезінде кездесетін кедергілер
6-баптың кез-келген тармақтарын жүзеге асыру кезінде кездесетін кез-келген кедергіледі көрсетіңіздер


Жауап:

Тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу барысында кей жағдайларда техникалық емес түйіндеме ұсынылады.

Қолданыстағы МЭС жүргізу қағидаларында МЭС жүргізу рәсімінің аясында жұртшылықтың қатысу нормасы жоқ.

Экологиялық маңызды шешімдерді қабылдау рәсімдерінің ең бастапқы кезеңінде– жоспарланған шаруашылық қызмет үшін жер телімін таңдау және резервке сақтау жұртшылықты тарту бекітілмеген.

Жер кодексінде осы кезеңде жұртшылықтың қатысуы қарастырылмаған (43 –баптың 1-тармағы).

Жер заңнамаларының базалық ұлттық құқықтық нормалары мен табиғат қорғау заңнамаларының нормаларының – ЭК 6 – тарауы мен МЭС жүргізу қағидаларының сәйкес келмеуі ОК 6-бабы 4-тармағының қағидаларының орындалуына кедергі келтіруі мүмкін. Қағидалар МЭС ұсынылатын материалдардың мазмұны мен құрамына талап қояды. Осы Қағидаларға сәйкес жер телімін таңдау актісі, жер құрылысы ісі МЭС нысандарына жатпайды, осы құжаттар басқа құжаттардың құрамында МЭС ұсынылмайды. Құжаттардың құрамында жер телімін таңдау кезеңінде жұртшылықтың қатысқандығы жөнінде рәсімделген (хаттама) құжаттар ҚОӘБ негізгі бөлігі ретінде де құжаттардың құрамында аталмаған.

Жобалық құжаттарды әзірлеудің кештеу кезеңінде барлық жобалық шешімдер нақты жер телімдерінің нақты сипаттамаларымен байланыстырылған. Сол себепті Тапсырыс беруші қажетті құжаттарды дайындауға келісімдер алуға және ҚОӘБ және қоғамдық тыңдауларды немесе ҚОӘБ жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 8-тармғына сәйкес жоспарлау алдында, жоспарлы, жоба алдындағы және жобалық құжаттарды әзірлеуге біршама қаражат, адам және уақыт ресурстарын жұмсайды. Осы кезеңде «жұртшылықтың ойын ескеру» немесе МЭС ұсынылатын жоба алдындағы және жобалық құжаттарға өзгерту енгізу өте қиын.

ЭК 136-бабына сәйкес мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi жұмысқа жеке және заңды тұлғаларды ерiктi негiзде тартуы мүмкiн. оршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыру үшiн жарғыларында қоғамдық экологиялық бақылау функциясы көзделген қоғамдық бiрлестiктердiң тiзбесiн жасайды. Осы норма «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тізбесінде» және жарлығында «экологиялық бақылау функциясының» болмауы негізінде жұртшылықтың қатысуына шектеулер қоюы мүмкін. Дегенмен, қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің тібесі жасалмаған, қоғамдық экологиялық бақылау және қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы ЭК қағидалары нашар жүзеге асырылуда.



XVII. 6-баптың қағидаларын тәжрибеде жүзеге асыру бойынша қосымша ақпарат
Экологиялық ақпаратты жинау және таратуға қатысты 6-баптың қағидаларын тәжрибеде пайдалану туралы, мысалы Қызметтің нақты түрлері бойынша шешімдер қабылдауда жұртшылықтың қатысуы туралы немесе ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қызмет ететін жоспарланған қызмет түрлеріне осы баптың қағидаларының қолданылмауы бойынша қандай да бір статистикалық немесе басқа деректер туралы қосымша ақпарат ұсыныңыздар


2016 жылдың 8 сәуірінде ҚР ЭК өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 57-2 бабына сәйкес жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызмет түрлерінің тізбесі анықталды. Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі 2016 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі ОК 1-қосымшасына сәйкестендірілді.

ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 260 бұйрығымен Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қолданыстағы нормаларға сәйкес қоғамдық тыңдаулар ашық отырыс түрінде және сауал нысанында өткізіледі.




XVIII. 6-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайлары


www.akorda.kz/, www.carecnet.org, www.pravstat.prokuror.kz, www.sud.gov.kz,

www.osce.org/astana, http://www.greensalvation.org/, www.aarhus.kz, www.iacoos.kz, www.ecoinfo.kz, www.energo.gov.kz.


XIX. 7-баптың қағидаларына сәйкес, жоспарларға, бағдарламаларға қатысты мәселелерді шешуге және қоршаған ортамен байланысты саясатқа жұртшылықтың қатысуы үшін қолданылған тәжрибелік және/немесе басқа шаралар
7-баптың қағидаларына сәйкес, жоспарларға, бағдарламаларға қатысты әселелерді шешуге және қоршаған ортамен байланысты саясатқа жұртшылықтың қатысуы үшін қолданылған тәжрибелік және/немесе басқа шараларды атаңыздар. Кемсітушілік жасамау туралы талап бар 2-баптағы және 3-баптың 9-тармағындағы сәйкес анықтамалар ұлттық заңнамаларға қалай тасымалданатындығын көрсетіңіздер.





Ответ:






Iv. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер
Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет