Ішкі және сыртқы сәулелену әсерінен болатын аурулар



Дата03.07.2017
өлшемі40.01 Kb.
Ішкі және сыртқы сәулелену әсерінен болатын аурулар
Авторы: Қапаш Ақжан
Қоршаған ортаның бірегей факторларының бірі - әр түрдегі ионданушы сәулеленулер. Олар белгілі бір денелерге немесе ағзаның жүйелеріне жекелей, таңдамалы түрде әсер етпейді. Кейде өлімге әкелетін дозаларда да биологиялық тіндерді зақымдаған молекулалардың саны көп болмайды. Бұл фактордың ерекшелігі, біздің сезім мүшеміз иондағыш сәулелерді сезбейтіндігімен түсіндіріледі, яғни сәулелену кезінде біз қоршаған ортаның қасиетерінің өзгергенін, температурасы бойынша, жарығы, шуы, қысымы, исі мен түсі бойынша сезбейміз. Адам ағзасы апат сигналын қабылдамайды, сондықтан үлкен көлемдегі сәулеленуге ұшырауы мүмкін. Алайда кез-келген иондағыш сәулелердің әсері адамға зияны жоқ емес екені анықталған. Сәулеленуге ұшырау кезіндегі сыртқы ортаның жағдайы мен күйі сәулелену әсерінің клиникалық сипатына әсер етуі мүмкін. Сәулелену ішкі және сыртқы болып екі түрге бөлінеді.

Ішкі сәулелену дегеніміз – ағзаның ішкі бөлігінде болатын сәулелену болып табылады. Ағзаның ішінде болатын сәулеленуге альфа-сәулелену жатады.

Ал сыртқы сәулелену дегеніміз – ағзадан тыс болатын сәулеленулер. Сыртқы сәулеленуге бетта сәулеленулер жатады. Бұл екі сәулелену әсер етуі бойынша зақымданған ағзаның ерекшелігіне байланысты болады.

Сәулеленуден зақымданулардың көрінісі алуан түрлі және ауырлығы бойынша құбалмалы болады, бұл сәулелену әсеріне ұшырайтын жеке адамның, әсер ететін агенттің ерекшеліктері және қоршаған ортаның жағдайы сияқты факторлардың күрделі өзара байланысымен сипатталады. Сәуленің әсерінен сезімталдықтың айтарлықтай маңызы бар екені анықталады. Аадамды өлімге душар ететін сәулеленуге ұшырау дозасы 2500мЗв- тен 3000мЗв дейінгі аралықта болады, алайда бұл эффекті едәуір мөлшерде адам ағзасының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезде жүйке-эндокриндік реттеу мен жалпы денсаулық жағдайының созылмалы ауруының болуы немесе болмауының, жүтілік, созылмалы қажу, жеткіліксіз тамақтану және т.б адамның жасы мен жынысының үлкен маңызы бар.

Сәулеленудің әсеріне ең сезімтал адамдар – жүкті әйелдер. Бұл тұрғыдан ең қауіпті кезеңі-эмбрион мүшелерінің қалыптасу кезеңі. Эмбрион өлуі мүмкін және жүктілік одан әрі дамымауы мүмкін немесе эмбрион ары қарай дамиды, бірақ кейін іштегі нәресте өмір сүруге қабілетті болмай қалуы мүмкін. Егер іштегі нәресте өмір сүруге қабілетті болса да, әдетте әр түрлі кемдарлықтары болады. Сәуле ауруымен ауырған аналардан туылған нәрестелердің өлім-жетімі көп. Сонымен қатар сәулеленудің әсерінен адам мүшелерінің әр түрлі тіндері мен дене бөлшектерінің сезімталдығы да бірдей емес. Қан түзуші мүшелер мен жыныс бездерінің жасушалары ең радиосезімтал және зақымдалғыш келеді, ал сүйек жасушалары сәулелену әсеріне төзімдірек болады.

Қазіргі кезде адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының эффектілерін детерминделген және стохастикалық эффектілері деп бөледі.

Детерминделген әсері –бұл нақты потология, мысалы жедел сәуле ауруы немесе созылмалы сәуле ауруы, сәуле күйіктері, көз бұршағының катарактасы, гемопоэздің өзгерістері, уақытша немесе тұрақты ұрықсыздық және т.б түріндегі клиникалық маңызды эффектілер. Детерминделген эффектілері әсерінен алыс уақыттарда яғни, сәулеленуге ұшырағаннан кейін ұзақ мерзім өткеннен соң дамуы мүмкін. Бұл салдарға, мысалы әр түрлі мүшелердегі гипопластикалық, дистрофиялық және склероздық өзгерістер, эндокринді бұзылыстар, нефросклероз, жүрек, қан тамырларының соның ішінде қылтамырлардың зақымдалуы, сәулелік катаракта және басқалар да жатады. Сәулеленуге ұшыраудың соматикалық түріндегі әсерінен алыс уақыттардағы эффектісіне созылмалы сәуле ауруы жатады, ол адамның ұзақ уақыт бойына сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерінен асатын аз дозаларында сәулеленуге ұшырауы кезінде пайда болады.

Сәулелену әсерінен болатын стохастикалық эффектілердің екі түрі бар екені дәлелденген. Біріншісі соматикалық жасушаларда болады және сәулеленуге ұшыраған ағзада қатерлі ісік ауруының пайда болуына себепкер болады. Екінші түрі, жыныстық бездерінің ұрықтық тіндерінді пайда болады, ол сәулеленуге шалдыққан адамның ұрпақтарында тұқам қуалайтын өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін.

Созылмалы сәуле ауруымен қатар, сәуле әсерінің соматикалық түріндегі әсерінен алыс уақыттардағы салдарынан, сондай-ақ қатерлі ісік аурулары, көз бұршағы катарактасы дамуының жоғары ықтималдығы және өмір сүруінің қысқаруы жатады. Иондаушы сәулелердің әсеріне ұшыраған адамдардың арасында, жалпы халықпен салыстырғанда, лейкемия жиі кездеседі. Дегенмен әсерінен алыс уақыттардағы салдарын тудыратын минималды дозалар туралы әзірге бірыңғай көзқарас жоқ. Сәулелену әсерінің эффектісі талдауға және мөлшері жағынан есепке алуға қиын соғатын көптеген факторлармен анықталады. Сонымен қатар қабаттасқан радияциялық зақымдаулар да болуы мүмкін, олар ағзаға сыртқы сәулеленудің, радионуклидтердің теріге, тыныс алу және ас қорыту жолдары, сондай ақ жарақаттанған және күйген жерлер арқылы түскен радионуклидтердің бір уақытта немесе ізбелесіп әсер етуі кезінде дамиды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, елімізде кәсіби аурулардың ішінде кәсіби демікпе, екі жақты нейросенсорлы құлақ мүкістігі және омыртқааралық шығырлардың зақымдануы сияқты ауру түрлері көп тіркеліп отыр.



Кәсіби аурудың пайда болу уақытына байланысты кәсіби ауруларды жіті және созылмалы деп бөледі. Жіті кәсіби аурулар және уланулар зиянды және қауіпті өндірістік факторларының кенеттен бір рет әсер етудің әсерінен пайда болған аурулар. Екі немесе одан да көп жұмысшы ауырған кәсіби ауруды топтық кәсіби ауру деп атайды. Өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген деңгейі – белгіленген барлық жұмыс стажы кезінде жарақатқа, ауруға немесе адам денсаулығының ауытқушылығына әкелмейтін өндірістік факторлардың деңгейі. Жіті кәсіби аурулар дәнекерлеу жұмыстары кезінде көз жанарының ультракүлгін сәулесімен күйіп қалуы, хлормен, көміртегі оксидімен улануы кезінде болуы мүмкін. Созылмалы кәсіби аурулар (уыттану) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторларының ұзақ мерзім әсер ету нәтижесінде пайда болған аурулар. Бұлардың ерекшелігі - аурудың белгілерінің уақыт өте келе көбейе беруі.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет