IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама


IV. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер



бет2/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

IV. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер
3-баптың жоғарыда аталған қағидаларын жүзеге асыру кезінде пайда болған кез келген кедергілерді көрсетіңіздер




Жауап:

1. «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңның 7-бабына сәйкес өз қызметі аясында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бірлестіктер болып бөлінеді. Тәжрибеде аумақтық бөліну нақты қоғамдық бірлестіктің экологиялық құқықтарының көлемін шектемейді.

2. Орхус орталықтарының тұрақты даму мехенизмі қалыптастырылмаған.






V. 3-баптың жалпы қағидаларын тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат

3-баптың жалпы қағидаларын тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат беріңіздер




Жауап: ОК жүзеге асырудың негізгі приоритетті бағыттары:

-мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу;

-ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

-«Экологиялық ақпарт беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметті қамтамасыз ету;

- Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу;

- шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы;

- қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу;

- Орхус орталықтарын дамыту.

2009 жылы Мемлекеттік экологиялық ақпарт қоры құрылды, оның негізгі қызметі көрсетілетін мемлекеттік қызмет арқылы экологиялық ақпаратты өтініштер бойынша ұсыну болып табылады.

Қазақстанда 14 Аймақтық Орхус орталықтары бар, олар Астана, Алматы, Көкшетау, Щучинск қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында.

2015 жылдың 16 қарашасында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң қабылданды, әр адамның заңмен рұқсат етілген кез келген ақпаратты алу және тарату бойынша конституциялық құқығын жүзеге асыру нәтижесінде пайда полатын қарым қатынастарды реттейді.

Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін (5-бап).

Жоғарыда аталған Заңның 6-бабына сәйкес мынадай:

1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;

2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;

3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы;

4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;

5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;

6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшері туралы;

8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтінін, сондай-ақ олардың жобаларын қамтитын;

9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы мен олардың жұмсалуы туралы;

10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы;

11) ақпарат иеленушілердің, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын ақпаратты қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі ақпаратқа қол жеткізу шектелуге жатпайды.

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 8-бабына сәйкес шығарындылары, ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қалдықтарды орналастыру туралы нақты кәсіпорынның статистикалық деректері жұртшылыққа берілмейді. Бірақ Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі туралы ЭК енгізілген жаңа норма (160-бап) 1-санаттағы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға жыл сайынғы нақты эмиссиялардың ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап келесі ақпаратқа қол жеткізуге болады:

1) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпарат;

2) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелері;

3) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасы;

4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасы.
2. Шығарындылардың (төгінділердің) болашақ масштабын бағалау үшін, қоршаған ортаның жағдайы, не оның ластануы туралы болып табылмайтын ақпаратты пайдалану керек. Осы мәліметтерге қондырғының қуаты, шикізат қоры, жұмыс кезегі, табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру және т.б. жатады. Бұл мәліметтер Азаматтық кодекстің (АК) 126-бабына сәйкес коммерциялық құпияға жатқызылуы мүмкін. Сонымен қатар, жобалық құжаттардың бөлігі, қоршаған ортаға әсерді бағалауды (бұдан әрі-ҚОӘБ)қоса алғанда авторлық немесе патенттік құқық болуы мүмкін және АК 964-бабымен, Ақпараттандыру туралы заңның 20-22 баптарымен реттеледі.

Дегенмен, 2016 жылы Экологиялық кодекске өзгертулер енгізілген және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ҚОӘБ материалдары қосылды, олар жиналып барлық тілек білдірушілерге ұсынылатын болады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның жаңа редакциясына сәйкес жер қойнауын пайдалануға беру құқығын ұсынуға конкурс шарттары үшін ғана ашықтық қарастырылған, контракт шарттары, табиғат қорғау бөлімін қоса алғандағы ақпарат жабық болып табылады.

Сонымен қатар, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңында геологиялық ақпарат келесі жағдайларда ақысыз түрде ұсынылады:

1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) ұлттық компаниялар немесе оның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі болып табылатын еншілес ұйымның қаржысынан қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер үшін ғылыми мақсаттарға;

2) білім беру мақсаттарына – мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жеке білім беру орындарына.



3-тараққа қатысты:

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында қайта Даярлау және біліктілікті арттыру орталығы келесі курстар бойынша ҮЕҰжәне БАҚ өкілдеріне, білім беру орындарының оқытушыларына білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз етеді:

-Экологиялық кодекс. Құқық қолдану;

- Экологиялық аудит;

- Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқару;

- Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу;

- Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік бақылау;

- Табиғат пайдалану саласында экологиялық нормалау және жобалау;

- Радиациялық және химиялық қауіпсіздік.

Курстарды өткізу жөніндегі ақпарат ҚР ЭМ, ҚОҚ АТО, Қайта даярлау және білікттілікті арттыру орталығының веб-сайттарында, «Қазақстан Экологиясы» газетінде жарияланады. Жыл сайын курстарда ҮЕҰ, БАҚ, ЖОО мен колледждердің ұстаздарының 90 өкілі тегін оқытылады.




VI. 3-бапты жүзеге асыруға қатысы бар веб-сайттрадың мекен-жайлары

Сәйкес веб-сайттрадың мекен-жайларын, егер ондай бар болған жағдайда көрсетіңіздер

adilet.gov.kz, www.e.gov.kz, energo.gov.kz, www.carecnet.org, www.aarhus.kz, www.ecogosfond.kz, www.iacoos.kz, www.ecoinfo.kz, www.zakon.kz.




VII. Экологиялық ақпаратқа қол жетімділікке қатысты, 4-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық, нормативтік және басқа да іс-шаралар

Экологиялық ақпаратқа қол жетімділікке қатысты, 4-баптың қағидаларын жүзеге асыру бойынша құқықтық, нормативтік және басқа да іс-шараларды атап өтіңіздер.

4-баптың әр қағидаларының қалай жүзеге асырылатындығын түсіндіріңіздер. Кемсітушілік жасамау туралы талап бар 2-баптағы және 3-баптың 9-тармағындағы сәйкес анықтамалар ұлттық заңнамаларға қалай тасымалданатындығын көрсетіңіздер. Сонымен катар сипаттаңыздар, оның ішінде:

а) 1-тармаққа қатысты- төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын іс-шаралар:

і) өз мүдделігін тұжырымдауды қажет етпестен әр адамның ақпаратқа қолы жетімді;

іі) сұралған ақпарат бар немесе қосылған нақты құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

ііі) ақпарат сұралған нұсқада берілді;

b) 2-тармақта қарастырылған мерзімдер сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылған іс-шаралар:

с) 3-ші және 4-тармақтарға қатысты қолданылған іс-шаралар:

і) өтініштер бойынша ақпаратты беру туралы талаптардан ерекшеліктерді қарастыру үшін;

іі) 4-тармақтың соңында аталған жұртшылықтың қызығушылық критерийлерін қолдануды қамтамасыз ету үшін;

d) 5-тармаққа қатысты - мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайларда, қажетті жұмыс жүргізу бойынша қолданған іс-шаралар;

е) 6-тармаққа қатысты - басқа ақпараттан бөлiп алуға және ақпаратты беруге қатысты талаптарды орындауды қамтамасыз ету үшін қолданған іс-шаралар;

f) 7-тармаққа қатысты - ақпарат беруден бас тарту бекітілген уақытта берілгендігін және осындай бас тартуларға қатысты басқа талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылған іс-шаралар;

g) 8-тармаққа қатысты – төлемақы алуға қатысты талаптарды орындауды қамтамасыз ету үшін қолданылған іс-шаралар.



Жауап: ЭК (159-167 баптар 21 тарау), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылдың 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты экологиялық ақпаратқа қол жетімділікті реттейтін негізгі құжаттар болып табылады.

ЭК 164-баптың 4-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар, егер оны басқа нысанда беруге негiз болмаса, сұрау салу нысанында экологиялық ақпарат алуға құқылы.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес жұртшылық ақпарат алу қажеттілігін түсіндірмеуіне болады.

«Ақпараттандыру туралы» Заңның 27-бабына сәйкес электрондық көрсетілетін қызмет мемлекеттік органдар өз еріктерімен немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

ҚОӘБ рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бар (ҚР ҚОҚМ 2007 жылдың 25 шілдедегі № 238-п бұйрығы).

Қазақстан заңнамаларында мемлекеттік органдардың тарапынан ақпаратты беруге қатысты өз мүддесін түсіндіруге қатысты қандай да бір талаптар қарастырылмаған.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу тең құқылы болуы үшін ҚОҚМ 2013 жылы «Экологиялық ақпарт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметің бастамашысы болды.

2014 жылдың шілде айынан бастап экологиялық ақпаратты қордан беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылады, ол азаматтардың барлық санаттарына және заңды тұлғаларға тегін жүзеге асырылады. Өткен мерзімде алтыжүзден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді және оның аясында тұрғындарға мыңнан астам ақпарат берілді.



2-тармаққа қатысты:

Экологогиялық ақпаратқа жұртшылықтың сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдардың қарастыру процедурасы мен мерзімі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңмен реттеледі «Жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иеленушіге сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі» (11-бап).

Жазбаша сұрау салуға жауап өтініш жасалған тілде ақпарат пайдаланушының таңдауы бойынша қағаз және (немесе) электрондық нысандарда беріледі.

Егер жазбаша сұрау салуға жауап көшірме жасауды немесе басып шығаруды көздейтін болса, онда ақпарат пайдаланушы ақпарат иеленушінің көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсаған нақты шығындарын өтеуге міндетті.

Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға арналған тарифтер және оларды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында міндетті түрде жариялануға және ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.

Халықтың әлеуметтік осал топтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босатылады.

Мемлекеттік құрылымдарға сұрау салу «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Осы заңның 8-бабына сәйкес өтініштерді қарастырудың келесі мерзімдері қарастырылған:

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес «Уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам өтiнiштердi қарау нәтижелерi туралы арыз берушiлерге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңының 15-бабы 4-тармағына сәйкес жазбаша немесе электронды құжат түрінде ұсынылады.

3-4-тармақтарға қатысты:

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 11-бабының 16-тармағына сәйкес ақпаратқа қол жеткізуден:

1) егер сұрау салу мазмұны сұратылатын ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;

2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмесе;

3) егер сұратылатын ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылса;

4) егер сұрау салуда ақпарат иеленуші қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, ақпарат иеленушінің не оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау жүргізу немесе өзге де талдамалық жұмысты жүргізу аяқталғанға дейін ол туралы мәселе қойылса;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулер нәтижелері бойынша шешімдер қабылданғанға дейін;

6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат-хабар алмасу негізінде немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер негізінде тұжырымдалатын түпкілікті шешімдер қабылданғанға дейін;

7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 5-бабына сәйкес мәселенiң мәнi баяндалмаған иесi бүркемеленген өтiнiш қарауға жатпайды.

Қол жетімділік шектеулі болатын экологиялық ақпаратты беруден бас тарту ҚР келесі құқықтық актілерге негізделген: Азаматтық кодекс (коммерциялық құпия және интелектуалдық меншік құқығын қорғау), Қылмыстық-процестік кодекс (жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң құпиялылығы), «Ақпараттандыру туралы» Заң (жеке өмірдің құпиялылығы), «Мемлекеттік статистика туралы» (2010 жылдың 19 наурызындағы № 257-IV) (респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін).



5-тармаққа қатысты:

ЭК 165-бабының 4-тармағына сәйкес Сұратылған экологиялық ақпарат мемлекеттiк органда болмаған жағдайларда алынған сауал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде құзыреттi мемлекеттiк органға жiберiледi.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге де ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға хабар беріледі.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады. Осы тармақтың талабы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.



6-тармаққа қатысты:

Бұл норма тәжрибеде қолданылмайды. ЭК 163-бабына «Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу» толықтырулар енгізу қажет.



7-тармаққа қатысты:

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес жазбаша сұрау салу бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрау салу тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушының назарына жеткізіледі.



8-тармаққа қатысты:

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 11-бабына сәйкес егер жазбаша сұрау салуға жауап көшірме жасауды немесе басып шығаруды көздейтін болса, онда ақпарат пайдаланушы ақпарат иеленушінің көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсаған нақты шығындарын өтеуге міндетті.

Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға арналған тарифтер және оларды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында міндетті түрде жариялануға және ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.

Халықтың әлеуметтік осал топтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босатылады, оның ішінде:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;

2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

3) 1 және 2-топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасы бойынша зейнеткерлер;

7) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақыру кезінде жасы жедел әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады);

8) оралмандар;

9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) көп балалы отбасылар;

11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

12) толық емес отбасы.

Қазіргі уақытта Интернетте қолжетімділік қамтамасыз етілді:


  • Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;

  • Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының реестрлеріне;

  • «ЭкоИнфоПраво» Нормативтік-құқықтық актілерге.

Аталған нормативтік-құқықтық актілердің анализі ҚР қолданысындағы заңнамалары ОК 4-бабына сә»кес келетіндігін көрсетіп отыр.

ОК қағидалары мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңын салыстырғанда, осы заңның 8-бабында екіжақтылық бар екендігі байқалады, ол ОК 4-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейді.

ҚР АПК азаматтардың және заңды тұлғалардың (ҮЕҰ) лауазымды адамдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне мерзімдерді белгілеуге қатысты шағым жасау бойынша норма енгізілмеген.

ҚР АПК 8-бабына сәйкес әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Егер заңға қайшы келсе немесе кімнің де болсын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

ОК мәселелері бойынша заң жобасымен «Әкімшілік процедуралар» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (8-бап) Заңды ОК нормаларымен толық сәйкестікке келтіріледі.

2014 жылдың шілде айынан бастап экологиялық ақпаратты қордан беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылады, ол азаматтардың барлық санаттарына және заңды тұлғаларға тегін жүзеге асырылады. Өткен мерзімде алтыжүзден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді және оның аясында тұрғындарға мыңнан астам ақпарат берілді.




VIII. 4-бапты жүзеге асыру кезінде пайда болған кедергілер
4-бапты жүзеге асыру кезінде пайда болған кез келген кедергілерді көрсетіңіздер

Жауап:

«Қазгидромет» РМК біріктірілген түрде қоршаған орта туралы ақпаратттық бюлетендерді шығарады және ЭМ сайтында орналастырады.






IX. 4-бапты тәжрибеде жүзеге асыру туралы қосымша ақпарат

Ақпаратқа қол жетімділікке қатысты 4 – баптың тәжрибеде қолданылуы жөнінде қосымша ақпарат беріңіздер, мысалы сұрау салу, бас тарту және осы бас тартулардың негіздері бойынша қандай да бір статистикалық деректердің бар болуы туралы.


Жауап: ҚОҚ АТО құрамында жұмыс істейтін Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорынан экологиялық ақпарат алуға болады (ҚР ҚОҚМ 2009 жылдың 13 қазанындағы № 243-ө бұйрығы). www.ecogosfond.kz және www.aarhus.kz сайттарында Экологиялық ақпарат реестрі мен ақпарат алуға өтінім нұсқасы, байланыс телефондары және жауапты адамдардың тегі орналастырылған.

«ЭкоИнфоПраво» қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың деректер қоры сүйемелденеді, ол www.ecoinfo.kz сайтында орналастырылған.

ҚР ЭМ веб-сайтында Министрінің болгы орналастырылған, онда Министрге сұрақ қойып жауап алуға болады.

ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті азаматтардың өтініштерін есепке алуды жүргізеді, www.pravstat.prokuror.kz сайтында әр түрлі министрліктердің және ведомстволардың құқықтық статистикасы ұсынылады.





Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет