Қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 57.11 Kb.
Дата15.11.2017
өлшемі57.11 Kb.
Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Класы

Күні

Пән мұғалімі:

Информатика

10 "А"

24.10.2012

Қалитова Ж.К.

Тақырыбы:

PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану

Мақсаты:

PowerPoint бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау

арқылы оқушылардың білімін жүйелеу



Оқыту нәтижесі:

Оқушылардың танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту,

шығармашылық қабілеттерін арттырып, эстетикалық талғамын жетілдіру

және патриоттыққа тәрбиелеу.


Түйінді идея:

“Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз жасағанымды меңгеремін” Конфуций

Әдіс-тәсілдер:

Маршрут картасы, ойлаудың алты қалпағы, жұптық, топтық жұмыс, шаттық шеңбері, тренинг

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың ресурстары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі.

Түрлі-түсті қағаздан жасалған қызғалдақ гүлі

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу.
ә) Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Ынтымақтастық қалыптастыруда "Әріптер сөйлейді" психологиялық тренинг арқылы амандасу.

(көңіл-күйлеріңіз қалай?)

Қазір мен сендерге түрлі түсті қызғалдақ гүлін ұсынғым кеп тұр. Ұнатқан түстеріңе қарай таңдап аласыңдар. Топқа түстер психологиясы бойынша бөлу және сипаттама беремін.

Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін, жеңіске, оқуға деген құлшынысын білдіреді.

Сары түс - қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді.

Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлілікті, табандылықты, мақсаткерлікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтеді.

Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Олар бір-біріне деген сенімді қолдайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.


«Әріптер сөйлейді» тренингі бойынша, парақшаға жазылған әріптер таратылып беріледі. Сол әріпті айтқанда оқушылар орнынан тұрады. Мысалы : «Қалың қалай», «Сәлем», "Есенсіз бе", "Саумысыз" деп бірі-бірімен амандасады.
Оқушылар сабаққа келгендегі көңіл – күйін

смайлик арқылы білдіреді.

Оқушылар гүлдің түсіне қарай 4 топқа бөлінді.


Парақшаға жазылған әріптер, смайлик


Қызығу-шылықты ояту




Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз MS PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерімізді тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі-саяхат сабағы ретінде өткізгелі отырмыз.

Оқушылар тыңдайды.




Мағынаны тану





Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Access, Outlook және PowerPoint. Солардың ішіндегі үлкені PowerPoint 18 жасқа толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа қөрсету үшін жолға шығады. Оның алға қойған мақсатына жетуі үшін біз мына сұрақтарға жауап берелік.

1. MS PowerPoint-ты іске қосу әрекеті

2. Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата. Қызметі қандай?

3. Құжат қалай сақталады?

Енді біз PowerPoint-қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына PowerPoint терезесінің элементтерін жазайық.

Оқушылар тыңдай отырып, жауап береді.


Интерактивті тақтаға жазады.









Практикалық жұмыс.

Оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігіне байланысты презентация жасауға тапсырма беремін.

Топқа ролдік көшбасшы, таймкипер, дизайнер, баяндаушы қызметтерін түсіндіріп өтемін.


Оқушылар өздері

ақылдасып, бірауыздан критерий құрады.

Содан соң компьютерде презентация құрады.

Оқушылар топ боп ақылдасып, қызметтерін бөлісіп алып, жұп және топ болып тапсырманы орындайды.












Сергіту сәті. Электронды көз талғанда және шаршағанда жасалатын жаттығулар.

Оқушылар ілесіп, орындайды










Оқушылар компьютерде "Қазақстан" тақырыбына жасаған презентациясын топ болып қорғайды.


Жұмыстарын көрсетеді.




Ой-толғаныс.

Ойлаудың 6 қалпағы

Оқушыларды санау арқылы 6 топқа бөлемін. Әр топқа 6 қалпақтың бірі сеніп тапсырылады. Әр топқа қалпақтың түсінен өз ойы мен әсерін, өз тәжірибесін көрсете отырып қорытынды шығаруға ұсыныс жасалынады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ойлау арқылы жеткізеді.










Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға ризашылығымды білдіріп, белгілі бір критерий бойынша әр топ бір-бірін бағалайды. Қорытынды бағасын шығару.






Критерий бойынша
Бірін-бірі бағалау
Қол шапалақтау







Шаттық шеңбері.

Бәріміз шеңбер бойлай кезегімен өміріміздің тағы бір тамаша күні үшін өз ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдірейік. Ендеше осы күнді жақсы өткізуге ойша уәде берейік. Бүгінгі сабақты "Ризашылық әнімен" тәмамдайық.



Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, "Ризашылық әнін" айтады.

Бәрі бірге ән салады.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.










©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет