Қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 139.32 Kb.
Дата16.08.2018
өлшемі139.32 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай және құрама сандар.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.6. Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу

Сабақ мақсаттары

Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу

Натурал сандар туралы білімдерін кеңейту



Жетістік критерийлері

- Жай және құрама сандарды анықтайды;

- Жай және құрама сандарды ажырата алады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- жай және құрама сандардың анықтамасын құрастырады;

- Жай және құрама сандардың бөлгіш және бөлінгіш анықтамаларын құрастырады.

- құрама сандардың бөлінгіштік белгілерін құрастырады



Пәнге тән лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- жай сандар;

- құрама сандар;

- қзара жай сандар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- натурал сандардың бөлінгіштігі деп ....;

- натурал сандардың бөлгіші деп ....;

- ... сан жай сан, өйткені...

- ... сан құрама сан, өйткені...


Құндылықтарды дарыту


- Жеке, топтық жұмыс түрлері арқылы сыйластыққа, ынтымақтастыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

- тарих пәні.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Арифметикалық амалдардың компоненттері; натурал сандардың көбейтіндісі мен бөліндісі; жұп және тақ сандардың анықтамалары; санның бөлгіші.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

4 мин


Бірлескен қоршаған ортаны жасау:

  1. Оқушылармен амандасу: Сәлеметсіздерме оқушылар, сендерді көргеніме ризамын. Жұмысқа дайындалайық. Бір-біріңе бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік. «Шаттық шеңбері» әдісі. Бүгінгі сабақтың эпиграфына назар аударайық «Әлемді сандар билейді!» Пифагор Бұл сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер?




  1. Ауызша есептеу (Үй тапсырмасын тексеру).

Бағалау критерийлері:

оқушылар:

  • Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады.

  • Натурал сандардың бөлінгіштерін таба алады.

Слайдта тапсырмалар: (оқушылар тақтаға шығып тапсырманы орындайды)





Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім - оқушы)

Сұрақтар:

- Тапсырмалардың қайсысы сендерге түсініксіз болды?

- Тапсырмалардың қайсысы сендерге жеңіл болды?

- Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тапсырмалар жеңіл болды?

- Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тапсырмалар қиын болды?


Интербелсенді тақта





Сабақтың ортасы

7 мин


1 мин

2 мин


8 мин

3 мин


деңгейлік саралау
4 мин

Қарқындық саралау

2 мин
Топтық жұмыс

6 мин

5 мин



Сабақтың тақырыбын және мақсатын айқындау үшін «Ой қозғау» (тапсырма презентацияда) Бәріне бірдей

1 тапсырма.

Мариям 20 тоқаш пісірді. Бәріне тең тоқаштан қалу үшін Мариям қанша досын қонаққа шақыра алады?



2 тапсырма.

Лейла 31 браслет тоқыды. Бәріне браслеттің тең саны шығу үшін Лейла қанша құрбыларына сыйлай алады?



3 тапсырма.

Барлық сандардың бөлгіштерін табыңыз: 50, 7, 829, 31, 24, 12, 23, 9, 100.



Шығару жолын талдау.

1тапсырманың шығару жолы. 20 санының барлық бөлгіштерін табу керек. Б (20) ={1,2,4,5,10,20}

Жауабы: Мариям 1, 2, 4, 5, 10, 20 досын қонаққа шақыра алады.



ҚБ «Бағдаршам» (сигнал карталары әр оқушының партасында жатады ЖАСЫЛ – барлығы түсінікті; САРЫ – сұрақтарым бар; ҚЫЗЫЛ – түсінбедім) Кері байланысты «Бағдаршам» әдісімен өткіземіз.

Кері байланыс.

2 тапсырманың шығару жолы. 31 санының барлық бөлгіштерін табу керек. Б (31) ={1, 31}

Сұрақ туындайды: 31 санында тағы басқа бөлгіштер бар ма?



ҚБ «Бағдаршам»

Кері байланыс.

3 тапсырманың шығару жолы.

Б(50) ={1,2,5,10,25,50}

Б(7) ={1,7}

Б(829) = {1, 829}

Б(31) ={1,31}

Б(24) ={1,2,3,4,6,8,12,24}

Б(12) ={1,2,3,4,6,12}

Б(23) ={1,23}

Б(9) ={1,3,9}

Б(100)= {1,2,4,5,10,20,25,50,100}

ҚБ «Бағдаршам»
Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім -оқушы)

Бөлінгіштер санына қарай №3 тапсырмадан натурал сандарды қандай 2 топқа бөлуге болады?

Оқушылар ұсыныс береді: бірінші топ 2 бөлінгіші бар сандар, екінші топ 2-ден көп бөлінгіштері бар сандар.

3. Гипотеза шығару. Диалогтық оқыту

Мұғалімнің сұрағы: әр топты қалай атауға болады?

Оқушылар өз ұсыныстарын береді.



  1. Егер ұсыныстар дұрыс болса, мұғалім сұрақ қояды: «Топтың атауы дұрыс екендігін қалай тексеруге болады?», егер ұсыныстар болмаса мұғалім сұрайды: «Сандардың топтарының атауларын қалай білуге болады?». Қорытындылай келе оқулықпен жұмыс жасау керектігі туралы ой туғызады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жай және құрама сандар». Алдымен мақсатты қойып алайық. Жалпы мақсатты құрастыру.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Гипотезаны тексеру.

Оқулықтың 73 - 74 беттеріндегі ақпаратты оқу, мысалдарды, ережелерді талдау.
«ДҰРЫС-БҰРЫС АНЫҚТАМАЛАР» әдісі


    1. Жай санның екіден көп бөлгіші бар екендігі дұрыс па?

    2. Жай санның тек қана екі бөлгіші бар екендігі дұрыс па?

    3. Құрама санның екіден көп бөлгіші бар екендігі дұрыс па?

    4. Құрама санның тек қана екі бөлгіші бар екендігі дұрыс па?

    5. 1 саны жай сан екендігі дұрыс па?

    6. 1 саны құрама сан екендігі дұрыс па?

    7. 1 саны жай сан да емес құрама сан да емес екендігі дұрыс па?

ҚБ «Бағдаршам»
Карточкалармен жеке жұмыс (Бәріне бірдей)

Мақсаты: Білу және түсіну

Өзара тексеру (оқушылар бір-бірінің дәптердегі жұмысын тексереді) Мұғалім үйлестіруші



А деңгейін бағалау критерийі

Оқушылар:

- Жай сандарды таңдап жазады

- Құрама сандарды таңдап жазады



А деңгейі.

  1. Жай және құрама сандарды таңдап жазыңдар 10; 7; 12; 8; 11; 24; 49; 30; 34; 2; 68; 53

В деңгейін бағалау критерийі:

Оқушылар

- Сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазады

В деңгейі

  1. 22; 35; 77; 65; 69; 95 сандарын екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңыз.

С деңгейін бағалау критерийі:

Оқушылар

- екі жай санның көбейтіндісі құрама сан болып табылатынын дәлелдей алады



С деңгейі

  1. Мысал келтіріп, дәлелде:

А) екі жай санның көбейтіндісі құрама сан болып табылады

Жауаптарын интербелсенді тақтамен сәйкестендіреді

ҚБ «Бағдаршам»

Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім - оқушы)

Бағалау нәтижелері бойынша оқушыларды А, В, С деңгейлері бойынша саралау. (кім қай деңгейді орындады сол деңгейде қалады). Білім алушылар топтағы рөлдерді бөледі.



Сергіту сәті.

Бір бірімізді жақынырақ біліп алайық. 


Кімнің туған күні жай санмен белгіленген орыныңыздан тұрыңыздар, енді кімнің туған күні құрама санмен белгіленген, ал кімнің туған күні жай сан да емес құрама сан да емес (1)?
Топтарға тапсырма. Мақсаты: Қолдану

А тобын бағалауына критерийлер:

- Жай сандар кестесін пайдаланады

- Жай сандарды ажыратады

- Құрама сандарды ажыратады

- 1-ден 50-ге дейін сандардың аралығындағы егіз сандарды таба алады

А тобына тапсырма.

Жай сандар кестесін пайдаланып: 66; 67; 128; 139; 201; 311; 450; 502; 503; 641; 864; 879; 991 сандарды

А) бір қатарға жай сандарды, екінші қатарға құрама сандарды жазыңдар

Б) - 1-ден 50-ге дейін сандардың аралығындағы егіз сандарды жазыңдар



В тобына бағалау критерийлер:

- жай сандардың қосындысына мысалдар жазады

- жай сандардың көбейтіндісіне мысалдар жазады

В тобына тапсырма.

Жай сан бола алады ма:

А) екі жай сандардың қосындысының мәні

Б) екі жай сандардың ккөбейтіндісінің мәні

Мысалдарды келтіріңіз.

С тобына бағалау критерийлер:

- Цифрлардан екі таңбалы сандарды құрастырады

- Жай сандарды ажыратады

- Құрама сандарды ажыратады



С тобына тапсырма. 1;3;5;7, цифрларынан құрастыруға болатын барлық екі таңбалы сандарды жазыңыз

А) олардың қайсысы жай сандар?

Б) олардың қайсысы құрама сандар?

Жауаптарын тақтамен сәйкестендіру

КБ «Бағдаршам»

Қалыптастырушы бағалау

5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Оқу мақсаты

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

- Жай сан мен құрама сандарды анықтайды.

-Жай сан мен құрама сандарды ажыратады.



1- тапсырма

Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.



Жай санның тек қана екі бөлгіші бар




Жай сандар шектеусіз көп




1 саны жай сан болып табылады




Құрама санның екіден көп бөлгіштері бар




Барлық тақ сандар жай сандар болып табылады




Барлық жұп сандар құрама сандар болып табылады




Көбейтіндісі жай сан болатын жай сандар бар




Жай саннан кейін құрама сан тұрады




Дескриптор: Білім алушы

- жай сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды;

- құрама сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды.
2- тапсырма

Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104:

а) жай сандарды теріп жазыңыз;

b) құрама сандарды теріп жазыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

- берілген сандардың ішінен жай сандарды жазады;

- берілген сандардың ішінен құрама сандарды жазады.

Дәптерлеріңді тапсырыңыздар, келесі сабақта жұмыстарыңның нәтижесін талдаймыз.


слайд

бағдаршам түстері бар карточкалары





Сабақтың соңы

2 мин


Үйге тапсырма: 76 бет № 197 Оқушылар деңгейді өздері таңдайды.

№ 1 – А деңгейі

№ 2 – В деңгейі

№ 3 – С деңгейі

Шығармашылық жұмыс "Эратосфен елегі" (дарынды оқушылармен жұмыс)

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/07c6/00007cf5-642442ca/img21.jpg





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ барысында жеке, топтық жұмыстар орындайды. Қабілеті жоғары оқушылар жоғары дәреже тапсырмаларын орындайды, басқа оқушыларға көмек көрсете біледі.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Қалыптастырушы бағалау, кері байланыс арқылы, тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың білім деңгейін «бағдаршам» әдісі арқылы, дискрипторлар арқылы анықтаймын.

Сабақ барысында әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл-қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


: uploads -> 2017 -> post09
2017 -> Хронический гастрит
post09 -> «Кәусар бұлақ» Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайға кім болып келеді?
post09 -> Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлім көздері
post09 -> Тақырыбы: Жемістер Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту Мақсаты
post09 -> Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд презентация. Пәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барысы
post09 -> «Табиғатты таза ұстайық, тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын…» атты сайыс сабақ




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет