Ыстық сумен қамту жүйелері



жүктеу 34.2 Kb.
Дата19.06.2017
өлшемі34.2 Kb.
 ЫСТЫҚ СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ

 

1.  Ыстық сумен қамту жүйелерінің жіктелуі. Салқын суды керекті температураға дейін жылытуға және оны тұтынушыларға беруге арналған құбырлар мен құрылымдарды ыстық сумен жабдықтау жүйесі деп атайды.



  Ыстық сумен қамту жүйелері қимыл жасау радиусы және аймағы бойынша жергілікті және орталықтандырылған жүйелерге бөлінеді. Жергілікті жүйелерді орталықтандырылған жылумен қамту жүйелері болмаған кезде қарастырылады. Жергілікті жүелерде суды тұтынушылардың жанында жылытады, сондықтан оларды бір немесе бірнеше кішігірім ғимараттарға орнатады. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелеріне суды газбен , электрмен және күн сәулесімен жылытатын су жылытқыштар жатады.

  Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелерін (ОЫСҚЖ)қуатты жылу көздері бар елді мекндерде орнатады. ОЫСҚЖ-і жылу көздеріне байланысты ашық немесе жабық жылу электр орталықтарының (ТЭЦ)жылу тораптарын және пар құбырларын пайдалануы мүмкін. Жылу тораптарында жылутасымалдағыш ретінде қайнатылған суды қолданса , ал пар құбырларында парды қолданады. Жылу тораптарының ашық жүйелерін қолданған кезде, жылу электр орталығынан берілетін өте қайнатылған ыстық суды ғимараттарды жылытуға және ыстық суды алуға пайдаланады. Тұтынушылар ыстық және салқын суларды араластыратын кранда араластырып пайдаланады.Бұл жүйе өте қарапайым және ұзақ уақыт жұмыс істейді, себебі ондағы қазандықтарда қақ отырмайтын өте тазаланға суды пайдаланады. Ашық жүйенің кемшілігі: суды тазарту үшін өте құатты су дайындайтын қондырғыны орнату керек болады, сондықтан ашық жүйені судың кермектігі төмен болған жағдайда қолданады. Жабық жүйені пайдаланған кезде, жылу тораптарындағы ыстық су су жылытқыштағы салқын суды жылытып, онан жылу электр орталығына кері қайтады түседі, онда салқын су кажетті температураға дейін жылытылып тұтынушыларға беріледі.

2. Ыстық сумен қамтудың жалпы схемасы және негізгі элементтері. Ыстық сумен қамту жүйесіне берілетін ыстық судың сапасы «Ауыз-су»-дың талаптарына сәйкес болуы керек. Ыстық судың температурасы су алатын жерде мынадай болуы керек:

-жылумен қамтудың ашық жүйелеріне қосылған орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелерінде-600С-дан төмен болмауы керек;

- жылумен қамтудың жабық жүйелеріне қосылған орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелерінде -500С-дан төмен болмауы керек.

- ыстық сумен қамтудың  барлық категорияларында -750С –дан артық болмауы керек. Санитарно гигиеналық процедураға пайдаланатын судың температурасы 25-400С-ның аралығында болуы екрек. Орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың жалпы схемасы сызылып көрсетіледі.

Орталықтандырылған ыстық сумен қамту мына элементтерден турады: жылу генераторы; су жылытқыш; жылу тасымалдағыштың бертін және айналымды троаптары;жылутасымалдағыштың айналымдық сорғышы; Жылу тасымалдағышты сумен толтыратын сорғыш; ыстық сумен қамтудың айналымдық сорғышы; ыстық судың беретін және айналымды құбырлары; температура реттеуіші;су алатын крандар.

3. Ыстық суды дайындалуға арналған жергілікті қондырғылар. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйесі деп ыстық суды тұтынудың жанында дайындап, оны тұрмыстық және өндірістік мұқтажарға беруге арналған құбырлар мен қондырғыларды айтады. Норма бойынша ыстық суды дайындауға керекті жылу мөлшері 210 кдж/сағаттан аспаса, онда жергілікті ыстық сумен қамту жүйелерін қолданады. Жергілікті жүйеде ыстық суды дайындау үшін газ, көмір, қайнатылған су; пар; электр және күн энергиясын пайдаланады.

  Жергілікті жүйеде ыстық суды дайындау үшін су жылытқышты асхана плитаны, су жылытатын колонканы, газ колонканы, электр су жылытқышты

(Аристон) жәнегелиоқондырғыны қолданады. Су жылытқышты асхана плитасының ішіндегі от жағар жеріне иректелген болат құбыр немесе шойыннан жасалынған жылыту құралы орнатылады. Плитадағы орнатылған иректелген құбыр жоғарғы жерге қойылған көлемі 300 л резервуар-аккумулятормен 2 құбыр арқылы жалғасқан. Жылутасымалдағыштың жылу беретін құбырының үстіңге жеріне кеңейткіш бак қойылады. Тұтынушыларға ыстық су беру үшін диаметрі 15-20 мм құбырды резервуарға жалғайды. Бұндай сужылытқыш 1,5-2 сағатта суды 60-700С-дейін жылытады.



Жергілікті су жылытқыштың негізгі элементтеріне мыналар жатады: жылу генераторы; су жылытқыш; ыстық су құбыры; жылутасымалдағыштың құбырлары;аккумулятор;және кеңейткіш бак. Егерде ғимаратта жанған газдың түтінін әкетуге арналған каналдар болса, онда әрбір пәтерде газ су жылытқыштарын орнатуға болады.

Суды жылытуға күн энергиясын пайдалану үшін гелиоқондырғы деген су жылытқышты қолданады. Гелиоқондырғы жылу генераторынан(су жылытқыш), аккумулятордан және салқын және ыстық су беретін құбырлардан турады. Су жылытқыш размері 5000х2100 мм болып келетін стандартты типтік секциядан турады. Секция жоғарғы жағында екі қабатпен әйнектелген және түбінде жылу изоляция орнатылған ағаш рамадан турады. Жылу изоляция материалының үстіне толқын түрінде болып келген қаңылтыр(экран) қойылады. Оның шұңқырларына диаметрі 13 мм болат құбырлар орнатылады. Экран және құбырлар қара бояумен боялады.
: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет