IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама


Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер



бет3/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер
Сәйкес веб сайттардың мекенжайларын бар болған жағдайда көрсетіңіздер





www.akorda.kz, www.energo.gov.kz, www.carecnet.org, www.pravstat.prokuror.kz, www.sud.gov.kz, www.osce.org/astana, www.greensalvation.org, blogs.egov.kz, www.ecokomitet.kz, www.greenbridgepartnership.net, www.iacoos.kz, www.aarhus.kz, www.ecoinfo.kz, www.ecodoklad.kz, www.ecoportalca.kz, http://www.ecosos.kz.





XI. Экологиялық ақпарат жинау және таратуға қатысты 5-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық, нормативтік және басқа да шаралар




Экологиялық ақпарат жинау және таратуға қатысты 5-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық, нормативтік және басқа да іс-шараларды көрсетіңіздер.

5-баптың әр тармағының қағидалары қалай жүзеге асырылатындығын түсіндіріңіздер. 2-бапта бар сәйкес анықтамалар және 3-баптың 9-тармағындағы кемсітпеу туралы талап ұлттық заңнамаларға қалай тасымалданатындығын көрсетіңіздер. Оның ішінде сипаттаңыздар:

а) 1-тармаққа қатысты – төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қолданылған іс-шаралар:

і) мемлекеттiк органдардың экологиялық ақпаратқа ие болуын және оны жаңғыртып отыруы;

іі) мемлекеттiк органдарға ақпараттың тиiстi дәрежеде түсуiн қамтамасыз етуіне кепілдік беру;

ііі) кез келген қатер төнген жағдайда бар барлық ақпарат дереу және кідірiссiз таралуын қамтамасыз ету.

b) экологиялық ақпараттың шынымен қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұртшылыққа экологиялық ақпаратты мемлекеттік органдар берген кезде транспаренттікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

с) 3-тармаққа қатысты - көпшiлiкке арналған тораптары арқылы жұртшылықтың алуына жеңiл электронды деректер базаларындағы экологиялық ақпарат көлемiнiң бiртiндеп ұлғайтылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

d) 4-тармаққа қатысты - қоршаған ортаның жай-күйi туралы ұлттық баяндаманы жариялап, тарату бойынша қолданған іс-шаралар;

е) 5-тармақта аталған ақпаратты тарату үшін қоланған іс-шаралар;

f) 6-тармаққа қатысты - қоршаған ортаға елеулi ықпал жасайтын операторларды көтермелеп отырады, олардың қызметi мен өнiмдерiнiң қоршаған ортаға әсерi туралы жұртшылыққа үнемi хабарлайды, мұны, тиiстi жағдайларда ерiктi түрде экотаңбалау жүйелерiн және экологиялық сараптаманы пайдалану шеңберiнде немесе басқа құралдардың көмегiмен жасау бойынша іс-шаралар;

g) 7-тармаққа сәйкес талап етілген ақпаратты жариялау және ұсыну бойынша қолданған іс-шаралар;

h) 8-тармаққа қатысты- өнiмдер туралы жеткiлiктi ақпараттың жұртшылыққа берiлуiн қамтамасыз ету мақсатында тетiктер әзiрлеу бойынша қолданылған іс-шаралар;

і) 9-тармаққа қатысты –кадастрлардың немесе ластану регистрлерінің келiсілген жалпыұлттық жүйесiн құру үшін қолданылған іс-шаралар.


Жауап:

1-тармаққа қатысты:

ОК 5-бабын орындау бойынша халықаралық міндеттерді ҚР орындау үшін құқықтық база құрылған. Сөйтіп, ҚР Конституциясының 4-бабының 4-тармағында «Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады» деп көрсетілген.

2015 жылдың 16 қарашасында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жарияланды. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңына сәйкес экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа шектеу қойылмайды.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 10-бабына сәйкес, ақпаратқа қол жеткізу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

1) сұрау салу бойынша ақпаратты беру;

2) ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарда бөлініп берілген өзге де орындарда ақпаратты орналастыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар алқаларының отырыстарына қол жеткізуді және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының ашық отырыстарын, оның ішінде бірлескен отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын және мемлекеттік органдардың жыл қорытындылары бойынша өткізілетін алқаларын интернет-ресурстарда онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;

4) орталық атқарушы органдар (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау және талқылау;

5) ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

6) ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында орналастыру;

7) ақпаратты "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында орналастыру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер.

ЭК 161-бабына сәйкес Мемлекеттік ақпарат қоры экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры, ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi және басқа да экологиялық ақпарат тіркелімдері, табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі, экологиялық мониторинг деректері, ҚОӘБ және және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік –техникалық құжаттар және т.б. кіреді.



2-тармаққа қатысты:

«Электродық үкіметтің» жұмысы да жұртшылыққа экологиялық ақпаратты беруге ықпал етеді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабына сәйкес ақпарат иеленушілер интернет-ресурстар құрады және бірыңғай платформасында келесі ақпаратты орналастырады.


  • ақпарат иеленушілердің ұйымдық құрылымын, олардың басшылары туралы мәліметтерді;

  • ақпарат иеленушілердің қызметі туралы ресми жаңалықтарды (баспасөз релиздерін);

  • ақпарат иеленушілердің қызметінде болатын алдағы оқиғалардың ресми күнтізбелерін;

  • ақпарат иеленушілердің басшылары мен олардың орынбасарларының ресми сөйлеген сөздерінің және ресми мәлімдемелерінің мәтіндерін;

  • мемлекеттік және салалық бағдарламалар, тұжырымдамалар, доктриналар, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен жоспарлары, стратегиялық жоспарлар, тиісті саланы дамытудың стратегиялары мен жоспарлары, нысаналы бағдарламалардың және тұжырымдамалардың жобалары туралы мәліметтерді;

  • ақпарат иеленуші жұмыс органы болып табылатын консультативтік-кеңесші органдардың (кеңестердің, комиссиялардың) қызметі туралы ақпаратты;

  • республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражаттарының пайдаланылуы туралы ақпаратты;

  • ақпарат иеленушінің нысаналы және өзге де бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы туралы ақпараттық хабарларды;

  • мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органы, ведомстволық бағынысты ұйымдар өз құзыреті шегінде жүргізген тексерулер нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік органда, оның аумақтық органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органында, ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы ақпараттық хабарларды;

  • атқарылған жұмыс туралы есептер мен баяндамаларды;

  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау қорытындыларын;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық бағалау нәтижелерін;

  • ақпарат иеленуші қабылдаған және қол қойылған телнұсқаларға толық сәйкестікте қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;

  • ақпарат иеленуші әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларының мәтіндерін, сондай-ақ түсіндірме жазбаларды, салыстырма кестелерді, ғылыми сараптамалардың қорытындыларын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын;

  • сондай-ақ басқа да материалдар.

ОК бойынша Қазақстанның міндеттерін орындау үшін 2008 жылы Орхус орталығының веб –порталы құрылды www.aarhus.kz.  

Қазіргі уақытты Ұлттық Орхус орталығының сайтында www.aarhus.kz және www.ecogosfond.kz сайтында экологиялық ақпарат реестрі орналастырылған.

ҚР ЭМ 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорындағы экологиялық ақпараттың көлемін жыл сайын (Орхус орталығының қызметі аясында) 6%-ға өсіру жоспарланған.

4-тармаққа қатысты:

Қоршаған ортаның жағдайы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама 2011-2015 жылдарға әзірленіп ҚР ЭМ ресми сайтында және www.ecodoklad.kz веб-сайтында орналастырылды.

Қазіргі уақытта Ұлттық баяндама 2012-2015 жылдарға дайындалу үстінде. 2016 жылдың желтоқсан айында ҚР ЭМ ресми сайтында және www.ecodoklad.kz веб-сайтында орналастырылатын болады.

8-тармаққа қатысты:

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеу «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 301) Заңына сәйкес жүргізіледі. Осы Заңның 1-бабында таңбалау, экологиялық таза тамақ өнімдері, экологиялық таза тамақ өнімдерінің белгісі ұғымдары анықталды. Заңның 4-баптың 2-тармағы 4)-тармақшасына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы негізінде жүзеге асырылады. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес құжаттарда, жадынамаларда (қосалқы парақтарда), этикеткаларда, контрэтикеткаларда, кольераткаларда, құлақшаларда, жапсырмаларда (стикерлерде) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген ақпараттан басқа, тамақ өнімдерінің түрлері ескеріле отырып құрамы туралы, соның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің (ГТО) болуы және олардың саны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде мәліметтер көрсетілуге тиіс.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа қол жеткізу шектелуге жатпайды.

ЭК 282 – бабына сәйкес табиғат пайдаланушылар тұтынушыларды ГТО –ден алынған өнімдер мен жемдер туралы таңбалау арқылы ақпараттандыруы тиіс. ЭК өнімдерде ГТО мөлшерінің деңгейін белгілемейді (процент бойынша) және ГТО-ден тұратын немесе алынған өнімдердің барлығын таңбалауға міндеттейді.



9-тармаққа қатысты:

ЭК 161-бабының 4-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi (ЛШТТ) мен басқа да экологиялық ақпараттер тіркелімдері кіреді;

2016 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Мұнда Мемлекеттік ЛШТТ қарастырылған.

Осы Заңның негізінде 2016 жылдың 10 маусымында ҚР Энергетика министрінің № 241 бұйрығымен Мемлекеттік ЛШТТ жүргізу қағидаларын бекітілді.







XII. 5-бапты жүзеге асыру кезінде кездесетін кедергілер

5-баптың кез-келген тармақтарының қағидаларын жүзеге асыру кезінде кездесетін кез-келген кедергілерді көрсетіңіздер


Жауап: ҚР ЭМ қазіргі уақытта ОК ЛШТТ туралы хаттамаға қол қою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы Хаттамаға Қазақстанның қосылуы кейбір бизнес өкілдері арасында түсініспеушіліктер туғызады, атап айтқанда қосымша өндірістік мониторинг бойынша қауіптенеді. ЛШТТ хаттамасына қол қоюды келісу барысында бизнес ассоцияциялар субъектілерінен (Казэнерджи, ЕПА, КАПУР) кері қорытындылар берілді.





XIII. 5-баптың қағидаларын тәжрибеде жүзеге асыру бойынша қосымша ақпарат
Экологиялық ақпаратты жинау және таратуға қатысты 5-баптың қағидаларын тәжрибеде пайдалану туралы, мысалы жарияланатын ақпарат туралы қандай да бір статистикалық деректер туралы қосымша ақпарат ұсыныңыздар

Ответ: Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорында келесі реестрлер сүйемелденеді:

ҚР ҚОҚМ ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептердің реестрі;

Халықаралық Конвенциялар бойынша Ұлттық Баяндамалардың реестрі;

ҚОӘБ және Мемлекеттік экологиялық сараптама материалдырының реестрі;

Өндірістік экологиялық бақылау және мониторинг есептерінің реестрі;

ҚОҚМ аумақтық басқармаларының бақылау және құқық қолдану қызметі туралы есептерінің реестрі;

ҚР қоршаған орта жағдайы туралы ақпарттық бюлетеньдер реестрі;

Семинарлар реестрі;

Электронды тасығыштағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы материалдардың реестрі;

«ҚОҚ АТО» РМК жұмыстарының реестрі;

ҚОҚМ Орман және аң аулау шаруашылығы комитетінің (ОАШК) ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептердің есептерінің реестрі;

ҚОҚМ ОАШК аумақтық басқармаларының бақылау және құқық қолдану қызметі туралы есептерінің реестрі;

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкерілігі бойынша конкурс қатысушыларының өтінімдерінің реестрі;

ЛШТТ нысандарының реестрі;

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының кітапханасының тіркеу кітапханасы;

Халықаралық жобалар реестрі;

«Қазгидромет» РМК баспаларының реестрі;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша есептер реестрі.


ҚР Табиғи ресурстарының мемлекеттік реестрлері жүргізіледі, атап айтқанда Орман кадастры, Балық кадастры, Жануарлар дүниесі кадастры және Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың кадастры.

ЭК 5-бөлім «Экологиялық мониторинг пен кадастрлар» қосылды, үш томдық ҚР Ұлттық Атласы 2016 жылдың 8 сәуірдегі № 291 Заңымен Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама туралы 166-1 бап қосылды, ол жыл сайын жарияланатын болады. 2015 жылы 2012-2014 жылдар кезеңіне Ұлттық баяндама жарияланды.







XIV. 5-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайлары
Сәйкес вебсайттардың мекенжайларын егер бар болған жағдайда көрсетіңіздер:

www.akorda.kz, www.parlam.kz, www.prokuror.gov.kz, www.government.kz, www.mvd.gov.kz, www.edu.gov.kz, www.minagri.gov.kz, www.emer.gov.kz, www.egov.kz, www.iacoos.kz, www.aarhus.kz, www.carecnet.org, www.ecokadastr.kz, www.ecoinfo.kz, www.energo.gov.kz, www.ecogosfond.kz, www.ecodoklad.kz





Iv. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет