«Имандылық ізгілік негізі» м а қ с а т ы



жүктеу 24.87 Kb.
Дата07.07.2017
өлшемі24.87 Kb.
«Имандылық – ізгілік негізі»

М а қ с а т ы:

Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну. Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал.

Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, сыр-сұхбат,

Көрнекіліктер: Абайдың нақыл сөздері; Имандылық туралы нақыл сөздер, презентация, суреттер, буклет, шар.

Имандылық туралы

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

Иманды адам - арлы адам,

Имансыз адам- сорлы адам.

Үстіңнің кірін - сабын кетіреді,

Жаныңның кірін - иман кетіреді.

«Имандылық қастерлі қасиет»

«Имандылық - инабаттылық айнасы»

«Имандылық – ізгілік негізі»

Барысы:

 І Ұйымдастыру.



ІІ. Кіріспе

ІІІ. Негізгі бөлім.

ІV. Қорытынды.

Эпиграф: " Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз " Абай

Мұғалім сөзі: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Имандылық – ізгілік негізі» деп аталады. Бүгінгі сынып сағатымызға аудандық мешіттің бас имамы - Нұрлан мырза келіп отыр. Қонағымызды қошеметпен ортаға шақырайық.Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.

Тренинг: «Жүректен шыққан жылы сөз» оқушылар бір-біріне өздерінің жүректерінен шыққан жылы сөздерін айтады.Түс таңдау: «Қызыл» «Жасыл»Стол үстінде қызыл, жасыл түсті қағаз жатыр, сол түстерді таңдап екі топқа бөлінеміз.

І топ: «Қызыл» ІІ топ: «Жасыл»

«Топтастыру» стратегиясы І топ: «Имандылық» 

ІІ топ: «Достық»


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет