IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама



бет1/7
Дата17.07.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


22.11.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.19.2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



№ исх: 25-06-5938/И от: 16.11.2016

IV/4 шешімге сәйкес Орхус конвенциясын орындау туралы баяндама (ECE/MP.PP/2011/2/Add.1)
Төмендегі баяндама Қазақстан Республикасының атынан ұсынылады

[Тараптың немесе сигнатария атауы] I/8, II/10 және IV/4 шешімдеріне сәйкес

Ұлттық баяндаманы ұсынуға жауапты қызметкердің аты-жөні: Ташкенбаева Сәуле Қанатқызы

Қолы:
Күні:
2014-2016 жылдар аралығында орындау туралы баяндама

Баяндама бойынша бастапқы деректерді ұсынуға өтініш


Тарап: Қазақстан Республикасы (ҚР)

Ұлттық үйлестіруші орталық: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі -ЭМ)

Мекеменің толық атауы: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Қызметкердің аты-жөні және лауазымы: Ташкенбаева Сәуле Қанатқызы

Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің директоры

Пошталық мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрліктер Үйі, Орынбор к. 8, 14 кіреберіс

Телефон: + 7 (7172) 740065

Факс: + 7 (7172)

Электрондық пошта мекенжайы: s.tashkenbaeva@energo.gov.kz



Ұлттық баяндамаға сәйкес байланыс жасау үшін қызметкер (басқа адам болған жағдайда):

Мекеменің толық атауы: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Қызметкердің аты-жөні және лауазымы: Мельник Ольга, Балабаева Алтын

Пошталық мекенжай: 010000, Астана қ., сол жағалау, Орынбор к. 11/1

Телефон: +7 (7172) 799645

Факс: + 7 (7172)

Электрондық пошта мекенжайы: melnik.29@mail.ru, altyn_aisa@mail.ru



I. Баяндаманы дайындау процессі

Баяндаманы дайындау барысында, кеңестер қай мемлекеттік органдардан алынғандығы н немесе оны дайындауға қай мемлекеттік органдар үлесін қосқандығын және жұртшылықпен кеңес қалай жүргізілгендігі, сондай-ақ осы кеңестердің нәтижелері қалай ескерілді және Баяндаманы дайындау үшін негізге қандай материалдар қолданылғандағы жөнінде қысқаша ақпарат беріңіздер.




Жауап: Осы Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының (бұдан әрі -ҚР) бұрынғы Ұлттық баяндамаларының, табиғат қорғау заңнамаларын, бағдарламалық құжаттарды, жоспарларды, концепцияларды, ресми Баяндамаларды және конференциялардағы, семинарлардағы, тренингтердегі, форумдардағы және қоғамдық тыңдаулардағы сөз сөйлеуледі, талдау негізінде әзірленді.

Баяндаманы дайындау кезінде Жоғары Соттың Орхус конвенциясын (бұдан әрі – ОК) жүзеге асыру бойынша экологиялық заңнамаларды қолдануға байланысты дауларды шешу бойынша сот тәжрибесінің материалдары: ОК бойынша Қазақстанның өз міндеттерін сақтау туралы V/9i шешімін орындау бойынша ҚР Баяндамалары: мемлекеттік органдардың, Ұлттық Орхус орталығының, «Зеленое спасение» ЭБ және басқа үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ) веб-сайттары пайдаланылды.

Ұлттық баяндаманың жобасы электрондық пошта желісі арқылы 2016 жылдың 5 маусымында ҮЕҰ таратылды, сондай-ақ ҚР ЭМ, Орхус орталығының веб-сайттарына жұртшылықпен талқылау үшін орналыстырылды.

2016 жылдың 15 шілдесінде «Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыру» атты дөңгелек үстелде талқылауға ұсынылды.







II. Баяндаманы түсіну үшіну маңызы бар, ерекше жағдайлар
Баяндаманы түсіну үшін маңызы бар кез келген ерекше жағдайлар туралы хабарлаңыздар, мысалы, шешімдер қабылдау үшін қандайда бір федералдық және/немесе орталықтандырылмаған құрылым бар ма, Конвенцияның қағидалары оның күшіне енгеннен кейін тікелей әрекеті бар ма және қаржылық қиындықтар конвенцияны жүзеге асыру үшін айтарлықтай кедергі ма (факультативті).




Жауап: ҚР қолданыстағы құқығы Конституция нормалары мен оған сәйкес заңдары, басқа да нормативті құқықтық актілер, халықаралық шарттар мен басқа да міндеттемелер, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғары соттың нормативті қаулылары болып табылады.

Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.

Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Ақпарат алу құқығы ҚР конституциялық құқығы болып табылады (ҚР Конституциясының 18 бабының 3 бөлімі).

Орхус конвенциясын жүзеге асыру бойынша уәкілетті орган ҚР ЭМ мен «Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы».

Қоршаған ортаны қорғау1, табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану2, санитарлық-эпидемиологиялық3 және радиациялық4 салауаттылық, архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі5 саласында жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да заңды тұлғалардың құқықтары бойынша қағидалары бар Қазақстан заңдарының сараптамасы, келесі категориялар бойынша процедуралық экологиялық құқықтарды жүргізуге мүмкіндік береді:



  • мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша хаттар, шағымдар, арыздар, сұрау салулар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге 6;

  • мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға құқығы7;

  • қоршаған ортаға потенциалды әсері бар нысандарды салу және қайта жаңғырту жобалары бойынша мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдауға қатысу құқығы;

  • экологиялық қауіп туғызатын кәсіпорындарды, ғимараттарды және басқа нысандарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және іске қосу туралы шешімдерді әкімшілік немесе сот тәртібінде күшін жоюды талап талап ету құқығы8;

  • қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсер ететін шаруашылық және басқа қызметті шектеуді немесе тоқтатуды әкімшілік9 немесе сот тәртібінде күшін жоюды талап талап ету құқығы;

  • экологиялық заңнаманың бұзылуы нәтижесінде денсаулыққа және мүлікке келтірілген зардапты қалпына келтіру құқығы;

  • қоршаған ортаны қорғаумен байланысты, мемлекеттік органдардың жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау процессінде, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын талқылауға қатысу құқығы;

  • қоғамдық бақылау жүргізуге және жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелерді қою құқығы;

  • қоғамдық сараптама жүргізу туралы ұсыныс беру, бастама көтеру, ұйымдастыру және қатысу құқығы;

  • қоршаған ортаны қорғау және экологиялық құқықтарды қорғау бойынша қызметтерді жүзеге асыру мақсатында бірлесуге, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер, қорларды құру құқығы;

  • ҚР заңнамаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, шерулерге және демонстрациялар мен митингтерге қатысу құқығы10;

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге;





1 Экологиялық кодекстің 13 және 14 баптары, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңның 12 және 13 баптары;

3Су кодексінің 62 және 63 баптары, Орман кодексінің 66 бабы;

4Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Заңның 19-21 баптары;

5 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 13 бабы;

6Экологиялық кодекстің 13-бабының 1-тармағы 6) тармақшасы;

7Экологиялық кодекстің 13-бабының 1-тармағы 7)тармақшасы және 14-баптың 1-тармағы 7)тармақшасы;

8Экологиялық кодекстің 14-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасы.


ОК жүзеге асыру үшін қаржылық мәселелер кедергі емес.

Аймақтық Орхус орталықтарын қаржыландыру 2014 жылы жүзеге асырылды.

2015 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» заң қабылданды Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.



III. 3-баптың 2, 3, 4, 7 және 8 тармақтарының қағидаларын жүзеге асыру бойынша заңнамалық, нормативтік және басқа да шаралар





3-баптың 2, 3, 4, 7 және 8 тармақтарының қағидаларын жүзеге асыру бойынша заңнамалық, нормативтік және басқа да шараларды атап көрсетіңіздер

Осы тармақтардың қағидалары қалай жүзеге асырылатындығын түсіндіріңіздер. Оның ішінде сипаттаңыздар:

а) 2-тармаққа қатысты-лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдардың көмек көрсетуiн және бағдар беруiн қамтамасыз етуге іс-шаралар қолдану;

b) 3-тармаққа қатысты- экологиялық ағартуға және қоршаған орта туралы, ақпарат алуға, қатысты жұртшылықтың хабардарлық деңгейiн арттыру бойынша іс-шаралар қолдануға;

с) 4-тармаққа қатысты- қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесушi бiрлестiктердiң, ұйымдардың немесе топтардың тиiсiнше танылуын қамтамасыз етедi және оларға тиiстi қолдау көрсету бойынша іс-шаралар;

d) 7-тармаққа қатысты- халықаралық ұйымдар шеңберiнде Конвенцияның принциптерi қолданылуына жәрдемдесу бойынша, қоса алғандағы іс-шаралар:

і) Министрлік іштерінде және ведомствоаралық деңгейде 3-баптың 7-тармағының және Алматы нұсқаулығының жағдайлары туралы басқа сәйкес халықаралық форумдарға қатысатын лауазымды адамдарды ақпараттандыру процессін үйлестіру үшін қолданған іс-шаралар:

іі) халықаралық форумдарға қатысты ақпаратқа ұлттық деңгейде ақпаратқа қол жеткізуге, осындай қол жетімділік қамтамасыз етілген кезеңдерді қоса алғандағы қолданған іс-шаралар;

ііі) халықаралық форумға байланысты ұлттық деңгейде жұртшылықтың қатысу мүмкіндігін қолдау және қамтамасыз ету үшін (мысалы, қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша халықаралық келіссөздерге Тарап делегациясының құрамында үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) мүшелерін шақыру, немесе осындай келіссөздерде Тараптың ресми позициясын дайындауға ҮЕҰ тарту), ақпаратқа қол жетімділік қамтамасыз етілген кезеңдерді қоса алғандағы қолданылған іс-шаралар;

iv) басқа халықаралық форумдардың процедураларында Конвенция принциптерін қолдану үшін қолданылған іс-шаралар;

v) Қонвенцияның принциптерін пайдалануды қолдау үшін, бағдарлама жұмыстары, жобаларда, шешімдерде және басқа халықаралық форумдардың қортынды құжаттарында қолданылған іс-шаралар;

е) 8-тармаққа қатысты- өз құқықтарын жүзеге асыратын адамдар өз қызметi үшiн жазаға, қуғындауға және кез келген нысанда қысымға ұшырамауын қамтамасыз етедiу бойынша іс-шаралар.

Жауап:

2-тармаққа қатысты:

Ақпаратқа қол жетімділікке қатысты

2016 жылдың 8 сәуірінде экологиялық ақпаратқа қол жетімділікке қатысты Экологиялық кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізілген:

1) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін құру (160-бап), оның негізгі мақсаты табиғат пайдаланушалардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

2) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорындағы ақпараттың құрамы кеңейтілді;

3) жыл сайын интернет-ресурста қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер туралы, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы, қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпарат орналастыру (163-бап);

4) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жыл сайын дайындау және басып шығару (166-1-бап);

5) Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы табиғат пайдаланушы оны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру (57-бап).

Экологиялық ақпарат «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңына және Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен бекітілген «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.



Шешімдер қабылдау процесінене қатысуды жеңілдетуге қатысты

2016 жылдың 8 сәуірінде ҚР Заңымен жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуға қатысты Экологиялық кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

1) жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы бойынша жаңа бап енгізілді (57-1):

қоғамдық тыңдаулар өткізу;

қоғамдық экологиялық сараптама өткізу;

қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу;

мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдарға ескертпелер мен ұсыныстар беру;

мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысу:

қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына;

2) қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша жаңа бап енгізілді;

3) жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін бекітілді;

4) қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары жаңа редакцияда бекітілді.



Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуге қатысты

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге қатысты Экологиялық кодекске (14-бап) толықтырулар енгізілді;

2) талапкерлер (арыз берушілер) – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделеріндегі талап қоюлар (арыздар) бойынша Салық кодексіне толықтырулар енгізілді (541-бап).

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК (АТО) ОК жүзеге асыру бойынша жұмыс органы болып анықталды (ҚР ҚОҚМ 2009 жылғы 20 наурыздағы № 35-ө бұйрығы). 2009 жылдан оның базасында Ұлттық Орхус орталығы жұмыс істейді.

Азаматтардың мемлекеттік ұйымдардан ақпарат алу туралы өтініштері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңында (2007 жылғы 12 қаңтардағы №221) жеткілікті нақты анықталған. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу ерекшеліктері ҚР Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – ЭК) 21-тарауында заңды түрде реттелген.

3-тармаққа қатысты:

Келесі іс-шаралар жүзеге асырылуда:



  • Экологиялық ақпаратты Орхус орталығының веб-порталында орналастыру: www.aarhus.kz, ecogosfond.kz, ecoinfo.kz;

  • Экологиялық мәселелерді ЭМ мен Жоғары Соттың баспасөз – қызметімен жарықтандыру;

  • Ұлттық Орхус Орталығын кеңестің-ақпараттық қызметі;

  • ҮЕҰ өкілдерін қоршаған ортаны қорғау саласында біліктілігін жоғарлату курстарында оқыту;

  • «Қазақстан Экологиясы» мамандандырылған газетін шығару;

ЭК 181-184 – баптарында экологиялық білім беру мен ағартудың мақсаттары мен негізгі міндеттері, ұйымдастыру негіздері, мемлекеттік қолдау механизмдері қарастырылған, оның ішінде:

Мемлекеттік қолдау шараларының құрамына:



  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберiнде бiлiм беру ұйымдарында экологиялық бiлiм берудi (экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмыстар мен iс-шараларды) қаржыландыруды;

  • мемлекеттiк органдардың мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға белсене қатысуын;

  • экологиялық бiлiм беру мен ағарту саласындағы қызметтi жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс берудi;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберiнде экологиялық бiлiм беру мен ағарту, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды қамтамасыз етудi қамтиды.

  • Экологиялық білім берудің жаппай міндеттілік пен үздіксіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық және экологиялық бағыт «Білім беру туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңдармен және Үкімет қаулылары мен бекітілген.

«ҚОҚ АТО» РМК базасында Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы құрылған, Орталық Азияда Аймақтық экологиялық орталықтың Тұрақты даму үшін білім беру бойынша субаймақтық жүйесі бар, ҮЕҰ Экофорумының, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының бедвочерлер клубтарының желілірінің жұмысының аясында экологиялық білім беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
4-тармаққа қатысты:

ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» (1996 жылғы 31 мамырдағы N 3), «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» (2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142) Заңдарымен, ҚР Азаматтық кодекстің 34-бабымен реттеледі.


ЭК 14-бабында қоғамдық бірлестіктердің құқықтары бекітілген:

1) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға;

1-1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiне қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға;

4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткiзуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;

6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасауға, олар үшiн шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;

9) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға;

10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;

11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;

12) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiм шығаруды талап етуге;

13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.

Қоғамдық экологиялық бірлестіктердің отырыстары жүргізіледі (ҚР ҚОҚМ 2004 жылдың 9 қаңтарындағы №2-п): 2016 жылдың 20 қаңтардағы отырыста Калачи мен Березовка кенттерінің экологиялық мәселелері талқыланды.

Әр екі жыл сайын Азаматтық форум өткізіледі. 2013 жылы өткен Азаматтық форумда «Қақақстан – 2050» Стратегиясы аясында Қазақстанның даму мәселелері бойынша так қазақстандық ҮЕҰ ғана емес сондай-ақ халықаралық ҮЕҰ , шетелдік гранд берушілермен ашық диалог өтті.

ҚР Үкіметі қоғамдық бірлестіктерді қолдайды. Салық кодексінің 134-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, салық салуға жатпайды. ҮЕҰ қолдауға бағытталған ҚР Үкіметінің бірнеше Қаулылары қабылданды:



  • Халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік бағыттар бойынша қайырымдылық мақсатта алып келінентін тауарларға слақтан босататын «ҚР Импортталған тауарлардың құнына жанамасалықтардан босату қағидалары», ол қоғамдық сектордың қызметіне оң әсер еткен;

  • «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы».

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның 23-бабының 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен қарастырылған мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінішті қамтамасыз ету енгізілмейді.

2005 жылы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң қабылданды, онда ҮЕҰ жобаларын мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді қаржыландыру мәселелері шешілді.



7 –тармаққа қатысты:

ҚР 25 табиғат қорғау конвенциялары мен бірнеше халықаралық келісімдердің қатысушысы болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi ҚР ЭК 192-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ өкілдері халықаралық форумдар мен конференцияларда белсенді қатысады, Халықаралық міндеттерді орындау туралы ұлттық баяндамалар ұсынылады, халықаралық келісім шарттар бойынша міндеттерді орындауды бағалау жүргізіледі және тағы басқа. Орталық Азияда Тұрақты даму бойынша мемлекет аралық комиссияның (ОА ТДМК) құрамындағы Қоғамдық Кеңес, ОА Жастар желісі ТДМК отырысына ұсынылатын құжаттарды дайындау және талқылауға қатысады. Сонымен қатар, Эспо конвенциясын жүзеге асыру аясында трансшегаралық ҚОӘБ бойынша жұртшылықтың қатысуымен Қазақстан мен Қырғызстан арасында трансшегаралық кеңестер тәжрибесі бар.

Халықаралық форумдарды өткізу туралы ақпарат ҚР ЭМ, Орхус орталығының және «Қоршаған орта Еуропа үшін»8-Конференциясының веб-сайттарында орналастырылады, жаңалықтар электрондық мекенжай арқылы, БАҚ ақпараттық құлақтандыру арқылы таратылады.

ҮЕҰ өкілдері «Қоршаған орта Еуропа үшін» 8-ші Министрлер конференциясына белсенді қатысты (2016 ж.8-10 маусым, Батуми қ., Грузия).

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес Субъектiлердiң және лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi:

1) осы Заңда белгiленген тәртiппен әрi мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;

2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

3) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешiмдер туралы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында хабарлауға;

5) жеке тұлғаларды, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүддесiн танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерiн субъектiлерге және лауазымды тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруiне байланысты қудалаудың жолын кесуге.

Конвенцияға сәйкес өз құқықтарын жүзеге асырып жатқан жұртшылық өкілдерін қудалау жағдайлары тіркелмеген.








Iv. 3-бапты жүзеге асырудағы кедергілер
Х. 4-бапты жүзеге асыруға қатысы бар вебсайттардың мекенжайларын көрсетіңіздер

: fileadmin -> DAM -> env
env -> Разработка Национального рвпз осуществляется в целях: Разработка Национального рвпз осуществляется в целях
env -> Организация объединенных наций e
env -> На конференции Министров «Окружающая среды для Европы», состоявшейся в Киеве в мае 2003 г., были одобрены «Руководящие принципы по подготовке государственных докладов о состоянии и охране окружающей среды»
env -> Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы


  1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет